Лшеу нәтижесінің сапасы.
Өлшеу құралдары мен нәтижелерінің сапасын, қателіктерін көрсете отырып, сипаттау қажет. “Қателік” деген ұғымды енгізу мыналар сияқты үш ұғымдарды анықтау және нақты шектеуді қажет етеді: өлшенетін физикалық шаманың шын және нақты мәні мен өлшеу нәтижесі. Физикалық шаманың шын мәні – берілген объектінің мөлшерлі түрдегі және сапасы жағынан қасиетін бейнелейтін идеалды мәні. Ол біздің сана сезімімізге тәуелді емес, идеалды шама болып табылады. Тәжірибеде бұл абстракталы ұғымды “ақиқат шама” деген шамамен алмастырған жөн. Физикалық шаманың нақты мәні – бұл тәжірибеден алынған және мақсатқа сай сол бір керекті шын мәнге жақын шама болып табылады.Өлшеу нәтижесі - өлшеу жолымен алынған шаманың шын мәнін өзінше жуықтап бағалау.
Жанама өлшеу нәтижелерін өңдеу.
Көп жагдайда ізделінетін физикалақ шаманы тікелей өлшеулер нәтижелерін пайдаланып, математикалақ жолмен есептеп табады. Мұндай өлшеулер жанама өлшеулер деп аталады., олардың қателіктері сәйкес жанама өлшеулерді өңдеу әдістемесімен табылады. Жанама өлшеуді мына формуламен орнектеуге болады
y=f(x1 x2 x3 ….)
х-бір физикалык шаманың әр турлі мәні
жалпы жагдайда жанама олшеулердің салыстырмалы кателігін жұмыс формуласының екі жагынан натурал логарифм алып, шыккан тендікті дифференциалдау аркылы табуга болады. Логарифмдеу және дифференциалдау кезінде пайда болган минус танбаларын плюске, σ дифференциал белгісін Δ белгісіне ауыстыру керек.
σx1, σ x2, σ x3 σхn
σy=√(∂f/∂x1 σx1)2+(∂f/∂x2 σx2)2+(∂f/∂x3 σx3)2+……+(∂f/∂xn σxn)2=√∑_(i=1)^n▒(∂f/∂xi σxi) 2
Δy=√(∂f/∂x1 Δx1)2+(∂f/∂x2 Δx2)2+(∂f/∂x3 Δx3)2+……+(∂f/∂xn Δxn)2=√∑_(i=1)^n▒(∂f/∂xi Δxi) 2
Жанама өлшеулер нәтижелерін өңдегенде, көбінесе, тікелей өлшеулер қателігі мен прибордың қателігін және таблицалык мәндерді бірге есептейді.
37. Метрологияның нысандары. Олардың анықтамалары. Метрологияға қатысты негізгі ұғымдар.
Метрология нысандары: физикалық шамалар, шама бірліктері, өлшеу құралдары, эталондар, қателіктер.
Физикалық шамалар – бізді қоршаған материалды әлемдегі құбылыстар мен процестерді сипаттайды.
Шама бірлігі – размерінің сан мәні1-ге тең физикалық шама
Өлшеу құралы – шама бірлігін сақтап сақтап және қайта жаңғыртатын метрологиялық сипаттамалары бартехникалық құралдар.
Шама бірлігінің эталондары – бірлік размерін өлшеу құралдарына беру мақсатында оны сақтап және жаңғырта алатын өлшеу құралдары.
Өлшеу қателіктері – өлшеу нәтижелерінің өлшенетін шаманың шын мәнінен ауытқуы.
Өлшеу – техникалық құралдардың көмегімен өлшенетін шаманы оның бірлігімен салыстыру операциясы.
Метрологияға қатысты негізгі ұғымдар:
Шама бірлігінің мемлекеттік эталоны – уәкілетті мемлекеттік органның шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында негізгі деп танылған шама бірлігінң эталоны.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау – стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемл органның өлшем құралдары шығарылуын, олардың жай – күйін және қолданылуын, өлшемдерді орындау әдістемелері қолданылуы, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын, сату кезінде тауарлардың санын, сондай–ақ тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезінде кез–келген түрдегі бума тауарлардың санын қадағалау жөніндегі жүзеге асыратын қызметі.
