Дәріс. евразияның климаты.
3.1. Евразияның климатының қалыптасуы.
3.2. Метеорологиялық жағдайдың жыл мезгілдердің өзгеруі.
3.3. Температурамен жауын-шашынның таралуы. Климат облыстары.
Евразияның климатында оның территориясының аса көлемділігімен байланысты ерекшеліктер айқын көрінеді. Материктің негізгі бөлімінің экватор мен Солтустік поляр шеңбері аралығында болуы, шығысы мен орталық бөліктерінің тұтастығы, батыс және оңтүстік жиектерінің тілімденуі, мұхит бассейндерінің әсері, күрделі орография Евразияда аса алуан түрлі климат жағдайларын жасайды.
Евразиядағы жылдық жиынтық радиация төмендегі шектерде: арктикалық аралдарда ол 60 ккал-ға, Европаның батыс бөлігінде — 70-тен 140 ккал-ға дейін, Азияның оңтүстік және оңтүстік-шығысында — 120—180 ккал, ал егер Аравияда Жер бетінде ен жоғары шамада — 200—220 ккал өзгереді. Жылдық радиациялық баланс Евразия шегінде 10-нан 80 ккал-ға денін өзгереді. Январьда Бретань — Адриатиканын солтүстігін — Қара теңіздің ортасын — Каспийдің оңтүстігін — Корей түбегінің солтүстігін — Жапон аралдарының солтүстігін қосатын сызықтан солтүстікке қарай радиациялық баланс — теріс.
Ауанын батыс-шығыс бағытындағы тасымалы және онымнн байланысты циклондық әрекет Евразиянын көпшілік бөлігі үшін басты атмосфералық процесс болып табылады. Батыс тасымалымен материкке бүкіл жыл бойы Атлант мұхитының ауасы келеді де, оның шығысына дейін толық таралады. Атлантикалық ауа Шығысқа қарай қозғалған сайын ылғалынан ажырап, қыста салқындап, жазда жылынып (трансформацияланып) континенттік ауаға ауысады. Евразияның батыс бөлігінің горизонталды тым көп бөлшектенуінен және орографиялық үлкен тосқауылдардың болмауынан Европаның үстінде трансформация (өзгеруі) процесі біршама баяу өтеді де соған сәйкес климаттық жағдайлар біртіндеп өзгереді. Тек Уралдан кейін, Азия шегінде, бүкіл жыл бойы континенттік ауа массасы басым болатыны байқалады. Жылынудағы айқын айырмашылықтар (Орталық пен Шығыс Азияның орографиясы ерекшеліктерімен байланысты күшейе түсетін жылынудағы және қысым жағдайындағы күрт айырмашылықтар (материк пен Тынық мұхит аралығындағы Жердің басқа барлық аудандарымен салыстырғанда осы жерде барынша айқын байқалатын Евразияның шығысына тән нағыз муссондық циркуляцияны анықтайды. Евразияның оңтүстік бөліктерінің үстіндегі циркуляция да шын мәнінде муссондық сипатта болады, бірақ бұл жерде ол материк пен Үнді мұхиты арасындағы өзара әрекет арқылы байқалады.
Евразияда метеорологиялық жағдайлардың жыл маусымына қарай қалай өзгеретіндігін қарастырайық.
Қыста, жылыну мен қысымның бөлінуінің бір-бірінен айырмашылығы бір жзғынан материк үстінде, екінші жағынан Атлант және Тынық мұхиты үстінде аса күшті байқалады.
Евразия мен көрші мұхит бассейндері үстіндегі январь изобаралары карталарында төмендегідей қысымдық облыстар нақты айқындалады. Атлант мұхитының солтүстік бөлігінде төмен қысымның тұйық облысы (Солтүстік Атланттық, немесе Исландиялық минимум) қалыптасады. Ол солтүстік атланттық жылы ағыс әсерінен және Солтүстік Америка жағалауларынан шығасқа қарай қозғалатын терең циклокдық депрессиялардың жиі өтуіне негізделген Жылы ағыс тармақтарының әсеріне және теңіз бассейндерінің континентке тереңірек енуіне қарай төмен қысым Солтүстік Мұзды мүхиттың оңтүстік бөлігі мен Европаның Батыс жағалауларына да тарайды.
