Дәріс. евразияның ішкі сулары.

4.1. Евразияның ішкі суларының таралу ерекшеліктері. Европа өзендерінің қоректену режимі.

4.2. Азияның өзендерінің қоректену режимі.

4.3. Евразияның көлдері. Қазіргі мұз басулар.

Батыста және оңтүстік-батыста Евразияиы Атлант мұхиты және оның теңіздері қоршаған. Евразияға тікелей жанасқан мұхиттың солтүстік шығыс бөлігі Орталық Атлант жотасынан шығыста Батыс Европа қазаң шұңқырын алып жатыр, оның ең терең жері 6000 м-ден астам. Оның астында мұхит типіндегі жер қыртысы. бар. Матернктік беткейдің тік кемері қазан шұңқырдан материктік қайраңға өткел қызметін атқарады, ол Европаның батыс жағалауларында мейлінше кеңейеді.

Гренландия мен Скандинавияның оңтүстік-батыс жағалауының арасындағы тереңдігі 600 м аспайтын су асты шоңғалы Атлант пен Солтүстік Мұзды мұхиттарды бөліп тұр. Осы шоңғал мен Орталық Атлант жотасының түйілісінде поляр шеңберінің оңтүстікте Исландия аралы, онан оңтүстік-шығыста мұхит түбінің көтерілген жерінде Фарер және Шотланд аралдары жатыр. Солтүстік Мұзды мұхиттың терең Норвегия және тайыз Баренц теңіздері аралығында Европадағы ең ірі Скандинавия түбегі жатыр.

ІШКІ СУЛАРЫ

Аралдарымен бірге Евразияның территориясынан ағатын жылдық ағын 16 мың км3 шамасында, яғни Жердегі барлық өзендердің жылдық жиынтық ағынының жартысынан сәл азырақ. Ағынды қабатқа айлалдырғанда ол 300 мм-ге тек, бүкіл жерді тұтас алғандағы орташа қалыңдығы жағынан Евразиядан Оңтүстік Америка ғана алда тұр. Бірақ осы орташа шамалар Жердің зор материгі іщіндегі ішкі сулардың таралып орналасу ерекшеліктерін толық көрсете алмай отыр.

Евразиялық континенттегі ішкі сулардың таралып орналасуы тіпті әркелкі. Құрылымы мен рельефіндегі бірқатар айырмашылықтар, климаттық контрастар және соған сәйкес жауын-шашынның әркелкі жаууы материктің шегіндегі жер беті, сондай-ақ жер асты суларын таралуындағы үлкен айырмашылықтарды тудырды. Бұл өзендердің қабаттық милимметрмен алынған жылдық ағыны таралуының картасында жақсы көрінген: ағынның максималдық жиынтығы (1500 мм-ден артық) субэкваторлық және экваторлық белдеулерге, әсіресе Зонд архипелагы аралдарына, одан кейін Үндіқытай мен Үндістанның батысында және ГИмалайдың орталық бөлігіне тән. Басқа белдеулерде ағынның мұндай жоғары жиынтығы Жапон аралдарының, Альпінің, Скандинавия таулы қыратының үлкен бөлігінде жылдық ағын 1500 мм-ден аз, бірақ 600 мм-ден артық болады. Европаның көпшілік бөлігінде, Солтүстік және Шығыс Азияда жылдық ағын мөлшерлері 200-ден 600 мм-ге дейін. Пиреней түбегінің, Дунай жазықтарының Шығыс Европа жазығының орта бөлігінің және басқалардың біршама шағын жерлерінде ағын 200 мм-ден азырақ, яғни бүкіл құрлықтың орташа көрсеткішінен сәл аз. Орта және Орталық Азияның орасан зор территориясының, Үнді бассейнінің, Иран таулы қыратының және Аравия түбегінің жылдық ағын мөлшері 50 мм-ден аз, сол сияқты көптеген аудандарындағы қабаттың қалыңдығы 15 мм-ден аспайды. Осы сандар материктің алуан түрлі бөліктеріндегі – жер бетіндегі су торларының жиілігі мен сипатындағы айырмашылықтарды белгілі дәрежеде көрсете алады.

Евразияның беті Атлант, Солтүстік Мұзды, Тынық және Үнді мұхиттарының бассейндеріне жатады. Материктің шеткі бөліктері, әсіресе батыс, шығыс жәнеоңтүстік-шығысында жиі су торлары бар, оған аса ірі өзен жүйелері енеді.

Ішкі және оңтүстік – батыс аудандарда жер бетіндегі сулар мүлде болмайды, сондықтан мұхитқа қарай ағын жетпейді. Евразияның жалпы ауданының 30%-тен артығы (Каспий теңізі бассейнін қосқанда) ішкі ағын территориясына тиеді.

