Тақырыбы: Тұқымдық материалға биологиялық және агротехникалық талаптар және шаруашылық дақылдарын себу
Лекция жоспары:
1.Тұқымдық материалдардың сапалылығының маңызы.
2.Тұқымның сапасының биологиялық ерекшелігі.
3.Сорт, оның маңызы, қасиеттері. Сорттық тұқымдарын алу.
Қолданылатын әдістер:Лекция-консультация,сұрақ-жауап-талдау.
Лекция мәтіні: Өсімдіктің қайсы бір формасы немесе сорты болмасын, көптеген білгілері мен қасиеттерінің жиынтығымен сипатталады. Өсімдік құрылымының морфологиялық ерекшелігі белгілер деп аталады. Өсімдіктердің белгілері өлшеу, салмағын тарту және көзбен баға беру жолымен анықталады. Оларға өсімдіктің биіктігі, жапырағыньщ саны мен көлемі, сабағының жуандығы, масақ пен сыпырғыньщ көлемі, түйіндердің, тамыр жемісінің, жемістің формасы, дән ірілігі, өсімдік тұлғасы, масақтағы және сыпырғыдағы дәннің толықтығы, тұқым мен жемістің түсі және тағы басқалар жатады. Өсімдік белгілерін шартты түрде екі топқа бөлуге болады: сапалық және сандық. Сапалық белгілер - көз өлшемімен айыру арқылы анықтауға болатын айырмашылық.
Сандық белгілер деп, көз өлшемімен айыруға келмейтін, тек өлшеу, салмақтау, есептеу арқылы анықтауға болатын өлшемді айтамыз.Қандай бір сапалық белгі болмасын сандық сипат беруге болады, бірақ көп жағдайда көз өлшемімен анықтама беріледі. Егер көз өлшемімен бағалау жеткіліксіз болса, онда айырмашылық сан өлшемі бойынша сипатталады. Мәселен, екі сортты салыстыру кезінде, бірі кылтанақты, екіншісі қылтанаксыа болса, бұл белгілер бойынша айырмашылық көз өлшемімен анықталады. Егер қылтанақты екі сортты салыстыру қажет болса, бұл белгілерге сандық сипаттама беру қажеттігі туады. Кейде сандық жөніндегі белгілер бойынша айырмашылық көз өлшемімен анықталады. Мәселен, сабақтардың ұзындығын анықтау: биік, орта, төмен; дәннің көлемін анықтау кезінде: ірі, орта, майда болып бөлінеді.
Өсімдіктердің физиологиялық, биохимиялық және техникалық ерекшеліктерін олардың қасиеттері деп атайды. Өсімдіктердің физиологиялық қасиеттеріне олардың құрғақшылыққа, суыкка, қысқа, аурулар мен аияннестерге төзімділігі, жарыққа рөакциясы, жоғары агрофонға, оның ішінде тыңайтқышпен суды пайдалануға икемі жатады. Биохимиялық қасиет өсімдік бойында болатын түрлі заттардың сандық және сапалық белгілері: акуыа, крахмал, қант, май, эфир майы, витаминдер, алкалоидтар бойынша анықталады. Өсімдіктердің технологиялық қасиеттері оларды өндірістік өңдеуге байланысты анықталады. Бұған тартылған дәннен ұнның шығу мөлшері, иленген қамырдың көлемі мен ашып көтерілуі, арпа дәнінің экстрактивті заттар саны, мата тоқылатын дақылдардың талшықтарының техникалық мәліметтері жатады.
Сорт бағасының негізгі көрсеткіші - оның өнімділігі.
Ол өсімдіктің көптеген шаруашылық-биологиялық белгілері мен қасиеттерін біріктіретін күрделі байланыс болып табылады.