Циклондық депрессиялардың қыстағы негізгі қозғалу жолдар Исландия, Скандинавия түбегі және Баренц теңізі, сондай-ақ Жерорта теңізі арқылы өтеді. Кейбір жылдары циклондар осы бағытты Үнді аңғарына дейін енеді. Биік Азияның тау қырқалары тропосфераның төменгі қабаттарындағы батыс ауа ағындарының бөлініп таралуына және оның бір тармағының Гималайдан оңтүстікке ауытқуына себепші болады.
Батыс ауа ағыны континент үстімен қозғалу кезінде салқындайды әрі құрғайды. Суынған жер бетіндегі атмосфера қабатының салқындауымен байланысты Азияның ішкі аудандарының үстінде антициклондық облыс жасалады. Батыстан тасымалданудың трансформацияланған ауасы антициклон жүйесіне тартылып, оның күшеюіне себепші болады. Сондай-ақ Азияның ішкі бөліктерінің орографиясы (антициклон қалыптасатын облыстан оңтүстікке қарай көтерілетін биік тау сілемдері (суық ауа массаларының жайылуына кедергі жасап әрі олардың біршама шағын кеңістікке шоғырлануына мүмкіндік туғызады. Осы процестердің барлығының өзара әрекеті нәтижесінде қыста Евразияньщ ішкі бөліктерінің үстінді Жер бетіндегі жоғары қысымды ен үлкен облыс — Азиялық квазис тационарлық максимум жасалады.
Азиялық максимумның солтүстік шығыс шеттерінде суық және құрғақ континенттік ауа осы кезде барынша жылы, үстінде төмен қысымды облыс — Солтүстік Тынық мұхиттық минимум айқын белгіленетін Тынық мұхит жағына ағады. Осы солтүстік және солтүстік-батыс бағыттарындағы ауа ағындары қысқы муссон деген атымен белгілі.
Азиялық максимум кейде Европаның батысына дейін таралып, сонда қатты салқындайтын жоғары қысым тармағын да жасай алады.
Евразияда қыс кезінде температура мен жауын-шашын таралуынын мынадай ерекшеліктері бар. Өйткені Атлант ауасы қыста біршама жылы масса болатындықтан 39—40° с. е.-тен солтүстікке қарай радиациялық баланстың теріс болғанына қарамастан, мұхитқа жанасып жатқан аудандарда январьдың орташа температурасы 0° С-ден әлдеқайда жоғары болады. Шетелдік Европа территорнясының көпшілік бөлігінде январь изотермалары меридианға жақын бағытта болса, оңтүстік және шығыс аудандарда ендікке жақын бағытта болады. Шығысқа қашықтаған сайын қыстың орташа температурасы төмендей береді. Шетелдік Европаның шығыс бөлігінде-ақ оның мәні теріс болады.
Атланттық ауа құрлыққа көп мөлшерде ылғал алып келеді де ол батысқа жаңбыр немесе дымқыл қар түрінде жауады. Әсіресе тау беткейлерінің батыс экспозициясына жауын көп жауады. Сол сияқты Азияның батыс аудандары мен Жерорта теңізінің жағалауларына да қысқы циклондық жауын-шашындар тән. Континенттің ішкі бөліктерінде фронттық әрекеттің әлсіреуіне байланысты олардың мөлшері батыстан шығысқа қарай күрт азаяды.