Жер бетіндегі сулардың осындай біркелкі таралмауы тек қана қазіргі табиғат жағдайларына ғана емес, сонымен бірге материктің даму ерекшеліктеріне де байланысты.

Альпі – Гималай қатпарлы белдеуінің аса биік шеткі жоталарының түзілуіне алып келген күшті көтерілулерге дейін, сірә, Евразияның ішкі бөліктерінің климаттық жағдайлары, оның шеткі бөліктерінің климатынан үлкен құрғақшылығымен ерекшеленгенімен дәл қазіргі кездегідей соншалықты аридты болмаса керек. Осыған байланысты кайнозойда материктің орталық бөлігінде солтүстікке, шығысқа және оңтүстікке кететін ағындары бар өзендер мен көлдердің дамыған торлары болған. Ішкі аудандарға қарағанда қатпарлы белдеудің шеткі бөліктерінде күшті өткен неотектоникалық қозғалыстар, осы аудандардың мұхит бассейндерінің әсерінен бөгеліп қалуына әкеліп соғады. Климаттың осыған сәйкес құрғақтануы беткі ағынның азаюы және шыры бұзылуына, сондай-ақ Евразия материгінің ішкі бөліктеріне (Иран таулы қыраты, Тибет, қытайдың, Монғолияның таулы үстірттері және т.б.) тән кең-байтақ ағынсыз облыстардың жасалуына себепші болады.

Биік жоталардың көтерілуіне дейін негізі салынған аса қуатты өзен артериялары, бұл жоталарды терең эпигенетикалық аңғарларымен кесе отырып, өздерінің алғашқы бағыттарын сақтап қалған.

Солтүстік аудандарда, әсіресе материктің солтүстік – батысында су торының қалыптасуына төрттік мұз басуы үлкен әсерін тигізді.

Сөйтіп, кең-байтақ евразиялық құрлықтың ішінде даму тарихы мен қазіргі рельфеіне байланысты, сонымен қатар климаттың ерекшеліктеріне қарай су торлары мен өзен режимінің алуан түрлі региондық типтері қалыптасты. Олар ары қарай Евразияның шетелдік бөліктерінде қарастырылады.

Европаның солтүстігінде өзен мен көл торының қалыптасуында тектоникалық процестер мен төрттік мұз басуы үлкен роль атқарады. Өйткені территория геологиялық тұрғыдан қарағанда мұз жамылғысынан жақында ғана босағандықтан су торабының басты ерекшелігі морфологиялық жастағы болып табылады. Европаның солтүстігіндегі өзен аңғарлары мен көл қазаншұңқырлары көпшілік жағдайда мұзбен өңделген тектоникалық жарықтар болып саналады. Өзендер мен көлдер торы өте жиі, әсіресе көлдер көп, олар он мыңдап саналады. Олардың көлемдері алуан түрлі, кескіндері ғажайып; көлдердің көпгшілігі тектоникалық сызықтар мен көшпе мұз жылжуының негізгі бағытына сәйкес солтүстік – батыстан оңтүстік шығысқа қарай созылып жатыр. Өзендер, әдетте қысқа және көбіне көлдер аралығын жалғастыратын жол қызметін атқарады. Аса ірі өзендердің аңғарларында көптеген көл тәрізді кеңіген жерлер бар және ұзына бойғы профильдері жетілмеген. Олар қатты тау жыныстарының шығыңқы жерлерін кесіп өткен кезде көптеген шоңғалдар жасайды.

Жауын-шашын мөлшері көп болмағандықтан, өзендердің көпшілігі бүкіл жыл бойы мол сулы болады. Бұл сулы климат жағдайларында нашар буланумен, сондай-ақ өзендердің көлдерден, батпақтардан және жер асты суларының есебінен қосымша су алуымен түсіндіріледі.

Европаның солтүстігіндегі өзендерде Финляндия, Швецияда және басқа елдерде кеңінен пайдаланатын су энергиясының мол қоры бар. Өзендердің көпшілігінің кеме қатынастық маңызы жоқ, бірақ оларды ертеде ағаш ағызу үшін кеңінен пайдаланған.

Европаның батыс шетінің рельефінде материктік мұз баспаған төбелі жазықтар, үстірттер және аласа тау массивтері басым. Өзендер террассаланған кең аңғарлармен ағып, тармақтанған жүйелер жасайды. Атлант мұхитына және оның теңіздеріне құятын өзендердің сағалары төмен түсу әсерінен және толысу толқындарының әрекетінен эстуарий болып табылады.

