Азарбаев еңбектерінде Қазақ хандығының – ұлттық мемлекеттіліктің бастауы ретінде бағалануы.

Кәсіби тарихшы-ғалым ретінде мені Қазақ хандығы мәселесі және оның құрылу кезеңі әрдайым қызықтыратын. «Қазақ» және «казак» этнонимінің пайда болу құпияларының да орны бөлек.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау туралы айтылуы ғылыми ізденіске үлкен серпін берді. Қалың жұртшылық бұл тарихи оқиғаны қызығушылықпен талқылауда.
Маған мұнан бұрын да Қазақ ханды­ғы­ның құрылуына қатысты мәселе жөнінде жазуға тура келген еді. Мүмкіншілікті пай­далана отырып, аталған тақырыпқа қа­тысты өз көзқарасымды ұсынбақшымын.Қазақстанның ортағасырлар тарихында ХV ғасырдың орны ерекше. Біріншіден, көп ғасырлық этникалық үдерістер нәтижесінде қазақ халқы жеке хандық құрды. Екіншіден, құрылған хандықтың алғашқы кезеңінде ауыр жағдайларға қарсы тұра, халық өсімінің негіздері қаланды, тұрғылықты аумақты кеңейте, шаруашылық-мәдени өмірді нығайта алды.
Қазақ хандығының құрылу тарихы XIX ғасырда Шоқан Уәлиханов зерттеулерінде былайша беріледі: «..ауызша аңыз әңгіме бойынша қырғыздар (қазақтар) Барақтың ұлы Жәнібекті өздерінің ханы санайды. Қалай болғанда да, аңыз бойынша Жәнібек Жошы ұрпағынан шыққан қазақтардың бірінші ханы болған… орданың екі жақыны, ноғайлар мен қазақтардың тұрмыстары бірге болған. Жәнібектің билік құрған кезеңі қырғыздың (қазақтың) поэмасында «Алтын ғасыр» ретінде жырланады. Далалықтар арасындағы Жиренше шешеннің (дана), әз-Жәнібектің және ноғай философы Асан қайғының адамгершілік жөніндегі жыр-аңыздарының басым бөлігі қазіргі кезеңге дейін қолданыста». Бұл жерде Ш. Уәлихановтың кейінгі тарихи кезеңдегі бір-бірінен ажыраған туыс халықтар, қазақ және ноғайды бірге айтуы да бекер емес-ті.

хаммед Хайдар Дулатидің, Қадырғали Қасым ұлы Жалайридің аса көрнекті еңбектерінің маңызының жаңаша бағалануы.

158.Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның егемендігін тануы, оны БҰҰ - на қабылдауы

