Азақ халық аспаптары
Белгілі Ресей ғалымы И.В.Мациевский халық аспаптары туралы былай дейді: «Народные музыкальные инструменты – это традиционно используемые народом орудия звукового творчества, его музыки. Музыкальные инструменты отражают сложную систему образно-звуковых представлений народа и эпохи, являясь особого рода материальным памятником традиционно бесписьменной музыки…Народные музыкальные инструменты – явление духовной культуры народа. Они тесно связаны с его бытом, укладом, хозяйственной жизнью, верованиями, обрядами, праздниками, ритуалами, другими видами народного творчества… Музыкальный инструмент, к тому же, является одновременно феноменом материальной культуры. Материал, из которого он изготавливается, конструкция, форма, способ хранения тесно связаны с традициями материального производства».[4]
Берілген анықтама бойынша халық аспаптары қатарына музыкалық-эстетикалық мақсатта ғана емес, өмір тіршілігінің кез келген саласында, соның ішінде аңшылықта, жауынгерлік жорықта, көшіп-қону кезінде, малшылықта, тағы басқа жағдайларда қолданылатын дыбыс құралдарын жатқызуға болады.
Бұрынғы кезде қазақтарда көптеген (жалпы саны 30 шамасында) аспаптар болған. Олардың көбісі аңшылық пен әскери жорықтардақолданылған,мысалы,дауысы қатты шығатын керней, мүйіз сырнай, дабыл, дауылпаз, шындауыл сияқты аспаптардыарнайы хабар беру үшін қолданған. Аспаптардың кейбіреулері аңдар мен жануарларды алдап шақыруға арналған,мысалы – марал дауысын келтіретін бұғышақ.
Біраз аспаптар оңтүстік Қазақстандағы көне қалаларда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған. Соған қарап, орта ғасыр кезінде Ұлы Жібек жолында орналасқан Отырар, Сығанақ, Баласағұн, Сауран, Түркістан, Тараз сияқты қалаларда әр-түрлі аспаптардан құрылған ансамблдер болған деп жорамалдауға болады. Сол ансамблдер жеке шығармаларды орындауымен қатар әншілер мен бишілерді сүйемелдеп базарларда, жәрмеңкелерде, керуен-сарайларда өнерлерін көрсеткен. Дауысы қатты шығатын аспаптардан құрылған ансамблдер ашық далада қолданылған. Кейін, қалалардың қирауының салдарынан бұл аспаптар қолдаудан шығып ұмытылып кеткен.
Музыкалық аспаптарды зерттеуде белгілі ғалым Б.Ш.Сарыбаевтың рөлі орасан зор. Ол ауыз әдебиеттер мен мұрағаттарды зерттеу арқасында көптеген жоғалып кеткен аспаптарды ашты. Соған қоса, ақсақалдардың әңгімелеріне сүйене отырып сол аспаптарды қайта жасап шығарды. Кәзіргі кезде бұл аспаптар әр-түрлі ансамблдер мен оркестрлерде өз қолданысын тауып жүр.
Қазақ халық аспаптары хордофондар(хорд – ішек, фон – дыбыс), аэрофондар(аэро – ауа, фон – дыбыс) және мембрано-идиофондар(мембрана – тартылған тері, идиофон – дыбыс шығаратын қатты заттар) болып үш топқа бөлінеді. Хордофондар, яғни ішекті аспаптар тобына шертіп ойнайтын домбыра, шертер, жетіген, және ысқышпен ойнайтын қыл қобыз кіреді; аэрофондар, немесе үрлемелі аспаптар тобына сыбызғы, саз сырнай, үскірік, мүйіз сырнай, қос сырнай, қамыс сырнай, керней сияқты аспаптар жатады; мембрано-идиофондарды, яғни ұрмалы-соқпалы аспаптар тобын дабыл, данғыра, дауылпаз, шындауыл, кепшік, асатаяқ, тастұяқ, қоңыраулар құрайды. Осы топтардың ешқайсысына кірмейтін ерекше аспап – шанқобыз. Оның құрылымы мен орындаушылық тәсілдерінде шертпе және үрлемелі аспаптардың көрсеткіштері біріккен.
Халық аспаптарының шығу тарихы туралы ел аузында аңыздар көп. Солардың бірінде қыл қобыз туралы айтылады: «Қорқыт 20 жасында түс көреді. Түсінде ақ киімді адам «Сен 40 жасқа дейін өмір сүресің» деп аян береді. Қорқыт өлімнен қашудың амалын іздеп Желмая түйесіне отырып алыс сапарға шығады. Қайда барса да көр қазып жатқан адамдарды көреді. «Бұл кімнің көрі» деген сұраққа олар «Қорқыттың көрі» деп жауап береді. Сөйтіп жердің төрт бұрышының бәрін аралап шығады. Ақыры өлімнен құтыла алмайтынына көзі жеткен Қорқыт жердің орталығы – Сырдарияның жағасына келеді. Ағаштан шауып қобыз жасайды. Желмаясын құрбандыққа шалып, оның терісін сол қобызға тартады. Судың үстіне төселген кілемге отырып күні-түні қобызда ойнай береді. Тартқан музыкасына алыстан келген адамдар, ұшқан құстар, жосыған аң-жануарлар жиналады. Қорқыттың жанын алуға Өлім де келеді. Бірақ күйдің құдіретті күшіне әлі келмеген ол ештеңе істей алмайды. Қорқыт әбден шаршап бір сәтке ұйықтап кеткен кезде, Өлім жылан бейнесінеайналып оны шағып алады. Одан Қорқыт өлмейді, не өлі, не тірі емес қалпында су астының піріне айналады, бақсыларға көмек көрсетіп адамдарға жақсылық жасайды».[5]
Келесі аңызда жетігеннің шығу тарихы баяндалады: «Өте ерте заманда бір қария кісі өмір сүріпті. Оның жеті баласы болыпты. Бір жылы қатты суықтан жұт болып, адамдар ашаршылыққа ұшырайды. Сол жылы қария кісі барлық балаларынан айырылады. Үлкен ұлы қайтыс болған кезде қайғырған әкесі ағаш ойып, оған ішек тартады да «Қарағым» деген күйін орындайды. Төралым деген екінші ұлының өліміне екінші ішек тартып «Қанат сынар» күйін орындайды. Үшінші ұлы Жанкелдіге арнап «Құмарым» күйін тартады. Төртіншісі – Бекенге «От сөнер» күйін арнайды. Хауас есімді бесінші ұлына «Бақыт көшті» күйін шығарады. Алтыншы ұлы Жұлзаруға «Күн тұтылды» күйін арнайды. Кенже ұлы Қиясты жоғалтқан кезде әкесі жетінші ішек тартып «Жеті баламнан айырылып құса болдым» атты күйін тартыпты».[6](аударған – П.Шегебаев)
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Халық аспаптарына жалпы мінездеме бер.
2. Аспаптардың түрлері.
3. Б.Сарыбаевтыңхалық аспаптарын зерттеуге қосқанүлесі.
4. Аспаптар туралыбілетін аңыздарды айтып бер.