Батыстық климат ерекшеліктері өзендердің режимінен айқын көрінеді. Тұрақты және мол жауын-шашындар, аязды кезеңдердің болмауы бүкіл жыл бойында ағынды біркелкі етеді. Қыстағы жаңбырлармен байланысты қыста өзендердегі судың деңгейі көтеріледі. Егер қыста ылғал ерекше мол түссе, су тасқындары болып өтеді, олар біртіндеп басталып, біртіндеп аяқталады. Жазда өзендерде су біршама азаяды, бірақ олар, әдетте, мүлде тартылып қалмайды.

Шығынның біркелкілігі және мұз қатпауы Европа батысындағы өзендерді бүкіл жыл бойында кеме жүзуге жарамды етеді. Көптеген ірі өзендердің экстуарийлерінде порттар орналасқан, толысу кезінде оларға мұхиттық кемелер өтіп бара береді. Осы өзендердің бассейндерінде жазық рельефтің басым болуы алуан түрлі өзен жүйелерін өзара жалғастыратын кеме жүретін каналдарды жасауды жеңілдетеді. Өзендердің мұндай типіне Сена, Темза, т.б. жатады.

Европаның орта бөлігінде рельеф күшті тілімделген. Өзендердің барлығы дерлік аласа таулардан басталып, жазықтармен ағып, Европаның ішкі бқліктерін теңіз бассейндерімен байланыстырады.

Батыстан шығысқа қарай климаттың контингенттігінің артуы өзендердің режимінен де көрінеді. Өзендердің барлығы қыста – 2-3 жетіден үш айға дейін қатып жатады. Таудағы қардың еруіне байланысты болғандықтан судың мол жұмсалуы және тасуы көктемге келеді. Жаздың соңында күшті буланумен байланысты өзендердегі су деңгейі едәуір төмендейтін кезеңі болады, бірақ көлдердің реттеу ықпалының арқасында күшті саяздану болмайды.

Польша, ГДР және ФРГ-ның жазықтарында өзен жүйелері арасындағы суайрықтар рельефте нашар байқалады, өйткені көпшілік жағдайларда оларды ертедегі мұз суы ағындарының кең қолаттары кесіп өтеді. Бұл, кеме жүретін каналдар және аса ұзын су жолдарын жасауға қолайлы жағдайлар туғызады. Табиғи су артериялары торын толықтыратын, әсіресе жасанды су жолдарын жасау арқылы артып отыратын Европаның орта бөлігіндегі өзендердің транспорттық маңызы зор. Бұл өзендердің тау ішіндегі жоғарғы ағысында су энергиясының үлкен қоры бар, оларды көптеген су электр станциялары пайдаланады. Өзендердің мұндай типіне Вьезар, Эльба (Лаба), Одра (Одер) және Висла жатады.

Европаның оңтүстік бөлігі мен Азияның батысындағы таулы рельеф пен субтропиктік климат өзен торының қалыптасуына ерекше жағдайлар жасайды. Әдетте, өзендер үшін үлкен құлама және өңделмеген профиль тән. Олардың көпшілігінде, әсіресе Пиреней түбегі өзендерінің төменгі ағысында. Месетаның ті кемерлерін кесіп өткен кезде жасалған шоңғалдар бар.

Жерорта теңізінің типтегі өзендердегі су режимі әркелкілігімен ерекшеленеді. Қысқы жаңбырлар кезінде олар суға аса толады да көп мөлшерде әр түрлі материалдарды алып келеді. Жазда жауын-шашын мүлде болмайтын кезде өзен сулары саяздайды. Жазғы және қысқы кезеңдер аралығындағы су шығынының айырмашылығы бірнеше ондаған есе болуы мүмкін (мәселен, Эбро өзені). Италияныц, Грецияныц, Кіші Азияның онтүстігіндегі шағын өзендср жаз кезінде мүлдем құрғап қалады.

Азияның шыгыс және оңтүстік шеттеріндегі ірі және ұсақ өзендерде муссондық режим айқын байқалады, қыста деңгейлері қатты төмендейді. Оларда су шығынының максимумы жазда өтеді, ал деңгейдің ауытқуы кейде ондаған метрге жетеді. Биік таулардан басталатын көптеген өзендерде жаздың бірінші жартысында қар мен мұздың еруімен байланысты жаздық максимум одан да күшейе түседі. Мұндай өзсидер арнасынан жиі шығып, халыққа есепсіз зиян келтіреді. Су тасқындарымен күресу және өзендердің бұралаңдауын болғызбау үшін ойпат жазықтары алқабында олардың арналарын бойлай дамбалар соғады, бірақ олар да су жайылуынан әрқашан сенімді түрде сақтай алмайды.

