Орта ғасыр мұсылман философиясындағы негізгі бағыттарды атаңыз және ерекшеліктерін айқындаңыз.
Философияның, жалпы мәдениеттің даму тарихы ұзақ жылдар бойы біржақты, европоцентристік тұрғыдан қарастырылып келгені белгілі. Осы көзқарастың салқыны сал-дарынан Орта ғасыр философиясы тек христиандық философия шеңберінде ғана қарастырылды. Шындығында, сонау антика заманы мен оның бер жағын байланыстырып тұрған, жай байланыстырып қана қоймай, дүниежүзілік мәдениеттің, өркениеттің дамуына мықты әсер еткен Шы-ғыстағы мұсылман философиясы еді. Оны толығырақ, объективті зерттеу мүмкіндігі енді ғана туып отыр. Бұл салада атқарар жұмыс өте көп, бірақ аз ғана уақыттың ішінде жүргізілген ізденістердін өзі мұсылман мәдениеті мен философиясының Батыс философиясынан мүлдем өзгеше екендігін керсетеді.
Мұсылмандық ІІІығыс философиясы араб және түркі тілді болып бөлінеді. Араб тілді философияның қалыптасуына әсер еткен ислам діні, Аравияда VІІ-ғасырда дүниеге келген Араб халифаты ХVІ-ғасырға дейін мәдениеттің ірі ошағы болды, ал ғалымдар халифат Рим империясынан да мықты болған деген пікір айтады. Бұл пайымдаулармен келісуге де болады, себебі осыншама ұзақ өмір сүруге кез-келген империяның әлі келмес еді. Араб халифатының экономикалық дамуының күшті болуы оның фи-лософиясының да айқындаушы факторы болды.
Ислам діні негізгі діні, араб тілі Құран тілі болған Араб халифатында мұсылман философиясы өзінен VI ғасыр бұрын дүниеге келген христиан дінімен күрес нәтижесінде қалыптасты. Өзінің таралу барысында, әсіресе кіші Азияда ислам антика философиясының ошақтарымен бетпе-бет келіп отырды. Қазіргі заманғы белгілі қазақ философы Ғ. Есімнің пікірінше, әлемді күшпен ғана емес, философия мен ғылымды тарату арқылы да билеуге болатынын ұғынған халифтер грек және үнді философиясын тереңдеп зерттеуге ерекше көңіл белді. Адам, оның тағдыры мәселесін түсіндіруде, оған рухани басшылық жасауға моральдық жауап-кершілік ісінде олар антика, философиясының категориалдық аппаратына жүгінді. Сондықтан да философияның практикалық қажеттілігінен грек философтарының еңбектері әуелі сирия, кейін араб тіліне аударылды. Тіпті Византиямен соғыста олар тұтқындарды қолжазбаларға айырбастап алып отырды. Осы араб тіліне аударылған еңбектер кейін Европаға жетті. Яғни, Европа өркениеті үшін анти ка философиясың сақтап қалған араб ойшыл-дары деуге болады.
Орта ғасырдағы мұсылман философиясының басты өкілдері: әл Кинди, әл Фараби, ибн Сина, әл Ғазали, «Таза ағайындар» (шығыстық перипатетизм); ибн Бадж, ибн Араби, ибн Туфейль, ибн Рушд (батыстық перипатетизм) және тағы басқалар.
Орта ғасырлық мұсылман философиясының ерекшеліктері:
* ислам дінімен тығыз байланыстылығы. Ғылым мен діннің бірін-бірі үйлесімді толықтыруының жақсы мысалы.
* көпұлттылық — араб, парсы, түркі және т.б. ұлт философтары.
* негізгі философиялық тіл — арабтілі. Араб тілінде философия «фалсафа» деп аталды.
* Басты мәселелер — адам және оның тағдыры, адам және Құдай, адам және қоғам, онтология мәселелері.
Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары
Қалам (сөз, тіл) — спекулятивтік теология. Спекуляция -тәжірибеден тыс жатқан заттар туралы білімге ойлау жолымен қол жеткізу дегенді білдіреді. Қалам — мұсылман қоғамының даму эволюциясының заңды құбылысы болды. Әр түрлі секталар мен топтар Мұхаммед пайғамбар дүниеден өткеннен кейін ислам діни ілімінің уағыздарын қызу талқылау нәтижесінде пікірталас объектілерін анықтап, дұрыс шешім іздеп отырды. Белгілі Иран ойшылы Мортаза Мотаххари қаламға «исламдық көзқарастар туралы, яғни ислам тұрғысынан алғанда не нәрсеге сенімді болу және не нәрсеге сену қажеттігі туралы ғылым» деген анықтама береді.
Қаламды жалғастырушылар мутакаллимдер — құр догматтарға сүйеніп қана қоймай, ақыл-ойға да жүгініп, діни және ғылыми білімдердің басын ашып отырды, Құдай, ерік еркіндігі, құдайы әділеттілік, Құранның пайда болуы және тағы басқа мәселелерді кеңінен талқылады.
Қаламның беделді мектептерінің бірі — мутазилизмде — (оқшаулану-шылар, бөлектенушілер) — рационалистік бағыт айқынырақ байқалады. Діни мәселелерді талқылаумен шектелмей, табиғат, қоғам, антрософия, фи-лософия мәселелерін де зерттеуге ұмтылған мутазилиттер фалсафаны негізін қалады.
Суфизм — «алладан басқа құдай жоқ» қағидасын «алладан басқа өмір сүретін ештеңе жоқ» қағидасымен алмастырды. Суфизм — ислам дініні рухы, мәні, сананың өсуінің, жан тазарып, ар-ұят оянуының, рухани жетілудің белгісі, арлы, адал болу, алланы сүю, адамды сүю.