Тақырыптық-күнтізбелік жоспар
Оқу ісі
Орынбасары: Хаттама № « » 2014жыл
Күнтізбелік тақырыптық жоспар
Сыныбы: 10
Пәні: Қазақ тілі
Пән мұғалімі:
Сағат саны: 34, аптасына: 1 сағат
Оқулық:10сынып Авторлары: Б.Хасанова, А.А.Қасымбек, А.Қ.Қаныбекова «Арман- ПВ» баспасы, 2014 жыл
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде, ҚР. Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген,
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта мектептің оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.
Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес әзірленген.
2. Негізгі орта деңгейде оқушылар тіл білімі ғылымының «тіл-құрал» қағидасының аясында қарастыратын негізгі нысандарын игеріп, Қазақстанда мемлекеттік тіл мәртебесін иеленген қазақ тілінің танымдық, қатысымдық, экспрессивтік және кумулятивтік қызметтерін танып-біліп, тіл арқылы қоршаған орта, қоғам, адами және рухани құндылықтарды бағалауды зерделеп, 10-11-сыныптарда сөз мәдениеті мен шешендік өнердің талаптарын білуге ұмтылады.
3. Сөз мәдениетін меңгертуде басты міндеттердің бірі оқушының бойында ұлттық ділді қалыптастыру болып саналады.
4. Сөз мәдениеті оқушының өзіндік көзқарасының қалыптасуына, сол көзқарасы мен жеке ой-тұжырымдарын барлық уақытта мәдениетті жеткізе алуына, өмір жағдаяттарында өзіндік пайымдауларын шеберлікпен айта алуына негізделеді.
5. Сөз мәдениетіне қойылатын талаптар оқушының терең мазмұнды, жүйелі, дәйекті, мәнді сөйлей алу қабілетін ашу міндеттерімен, ал көпшілік алдында сөйлеуге қойылатын талаптар оқушының терең мазмұнды, жүйелі, дәйекті сөйлей алу қабілетін ашу міндеттерімен ұштасады.
6. Еліміздің білім беру жүйесі тілді оқытып үйретуді дүниежүзілік стандарттық үлгілерге жақындастыруды және оларды жүзеге асырудың тиімді жолдарын іздестіруді міндеттейді.
7. 10-11-сыныптардағы қазақ тілінің бағдарламасында, негізінен, тілдің танымдық, коммуникативтік, кумулятивтік, экспрессивтік, т.б. қызметтерін қатар әрі өзара бірлікте меңгерту көзделді.
8. Білім мазмұнын анықтауда, оқу материалдары жүйелілік, коммуникативтік, белсенділік, практикалық бағыттылық, тіл қызметтерін біртұтастықта меңгерту, теория мен практиканы өзара байланысты меңгерту, қоғамдық қажеттікті ескеру, интеграция т.б. ұстанымдар басшылыққа алынды.
9. Оқытудың, білім берудің нәтижесі ретінде оқушының сөз мәдениеті деңгейін көтере отырып, жеке тұлғалық мәдениетін қалыптастыру көзделді. Білім берудің нәтижесі ретінде оқушының сөз мәдениеті деңгейін көтере отырып, жеке тұлғалық мәдениетін қалыптастыру көзделді.
10. Пәнді оқытудың мақсаты - адамзат қоғамының өркендеуі үшін ғылыми жетістіктерді пайдалана алатын, ғылым негіздерін жүйелі меңгерген; ғылыми ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білетін; зерттеу және шығармашылық әдістерді игерген, жоғары деңгейдегі қарым-қатынастық қабілеттілігі дамыған Тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік жасайтын тілдің ақпараттық-танымдық, қатысымдық, кумилятивтік қызметтерін мәтін арқылы меңгерту, ғылым негіздері мен жаңа технологияларды мақсатқа сай қолдану әдістерін игерту, тілдік бірліктерді сөйлеу әрекетінде нормаларға сай қолдануға төселдіру.
