Дам бол” - бұл принципті алғаш жариялаған кім?

А) Абай.

В) А.Байтұрсынұлы.

С) Ш.Уәлиханов.

D) Ә.Бөкейханов.

Е) Шәкәрім.

7. Түркі әлеміндегі құдіретті күш:

А) Аспан.

В) Көк аспан.

С) Топырақ.

D) Тәңір.

Е) Жер.

8. Абай философиясында адам бойындағы негізгі үш асыл қасиет:

А) Ақыл, қайрат, жүрек.

В) Арман, күш, мінез.

С) Сезім, күш, жігер.

D) Мақсат, еркіндік, сана.

Е) Ой, қабілет, қайрат.

май ана” түркі ұғымында қандай қасиетке ие?

А) Ана мен бала қорғаушысы.

В) Жер мен аспан қорғаушысы.

С) Күн мен түн қорғаушысы.

D) Өлім мен өмір қорғаушысы.

Е) Аң мен құс қорғаушысы.

10. Қорқыт Ата дүниетанымындағы құдіретті аспап:

А) Сырнай.

В) Қобыз.

С) Домбыра.

D) Дабыл.

Е) Керней.

ріс№10

Философияның теориялық негіздері. Болмыс философиясы. Философиялық білім жүйесіндегі гносеология.Эпистемология

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Болмыс мәселесін қарастыратын философия бөлімін онтология деп атайды. Философияның қалыптасуының өзі болмыс мәселесін зерттеуден басталады. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірден бастап, Парменид, орта ғасырлық философия, Гегель, Хайдеггер және т.б. болмыс мәнін ұғынуға тырысты. Болмысты Гегель өзінің «Ғылыми логикасында» былай анықтайды: «Бастама өзінде болмыс пен ештемені сақтайды; ол болмыс пен ештеменің бірлігі, немесе, басқаша айтсақ, ол – бейболмыс, сонымен бірге ол - болмыс; дәл сол сияқты, ол болмыс бола тұрып – бейболмыс». (Гегель «Ғылыми логика», т.5, 58 бет).

«Бұл таза болмыс дегеніміз таза абстракция, демек, абсолюттік терістеулік, яғни тікелей алынғандағы, ештеме» (Гегель т.1, 220 бет). Философиялық «болмыс» категориясының мазмұнын мына жағдайлар ашуы мүмкін:

- қоршаған дүние, заттар, құбылыстар, шындықта өмір сүреді, ол дүние бар;

- қоршаған дүние дамуда, ішкі себептері бар, қозғалыс көзін өзінде сақтайды;

- материя мен рух – бір, бірақ сонымен бірге қарама-қарсы мәнділіктер шындықта өмір сүреді; материя да бар, рух та бар.

Осы жоғарыда айтылғандар субстанция ұғымымен анықталады.

Субстанция (лат., «мән», «нәрсе», «мәнділік») - түпнегіз, ешнәрседен тәуелсіз, өзге нәрселерді тудыратын бастама; Субстанция – мәнділіктің алғы себептілігі. Жалпы, субстанция гректің «гипостасис» - негіз, фундамент, тұлға деген сөздерін білдіреді. Шіркеулік «ипостасьта» осы мағынада. Субстанция категориясын Аристотель, Декарт, Спиноза, Гассенди, Локк және т.б. арнайы қарастырған.

Болмыс – адам санасынан тысқары, тәуелсіз тұратын объективтік шындықты және адамның өзін де бейнелейтін философиялық категория. Болмысты философиялық ұғынуды өзге түсініктерден ажырата білу керек.

Болмыстың негізгі формалары:

· материалдық, заттар мен процестер болмысы:

а) біртұтастық түріндегі табиғат заттары, процестер болмысы;

ә) адам жасаған заттар, процестер болмысы;

· идеалдық, рухани болмыс:

а) тұлғаланған, жекелік рухани болмыс;

ә) объективтенген рухани болмыс;

· адами болмыс, адам болмысы:

а) заттар дүниесіндегі адам болмысы;

ә) адамның өзіндік болмысы;

· әлеуметтік болмыс:

а) қоғамдағы адам болмысы;

ә) қоғамның өзіндік болмысы;

Болмыстың өзге де түрлері кездеседі:

· ноуменалды («ноумен» - өзіндік зат) болмыс – санадан тысқары, оған тәуелсіз болмыс;

· феноменалды («феномен» - құбылыс, тәжірибеде берілген) болмыс – танымдағы субъекттің елестету, көрініс болмысы, дүдамал болмыс;

Көбінесе ноуменалды болмыс пен феномалды болмыс бір-біріне сәйкес келеді.

