Функция жəне формуланы қолдану

Электронды кесте термині мәтін түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеуге арналған программаларды белгілеу үшін пайдаланылады.Кестелерді өңдеуге жататын іс әрекеттер:Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулеп жүргізу.Excel програмысының кестесіндегі есептеулер формулалардың көмегімен жүзеге асырылады. Формулалар тұрақты сандардан, ұяшықтарға сілтеме мен Excel функцияларынан тұрады. Егер ұяшықтарға формулалар енгізілген болса, онда жұмыс парағында осы формуланың есептеу нәтижесі белгіленіп тұрады. Ұяшықтағы сандық нәтижені емес, оған енгізілген формуланы көру үшін сол ұяшықты ерекшеп алып, формулалар жолында бейнеленген жазуға көзсалу керек.Формулаларды автолтыру. Бұл амал сандарды автотолтыру сияқты жүзеге асырылады. Автоттолтыру кезінде формулалардың басқа ұяшықтарға сілтеменің ерекшеліктері ескеріледі: салыстырмалы сілтемелер сәйкесінше көшірменің салыстырмалы орналасуына байланысты өзгереді. Ал абсолют сілтемелер өзгермей сол қалпында қалады. Мысалы: үшінші С Бағанында мәні А және В бағандарының сәйкес ұяшықтардағы мәндерінің қосындысына тең формула есептелсін. С1 ұяшығында =A1+B1 формуласын енгіземіз, осы формаланы автотолтыру әдісімен үшінші бағанның барллық ұяшықтарына көшіреміз.

Егер формулаларды Функцияларды өзгерту (Изменить функций) батырмасын басу арқылы немесе Кірістіру > Функция командасын жүзеге асыратын болса, онда формулалар жолының астында Функцялар шебері (Мастер функций)аты сұхбат терезе ашылады. Ал оның панелінде функциялар тізімі ашылады. Оның Категория бөлімінде ең соңғы пайдалынылған он функция және төменірек басқа функциялар бөлімі бейнеленеді.Функция шеберін қолдану. Функция шеберінің Категория тізімінен қажетті функцияны категориясы бойынша таңдап алуға болады. Функциялар тізімінен берілген категория бойынша нақты функция алынады. ОК пернесін шерткеннен кейін, қажеттіфункцияның аты формулалар жолына енгізіледі. Ал мәтіндік меңзер сол функцияның параметрлері көрсетілген жақшалардың арасына орналасады.Функцияның парамерлерін енгізу. Функияның параметрлерін енгізі кезінде формулалар терезесінің түрі өзгереді. Мұнда параметрлерді енгізуге арналған өріс бейнеленеді. Егер параметрдің аты жартылай майлы қаріппен көрсетілсе, онда бұл параметрді мүндетті түрде енгізу қажет. Ал егер параметрдің аты жәй қаріппен көрсетілетін болса, ол параметрді тастап кетуге болады. Формулалар терезесінің төменгі жағында функцияның қысқаша көшірмесі сиппатамасы мен параметірлерінің өзгеру аралықтары беріледі.Қосындылау функциясы. Қортындылау функцияларының ішіндегі ең көп қолданылатыны қосындылау функциясы – СУММ. Стандартты аспаптар панелінде осы функцияда ғана жеке батырма бар – Автоқосынды (Автосумма) батырмасы. Автоматты түрде қосындылау ағымдағы ұяшықтың немесе сол жағындағы ауқымды қамтиды. Автоматты түрде таңдалынып алынған ауқымды қайтадан өзгертіп, функцияның қосымша параметрлерін беруге болады.Қортындылау есептеулеріне арналған басқа функциялар Функцияларды өзгерту батырмасы немесе Функциялар шеңбері арқылы алынады. Бұл функциялардың қатарына ДИСП (дисперсия), МАКС (ауқымдағы ең үлкен сан), МИН (ауқымдағы ең кіші сан), СРЗНАЧ (ауқымдағы сандардың арифметикалық ортасы), СЧЕТ (ауқымдағы мәндері бар ұяшықтар саны) және т.б. жатады.Көптеген экономикалық есптерді жеңілдету үшін функциялар қолданылады. Функциялар y = f(x) түрінде жазылады, мұндағы х – функцияның аргументі, ал у – функцияның мәні, f – функция.