11. Пәнді оқытудың міндеттері:
1) тілдің функционалдық қасиеттерін меңгерту;
2) тілдің танымдық қызметін әртүрлі жанрдағы мәтінде таныту;
3) тілдің қатысымдық қызметін тілдік жағдаяттарда қолдануды меңгерту;
4) тілдің мұра сақтап жеткізуші кумулятивтік қызметін мәтін арқылы негіздеу;
5) танымдық мәтіндер арқылы ғылым негіздерін меңгерту;
6) ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай білуге төселдіру;
7) зерттеу және шығармашылық әдістерді тиімді қолдана біліктілігін қалыптастыру;
8) сөйлеудің ауызша және жазбаша түрлерінде тілдік бірліктерді мақсатқа сай қолдана білуге жеткізу;
9) сөз мәдениеті мен шешендік өнердің талаптарын меңгерту;
10) көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымын үйрету;
11) шешендіктің дамуына қойылатын алғы шарттарды өмірден алынған фактілер бойынша негіздеу;
12) қазіргі шешендіктің түрлерін меңгерту;
13) тілдің мәдени-этикалық нормаларын меңгерту;
14) ұлттық құндылықтар мен әлемдік адамзаттық құндылықтарды салыстыра пайымдату;
15) әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін шешендікпен дұрыс бағалауға төселдіру;
16) қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы көзқарасын шешендікпен негіздеудің және жұртты сендірудің тәсілдерін меңгерту.
12. Оқу үдерісінде жүзеге асырылатын пәнаралық байланыс оқушының дүниетанымын молайтып, қазақ тілін басқа ғылым негіздерімен ұштастыра меңгеруіне жол ашады.
10-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
Пәндік нәтижелер:
1) танымдық мәтіндер арқылы қоғамдық және жаратылыстық ғылым негіздерін;
2) техникалық мамандыққа қажетті ғылыми стильде сөйлеу дағдыларын меңгеруі тиіс;
3) тілдің функционалдық қасиеттерін танып білуі;
4) мәтіннің түрлері мен тілдік ерекшеліктеріне талдау жасай білуі;
5) мәтіннің тақырыбы мен идеясын, мәтіннің құрылымын ажырата білуі;
6) экология, табиғат, әлем, ғарыш туралы мәтіндердің тақырыптық-мазмұндық және тілдік ерекшеліктерін ажырата білуі;
7) техника, жаратылыстану пәндерінің мазмұнына қатысты кәсіби термин сөздерді тақырыпқа сай қолдана білуі;
8) техника ғылымдарына қатысты басылымдар мен сөздіктерден алынған терминдермен сөздік қорын байыта білуі;
9) ақпараттарды талдап, өңдеп, жинақтай білуі;
10) жаңа сөздер мен термин сөздердің жасалу жолдарын білуі;
11) кәсіби сөздердің түрлері мен қолданылу орындарын білуі;
12) тілдің танымдық қызметін әртүрлі жанрдағы мәтінде тани білуі;
13) тілдің қатысымдық қызметін тілдік жағдаяттарда қолдана білуі;
14) тілдің мұра сақтап жеткізуші кумулятивтік қызметін мәтін арқылы негіздей алуы;
15) әдеби тілдің нормаларының сөз мәдениетіне қатысын негіздей алуы;
16) кәсіби бағдарлы мәтіндердегі ойдың берілу тәсілдерін білуі;
17) әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы сөз әдебін білуі тиіс.