Ағза өмір сүрген орта тұрақты болмағандықтан, бұрынғы белгінің қайта көрініс табуын модификация деп атайды. Тұқым қуалайтын өзгерістерді генетикалық өзгерістер деп атайды. Сапалық белгілер гендермен қатаң бақыланып, олар тұрақтылық сипат алып, дамуы сыртқы жағдайлардың әсеріне байланысты болмайды да, үзіліс сипатта болады. Сандық белгілер гендердің көп санымен айқындалып, қатаң бақыланбайды, олардың дамуы сыртқы ортаның әсеріне өте бағынышты болғандықтан, үзіліссіз сипатқа ие болады.
Мәдени өсімдіктердің туыстық және түрлік құрамы және олардың жабайы тектестерінің формалары сан алуан, олар көптеген белгілері мен қасиеттері бойынша ерекшеленеді. Бұлардың көпшілік бөлігінің көрініс табу дәрежесі, әсіресе, шаруашылық-биологиялық қасиеттері өсірілетін жерлері мен жағдайына өте тәуелді болады.
Сорт туралы ұғым.Селекцияда тұқым шаруашылығы жұмыстарын табыспен жүргізу үшін және ауыл шаруашылығы өндірісінде сорттарды дұрыс пайдалану үшін сорттың не екенін, сорт топтарының өзара ұқсастығы мен олардың бір-бірінен айырмашылығын білу аса маңызды.
Өсімдіктерді жүйелеуде "форма" және "сорт " бір ұғымды білдіреді. Алайда, сорттар мен ботаникалық формалар арасында түбірлі өзгерістер бар. Сорт адамның өндірістік қызметі арқасында шығарылады. Ол ауыл шаруашылығы өндірісінің құралы болып табылады.
Сорm деп, селекция тәсілімен алынған морфологиялық, биологиялық және тұқым қуадау ерекшеліктерімен шаруашылыққа құнды белгілері бар мәдени өсімдіктің жиынтығын айтады.
Мынадай негізгі шарттарды атап өту қажет:
1)сорт құрамына кіретін өсімдік топтарының шығу тегінде жалпыламалық бар. Ол бір немесе бірнеше өсімдік тұқымынан көбейтіледі.
2)өсімдіктің бастапқы тегін көбейте отырып, шыққан тұқым шаруашылық-биологиялық қасиеттері мен морфологиялық белгілері бойынша сұрыптау жолымен алынады.
3) сорт ашық бір аймақтағы табиғат жағдайында өсірілу ушін шығарылады. Ол бір топырақ-климат аймағында жоғары өнім берсе, екінші аймақта ондай өнім бермеуі мүмкін.
4) сорт нақты өндірістік жағдайда өсіру ушін жасалады және механикаландыруда қол жеткен деңгейге, егіншілік мәдениетіне сай болуы қажет.
5) тиісті табиғи және өндірістік жағдайларда сорт тұрақты және жоғары сапалы өнім беруді қамтамасыз етуі тиіс.
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттары шығу тегі бойынша жергілікті және селекциялық болып бөлінеді.
Жергілікті сорт деп, дақылдардың нақты бір жерде өсірілуіне орай ұзақ, табиғи және жасанды сұрыптаудың қарапайым әдістерімен жасалған сорттарды айтады. Турлі дақылдардың жергілікті сорттарының үлкен бөлігі халықтық селекция процесімен алынған.
Селекциялық сорт деп, селекциялық ғылыми әдістері негізінде ғылыми-зерттеу мекемелерінде шығарылған сорттарды айтады. Олар морфологиялық белгілері мен шаруашылық-биологиялық қасиеттері бойынша біркелкі болуымен ерекшеленеді.
Сорт шығару тәсілі бойынша сорт - популяция, линиялық сорт, сорт-клон, будан нан шыққан сорт, мутант сорты болып бөлінеді.
Сорт - популяция айқас және өзін-өзі тозаңдандырудың нәтижесінде жаппай сұрыптау арқылы алынады. Олар тұқым қулаушылығы жағынан біркелкі емес.