Қысы суық әрі ұзаққа созылатын қоңыржай ендіктегі муссондық климат жағдайларындағы шетелдік Азияның солтүстік-шығысындағы өзендер ұзақ уақыт қатып жатады. Оларда қардың еруімен байланысты көктемде шамалы су тасуы болып, жазда муссондық жауындарға сәйкес жазда негізгі су тасуы өтеді. Режимнің мұндай типі Амур және оның салаларына, Солтүстік-Шығыс және Солтүстік Қытай, Корей түбегінің солтүстігіндегі (Ляохэ, Ялуц-зян, Вэйхэ т. б.) өзендеріне тән. Солтүстік Қытайдың ең ірі өзені - Хуанхэнің режимі күрделі және ол төменде қарастырылады.

Азияның оңтүстік-шығысындағы өзендерде де максимумы жазға тура келетін муссондық режим айқын байқалады. Бірақ бұлар қыс кезінде қатты тартылмайды, өйткені Янизы бассейнінен оңтүстікке қарай және Жапон аралдарының оңтүстігіне қыста циклондық жауын-шашындар түседі. Мысал ретінде бүкіл жыл бойы суы мол болатын Сицзян өзенін атауға болады.

Оңтүттік-Шығыс Азия өзендеріне, сондай-ақ күзде су тасу тән, ол тайфундардың өтуімен байланысты болады да көбінесе апаттық сипат алады.

Үндіқытай мен Үндістан түбектерінің өзендері ылғалды және құрғақ маусым арасындағы шұғыл айырмашылықтарға және экваторлық муссонның әсері кезіндегі жылдық құрғақ кезеңінде күшті буланумен байланысты суға кемерінен аса толады, ке тайыздайды, ал кейде қуаңшылық кезінде тіпті құрғап қалалы. Муссондық режим әсіресе Үндістан өзендеріне тән (мәселен, Годовари үшін). Үндіқытай өзендері -Салуин, Иравади және басқалары биік таулардан басталады да, режимі барынша біркелкі болғанымен, олардың өзінен де жазғы максимум айқын байқалады.

Климаты нағыз экваторлық Индонезия аралдарына жиі өзен торлары мен өзендердің біркелкі режимі тән. Аралдардың, суы мол және буырқанған өзендерінде су энергиясының үлкен қоры бар.

Шетелдік Азияның ішкі облыстарының қуаңшылық өзендері де режимнің ерекшеліктеріне қарай ажыратылады. Олардың тілімен қалың мұз басқан және қардың мол қоры бар биік таулардан басталатындарының тұрақты арна ағысы болады. Бұл өзендердегі шағын максимумы тау қарларының қарқынды еритін кезеңіне көктенің аяғына немесе жазға келеді. Шөлді облыстарда олардың суларын жер суғаруға пайдаланады (Мәселен, Қашғариядағы Тарим өзені, сол сияқты Иран таулы қыратының шығыс шетіндегі өзендер т.б.).

Шағын биіктен басталып өте қуаң облыстардан ағып өтетін өзендер кездейсоқ жаңбыр және қар-жаңбыр суларымен қоректенеді. Олардың суы өте аз, деңгейі өте күрт өзгерумен ерекшеленеді әрі ұзақ уақыт кеуіп жатады. Мұндай өзендер жауыннан кейін көбінесе лай мен тастарды ағызып кететін сел тасқындарға айналады. Арна ағындарының осындай типі Орталық Азияның, Алдыңғы Азия таулы қыраттарының және Аравия түбегінің құрғақ және тұйық аудандарына тән.

Евразияның көптеген өзендері мұздықтардан басталады да мұз суымен қоректенеді.

Евразияның қазіргі мұз басу бір жағынан Акртика мен субарктиканың аралдарымен, сол сияқты барынша биік әрі суайрық тау жүйелерімен байланысты.

Полярлық аралдарға мұз басу типі және қар шекарасының төмен болуы тән. Шпицбергендегі қардың шекарасы орта есеппен теңіз деңгейінің 300 м биіктікте жатыр. Мұздықтану қалқандық сипатта болады да олар тілімденіп теңізге тіреле түсіп жатады.

Мұз басудың ірі орталығы Исландия аралында жатыр, ондағы қар шескарасының биіктігі 700 м мен 1000 м аралығында ауытқиды. Жоғары жақта тау массивтері Фири алаңдарын жауып жатыр, олардан көптеген өзендерді қоректендіретін мұздықтар тарайды.

Евразия тауларында қар шекарасының биіктігі солтүстіктен оңтүстікке және материктің шет аймақтарынан ішкі аудандарға қарай биіктей береді.