1991жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. 20 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның Бас Хатшысы Бутрос-Галиге арналған хатында Сыртқы Істер министрі Ақмарал Арыстанбекованы осы ұйыммен байланыстар мен ынтымақтастық орнатуға жіберіп отырғанын жазды. Сол жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға мүше болып қабылдануы туралы Елбасымыз қол қойған өтініш Бас хатшыға табыс етілді. 1992 жылдың 23 қаңтарында БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі өз мәжілісінде Бас Ассамблеяға Қазақстанды бейбітшіл мемлекет ретінде БҰҰ-ның мүшелігіне қабылдауды ұсынды.
1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 46-сессиясы Қазақстанды Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше етіп қабылдады. сөйтіп, біздің еліміздің тәуелсіздігі халықаралық тұрғыдан танылды. Сол жылғы 15 сәуірде Президент Назарбаев өз Жарлығымен А.Арыстанбекованы Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның жанындағы Тұрақты өкілі етіп тағайындады, өкілеттік кұрамы 6 адамнан тұратын еді.
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кіргеннен соң басты екі мәселе көтерілді. Біріншіден, біздің еліміздің, ең алдымен, Арал мен Семейдің әлеуметтік экономикалық және экологиялық проблемаларын шешуге қолдау жасау мақсатымен БҰҰ-ның әртүрлі қорлары мен бағдарламаларымен ынтымақтастықты жөнге қою. Екіншіден, Қазақстан БҰҰ-ның әртүрлі органдарының, ең алдымен, Бас Ассамблеясының жұмысына қатысу арқылы саяси, экономикалық және гуманитарлық салаларда халықаралық проблемаларды шешуге өз үлесін қосуға тиісті болды.
1992 жылы өткен БҰҰ-ның 46-47 сессияларында Қазақстан Президентінің сыртқы саяси бағдары жарияланды, олардың ішінде қарусыздану, саяси проблемалар, Таяу Шығыстағы жағдай, БҰҰ-ның бейбітшіл қызметі, халықаралық Экономикалық ынтымақтастық есірткі бизнесі және терроризммен күрес, адам құқығы мен гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері бар.
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен принциптерін мойындайтынын, оның халықаралықаралық кұкыктық нормаларын қатаң сақтайтынын мәлімдеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы, әсірссе, Қазақстанның ядролық қарудан ерікті түрде бас тартқан дүние жүзіндегі бірінші мемлекетке айналғанын және біздін еліміз-дің әлемде бірінші болып ядролық полигонды жабу жөніндегі шешімін жоғары бағалады. 1994 жыддан бастап Бас Ассамблеяның қатарынан үш сессиясы ядролық қарусыздану жөніндегі барлық қарарларында Қазақстанның қосқан үлесін ерекше атап көрсетті. 1996 жылғы қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ның ядролық сынақтарға тыйым салу жөніндегі келісіміне қол қойды.
Қазақстанның БҰҰ шеңберіндегі жұмысының ең манызды бағыты Қазақстан аумағындағы экологиялық апаттарға байланысты проблемалардың шешілуіне дүниежүзілік қоғамдастық тарапынан көмек алдыру соның ішінде, ен алдымен, бұрынғы Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарын жою болып табылады.
1997 жылдың 16 желтоксаныңда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясынын 52-сессиясы Семей аймағы халқының денсаулығы мен қоршаған ортасының ахуалын сауықтыруға жәрдем көрсету жөнінде арнайы қарарын қабылдады.
БҰҰ аясында 1999 жылы Токиода Семей аймағынын проблемалары жөнінде халықаралық конферениия болып өтті. Конференцияның қорытындылары ядролық сынақтар салдарының проблемаларына деген хааықаралык қоғамдастықтың айтарлықтай мүдделілік танытып отырғанын, Семей аймағын сауықтыру жөніндегі ынтымақтастықтың дамуына үлес қосуға өзір екендіктерін көрсетті. 2002 жылдың басындағы мәлімет бойынша Семей аймағын сауықтыруға тартылған БҰҰ қаражатынын жалпы сомасы 26 млн. АҚШ долларың құрайды Қазақстанның бағлары БҰҰ –ның күн тәртібіндегі барлық мәселе бойынша салмақты және жүйелірек болды, сөйтіп, мүше-мемлекетгердің құрметіне бөленді.
Бірінші рет Қазақстанның бастамасы бойынша 1996 жылдың қазанында Алматыда БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі мәжіліс өткізіп, онда Ауғанстан бойынша өзінің бірінші саяси қарарын қабылдады. Бірінші рет Қазақстан БҰҰ-ға өзінің ғарыштық мемлекет екендігің құлатады, біздің ел 1993 жылы өткен қызу кеңестерден соң, Ғарыштық кеңістікті бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі комитетке мүше болып кірді.
1994 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 48-сессиясында бірінші рет Орталық Азия мемлекеттерінің транзиттік көлік жүйесін дамытуға қолдау көрсету туралы арнаулы қарар қабылданды, бұл халықаралық базарларға шығып, саудаға араласуына мүмкіндік берді. Сонымен, БҰҰ Орталық Азияда транзиттік аймақтық жүйе құруды маңызды деп тапты, себебі, аймақ елдері ашық теніздерге, дүниежүзілік рыноктарға шығуда көп қиындықтарға тап болуда. Сондыктан да Қазақстан 2003 жылы халықаралық ұйымдар мен демеуші елдердің қатысуымен өтетін, теңізге шығу жолдары жоқ дамушы елдер тобына мүше мемлекеттер — Көлік министрлерінің халықаралық конфереңциясын өткізуге ерекше үміт артып отыр.
ЮНЕСКО мен Дүниежүзілік туристік ұйым бірлесе отырып, арнайы «Ұлы Жібек жолын жаңғырту мен қалпына келтіру проблемалары» атты бағдарлама жасаған болатын. 1998 жылы 27 ақпанда Президент Назарбаевтың Жарлығымен «Жібек жолының тарихи орталықтарын жаңғырту түптік тілдес мемлекеттердің мәдени мұраларын сақтап сабақтас I дамыту, туризм инфрақұрылымын құру» туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін, «Жібек жолы — Қазақстан» ұлттық компаниясы құрылды. Ол инвестициялық бағдарлама дайындап, соның негізінде тікелей инвестиция тарту жөнінде айтарлықтай жұмыс жүргізуде. Дүниежүзілік банк жобаның техникалық-экономикалық негізін дайындау үшін 440 мың доллар көлемінде грант алуға келісім жасады. «Кордай-Успеновка» автокөлік жолының құрылыс жобасы бойынша Ислам Даму банкімен 250 мын долларға келісім жасалды. Осылай республикамызда туризмді дамытудын бірінші мәселесі — инфрақұрылымды дамыту негізделе түсуде.
БҰҰ-ның Орталық Азия елдерінің экономикасы үшін арнаулы бағдарлдмасы (СПЕКА) айрықша өзекті болып табылады. Ұйымның даму бағдарламасы (ПРООН), БҰҰ-ның білім беру, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО), БҰҰ балалар коры (ЮНИСЕФ), қоршаған орта женіндегі БҰҰ бағдарламасы (ЮНЕП) тағы басқалар бойынша түрлі жобаларды іске асыру кезектегі міндеттер болып қала береді.
1992 жылы 5 казанда БҰҰ Бас Ассамблеясының мінберінен Президент Назарбаев Азиядағы ықпалдастық және сенім шаралары (АЫСШК) жөнінде кеңес шақыру жөніндегі бастамасын жария етті. Оның мәні — Азия құрлығында алдын алу дипломатиисының тиімді тетіктерін жасау болып табылады. АЫСШК ен басында-ақ қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылай алатын форум түрінде ойластырылған болатын. Кеңесті шақырудың тұжырымдамалық негізі мынада: бүгінде жаһандық және аймақтык сипаттағы сынақтар мен қатерлерге дер кезінде және пара-пар үн қату үшін азиялық көптеген мемлекеттердің күш-жігерін біріктіру талап етіледі.

Наши рекомендации