Функцияларды қолдануға мысалы қарастырайық: С7 ұяшығында АВС(А7) + LOG(В7( формуласын есептейік). Мұндағы А7, В7 – ұяшықтарға салыстырмалы сілтемелер; АВС(А7) – А7 ұяшығындағы мәннің абсалютті шамасын есептейтін функция; LOG(В7) – В7ұяшығындағы мәннің логарифімін есептейтін функция.

Excel програмысында қолданылатын стандарт функциялар тізімі:

· SIN, COS, TAN – тригонометриялық функциялар;

· ASIN, ACOS, ATAN – кері тригонометриялық функциялар;

· МАКС, МИН, СРЗНАЧ – массивтерге қолданылатын функция;

· LN, LOG, LOG10 – натурал, жай ондық логарифмдер;

· КОРЕНЬ – кватрад он түбірді анықтайтын функция;

· ЕСЛИ, И, НЕ, ИЛИ, ЛОЖЬ – логикалық функциялар;

· ЗАМЕНИТЬ, НАЙТИ, КОДСИМВ, ЛЕВСИМВ, ПОВТОР- мәтіндік функциялар.

Бұл тізімді әрі қарай жалғастыра беруге болады, өйткені олардың саны өте көп.

Ехсеl нұскаларында орысша берiлiп, басқаша жазылуы мүмкiн. Жиi пайдаланьтатын қосынды табу функциясы үшiн аспаптар тақтасында арнайы батырма бар. Функция атын формулаға кipicтipy үшiн Функция шеберiн пайдалануға болады, ол Кiрiстiру=>Функция (Вставка=>Функция) командасымен немесе бейнеленген батырма арқылы iскe қосылады. Батырма басылғанда экранға функциялар бейнеленген сұхбат терезесi шығады. Соның iшiнен кepeктiciн таңдап алып қадам (Шаг) батырмасын басу керек. Сонда Функция шеберiнiң келесi терезесi экранға шығады да одан apгyмeнттi таңдап алуға болады.

Функция параметрлерiн енгiзу. Функция параметрлерiн енгiзу кезiнде формула палитрасы тyciн өзгертедi.

Функциялардың бірнеше түрі бар. Олар: математикалық, статистикалық, мерзімдік, қаржылық т. б. Қолданғанда курсорды нәтиже шығатын ұяшыққа апарып келесі жағдайлардың біреуін орындаймыз:

· стандартты панельдегі [fx] батырмасын басамыз;

· Қою – функция командасын орындаймыз;

· <Shift> +<F3> тетіктерін басамыз.

9 сұрақ

Есептулер. Формулалар.

MS Excel-де кез келген формуланың "=" белгісінен басталатынын білеміз. Ол үшін Е3 ұяшығына =В3+С3+D3 формуласын енгіземіз, әйтпесе Excel-дегі дайын формуланы қолданса да болады. Мұндай ұзын формуланың орнына =СУММ (В3:D3)формуласын енгізсе болғаны. Электронды кестеде қосу (СУММ) функциясы жиі қолданылады, сондықтан Стандартты аспаптар тақтасында батырмасы қарастырылады. Жалпы қосындыны білу үшін қосылатын ұяшықтардың аумағын (мыслаы, В4:D4) белгілеп, Автоқысынды (Автосумма) Е батырмасын шертіңіз.

Қорытылып шығатын формулаларды енгізу үшін Функция шебері (мастер функции) диалогтік терезесін қолдануға болады. Ол функцияны енгізп қана қоймай, күрделі есептеулердіде орындайды.

Microsoft Excel функциялары бір немесе бірнеше аргумент бар формулалардан тұрады.

Функция шебері диалогтік терезесінде Категория өрісінде функцияның типін, содан кеиін функция тізімін Функцияны таңдау керек;

ОК батырмасын шертіңіз.

Формулада қолданылатын салыстырмалы сілтемелер формулаларды ұяшықтан ұяшыққа көшіргенде бірден өзгереді .

Абсолют сілтеме ұяшық мекенжай белгілеу үшін қолданылады. Формуланы көшіргенде абсолют сілтемелер өзгермейді. Абсолют сілтемелерді көрсету үшін $ белгісі пайданылады, мысалы, $A$1, $C$3.Кейде формулалар ауыстырғанда немесе көшіргенде тек жол нөмері мен қатардың атын сақтау кажет, Бұндай жағдайда аралас сілтемелер қызмет етеді . Мысалы, $A1 (көшір кезінде қатар аты А өзгермейді ) немесе C$3 (көшіру кезінде жол нөмірі 3 өзгермейді ).

Наши рекомендации