Шапағат» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Тәрбиеші:Сахыпкереева Ж.Б.

Білім беру саласы:Денсаулық

Бөлімі:Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Шыбынбике-Шыбынгүл.

Мақсаты: Білімділік: Қ. Мырза Өлидің аудармасы бойынша жазылған «Шыбынбике-Шыбынгүл» ертегі-өлеңінен үзінді жаттату. Дамытушылық:Адамгершілік қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелілік:Арқан арқылы секіруге жаттықтыру; өз-өзін уқалауға жаттықтыру.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: әр балаға секіртпелер, ұзын секіртпе, арқан.

Билингвальды компонент:арқан-канат, секіртпе-скакалка

Іс-әрекет кезеңдері Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Бір қатар сапқа тұру.Сәлемдесу. Балаларды бойларына қарай сапқа тұрғызу.
Ұйымдастыру- шылық ізденістік 1.Секіртпемен орындалатын ЖДЖ. Б.қ.: қолдар төменде. 1-қолдарды алға қарай созу; 2-қолдарды көтеру; 3- қолдарды алға созу; 4- бастапқы қалыпқа келу. Б.қ.: оң қол алға созылады, секіртпені қолға ораймыз. Б.қ.: отырып,қолдарды жоғары көтеру. 1 - алға еңкею; 2-б. қ. Б.қ.: - отыру. 1- жату, қолдарды жоғары көтеру; 2 - б.қ. Б.қ.: секіртпені өкшемен қысып ұстау, 1 - жату, аяқты желкеге тигізу; 2 - б.қ. Арқаға секіртпемен өздігінен массаж жасау.Секіртпе арқылы секіру. 2.Арқан арқылы секіру. 3.Қ. Мырза Әлидің аудармасы бойынша жазылған «Шыбынбике-Шыбынгүл » ертегі-өлеңінен үзінді жаттату. Кейіпкерім бүгінгі - Шыбынбике-Шыбынгүл. Күн шыққанда, бұлт ауып, Алды жолдан пұл тауып. Базарыңнан, Сәл ауыр Сатып алды самауыр.   «Тарақандар, келіңдер! Қонақ болып көріңдер». Тарақандар қаптады, Шайын оның мақтады.   «Самаурын» жаттығуы: бір орында тұрып жүру, жүгіру. «Арқан тартыс», «Өрмекші» жаттығул ары. 2.«Жылауды» имитациялау. 3.«Қонақтардың қашуы» жаттығуы. 4.«Өрмекшінің жауыздығы» жаттығуы: Шыбынбике- Шыбынгүлді байлап-матауын көрсету. 5.«Масаның ерлігі» жаттығуы. 6.«Жасасын, жасасын, жеңімпаз Маса!» жаттығуы.   Жіп қозғалып тұрады, балалар одан секіреді.   Қолымыз артымызда, жоғары көтереміз. Ішімізді сипаймыз, орнымызда адымдаймыз, алға еңкейеміз.   Жүру, жүгіру жаттығулары. Қолдарымен екі беттерін басып, оңға, солға иілу. Бір орында жүгіру.   Өлең жолдарын бірнеше рет хормен қайталап, жатқа айтады.     Бір орында секіру, отырып- тұру, екі қолды алға қарай айналдыру, қолдарын жоғары созу, төмен түсіру, екі жаққа созу, отыру.   Біресе оң жаққа, біресе сол жаққа еңбектеу.   Бір орында жүгіру, бір қолмен қол бұлғап, аяқтарын тарсылдатып, би қимылдарын орындап, «Жасасын, жасасын, жеңімпаз Маса!» дейді.
Рефлексиялық- түзетушілік Құлақтың ішіне өз-өзіне массаж жасату.   Алақанмен құлақтарын уқалайды.

Күтілетін нәтиже:

орындайды:арқан арқылы секіру жаттығуларын;

түсінеді:ойынның шарттарын;

қолданады:өз-өзін уқалап жаттығуды.

Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің

технологиялық картасы Күні:

Тобы:Ортаңғы

Білім беру саласы:Денсаулық.Таным.

Бөлімі:Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Доппен жұмыс

Мақсаты:1. Бір-біріне кеуде тұсынан допты лақтыруды үйрету.

2.Шапшаңдық және ептілік тәрізді қасиеттерді дамыту.

3.Басына қапшықты қойып, жерде созылып жатқан жіптің үстімен қолды әртүрлі қалыпта ұстап жүруге жаттықтыру.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: барлық балаларға қапшықтар мен доптар.Алаңның сыртына жіпті қою.Билингвальдық компонент:Доптар,мячи,ball.

Іс-әрекет кезеңдері Дене шынықтыру нұсқаушының іс-әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивация-лық-қозғаушылық Жетекшілерді ауыстырып отырып жүру. Алаң ішінде баяу жүгіру 2 мин. 25 сек. {200 м), мұнда да жетекшілерді ауыстырып отырып жүгіреді. Жүру, 3-4 рет терең тыныс алу. Жүру барысында балалар допты алады және екі қатарға тұрады.
Ұйымдастыру- шылық -ізденістік 1. ЖДЖ (доптармен орындау): Б.қ.: аяқтары иық деңгейінде, доп төменде. 1 - допты жоғары көтеру, иілу; 2 - б.қ. Б.қ.: аяқтары иық деңгейінде, доп кеуде түсында. 1 - допты алға созу, иілу; 2 - б.қ. Б.қ.: аяқтары иың деңгейінде, доп жоғарыда. 1 - иілу, допты жерге тигізу; 2 - б.қ. Б. қ.: сол сияқты 1 - оңға иілу; 2 - б.қ.; 3-4 - сол сияқты солға иілу. Б.қ.: аяқтарын қосу, доп төменде. 1-2 - екі рет жерге допты ұру; 3-4 - екі рет екі аяқпен секіру. Алаң ішінде баяу жүгіру 2 мин. 25 сек. (200 м). Допты бір-біріне лақтыру. Орташа жылдамдықпен жүгіру 50 сек. (100 м). Жүру. Жүру барысында балалар қапшықтарды көтеріп алады.     Қапшықтармен сапқа тізіліп жүру. Орташа жылдамдықпен жүгіру 50 сек. (100 м). Жүру.     2. «Құстар мен жаңбыр» ойыны. Педагог ойын барысында балалардың бүкіл алаң бойымен жүгіргендерін, отырмауларын қадағалайды. Жаттығулар нұсқаушының көрсетуімен орындалады. Барлық жаттығулар 4-6 рет қайталанады. Балалар допты орындарында қалдырады. Балалар жұптасып 2 м қашықтықта тұрады және допты кеуде тұсынан бір-бірлеріне лақтырады (10-15 рет). Сапқа бір-бірден тізіліп тұру. Жүру барысында балалар доптарын орындарына қояды. Педагог: «Жаңбыр жауды», «Боран соқты» және т.б. айтады. «Құстар» тоғайларға тығылуға тырысады, яғни гимнастикалық қабырғаға шығады. Аз ғана уақыттан кейін педагог: «Күн шықты!», «Жаңбыр тоқтады» және т.б. дейді. Балалар төмен түсіп, тағы әрі қарай жүгіреді. Ойын 3-4 рет қайталанады.  
Рефлексиялық- түзетушілік Баяу жүгіру. Жүру (100 м).  

Күтілетін нәтиже:

орындайды: бір-біріне кеуде тұсынан допты лақтыруды;

түсінеді: ойынның шарттарын;

қолданады: басына қапшықты қойып, жіп үстімен қолды әр- түрлі қалыпта жүру дағдыларын.

Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің

Наши рекомендации