Евразияда және оған көрші мұхиттарда жаздағы метеорологиялық жағдайлар түбегейлі өзгерістерге ұшырайды. Азиялық макимум жоғалады да қызған материк үстінде Үнді өзені бассейні мен Парсы шығанағы Жағалауында тұйық орталығы бір төменгі қысым (Оңтүстік-Азиялық минимум) орнайды. Ол Евразияда экватордаң барынша қашық (22—28° с. е. дейін) таралатын экваторлық колаттың солтүстік шеті болын саналады. Мұхит үстіндегі қысым жоғарылайды. Исландиялық минимум әлсірейді де Солтүстік Тынық мұхиттық жойылады. Жоғары қысымды облыс иоляр бассейні үстінде сақталады. Солтүстік Атлантикалық және Солтүстік Тынық мұхиттық максимумдар күшейеді және солтүстікке қарай кеңейе түседі. Үнді мұхитында, тропиктен оңтүстікке қарай Оңтүстік Үнді максимумы қалыптасады. Жер бетіне жақын барлық рельефтің осылай таралып орналасуы айналадағы мұхиттардан Евразияға ауа массаларының тасымалдануына қолайлы жағдай туғызады.
Европада қысқа қарағаида жазда, жауын-шашын азырақ болады, өйткені бұл кезде циклондық әрекет әлсірейді. Тропиктік ауаның алып келетін Солтүстік Атлантикалық максимумның шығыс шетінен желдер соғатын Оңтүстік Европа мен Батыс Азияда жауын-шашын жоқ деуге болады.
Атлантикалық ауаның батыстан шығысқа қарай қозғалуы кезіндегі трансформацияланумен байланысты июльле орташа темпера тураның артуы мен жауын-шашынның азаюы бүкіл материк бойынша сезіледі. Әсіресе мұхиттар жағындағы ылғалды ауа ағындарынан тау көтеріңкілері бөгеп тұратын материктің ішкі бөліктері (Орта және Орталық Азияда) құрғақ әрі ыстық.
Тынық және Үнді мұхиттарына шектесіп жатқан материктің шығыс және оңтүстік шеттері басқаша жағдайларда болады. Евразияның зор құрлығы мен осы мұхиттар арасындағы температуралық және қысым айырмашылықтары жазда ерекше күшті. Тынық мұхиттан Азияға ылғалдылығы тұрақсыз ауа келіп, ол континенттік ауа массасымен жанасқанда ағыл-тегіл нөсер жауындар болады. ІІІығыс Азияда мұндай ауа ағынын оңтүстік-шығыс мусеоны деп атайды.
Азияның оңтүстігінде (Үндістан, Үндіқытай) муссонның ролін Үнді мұхитынан зор ылғал массасын алып келетін экваторлық ауа ағыны атқарады. Евразиялық пішіні мен көлеміне және экваторлық қолаттың кеңеюіне қарай оңтүстік-батыс бағытта басым болатын муссон түріндегі экваторлық ауа оңтүстікке қарай сұғына енеді. Муссон ағыны тау көтеріңкілерін кездестірген жерлерде жауын-шашын ерекше ағыл-тегіл (Мәселен, Гималайдың оңтүстік-шығыс беткейлерінде, атақты Черапунджи орналасқан Шиллонг массивінің оңтүстік беткейінде т. т.). Экватор маңындағы аралдарда ішкі массалық жауын-шашынның конвективтік үлкен манызы бар.
Евразияиың ең кең және көлемді бөлігі қоңыржай климаттық белдеудің аумағында жатыр, оның оңтүстік шекарасы қоңыржай ендіктің жазғы фронтының орнымен анықталатын Бискай шығанағының оңтүстік жағалауынан Қара және Каспий теңіздерінің ортасы арқылы Корей түбегінің солтүстік бөлігінен және Хонсю аралының орта бөлігінен өтеді. Бүкіл жыл бойы батыс тасымалдануынын басымдылығымен біріктірілетін Евразия аумағындағы қоңыржай белдеу климаттық жағдайларының үлкен айырмашылықтарымен сипатталып оны облыстар бойынша қарастыруға негіз болады.