Сондықтан қазіргі мұз басудың ірі орталықтары Куньлунь, Қарақорым, Гималай, Тянь-Шань сияқты өте биік тау жүйелері ғана емес, тіпті Атлант маңындағы биіктігі шамалы мол ылғалданатын таулар да бола алады. Қар шекарасының биіктігі 700 және 1900 м аралығында өзгеретін Скандинавия тауларында көптеген өзен нәр алатын едәуір мұздық бар. Альпіде қар шекрасы 2500-3200 м биіктікке дейін көтеріледі; бұл – мұздықтардың аңғарлық типтері бар Европадағы тау мұздықтарының аса ірі орталығы, олардан Европаның бірсыпыра өзендері, немесе олардың салалары (Речи, Рона, По, Дунай салалары) басталады.

Азия тауларының қазіргі мұз басуы айтарлықтай болғанымен олардың биіктігіне сәйкес келерліктей үлкен емес. Климатының айқын контингенттігімен және жауын – шашынның аз болуымен сипатталатын ең биік таулар материктің ішкі аудандарынан көтеріледі, сондықтан қардың шекарасы және мұздықтарының биіктігі Қарақорымда, Куньлуньде – 5000-5500 м, Гималайда – 4500-5000 м. Мұздықтар 4000 м-ден төмен түспейді. Қарақорымдағы жеке мұздықтардың ұзындығы 60 км-ге жетеді. Гималайдың оңтүстік беткейлеріндегі мұздықтардың максималдық ұзындығы – 26 км. Шығыс Тянъ-Шанъда қар шекарасының биіктігі 3700 м, ал ең үлкен мұздықтың ұзындығы 40 км.

Сөйтіп, табиғат жағдайлары алуан түрлі болып келетін Евразиялық көптеген аудандарындағы өзендеріне мұздықтан қоректену типі тән. Мұздықтар мен қардың еріген суынан қоректенетін өзендердің үлкен маңызы бар. Европа елдерінде негізінен олардың энергетикалық ресурстарын пайдаланса, Азияның қуаңшылық аудандарында мұндай өзендердің суларын жер суғаруға пайдаланады.

Халық шаруашылығында, аса үлкен маңызы бар, режимі күрделі және алуан түрлі су көздерінен қоректенетін аса ірі өзендер арнайы сипаттауды талап етеді.

Дунай — шетелдік Европаныд ең ірі өзені. Оның ұзындығы - 2850 км, бассейннің алып жатқан ауданы—817 мың км2, сағасындағы орташа, жылдық аз шығыны—6430 м3 с.

Дунай Шварцвальд массивіндегі 1000 м биіктіктегі қос бастаудан басталады. Одан кейін ол негізгі ендік бағытымен Бавария таулы үстіртінің жиегін жағалай отырып, ары қарай Чехмассиві мен Шығыс Альпінің солтүстік беткейінің арасымен ағып өтеді. Сөйтіп, Дунай адыр-бұдыр қыраттар мен биіктігі 200 м-ден асатын үстірттер арқылы Венаға дейін ағады. Өзеннің Венаға дейінгі бөлігін Дунайдың жоғары ағысы деп есептейді. Дунайға осы жерде көптеген салалар қосылады, олардың ішіндегі бастылары (Иллер, Лея, Изар және Инн) Альпіден ағып шығады және мұздықтардан қоректенеді. Шығын жаздың бірінші жартысына келетін нағыз альпілік өзен болып саналатын жоғарғы Дунай режимінің ерекшеліктерін осы салалары анықтайды. Жазғы альпілік су тасуы ағысты бойлап төмен қарай ауысып, өзеннің бүкіл орта ағысы бойынша саябырлаған күйінде сезіледі.

Дунайдың орта ағысы Венадан басталады. Дунай өзінің ең ірі салаларын Альпіден (Раба, Мур саласымен Драва, Сава) және Карпаттан (Нитра, Грои және Дунайдың ең ірі саласы — Тиса) ала отырып, Орта Дунай ойпатын алдымен ендік, одаи кейін меридиан бағытында кесіп өтеді. Орта ағысы режимінің ерекшеліктері Орта Дунай ойпатының контингенттік климат жағдайларымен және өзеннің жоғарғы ағысының режимімен анықталады. Қыста ойпатта аяз болып, қар жауады, жазы әсіресе екінші жартысында ыстық болады. Жыл сайын және ұзақ уакыт болмаса да, Дунай қыс айларында қатады. Қардың еруіне байланысты су деңгейінің ең жоғары максимумы көктемде байқалады. Бұл максимум жаздық біріпші жартысына дейін созылады, өйткені ол Альпі тасқындарымен күшейе түседі.