Бейболмыс – абсолюттік ештеме, болмыспен қарама-қарсылықтағы және бірліктегі болмыс.

Қоршаған дүниедегі заттар, құбылыстар болмыста болады және бейболмыста да болуы мүмкін. Мысалы: әлі туылмаған адамдар, жасалмаған заттар; өлген адамдар, қираған мемлекет, қалалар, өшкен өркениеттер және т.б.

Қозғалыс– материяның өмір сүру тәсілі, оның жалпылық қасиеті, атрибуты. Қозғалыс жалпы алғанда, материяның өзара әрекеттесуі, жалпы өзгеру. Материя тек қозғалыста болады, сол арқылы өзін-өзі айқындайды, білдіреді. Материясыз қозғалыс жоқ, қозғалыссыз материя жоқ – дейді материалистер. Материя қозғалысының қарапайым түрлерінен күрделі формаларына көшуін, төменгі сатыдан жоғары сатыға өрлеуін дамудеп атайды. Сондықтан өзгеріс дамуға қарағанда кең, жалпы ұғым.

Материя кеңістікпенуақыттаорналасқан.

Кеңістік пен уақытты қарастыруда философияда негізінен екі көзқарас кең тараған:

Ø субстанциялық(Демокрит, Эпикур) әдісте уақыт пен кеңістік бір - біріне тәуелсіз, өзіндік шындық, әрі материяда өзіндік субстанция. Ал материяның кеңістік және уақытпен арақатынасы субстанция аралық қатынас болып табылады.

Ø Реляциялық(лат,-relatio- қатынас) (Аристотель, Лейбниц, Гегель) әдісте кеңістік пен уақытты материалдық объектілердің өзара әрекетін ұйымдастыратын, құрайтын қатынасы ретінде қарастырылады. Қазіргі таңда реляциялық әдісті қолдаушылар басым.

Ø Кеңістік- материя болмысының формасы, материалдық жүйе элементтерінің созылымдылығын, құрамдастығын, бірге өмір сүруін, өзара әрекетін білдіреді.

Кеңістік қасиеттері:

· денелер созылымдылығы;

· үш өлшемді;

· қайта оралу мүмкіндігі.

Уақыт-материя болмысының формасы, барлық материалдық жүйелердің ұзақтылығын, күй-жағдайларының біртіндеп өзгеруі мен дамуын білдіреді.

Уақыт қасиеттері:

· ұзақтылық пен бірқалыпты өзгеру;

· бір өлшемді;

· қайта оралмау;

· бір бағыттылық.

Таным– қоршаған дүниені адам санасында белсенді бейнелеу процесі. Таным – субъекттің объектке тарихи диалектикалық қатынасы. Таным – шындықты бейнелеудің жоғары формасы, салыстырмалы ақиқаттан нақты ақиқатқа өту, субъекттің объектке шексіз жақындай түсуін бейнелеу. Таным теориясын философиялық тілде гносеологиянемесе эпистемологиядеп те атайды.

Адам қоршаған дүниені екі жолмен тануы мүмкін:

- тікелей тану, яғни дүниемен тікелей қатынаста болу;

- жанамалай тану, яғни материалдық және рухани мәдениет құндылықтары арқылы тану.

Философия тарихында таным процесінің ұғыну барысында үш түрлі көзқарас қалыптасты:

- идеализм.Субъект (S) пен объект (О) – барабар;

Субъект – белсенді, объект – пассивті;

- материализм.Субъект (S) пен объект (О) – барабар;

Субъект – пассивті, енжар, метафизикалық немесе механикалық бейнелеу, меңзеушілік; Субъект объектке тәуелді.

- - метафилософия.Субъект (S) пен объект (О) – барабар емес, олар бір-біріне шексіз жақындайды. Субъект пен объект ұдайы диалетикалық өзара қатынаста болады.

Танымның (ойлаудың) екі формасы:

· сезімдік, түйсіктік таным, немесе эмпирикалық деңгей;

· рационалдық, логикалық таным, немесе теориялық деңгей.