Европаның Урал тауларына дейінгі барлық қалған бөліктерінің климатын мұхиттықтан континенттікке айналатын өтпелі климат деуге болады. Атлант ауаның трансформациясы және материктің өзінің үстінде қалыптасатын континенттік ауа массаларының әсерінің арта түсуі климаттың жасалуында аса манызды роль атқарады. Алдағылармен салыстырғанда бұл облыс жауын-шашын мөлшерінің аздығымен, температурасының ауытқу амплитудасының үлкендігімен, аязды кезеңдер ұзақтығының әр түрлілігімен сипатталады. Қарастырып отырған облыстар ауқымында алдыңғыларға қарағанда солтүстігі мен оңтүстігінің арасындағы айырмашылық айқын байқалады. Скандинавия мен Фийляндияға ұзақ, әрі қатал қыс тән. Рельеф (Скандинавия таулары) атланттық ауаның трансформациясын күшейтеді және сол сияқты Арктикадан суық ауа массасының енуіне кедергі жасамайды. Осы енулерге байланысты Швеция мен Финляндияда, январьдың орташа температурасы—10—І5°С кезінде температура—40°С, ал ерекше жағдайларда —50° С-ге дейін төмендеуі мүмкін. 50-параллельден сол-түстікте жаз салқын, жауын-шашын жаздың бас кезінде мол. Буланушылық 600 мм-ден азырақ болып, жылдық жауын-шашын мөлшері 500-ден 1000 мм-ге дейін жетуі бүкіл жыл бойынша ылғалданудың артық болуьш қамтамасыз етеді. Облыстық оңтүстік белігі температура амплитудасының кенеттен азаюымен, январьдағы орташа температура 0° С-ден сәл ғана төмен болатын қоңыржай суық қысымен сипатталады. Қаржататын және өзендерде-мұз қататын уақыт ұзақтығы шамалы ғана, ол батыстан шығысқа қарай өсе түседі. Жазы жылы, июльдегі орташа температура + 12— 20°С. Жауын-шашынның мол кезі жаздың бірінші жартысына келіп, буланушылық 800 мм-ге дейін өседі де, солтүстік аудандармен салыстырғанда ылғалдану азаяды.
Субтропиктік климаттық белдеу де Евразияны Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейін қиып өтеді. Онын, шегіндегі батыс-шығыс тасымалы жазда тропиктік цикруляциямен алмасады. Биік Азияның тау қырқалары жүйесінің қыс кезінде батыс тасымалы ағьнын екі тармаққа — солтүстік және оңтүстік тармақтарға ажыратуда үлкен маңызы бар. Соңғысы Гималайдың оңтүстігіне жақын өтеді де Г. Н. Витвицкийдің пікірінше субтропиктік белдеудің оңтүстік шекарасын басқа материктермен салыстырғанда экватор жағына қарай жылжытады.
Евразияның шығысында тропиктік беллеу жоқ, ол жіңішкеріп барады да субтропиктік белдеумен шектесетін субэкваторлық белдеудің есебінен шығып қалады.
Фллиппин аралдарын, Үндістан және Үндіқытай түбектерін және оларға солтүстігінен жанасып жатқан Үнді-Ганг жазығы және Оңтүстік-Шығыс Қытайды субэкваторлық белдеу алып жатыр. Бұл белдеудің айқын көрінетін шекарасын, қырына дейін Үнді мұхитының муссоны енетін, Гималай тауын жасайды. Бұрын көрсетілгендей Гималайдан оңтүстікке таман батыс тасымалдың оңтүстік тармағының жасалуы туралы мәліметтерге сүйене отырып, Р Н. Витвицкий бұл шекараның оңтүстікке қарай жылжытады. Бүкіл субтропиктік белдеудің барлығының жалпы ерекшелігі - Үнді мұхитынан жазда муссон алып келетін экваторлық. ылғалды, ауаның басымдығы. Әсіресе таулардың желге қараған беткейлеріндегі жылдық мөлшері бірнеше мың миллиметрге жететін, нөсерлете төгіп жауатын жаңбыр сонымен байланысты. Солтүстік Тынық мұхиттық максимум қыс кезінде оңтүстікке ығысады да, Азияның оңтүстіктегі түбектері солтүстік-шығыс пассат астында қалып қояды. Жауын-шашынның мүлде болмауы, әдетте, осыған сәйкес келеді. Бұл пассатты Оңтүстік Азия халықтары қыстық муссон деп ата