Дунай ағысының келесі учаскесі Қарпат арқылы өтеді де, ол жерде өзен аңғары тарылып Темір Қақпа деп аталатын тар аңғарға айналады. Темір қақпадан шыққасын Дунай, Карпат пен Балканнан шығатын салаларын қосып алып, Қара теңізге құйғанға дейін Төменгі Дунай ойпатымен ағып отырады. Олардың ішіндегі аса ірілері Қарпат өзендері: Олт, Яломида. Сирет. Ойпаттағы Дунайдың Балта деп аталынатын жайылмасы өте кең. Өзеннің негізгі арнасы көптеген тармақтармен және ескі арналармен қосылады. Қара теңізге құятын жерде Дунай арнасы атырау шегінде гирлар деп аталатын тарамдарға бөлінеді. Тек ортаңғы, Сулен гирласы ғана кеме қатынасына жарайды. Қалған екеуі көптегнен қайырлар мен құмды қайраңдардың болуымен байланысты кеме қатынасына жарамайды.

Дунай Ульма қаласынан бастап, яғни өзінің бүкіл ағысы бойына кеме қатынасына жарамды. Оның транспорттық маңызы зор, өйткені ол шетелдік Европаның ішкі бөліктерінде орналасқан елдерге Қара теңізге шығатын жол ашады. Дунай су жолында оны қайта құру, түзету, арнасын тазарту және фарватерді терендету сияқты үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Дунай бассейні өзендерінің зор энергетикалық маңызы бар.

Рейн — шетелдік Европаныд аса ірі өзендерінің бірі. Оның негізгі бастауын қоса алғапда ұзындығы—1320 км, Маас өзенін қосқандағы бассейнінің ауданы 251800 км2. Төменгі ағысындағы орташа жылдық су шығыны 2500 м3 с-ке тең. Рейн Альпіде 2000 м биіктікте, екі тау өзеннің қосылуынан басталады.

Швейцария-Бавария таулы үстірті шегінде Рейн аңғары кеңейе түседі де, өзіне Боден көлінің қазаңшұнқырын қосып алады. Көлден төменіректе өзен Юра тауларына еніп, олардан шыға берістегі Базель қаласы маңында тік бұрыш жасап бұрылып, солтүстікке жоғарғы Ренн жазығына қарай кетеді. Рейн ағысының осы бұрылыстан жоғарғы бөлігін таулы Рейн деп атайды. Жоғарғы Рейн жазығында өзен террассаланған кең аңғармен ағады, оның аңғары кей жерлерде түзетілген және жағасына топырақ үйіліп бекітілген. Рейн орта ағысында каньон тәріздді тар аңғар жасай отырып, Рейн Сланец массивін 200 м-ге тереңдікке дейін тіліп өтеді. Өзен ағысыныи төменгі учаскесі ішінара теңіз деңгейінен сол төмен орналасқан жалпақ ойпат арқылы өтеді. Рейн теңізге құятын жерде тарамдарға бөлінеді де атырау құрайды, соның шегінде өзі ағызып келген қоқыс ішімен ағады. Су тасқынына жол бермеу үшін оның тармақтары дамбалармен қоршалған.

Рейнге жоғарғы ағысында — Ааре, ортаңғы ағысында — Неккар, Майн, Лан, Зиг, Рур, Мозель сияқты ірі салалар қосылады. Рейн атырауының тарамдарының біріне Маас өзені құяды. Рейн режимі күрделі. Жоғарғы ағысында ағыны бір қалыпты емес, ағысы жылдам және көптеген шоңғалдары бар нағыз альпілік өзен. Альпілік жазғы су тасуы ағысты бойлай төмен жылжып, сағаға дейін жетеді. Рейннің ағысын Боденск көлі реттеп отырады, оны Рейн жоғарғы ағысында басып өтеді. Рейннің орта тұсындағы салаларының көктемгі және қысқы максимумдары, ол жаз соңында минимумы болады, төменгі ағыс тұсындағы салаларында қыстық максимум байқалады. Сөйтіп, Рейнде су денгейінің өзгеруі болып тұрғанымен ол барлық маусымдарда да мол сулы, бүкіл жыл бойы кеме қатынасына пайдаланылады. Қысы қатал жылдары ғана мұз жамылғысы пайда болып, бірнеше күн жатқанымен оның кеме қатынасына тигізер кедергісі аз.

Осының бәрі Рейнді шетелдік Европаның ішкі аудандарын Атлант мұхитымен байланыстыратын аса маңызды кеме қатынасы жолы өтеді.

Рона — Жерорта теңізіне құятын Европа өзендерінің ішіндегі ең үлкені. Оның ұзындығы – 812 км, бассейнінің ауданы 98 мың км2. Рона Рейннің бастауына таяу жерден Альпіден басталады, бірақ ол қарама-қарсы бағытта ағып, Женева көліне барып құяды. Көлден шыққасын өзен Юра таулары арқылы ағып, сонан альпінің тау алды өңіріне кіреді. Лион қаласының маңында Рона оңтүстікке қарай кілт бұрылып, өзінің аса ірі саласы Сонаны, сонан кейін Альпіден (Изер, Дюранс) және Орталық массивтен ағатын көптеген салаларды қосып ағады. Рона Жерорта теңізіне атырау жасап құяды.