Линиялық деп, өздігінен тозаңданатын дақылдарды жеке сұрыптау арқылы алынатын сорттарды айтады. Линиялық сорт - біртекті өсімдіктің көбеюі, сондықтан олар барлық белгілері мен қасиеттері бойынша біркелкі болады.
Будан популяциясынан будандастыру және сұрыптау арқылы алынған сорттарды будандар деп атайды. Өздігінен тозаңданатын будан сорттары линиялық сорттарға қарағанда, біркелкі болмайды. Кейде оларды қайта сұрыптау жолымен жаңа сорттар шығарады. Барлық дақылдардың көптеген аудандастырылған сорттары будан болып табылады. Дәнді дақылдар арасынан күздік бидайдың - Алматинская полукарликовая, Жетісу, Таза, Алмалы, ОПАХС-18, Лютесценс-41, Бота; Жаздық жұмсақ бидайдың Казахстанская 3, Казахстанская 6, Казахстанская 16, Арай, арпаның Сәуле, Жұлдыз, Арна сорттары, жүгерінің Сарыарқа 150, будан 237В, Целинный 160 СВ, Алатау 107 ТВ, Казахстанский 587 СВ будандары жатады.
Сорт-клондар өсімдіктердің вегетативті көбейетін түрлерін жеке сұрыптау жолымен алынады. Сорт-клон өсімдіктің бір текті вегативті көбеюінен шыққан ұрпақ, сондықтан олар біркелкі болып келеді.
Сортқа қойылатын өндірістік талаптар
Дебиеттер
1. Негрука В.И., Бутенко Р.Г. Биотехнология сельскохозяйственных растений – М.: Агропромизад, 1997 г. – 301 стр.
2. Петров Д.Ф. Генетика с основами селекции. Изд.2-е, доп. Учеб. Пособие для ун-тов. М., Высш. Школе, 2006 г. -416 стр.
3. Горин А.П. Руководство к практическим занятиям по селекции и семеноводству полевых культур. – М.: Сельхозиздат, 2003 г. -575 стр.
4. Новоселова А.С., Константинова А.М., Кулешов Г.Ф. (и др). Селек-ция и семеноводство многолетних трав. М.: Колос, 1998 г. - 303 стр.
5. Бороевич С. Принципы и методы селекции растений. – М.: Колос, 2004 г. -344 стр.
6. Гужов Ю.Л. Генетика и селекция сельскому хозяйству. – М.: Просвещение,
1994 г.-240 стр.
7. Уильямс У. Генетические основы и селекция растений. – М.: Колос, 1968 г. – 448 стр.
8. Бриггс Ф и Ноулз П. – М.: Колос, 2002г. -399 стр.
Лекция №17
Тақырыбы: Ауыл шаруашылығы дақылдарын табиғи және ғылыми негізде ауыстырып егу және ауыспалы егіс.
Лекция жоспары:
1.Ауыспалы егіс туралы түсінік.
2.Топырақтың құнарлылығына, физикалық қасиетіне, биологиялық жағдайына байланысты дақылдарды ауыстырып егудің маңызы.
Қолданылатын әдістер:Лекция-консультация,сұрақ-жауап-талдау.