Бағдарлама бойынша ұсынылатын практикалық жұмыстар, 10-сынып (оқушылардың, сыныптың ерекшеліктеріне қарай жүргізілетін жұмыстар):
1) қазақ жазба тілінің тарихына қатысты рефераттар дайындату;
2) әлеуметтік-тұрмыстық өмірдегі әртүрлі жағдайлардың ерекшелігіне байланысты тіл жұмсау дағдыларын жетілдіретін тапсырмалар бойынша өздік жұмыстарын орындату;
3) ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты сөз орамдарын, тұрақты тіркестерді тауып, оларды қатыстырып сөйлеуге дағдыландыру;
4) мәтіндерді ұсынып, ондағы ұлттық таным мен жаңашылдық сипаттарды ажыратқызу;
5) этнолингвистикалық атаулардың тарихын, мәнін танытатын шығармашылық жұмыстар ұйымдастыру;
6) ата-анасының мүшелтойларына сөз дайындату;
7) досының туған күніне (дастарқан басында сөйлейтін) сөз дайындату;
8) әртүрлі тілдік жағдайларда қажетті сөз орамдарын қолдануға рөлдік ойындар арқылы дағдыландыру;
9) әлеуметтік-тұрмыстық қатынас пен іскерлік қатынастың айырмашылығын сезіндіретіндей нақты тақырыптар бойынша диалог құрғызу;
10) тұрмыстық және ресми қатынастардағы кешірім сұрау, өтініш білдіру, сәлемдесу, қоштасу рәсімдеріне байланысты шағын қойылымдар әзірлету;
11) телефонмен сөйлесу мәдениетін қалыптастыратын жаттығу жұмыстарын жүргізу;
12) жазба тіл мәдениетіне қатысты белгілі адамдардың ой-тұжырымдарына талдау жасату, жазба тілге қойылатын талаптарды анықтату;
13) жеке адам өміріне қатысты ісқағаздар жазуға төселдіретін тапсырмалар бойынша жұмыс жасату;
14) белгілі бір мәселе бойынша жиындар өткізіп, мәжілісхат, оның көшірмелерін жасату, т.б.;
15) оқыған көркем әдеби немесе ғылыми-көпшілік әдебиеттер бойынша реферат жаздыру;
16) әркімге қалаған тақырыбы бойынша эссе, очерк жаздыру, баспасөз материалдарынан осы жанрдағы шығармаларға талдау жасату;
17) интервью жүргізудің жолдарын саралату, нақты тапсырма бойынша өздері қалаған мамандардан, көз көргендерден интервью жасату.
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар
(Жаратылыстану-математикалық бағыт)
І тоқсан (9 сағат)
р/с | Тақырыбы | Сағат саны | Мерзімі | Қосымша танымдық материалдар | Көрнекілігі | Үйге тапсырма | ||
Сөз мәдениеті Тіл – рухани қазына. Н.Ә.Назарбаев «Тәуелсіздік толғауы» | Бағдарлама Әміров Р.С. | Практикалық қазақ тілі Н. А. Оразахынова А-ты-2010 | 3 – жаттығу | |||||
Сөз мәдениеті туралы ұғым-түсінік (5 сағат) | ||||||||
Сөз мәдениеті туралы түсінік | «Сөз құдіреті» Р.Сыздықова, Алматы, 1997 ж | Қанатты сөздер | 8-жаттығу | |||||
Сөз мәдениетіне қатысты ұғымдар | «Ел аузынан» кітабы | Кестелер, постерлер, смайликтер | Логикалық ой түйіндеу тапсырмалары | |||||
Тілдік қарым-қатынас және сөз сапасы | «Шешендік сөздер», «Қазақтың мақал-мәтелдері» | Деңгейлік тапсырмалар | 17-жаттығу | |||||
Тілдік норма және жаңа қолданыстар | Хасенов Ә. «Тіл білімі». Алматы, 2003 ж. | Кесте толтыру | 22-жаттығу | |||||
Тыңдау әдебі және сөз мәдениетінің қосалқы құралдары | Электронды оқулық | Адамбаев Г. «Тіл мәдениеті», Ақтау, 2011 ж. | 26-жаттығу | |||||
Әлеуметтік-тұрмыстық қатынас және сөз әдебі (7 сағат) | ||||||||
Әлеуметтік-тұрмыстық қатынас және сөз әдебі | С.Кежеахметұлы «Жеті қазына». Алматы,2003 ж. | Кестелер, постерлер, смайликтер | 32-жаттығу | |||||
Бақылау диктанты | Диктанттар жинағы | Өткенді қайталау | ||||||
