Халықаралық жария құқығы және халықаралық жеке құқықтың ара қатынасы.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ҚҰҚЫҚ ПӘНІНЕН ДӘРІСТЕР

Азіргі таңда халықаралық құқықтың реттелу жағдайы, оның Қазақстанның құқық жүйесіндегі орны, халықаралық келісім-шарт ынтымақтастығы мен Қазақстан заңдарында халықаралық құқықтың бағалылығы тек қана халықаралық байланысқа тікелей қатысушылар ғана емес, лауазымды және басқада тұлғалардың кең көлемінде ғана болжамданбайды, оның мағынасы кең, ол қоғамдық өмірдің барлық негізгі салаларына өз ықпалын жасауда.

Ық салалары ішінде фундаменталды сала болып табылатын Халықаралық құқық пәнін оқыту барлық заң оқу орындарында көзделген. Себебі бұл пән студенттерге жалпы мемлекетіміздің мемлекеттігін танытатын белгілермен таныстырып өтеді. Мемлекетіміздің ішіндегі саяси процесстер мен ағымдарға құқықтық баға бере отырып, мемлекеттегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайын айқындап көрсетеді.

Бұл пән мемлекеттің ата заңы болып табылатын негізгі заңдық нормативтік акт – Конституцияға және халықаралық құқықтың қайнар көзі болып табылатын халықаралық актілерге негізделген құқық саласы, яғни халықаралық құқықтың оқу пәні, объектісі, субъектісі, жүйесімен және әдістерімен таныстырады. Халықаралық құқық ұғымы мен адамдардың және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беру институты жөнінде, мемлекеттік билік органдарының құқықтық мәртебесі жөнінде кең мағлұмат беріп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысымен таныстыру Халықаралық құқықтың негізгі мақсаты болып табылады.

Лекция мен семинар сабағы барысында студенттерге Халықаралық құқықтың қалыптасуы, оның қоғамдық дамудағы ролі мен орны жөнінде кең шолу жасалып, азаматтық қоғам құқықтық мемлекет құрудағы халықаралық қатынастардың маңызы мен прогрессивті әсері жайында теориялар мен көзқарастар, ғылыми пікірлер келтіру арқылы мемлекеттің құрылымдық ерекшеліктері сипатталған. Курсты оқу барысында парламентаризм, демократизм, дуализм, бикамерализм, дипломатия, консулдық құқық, ғарыш құқықғы және тағыда басқа жаңа құқық салалары мен таныс болады. Ағымдағы бақылау семинар сабақтарында ауызша үлгіде, жазбаша бақылау жұмысы жөнінде, әрбір өтілген тақырып бойынша тест арқылы алынады.

Дәріс тезистері

Тақырып. Қазіргі халықаралық құқықтың мазмұны және жүйесі.

Халықаралық қатынас және халықаралық құқық.

Халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде.

Халықаралық жария құқығы және халықаралық жеке құқықтың ара қатынасы.

Қазіргі кезде бүкіл адамзат ХХІ ғасырдағы өз болашағын айқындап, жүріп өткен жолын ой елегінен өткізуде. Барша әлем қоғамы ғылым мен техника, мәдениет пен өнер, сол сияқты көптеген өндіріс салаларында ұлы жетістіктерге қол жеткізуде. Мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатнастың өзара тығыз байланысты болуы мемлекеттердің халықаралық құқық нормалары мен егемендік құқығына сақтау болып табылады. Халықаралық құқықтың нормалары халықаралық өзара қарым-қатнастан басталады. Халықаралық құқық кез келген қоғамның өміріне үлкен мағанасы бар, халықаралық өзара қарым-қатнастың дамуы мен өсіп жетілуін реттейді.Халықаралық өзара қарым-қатнастар халықаралық құқықтың нормаларының мазмұнын анықтайды.

Айрықша зерттеуді қажет ететін түбегейлі мәселердің (проблемалардың) бірі болып, ең алдымен халықаралық құқықтың және халықаралық өзара қарым-қатнастың халықаралық жүйедегі алатын орны белгілі. Мысалы, халықаралық өзара қарым-қатнасты зертеушілер негізінен халықаралық өзара қарым-қатнасты маңызды және анықтаушы деп алып, оны жүйе ретінде қарйды(Г.А.Арбатов,Н.И.Лебедев, Ш.П.Саканаев, Д.Г.Томошевский және т.б.).

Халықаралық жүйе тар мағынада мынаны құрады: біріншіден: мемлекетке ұқсас құрылымдар: екіншіден, мемлекет құрылым жолында,өзінің тәуелсіздігі үшін жүрген халықтар және ұлттар;

Үшіншіден, халықаралық қоғамдар;

Төртіншіден,мемлекеттердің бірігуі;

Бесіншіден,осы элементер арасындағы байланыстар.

Жоғарыда аталып өткендерден басқа, халықаралық жүйе ,халықаралық өзара қарым-қатнаста қолданылып жүрген басқа да, халықаралық-құқықтың және әлеуметтік нормаларды құрайды. Халықаралық жүйе анықталған біртұтастық және басқа да құрамдас бөліктермен салыстырмалы біртұтасыққа тән. Халықаралық жүйенің өзіне тән сипаты болып, біріншіден оның негізгі элементі мемлекеттің халықаралық жүйенің бөлігі болып табылатындығы.

Осыдан, халықаралық құқықтың даму мәселесін анықтай отырып, халықаралық жүйе ұғымы мен құрамдас бөлігін және қазіргі кезеңдегі халықаралық өзара қарым-қатнастың өзіне тән ерекшілігін анықтау керек.

Осы, жоғарыда көрсетілген тұжырымдардың, халықаралық өзара қарым-қатнастардың, олардың құқықтық табиғатты ұғымы туралы жалпы қорытынды шығаруға болады.

Халықаралық өзара байланыс – бұл, саяси, экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени, ғылыми, идеоялогиялық және мемлекеттер арасын жалғайды басқа да байланыстардың жүйесі.

Халықаралық өзара қарым-қатынастарға, мемлекеттер арасындағы ынтымықтастық нығайту және ұлғайту, бейбітшілікте және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі туындайтын жаңа түйінді мәселелер, ядролық соғысты болдырмау, халықаралық құқықтың рөлін көтеру тән қасиет.

Наши рекомендации