Лекция мәтіні: Ауыспалы егіс – топырақ құнарын сақтау және арттыру, тұрақты мол өнім алу мақсатында дақылдарды және танаптарды алмастырып отыру жүйесі. Ауыспалы егістің б.з.б. қолданылуы туралы мәліметтер Рим шежірелері (Катон, Варрон, Вергилий, т.б.) арқылы жеткен. Қазақстанда қара топырақты, ылғалдылығы жеткілікті аймақтарда 5 танапты және 8 танапты Ауыспалы егістің кеңінен қолданылады. Ауыспалы егістің жүйесі ауыл шаруашылығында өндірілетін өнім түріне қарай егістік, мал азықтық және арнайы болып үш түрге бөлінеді. Егістік ауыспалы егістің жүйесі бойынша ылғалдылығы мол жерлерде егістік дақылдарды (бидай, сұлы, арпа, жүгері, қызылша, күнбағыс, картоп, т.б.) себердің алдында танапқа 2 – 3 жыл жоңышқа егіледі. Ал қуаңшылық аудандарда сірі жер танабын бос қалдырады. Мал азықтық ауыспалы егіс жүйесі бойынша көп жылдық жоңышқа өсіруден кейін оның орнына отамалы дақылдар (бір жылдық, көп жылдық шөптер, сүрлемдік жүгері) өсіріледі. Арнайы ауыспалы егіс жүйесінде көкөністерді, мақтаны, темекіні, күрішті, т.б. жыл сайын орын ауыстырып егеді. Сондай-ақ арнайы ауыспалы егіс жүйесін қолдану үшін жер құнарлығы жоғары, ылғал, температура жеткілікті болуы керек. Ауыспалы егіс мол өнімді дақылдар егіп, халықты азық-түлікпен, малды жемшөппен және техниканы жыл бойы жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Дақылдар алмастырылып егілгенде, өнім көрсеткіштері жақсарады, жердің құнарлылығы артады, топырақ эрозиясы төмендейді, егістіктің ластануы, зиянкестер мен ауру қоздырғыштардың көбеюі азаяды.
Ауылшаруашылық өндірісін әртараптандырудың басты принциптерінің бірі егіншілік мәдениетін көтеру, жаңа тиімді агротехнологияларды қолдана отырып өндірілетін өнімнің өнімділігімен бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Сонымен бірге өндірілетін өнімнің өзіндік құнын барынша төмендету. Сондай-ақ егіншілік жүйесінің қарқынды буындарының бірі – бұл ауыспалы егістер. Ол өсірілген дақылдардың көлемі мен алмастырып егу тәртібін анықтап қана қоймай, көп жылдар бойы жүргізілетін агромелиоративтік және басқа да іс-шараларды жүйелі түрде іске асыруға негіз болады. Егіншілік мәдениетін арттыру, осы негіздерге тікелей байланысты болып келеді, және де әр гектардан алынатын өнімді жылма-жыл молайту, егін шаруашылығын тұрақтылығын арттыру шарттарының бірі ауыспалы егістерді өз тәртібімен игеру болып есептеледі.
Көпжылжық стацинарлы ғылыми-зерттеу тәжірибе жұмысы Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тәжірибелік 44-ші бөлектегі 7-ші алқабында, мақтамен жүргізілетін далалық тәжірибелер әдістемесі бойынша жүргізілді (Бүкілодақтық МҒЗИ, 1981, А. Имамалиев).
Топырақ құнарлылығының маңызды элементтерiнiң бiрi оның агрофизикалық күйлерi болып табылады. Топырақ тығыздығын 30см тереңдікке дейін талдап-анықтау, әр 10см -де, яғни 0-10 см, 10-20см, 20-30см топырақ қабаттарында жүргізілді. Тәжірибе барысында топырақтың көлем салмағы көрсеткіштері вегетация басында жоғары көрсеткіштерде болды. Кестеге жүгініп қарасақ, вегетация басында мақтаның бірегей егістігінде топырақ тығыздығының құрылымы, жоғары дәрежеге жақын екені байқалды, яғни 0-10 см қабатта– 1,37 г/см3, 10-20см — 1,44 г/см3 және 20-30см қабатта 1,50 г/ см3 көрсеткіште ерекшеленіп отыр.