Әлеуметтік – тұрмыстық қатынастағы тілдесім түрлері | М.Балақаев «Сөз мәдениет» | Логикалық ой түйіндеу тапсырмалары | 35-жаттығу | |||||
ІІ тоқсан (7 сағат)
|
ІІІ тоқсан (10 сағат)
№ | Тақырыбы | Сағаты | Күні | Қосымша танымдық материалдар | Көрнекілігі | Үй тапсырмасы | |
Іскерлік әдеп нормаларына қатысты сөз орамдары | Ұ.Қадырбекұлы «Іскерлік мәдениеті» Алматы, 2009 ж | Кестелер, постерлер | 68-жаттығу | ||||
Жаттығу жұмыстары | 71-жаттығу | ||||||
Термин қалыптастырудың ұлттық-танымдық негіздері | Термин сөздер сөздігі | 77-жаттығу | |||||
Жаттығу жұмыстары | 80- жаттығу | ||||||
Іскерлік әңгіме, келіссөздер | Ұ.Қадырбекұлы «Іскерлік мәдениеті» Алматы, 2009 ж | Кестелер, постерлер | 82-жаттығу | ||||
Жаттығу жұмыстары | Үлестірмелер | ||||||
Ресми-іскерлік қарым-қатынас және ісқағаздар (12 сағат) | |||||||
Ресми-іскерлік қарым-қатынас және ісқағаздар | М.Балақаев «Стилистика», Алматы, 1990 | Ісқағаздар үлгілері | 89-жаттығу | ||||
Ісқағаздар тілінің құрылымдық, стильдік ерекшеліктері | Сыздықова «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» Алматы, 2007 | Ісқағаздар үлгілері | 97- жаттығу | ||||
Бақылау диктанты | Диктанттар жинағы | Бақылау диктанты | |||||
Жаттығу жұмыстары | 99- жаттығу | ||||||
ІV тоқсан (8 сағат) | |||||||
№ | Тақырыбы | Сағаты | Күні | Қосымша танымдық материалдар | Көрнекілігі | Үй тапсырмасы | |
Ісжүргізу | Б.Хасанұлы «Ісжүргізу әлемі – мемлекеттік тіл қолданысының ауқымды арнасы».Оқу құралы. Алматы, 2011 ж. | Кестелер | 106-жаттығу | ||||
Ісқағаздар (Қолхат, жеделхат, сенімхат, түсініктеме) | Сыздықова «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» Алматы, 2007 ж. | Ісқағаздар үлгілері | 112-жаттығу | ||||
Ресми байланыс түрлері | Ф.Оразбаева «Тілдік қатынас» Алматы, 2005 ж. | 117-жаттығу | |||||
Мекеме, ұйым ісқағаздары | Н.Уәли «Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері» Алматы, 2007 ж | Ісқағаздар үлгілері | 122-жаттығу | ||||
Тұлға сөзі немесе азаматтық пікір | С.Арпабеков «Қазақ тілі» Алматы, 2008 ж. | Постерлер, құралдар | Өткенді қайталау | ||||
Бақылау диктанты | Диктанттар жинағы | Бақылау диктанты | |||||
Тест | Тест жинағы | Қайталау | |||||
Жылдық қайталау | Жыл бойы өткенді қайталау | ||||||
Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес әзірленген.
2. Қазақ халқының ғасырлар бойы жинаған асыл қазынасы оның көркем әдебиетінде көрініс табады. Оқушыларды көркемдік әлеміндегі тұтастықты, қоршаған ортадағы үйлесім мен жарастықты және адамзат баласына тән барлық ізгі қасиеттерді оқушы бойына ұялатуға ерекше орын алатын бағдарлама оқытудың жаңа талаптарына сай мазмұндық, құрылымдық және әдістемелік жағынан жаңартылып ұсынылып отыр.
3. Жаратылыстану-математика бағытындағы қазақ әдебиетi бағдарламасы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы қазақ әдебиетi бағдарламасының бiлiм мазмұнын толық қамтиды. Бағдарламада сағат санының аздығына байланысты ақын-жазушылардың өмiрi мен шығармашылығына тоқталу тек шолу түрiнде болады.
4. Білім мазмұнын сұрыптауда ғылымилық, түсініктілік, жүйелілік, іс-әрекеттілік, пәнаралық байланыс, сабақтастық сияқты дидактикалық ұстанымдар басшылыққа алынып, оқушылардың бейіндік ерекшеліктері ескерілді.
