Сабақтың тақырыбы:Тауар өндіру, қызмет көрсету нәтижесінің статистикасы

Сабақ мақсаты- экономикалық өндіріс түсінігі, оның микро-мезо және макроэкономикалық көрсеткіштерін есептеу.

Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары немесе тестілік сұрақтар

№1. Өндірістік өнеркәсіптің келесі қызметтерінің берілгендері бойынша экономиканың жеке салалар аралығындағы өндірілген өнімін есептеңіздер, мың теңге:

- өндірілген дайын өнім -950;

- өңделме шикізаттың өнімдері -100;

- ғимараттар мен үйлерді күрделі жөндеу -180;

- көлік құралдары құрал жабдықтарын күрделі жөндеу – 80;

- шетке жіберілген электр энергиясы – 140;

- үй шаруашылығының қызметі – 110;

- ғимараттар мен үйлерді ағымдағы жөндеу -50.

№2. Келесі мәліметтер бойынша ауыл шаруашылығының шығарылған өнімін есептеу (мың теңге):

ауыл шаруашылығында өсірілген дақылдар – 550;

өндірілген ұн – 120;

ірі қара, жылқы өнімдерін өсіру;

алынған төл, кіші мүйізді қараның өсімдері – 50;

аяқталмаған өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдері қалдықтарының өсімдері – 30.

Сабақтың тақырыбы: Тауарлы және ақшалай айналыс статистикасы

мақсаты- тауар және ақша айналымының статистикасын оқып білу.

Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары немесе тестілік сұрақтар

Тапсырма 9

№1. Бір сауда ұйымы бойынша тауарлық қорлар тауарлы келесідей мәліметтер берілген, теңге:

Тауарлық топтар Тауарлар қорлары
Базистік жыл Есептік жыл Келесі жыл
1 - қаңтарға 1 - шілдеге 1 – қаңтарға 1 – шілдеге 1 қаңтарға
Азық – түлік тауарлары 7,2 7,4 6,1 6,0 5,7
Азық – түлікті емес туарлар 21,0 21,0 24,2 21,6 19,8

Базистік және есептік жылдардағы орташа тауарлық қорларды есептеңіздер:

1. азық – түлік тауарлары бойынша

2. азық – түліктік емес туарлар бойынша

3. азық – түліктік және азық – түліктік емес тауарлар бойынша бірге.

№2. Қазақстан Республикасының бөлшек сауда айналымының тауар топтары бөліндісіндегі динамикасы туралы мәліметтер берілген:

Көрсеткіштер 2007 жыл 2008 жыл
1. Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі (қоғамдық тамақтандыруды қоспағанда, млрд.теңге) Сонымен қатар: Азық- түлік тауарлар, соның ішінде: тамақ өнімдері алкоголь ішімдіктері Азық – түлік емес тауарлар 2. Бөлшек тауар айналымының физикалық көлемінің индексі (пайызбен алдыңғы жылға) Сонымен қатар: Азық- түлік тауарлар, соның ішінде: тамақ өнімдері алкоголь ішімдіктері Азық – түлік емес тауарлар     341,5   181,0 157,8 23,2 160,5   129,3   123,1 120,4 145,9 137,1   424,5   223,5 193,7 29,8 201,0   119,1   117,2 116,7 121,5 121,6

Келесі көрсеткіштерді есептеңіздер:

1. Әр жыл үшін бөлщек тауар айналымының құрылымдық қозғалысын;

2. Сонымен қатар азық- түлік және азық –түлік емес тауарлар үшін, жалпы бөлшек тауар айналымының индексін;

3. Сонымен қатар жалпы индекстердің байланысын қолдана отырып, тауар топтары бойынша барлық тауарларға баға индексін. Бөлшек тауар айналымының құрылым динамикасын графикалық түрде көрсетіңіздер. Экономикалық тұжырым жасаңыздар.

Сабақтың тақырыбы: Баға статистикасы

Сабақ мақсаты- баға ұғымы, өнімдерді бағалаумен қайта бағалаудың статистикалық әдістерін оқыту

Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары немесе тестілік сұрақтар

Тапсырма 10

№1. Қазақстан Республикасында 2009 жылы тұтыну бағаларының өсім қарқындары бойынша азық- түлік тауарларының үлестірілуі туралы мәліметтер бар:

Бағаның өсу қарқыны бойынша азық-түлік тауарларының тобы (%) Тауарлар топтарының саны, бірлік
104,0 дейін 104,1-114,0 114,1-124,0 124,1-134,0 134,1-144,0 144,1 және жоғары барлығы

Егер бағалар өсуінің әр түрлі қарқындарының айырмашылығы онша байқалмаса, онда баға өсу қарқынының ауытқуларын табыңыздар.

Осы мақсатпен есептеңіздер:

1. Өсудің орташа қарқынын (%);

2. Құрылымдық орташа: а) мода (%);

б) медиана (%);

3. Тұтыну бағаларының өсу қарқынының орташа сызықтық ауытқуларын (%);

4. Тұтыну бағаларының өсу қарқынының орташа квадраттық ауытқуын (%);

5. Вариациялық коэффициентін (%).

№2.Қазақстан Республикасында 2009 жылғы азық-түлік емес тауарлардың бағаларының өсу қарқындары бойынша бөлінуі туралы мәліметтер бар:

Бағаның өсу қарқыны бойынша азық-түлік емес тауарларының тобы (%) Тауарлар топтарының саны, бірлік
105,0 дейін 105,1-125,0 125,1-145,0 145,1 және жоғары Қорытынды

Егер бағалар өсу қарқындарының әр түрлі айырмашылығы онша байқалмаса, онда баға өсу қарқынының ауытқуларын талдау керек.

Осы мақсатпен есептеңіздер:

1. Баға өсуінің орташа қарқынын (%);

2. Құрылымдық орташа: а) мода (%);

б) медиана (%);

3. Тұтыну бағаларының өсу қарқынының орташа сызықтық ауытқуларын (%);

4. Тұтыну бағаларының өсу қарқынының орташа квадраттық ауытқуын (%);

5. Вариациялық коэффициентін (%).

Тұтыну бағаларының өсу қарқыны бойынша тауар топтары бөліністерін графикалық түрде бейнелеңіздер. Экономикалық тұжырым жасаңыздар.

Наши рекомендации