Топырақтың орнықты тығыз көлем көрсеткіштері бұршақ тұқымдас дақылдардан кейін егілген мақта қозасы егілген топырақта ерекшеленіп отыр, яғни айтқанда бұршақ дақылынан (фасоль) кейін егілген мақтаның бірінші жылғы топырақтың терең 0-10 см қабатында вегетация басында орташа есеппен 1,33 г/см3, 10-20 см – 1,38 г/см3 және 20-30 см — 1,46 г/см3 көлем көрсеткіште болса, бесінші нұсқадағы соя дақылынан кейін егілген мақтаның бірінші жылғы егілген топырақтың терең 0-10 см қабатында орташа есеппен 1,32 г/см3, 10-20 см – 1,35 г/см3 және 20-30 см топырақтың терең қабатында 1,44 г/см3 көлем көрсеткіште болғаны тәжірибе жүзінде айқындалды.
Ал көктемнен күзге қарай топырақтың көлем салмағы мақтаны бір жерге қайта-қайта егіле беретін бірегей егістігінде ауыспалы егіс тізбектерімен салыстырғанда өзгермей, орнықты дәрежеден жоғары болғаны айқындалды, яғни айтқанда яғни 0-10 см қабатта – 1, 37 г/см3 болса, күзге қарай 1,38 г/см3, 10-20см -1,44 г/см3 күзге қарай 1,42 г/см3 және 20-30см қабатта көктемде 1,50 г/ см3 көрсеткіште болып, вегетация соңында бұл көрсеткіш небәрі 1,48 г/см3 көлемде болды. Бұл деген мақтаның бірегей егісі, яғни айтқанда бұл жерде мақта дақылы жыл сайын қайта-қайта егілгеннің салдарынан, топырақтың агрофизикалық қасиеті өзінің орнықты деңгейінен төмендегені айқындалады.
Осы заманғы ауылшаруашылық өндірісі сортқа жоғары талаптар қояды. Олардың негізгілері мыналар:
1. Жыл сайын жоғары және тұрақты өнім беруі. Сорт жоғары өнімді болуымен қатар, тыңайтқыш себу мен басқа агро әдістерге кеткен шығынды өз түсімімен өтеуі қажет.
2. Даму барысында ауа райының қолайсыз жағдайларына төзімді болуы тиіс. Сорттар құрғақшылыққа, төмен температураға, қыстап шығу барысында қолайсыз жағдайларға (күздік, және көп жылдық дақыл сорттары) төзімді болуы шарт. Бұл қасиеттер өнімнің тұрақтылығын анықтайды.
3. Аурулар мен зиянкестерді қоздырушыларға да төзімді болуы керек.
4. Механикалық баптауға икемділігі.
5. Өнімнің жоғары сапасы. Сорттар себілу мақсатына қарай қажетті өнімді (ақуыз. қант, крахмал, май, талшық) мол беруі керек.
Шығарылып жатқан сорттың белгілері мен қасиеттерінің нақты жиынтығы негізгі үш көрсеткіш бойынша анықталады:
1) болашақ сортқа арналған аймақтың топырақ-климат жағдайлары;
2) сорттың өндірісте өсірілуіне байланысты (тыңайтқыштың жоғары нормасы, суландыру, г.б.) агротехникасы және механикаландырылу дәрежесі;
3) дақыл бағдары және оны пайдалану (жүгері - дәнді немесе сүрлөмдік арпа сыра кайнату мен мал азықтық, картоп асханалық және техникалық, тағы басқа бағыттарда).
Селекциялық орталықтардың келешек даму бағдарламаларында бидайдың интенсивті типтегі мынадай негізгі көрсеткіші бар сорт үлгілері белгіленген: мықты және қысқа сабақтылар.