5. Бағдарламада ақын-жазушылар шығармашылығы хронологиялық сипатта ұсынылды. Қайталанған шығармалардың орнына басқа ақын-жазушылардың шығармашылықтары енгізілді.
7. Әдебиеттiң теориялық мәселелерi, әдебиеттанудың салалары, әдеби ағымдар мен бағыттар, көркем шығарманы талдау әдістері, әдеби шығарманың болмыс-бітімі, ұлттық мәдениет, әдебиет және көркемдік шындық, әдебиеттiң өзге ғылымдармен байланысы, қазiргi әдебиеттегi проблемалық мәселелер, оқырман мәдениеті, сөз өнерi және шығармашылық үдеріс, қаламгер стилі өзек етiлiп, көркем шығармашылық туралы жүйелі ұғым қалыптастырылады.
8. Пәнді оқыту мақсаты - әдебиетті өмірмен байланыстыра оқыту, әдеби шығарманың тәрбиелік мәнін тиімді пайдалану арқылы оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, оларға азаматтық, адамгершілік, елжандылық, көркемдік-эстетикалық тәрбие беру және олардың ой-өрісін кеңейтіп, ауызша сөйлеу мен жазба тіл мәдениетін қалыптастыру.
9. Пәнді оқыту міндеттері:
1) көркем шығарма арқылы оқушылардың санасына көркем сөз құдiретiн, эстетикалық, танымдық тәрбиенi сiңiру;
2) оқушыларға әдебиеттің өнердің бір түрі екендігін танытып, әдеби білім мазмұнын меңгертуді ұйымдастыру;
3) әдебиеттің ұлттық ерекшелігін, шығармалардағы әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің көркем бейнеленуін, көркем туындының идеялық мазмұнын ұғындыру;
4) оқушылардың көркем шығарма оқу әрекеттерін, образбен ойлау қабілеттерін өзіндік ізденіс шығармашылықпен жетілдіріп, олардың сөз өнерін рухани құндылық ретінде қабылдауына мүмкіндік туғызу;
5) ойын еркін, шешен жеткізе алу, әдеби-теориялық білімін жазба жұмыстарда сауатты қолдана алу біліктілігін қалыптастыру болып табылады.
10-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
17. 10-сыныптың соңында оқушылар пәндік нәтижелер бойынша:
1) әдеби шығармаларды ұлттық құндылық ретінде ұғынып, ХІХ ғасыр және әлем әдебиеті үлгілерін;
2) эпикалық, лирикалық және драмалық туындылардағы басты кейіпкер келбетін;
3) көркем шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беруді;
4) көркем шығарма мазмұнын әлем әдебиетінің үлгілерімен салыстыра талдай білуі;
5) ХІХ ғасыр және қазіргі заман әдебиеті үлгілерін әдебиеттің тектері мен жанрларына сәйкес талдауды;
6) шығарма немесе оның ішіндегі кейіпкерлер бойынша ой толғау, пікірнама, сыни мақала жазуды;
7) көркем бейнелі сөздерді орынды қолданып, жазба жұмыстарының күрделі түрлерін (эссе, шығарма, өлең құрастыру, сценарий жазу, т.б.) орындай білуі тиіс.
8) көркем шығарманың негізгі мазмұнын, идеялық-тақырыптық мәнін айқындауды;
9) өзіндік ізденіс жұмыстарына ұсынылатын шығармаларды өздігінен оқып талдауды;
10) көркем шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беруді;
11) сыныптан тыс және өзіндік ізденіс жұмыстарына ұсынылған әдеби-көркем шығармаларды өздігінен оқуды;
12) мәтіндерді баяндалу тәсіліне қарай жүйелі жеткізе алуды;
13) өзіндік көзқарасын білдіруді, шешен сөйлеу дағдыларын;
14) көркем шығарманың негізгі мазмұнын, идеялық-тақырыптық, эстетикалық, тәрбиелік, танымдық мәнін айқындауды;
15) көркем бейнелі сөздерді орынды қолданып, жазба жұмыстарын (эссе, шағын шығарма жазу т.б.) орындауды;
16) шығарманы көркемдік тұтастықта талдаудың жолдарын, амал-тәсілдерін меңгеруі тиіс.