Азақстанның тәуелсіздігінің жариялануы. Даму жолын анықтау. Н.Ә.Назарбаевтың «ХХ ғасыр табалдырығында» атты еңбегі.

1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық Қазақстан Президентін сайлау болып, сайлауда Н.Ә. Назарбаев жеңіске жетті. 10 желтоқсанда Президент Н.Ә.Назарбаев өз қызметіне кірісті. Осы күні Қазақ КСР-ын Қазақстан Республикасы деп атау туралы шешім қабылданды. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды, бұл күн Тәуелсіздік күні жарияланды. Сөйтіп, Қазақстан 260 жылға созылған отарлық бұғаудан құтылып, өз алдына дербес мемлекет құруға мүмкіндік алды.

Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы тарихи құжат болды.

«Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конституциялық Заң бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет болып танылды. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қахзақстан Конституциялық заңға сәйкес өз аумағында бүкіл өкімет билігін толық иеленеді, ішкі және сыртқы саясатты дербес жүргізеді. Демократиялық және құқықтық мемлекетті құру стратегиялық мақсат болып табылады. Конституциялық заңда мемлекеттік тәуелсіздіктің маңызды принципі орнықтырылды.

Конституциялық заңға сәйкес жер және оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, экономикалық және ғылыми-техникалық әлеует Қазақстан Республикасының айрықша меншігіне берілді. Аталмыш объектілердің бәрі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәулсіздігінің негізін құрайды.

Конституциялық заңда мемлекеттік тәуелсіздікті қорғауды ұйымдастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғау мақсатында дербес қарулы кұштерін құрады жән өз аумағында әскерлерді, қару-жарақ пен техниканы орналастыру мәселелерін шешеді. Осылайша, мемлекетті ұйымдастыру мен оның қызметінің жаңа принциптері конституциялық тұрғыдан орнықтырылды.

4. Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру. 1991 жылы желтоқсанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру (ТМД) өте күрделі жағдайда өтті. 8 желтоқсанда Минскіде (Беловежск) Белорусь, Ресей және Украин президенттері «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы» Беловежск келісіміне қол қойды. Онда жоғарыда аталған мемлекеттер 1922 жылы Одақтық келісімге қол қойып, КСРО-ны құраушылар болғандықтан: «КСРО халықаралық құқықтың субъектісі ретінде өмір сүруін тоқтатады және геосаяси мәнін жоғалтады»,- деп мәлімдеді. Одан әрі : «Біздің халықтардың тарихи бірлігіне, қалыптасқан қатынастарға сүйене және екі жақты келісімдерді ескере отырып, демократиялық құқытық мемлекет құру үшін жоғарғы келісім жасаушы тараптар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрады»,-деп атап көрсетілді. Сөйтіп, бұл келісім 1922 жылы Кеңес Одағының құрылуы туралы шарттың күшін жойып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрды.

Бұдан кейін Орта Азия және Қазақстан мемдекет басшылары Ашхабадтағы кездесуде «Беложвеск келісімін»талқылап, тең, құқықтық дәрежеде жаңа мемлекеттер достастығын құруға әзір екендіктерін білдіреді.

Сөйтіп, 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматы қаласында бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы 11 тәуелсіз мемлкете арасында Тәуелсіз мемлекеттер Достастығын құру туралы келісім хаттамасына қол қойды.

Сол күні ТМД-нің құрылуы жөніндегі «Алматы Деклорациясына» қол қойылды. Онда ТМД-ны құрушы мемлекеттер демократиялық, құқытық мемлекет құруға ұмтыла отырып: «Олардың арасындағы қарым-қатынастар әрбір елдің мемлекеттілігін тану және құрметтеу, өзін-өзі билеу құқығының бұлжымастығы, тең құқықтық және ішкі істеріне қол сұқпау ұстанымы, күш қолдану мен күшпен қоқан-лоқы жасаудан, экономикалық және қысым жасау әдістерінен бас тарту, дауларды шешу, адам құқы мен еркіндігін, соның ішінде аз ұлттардың да құқығын құрметтеу, халықаралық құқық нормалары мен міндеттерді адал орындау негізінде дамиды»,- деп мәлімдеді [113,103-104-б.].

ТМД жарғысы бойынша Достастыққа қатысушылар тепе-теңдік негіздегі үйлестіруші институттар арқылы жұмыс істейді. Ондай ұйымдарға мемлекет басшыларының және үкімет басшыларының кеңесі жатады. Бұл ұйымдарда әр мемлекет бір дауысқа ие, ал шешім ортақ келісім жолымен қабылдананды. Мемлекет басшыларының Кеңесі жылына 2 рет, үкімет басшылары жылына 4 рет жиналады, сонымен қатар кезектен тыс та өткізіледі. Достастық мемлекеттерінің тұрақты атқарушы және үйлестіруші органы- Кеңесіші-үйлестіруші комитет болды. Комитет үкімет төрағаларының орынбасарлары деңгейінде жасақталады. Достастық шеңберінде Парламентаралық ассамблея құрылып, жұмыс істейтін болады.

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. 5 том. Алматы, 2010.

2. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

3. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.

4.Казбеков Б.К. Интеграция Казахстана и Центральной Азии в мировую экономику. А., 2002.

5.Назарбаев Н.А. На пороге ХХІ века. А., 1996.

6.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. Астана, 2006.

7.Назарбаев Н.А. В потоке истории. А., 1998.

8.Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. Алматы, 2003.

Қосымша әдебиеттер:

1. Арыстанбекова А. Объединенные Нации и Казахстан. А., 2002.

2. Джалилов З.Г. Ислам и общество в современном Казахстане. А., 2006.

3. К новым стандартам в развитии общественных наук в Центральной Азии // Материалы Международной научной конференции. А., 2006

4. Международный диалог и культурное разнообразие // Сбоник материалов круглого стола. А., 2007.

5. Суфизм в Иране и Центральной Азии // Материалы международной конференции. А., 2007.

6. Сыроежкин К.Л. Мифы и реальность этнического сепаратизма в Китае и безопасность Центральной Азии.

7. Центральная Азия: диалог цивилизаций в ХХІ в. // Материалы международной конференции. А., 2003.

Наши рекомендации