Бір масақтағы дән салмағы 2 г және одан жоғары, 1 м2 өнім беретін сабақтардың орташа саны 500-600. Жоғары өнімділік жағдайында дән үлесіндегі биомасса - 55-65% . Мұндай қысқа сабақты сорттар ауруға төзімді, құрамында 15-16% ақуыз, 32-35% қ.лөйковина болуымен қатар, ұн күші 300-350 ө.а. болуы қажет. Барлық дақылдар үшін селекциялық жұмыстар бағдарламасында нақты жағдайда өсіру және өндіріс талаптарына сәйкес шығарылатын сорттардың үлгілері жасалуы тиіс. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары нақты табиғи жағдайда өсіру үшін жасалады және осы жағдайларға бейімделуіне қарай сұрыпталады. Сондықтан барлық аймаққа жарамды сорт болуы мүмкін емес және болмайды.
Сорт икемділігі сыртқы ортаның күрт өзгеру жағдайына биологиялық икемділігімен, ауа райының қолайлы және қолайсыз жағдайларында жоғары агротехника фонында мол өнім беру икемімен сипатталады.
Жаздық бидайдың Саратов 29 сорты өте икемді сорттар қатарына жатады. Бұл сорттың өсімдіктері суды аз пайдаланады және тамыр жүйесі сінірімділік қасиетімен сипатталады. Кейбір сорттардың кең көлемде себілуі олардың сапасы жоғары, икемділік қасиеттерінен ғана емес, сол топырақ-климат аймақтарында селекциялық жұмыс жеткіліксіз жүргізілмеуі мен икемді сорттардың жоқтығынан, сондықтан бұл аудандарда жергілікті жерге бейімделген сорттарды шығару қажет. Барлық сорттар экологиялық бейнесі жағынан толық сипатталып, сұрыпталу бейімі және шығару мақсатына қарай нақты экологиялық жағдайда өз рөлін атқарады. Н. Борлаугтың жұмысы көрсеткендей жоғары өнімді, икемді, жоғары экологиялық бейімі бар сорттар күн ұзақтығына сезімтал болмауы керек.Кейбір сорттар ауданның спецификациясына қарай бейімделгендіктен, шағын егістерде ғана себіледі. Мұндай сорттар айтарлықтай шаруашылық-биологиялық қасиеттерге ие болғандықтан, жоғары бағаланады. Дәнді дақылдардың және көкөністің тез және өте ерте пісетін сорттары жылылығы аз және өніп-өсу кезеңі өте қысқа солтүстік облыстарда өсіруге арналған. Ал кейбір дәнді және басқа дақылдардың батпақты, тұзданған және құмдауыт топырақтарда, жартылай шөлейт және таулы аудандарда өсіруге арна.пған сорттары шығарылған. Бірақ мұндай сорттар егілетін жер көлемі оншама үлкен емес. АҚШ-та жүздеген жаңа сорттардың шығарылғанына қарамастан, тұрақты өнім беретін азғантай сорттар түрі өсіріледі. Мәселен, жүгерінің екі жүз сортының тек алты буданы егістің 70 пайызына, бидайдың 270 сорты ның тек тоғызы ғана егістің 50 пайызына, картоптың 82 сортының тек төртеуі егістің 72 пайызына, бұршақтың 50 сортының тек екеуі ғана егістің 96 пайызына егіледі.
Дебиеттер
1. Негрука В.И., Бутенко Р.Г. Биотехнология сельскохозяйственных растений – М.: Агропромизад, 1997 г. – 301 стр.
2. Петров Д.Ф. Генетика с основами селекции. Изд.2-е, доп. Учеб. Пособие для ун-тов. М., Высш. Школе, 2006 г. -416 стр.
3. Горин А.П. Руководство к практическим занятиям по селекции и семеноводству полевых культур. – М.: Сельхозиздат, 2003 г. -575 стр.
4. Новоселова А.С., Константинова А.М., Кулешов Г.Ф. (и др). Селек-ция и семеноводство многолетних трав. М.: Колос, 1998 г. - 303 стр.
5. Бороевич С. Принципы и методы селекции растений. – М.: Колос, 2004 г. -344 стр.
6. Гужов Ю.Л. Генетика и селекция сельскому хозяйству. – М.: Просвещение, 1994 г
Лекция №18