Заңдық метрология – метрологияның стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемл орган атқаратын қызметке жататын және өлшем бірліктеріне, әдістеріне, өлшем құралдары мен өлшемдік зертханаларына қатысты мемл талаптары бар бөлігі.
Өлшем құралдарын калибрлеу – өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамасының шын мәнінің және мемл метрологиялық бақылау мен қадағалауға жатпайтын өлгем құралдарының қолдануға жарамдылығын анықтау мақсатында сол өлшем құралының көмегімен алынған шама мәні мен эталон арқылы анықталған шаманың тиісті мәні арасындағы ара қатынасты белгілейтін операциялар жиынтығы.
Метрологиялық қызмет – қызметі өлшем бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған субъектілер жиынтығы
Лшеудің қателігі. Қателіктің түрлері. Абсолют және салыстырмалы кателіктер. Жүйелік ,кездейсоқ және дөрекі қателіктер.
Өлшеудің қателігі деп өлшем нәтижесінің шаманың шын мәнінен ауытқуы немесе нақты мәнінен ауытқуы.
Туындауының 4 себебі бар:
1)Өлшеу құралдарының жетілмегендігінен;
2)Өлшеу әдістерінің жетімсіздігі; 3)оператордың жұмысқа дайын болмауы; 4)сыртқы әсерлер.
1.Өте дөрекі өлшеу құралдары немесе өлшеу құралдарының өлшемдерінің өзгеріп кетуі. 2. Өлшеу әдістерінің жетімсіздігі. 3.Оператордың дайын болмауы, оператор бәрін білуі керек. 4.тәжірибеге сыртқы әсер көп әсер етеді, мысалы вибрация, температура, ылғалдылық т.б.
Қателіктің түрлері:
Өрнектелу тәсілдері бойынша қателіктер екіге бөлінеді: абсолют және салыстырмалы.
Абсолют-өлшеу нәтижесінің шын немесе нақты мәнінен айырымы.
∆x=x_0-x => ∆x=x ̅-x (1)
∆x абсолют қателік
x ̅ нақты мән
x өлшеу нәтижесі
x_0 шын мәні
Нақты мән арифметикалық орта мән.
Салыстырмалы қателік абсолют қателіктің шын мәнге немесе нақты мәнге қатынасы.
ε=∆x/x_0 ; ε=∆x/x_0 * 100%;
ε=∆x/x_ ; ε=∆x/x_ * 100%;
Көріну сипаты және аңғару тәсілдері бойынша қателіктер үшке бөлінеді:
1.Ағаттық (дөрекі) 2)Жүйелік 3)Кездейсоқ
Ағаттық, оператордың өзінің жіберетін қателігі.
Жүйелік, бірнеше рет қайталап өлшегенде тұрақты болып қалатын немесе өзгеріп отыратын қателік.
Жүйелік қатынастың күрделілігі өлшеу санына байланысты емес. Прибордың көрсетуінің өзгеріп кетуі.
Туындау себептері бойынша жүйелік қателік беске бөлінеді:
1.Инструменталды қателіктер (прибордың қателігі)
2.Өлшеу құралдырының дұрыс орнатылмауынан туындайтын қателіктер
3.Сыртқы әсерге қатысты туындайтын қателік.
4.Теориялық қателіктер (әдістемелік қателіктер)
5.Субъективті қателіктер
ρ=m/V=m/(S∙h)=m/(π∙R^2∙h)
Көріну сипаты бойынша жүйелік қателіктер 2-ге бөлінеді.
1.Тұрақты 2.Айнымалы
Тұрақты-егер қателіктің мәні мен таңбасы уақыт бойына өзгермейді
Айнымалы-қателіктің мәні мен таңбасы уақыт бойынша өзгеріп отырады.
Кездейсоқ қателік деп қайталап өлшеген кезде кездейсоқ түрде өзгеріп отыратын қателіктерді айтады.
Кездейсоқ факторлар өлшеу құралы.
Өлшеу құралдарының дұрыс орнатылмауынан туындайтын қателіктер үшке бөлінеді: 1)Жекелеген адам ағзасының индивидуалды ерекшелігіне байланысты.
2)оператордың өмірге дағдылануына байланысты
3)адам ағзасының реакциясы