Янцзы — Азия өзендерінің аса зоры және дуние жүзіндегі ең ірі өзен-дердің бірі. Оның ұзындығы —5530 км, бассейнінің ауданы—1726 мың км2, орташа су шығыны 22 000 м3с-қа тең. Янцзы Тибет тау қыратынан басталып, мұздықтардан шығатын көптеген салалардан құралады. Өзен жоғарғы ағыс тұсында Цзиньшацзян деп аталады. Янцзы таулардан шыққан соң Қызыл Бассейн деп аталатын кең тектоникалық казаншұңқырдың ішіне енеді, содан соц ол Оңтүстік-Шығыс Қытайдын біршама аласа тауларын кесіп өтеді. Янизы көптеген жоталар мен массивтерді тіліп өтетіндіктен, кеме қатынасын өте қиындататын табалдырыктар жасап ағады. Ұлы Қытай жазығына шыққаннан кейін Янцзы кең жерлерде көл тәрізді қолтықтар құрап көптеген тарамдарға бөлінеді. Бас арнамен тармақтар және каналдар арқылы қосылатын, мұндай көлдер өзен ағысын реттеп отырады. Олардың өзі де Янцзының негізгі арнасы деңгейіне тәуелді болады да, ауқымы мен пішіні ылғи өзгеріп отырады. Су тасыған кезде кейбір көлдер жайдақ учаскелерге жайылып, көлемі өте үлкейіп кетеді. Янцзы Шығыс Қытай теңізіне құятын жерінде 40 жыл шамасында 1 км-дей кеңейетін атырау құрайды.

Янцзы режимі нағыз муссондық емес. Өзен бүкіл жыл бойында су шы-ғынының көптігімен сипатталынады, ол жаздағы муссондық жаңбырлармен, бастау маңында еріген қар және мұз суымен толығады, және төменгі ағысында оның режимін жоғарыда айтылған көптеген көлдер реттеп оты-рады. Ағыстың төменгі бөлігіне (шамамен Уху қаласына дейін) судың деңгейіне толысулар едәуір әсер етеді. Теңіз толқындарының ығыстыруы әсерінен су деңгейі тәулік сайын 4,5 м көтеріледі, жылдық орташа тербеліс 6 м дейін жетеді.

Янцзы - Қытайідың ең ірі транспорттық магистралы. Ондағы кеме қатынасы Қызыл Бассейн шегінде Ибинь қаласынан жоғарырақтан басталады. Өзеннің төменгі ағысы бойымен мұхиттық кемелер Ухань қаласына дейін көтеріледі. 1957 ж. Ухань қаласы маңында Янцзы үстінен темір жол және автомобиль қатынасы үшін алғашқы көпір салынды. Янцзы және оның салаларынын сулары егістіктерді суару үшін кеңінен пайдаланылады.

Хуанхэ ұзындығы жағынан Азияның екінші өзені болып есептеледі. Оның ұзындығы — 4845 км, бассейнінің ауданы — 745 мың км2, орташа жылдық шығыны 1500 м3 с-қа тең. Батыс Европадағы Дунай өзенінен ұзындығы жағынан едәуір артық болғанымен бассейнінің ауданы және тасымалдайтын суының мөлшері жөнінен Хуанхэ одан қалып қояды. Бұл, Хуанхэнің жауын-шашыны аз облыстарды басып өтетіндігіне, салаларының аздығына байланысты. Өзен Кунлуь тауынан басталады да жоғарғы ағысының екпіні қатты болады. Хуанхэ ежелгі массив Ордосты айналып өтіп, орта ағысында орасан зор тік бұрышты бұрылыс жасайды.

Жоғарғы және орта ағысында Хуанхэ көп жерлерде тар шатқалдармен ағады және оның көптеген шоңғалды учаскелері болады. Өзен жоғарғы ағысында өзінің аса ірі салаларын таңдап алады да, ортаңғы және төменгі ағысында ондай салалар мүлде болмайды.

Хуанхэ төменгі ағысында, жоғарыда айтылғандай тасып, үлкен территорияға жайылған кезінде өзендер алып келген салындылардан құрылған кең аллювиальдық жазықтың шегінде ағады. Біздің заманымыздан 600 жыл бұрын Хуанхэ арнасының Тяньцзиннен солтүстікке таман, ал оңтүстікте Сюйчжоу ендігінде болғанын айтсақ та жеткілікті. Өзеннің төменгі ағысы мен сағасы тарихи кезең ішінде кем дегенде алты рет айтарлықтай өзгеріп миллиондаған адамның үлкен апатқа ұшырауына себепші болады.

Хуанхэнің үнемі орын ауыстыруы және оның бассейнінде су тас-қынының жиі болуы өзеннің тұнба үстімен қоршаған ортадан жоғары көтеріліп ағатындығынан, сондықтан суының деңгейі аздап көтерілсе арнадан шығып ұзаққа жайылып кетеді. Су тасқындары жаз кезіндегі күшті муссондық жаңбырлардан кейін болып тұрады. Августа және сентябрьде оларды көбіне тайфундар туғызады. Көктемде және жаздың басында су тасқынына жоғарғы ағыс тұсында және тауда еріген қар себепші болады. Өзеннің бүкіл бассейніндегі ормандардың толық дерліктен жойылуы, сонымен қатар мұз кептелулерінің өзеннің жоғарғы ағысында төменгі ағысына қарағанда әлдеқайда ерте ашылатындығы су тасқынын күшейте түседі. Қазіргі кезде Хуанхэде су тасуына қарсы күрес жұмыстары жүргізіліп, электр станциялары салынуда және кеме қатынасы жағдайлары жақсартылуда.

Ганг — маңызы жағынан Индияның бірінші өзені және Азияның суы мол өзендерінің бірі. Ганг бассейнінің облысы қуатты өзен жүйесі қалыптасуы үшін ерекше қолайлы. Өзен Гималайдың жауын-шашыны мен қары мол биік тауды аудандарында басталып, содан сон кең-байтақ ылғалы көп ойпатқа шығады. Гангының ұзындығы — 2700 км, ал бассейнінің ауданы— 1125 мың км2. Өзеннің орташа шығыны — 2700 м3 с, яғни Хуанхэнің шығынынан 5 еседен аса артық. Ганг екі бастаумен (Бхагиратхи және Алакнанда) боп 4500 м биіктіктен басталады да, Гималай тауларының солтүстік жоталарын тар шатқалдармен тіліп өтіп, жазыққа шығады, бұл жерде баяулап, жай ағады. Ганг Гималай тауларынан көптеген суы мол салаларды, оның ішінде өзінің ең ірі саласы Джамнаны қосып алады. Декан таулы үстіртінде Гангқа құятын салалар әлдеқайда аз.

Бенгаль шығанағына құятын жерінде Ганг Брахмапутрамен бірге кең және ауқымы тез артып отыратын атырау жасайды. Екі өзеннің жалпы атырауының ауданы 80 мың км2 жетеді, ал бұл атырау теңізден 500 км қашықтықтан басталады. Атыраудың ішіндегі ең ірілері шығыс-Мегхна (ұүған Брахмапутра құяды) мен батыс Хугли. Осы тарамдардың арасындағы қашықтық 300 км-ге жетеді. Басты екі сала эстуарийлердің кең шұңқырларымен аяқталады. Бенгаль шығанағына Ганг сулары суда сапырылысып жүретін орасан көп материалдарды алып келеді (шамамен жылына 200 млн. м3) және өзеннің суы лайлы, жағадан тіпті 100 км қашықтықта да анық көрінеді. Бенгаль шығанағының солтүстік бөлігі түбінің құрылысында терең әрі ұзын су асты қолаты (төменгі Ганг арнасының жалғасы) байқалады, ол неогеннің соңында құрлықтың шөгуі нәтижесінде су астында қалған.

Ганг пен Брахмапутра тармақтары атырау жазықтығы шегінде арнасын ауыстырып өзінің бағытын жиі өзгертіп отырады. Әдетте мұндай өзгерістер күшті су тасқындары кезінде болады да олардан Ганг бассейнінің халқы жыл сайын азап шегеді.

Ганг өзені Гималай тауларындағы мұз бен қардың еруніен және негізінен жазғы муссондық жаңбырдан нәр алады. Сондықтан су деңгейінің көтерілуі майда басталады да біртіндеп арта түсіп, муссондық жаңбырларға байланысты июль — сентябрь айларында максимумға жетеді. Осы кезде жеке учаскелерде Ганг арнасының ені мен тереңдігі судың тартылған кезіндегіден екі есе артады.

Сондай-ақ атырауда теңізден соғатын дауылды желдерге байланысты да су тасқындары болып тұрады. Мұндай тасқындар жиі болмағанымен аса күшті әрі апатты.

Гангтың шаруашылық маңызы өте зор. Ол Индияның ірі қалалары мен айдалған жерлері көп, халық тығыз қоныстанған аудандарынан ағып өтеді, таудан шыққан жерлерінде Ганг кеме қатынасына жарамды. Гангының суын жер суаруға ертеден пайдаланып келеді және оның бассейнінде каналдардың күрделі жүйелері мен су қоймалары бар. Бірақ бұл жүйе өте ескірген және көптеген жерлерінде толығынан істен шыққан.

Наши рекомендации