а) Танымның сезімдік формасы.

Эмпиризм(грек., тәжірибе) – сезімдік тәжірибені білімнің қайнар көзі деп біледі және бақылау мен эксперименттің нәтижелеріне сүйенеді.

Идеалистік сенсуализм– түйсіктер мен сезімді шындықтың көзі, ал олардың шығу тегі, қайнар көзі мәселесін терістейді. (Беркли, Юм, Мах).

Қарапайым реализм– адамнан тыс тұрған заттарды, құбылыстарды біз қалай қабылдасақ, ол шындықта дәл солай болады, ал олар түйсіктер формасына ешқандай әсер етпейді. Джон Локктың «Tabula rasa» - «таза тақтасы»; «Әуел баста сезім, түйсіктерде болмаған нәрсе, ақыл-парасатта да болмайды».

Сезімдік таным формалары:

- түйсік– заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерін бейнелеу;

- қабылдау– сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сыртқы заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесі;

- елестету– бұрын қабылданған заттар мен құбылыстардың бейнесін қайта жаңғырту.

ә) Танымның рационалдық формасы.

Рационализм(лат., ақыл, парасат) – логика, ойлауды абсолюттендіру, танымның негізі ақыл, парасат деп ұғыну. (Декарт, Спиноза, Гегель).

Рационалдық таным формалары:

- ұғым– заттар мен құбылыстардың елеулі белгілері мен қасиеттерін бейнелейтін абстрактілі ойлау формасы.

- Пікірдегеніміз бір нәрсені растайтын немесе терістейтін ойлау формасы. Пікір объективтік шындықтағы құбылыстардың, заттардың болмысының ақиқаттығын, не жалғандығын бейнелейтін ойлау формасы. Пікір зат және оның белгісін байланыстарын екі ұғымнан немесе екі терминнен тұрады – субъект (S) және предикат (Р);

- Тұжырымдеп бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасын айтады.

M – P Барлық адам - өледі

S – M Гегель - адам

________ ___________________________ ;

S – P Гегель - өледі

Таным процесінде дүниені тануға бола ма, не болмай ма деген мәселеге екі түрлі көзқарас бар:

- гностицизм– дүниені тануға болады, адамның танымдық мүмкіндігін шексіз деп түсінетіндер;

- агностицизм– дүниені тануға болмайды, адамның танымдық мүмкіндігі шектелген деп түсінетіндер; (Иммануил Кант)

Қазіргі заманғы гносеологиякөбінесе гностицизм бағытын ұстанады, мына қағидаларға сүйенеді:

- диалектика заңдарына, категорияларына, принциптеріне жүгінеді;

- тарихилық принципіне, яғни пайда болып қалыптасу;

- танымның өз мүмкіндігіне сенімдік;

- объективтікке негізделу;

- шындықты жасампаздық бейнелеудегі белсенділікке иек арту;

- ақиқаттың нақтылығын тірек ету;

- практика, яғни адам іс-әрекеті, қызметімен бітімдестік.

Тақырып бойынша глоссарий:эпистемология,таным, таным формалары, ұғым, пікір, ақиқат, тұжырым, түйсік, қабылдау, болмыс, онтология, материя, кеңістік, уақыт, бейнелеу, синергетика және т.б.

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

1. Онтология ол:

А. Құндылықтар ілімі

В. Өнегелік, этикалық теория

С. Болмыс туралы ілім

D. Таным теориясы

E. Діни ілім

2. Гносеология ол:

А. Болмыс туралы ілім

В. Даму ілім

С. Таным теориясы

D. Өнер философиясы

E. Адам жөніндегі ілім

3. Сезімдік таным формалары:

А. Гипотеза, эксперимент, теория

В. Парасат, ақыл, рух

С. Интуиция, ес, елес

D. Сезім, қабылдау, елес

Е. Ұғым, пайымдау, ойқорытынды

4. Рационалдық таным формалары:

А. Гипотеза, эксперимент, теория

В. Парасат, ақыл, рух

С. Интуиция, ес, елес

D. Сезім, қабылдау, елес

Е. Ұғым, пікір, тұжырым

5. Жалпы білімнен нақтылыққа өтуге негізделген әдіс:

А. Дедукция

В. Индукция

С. Анализ

D. Социометрия

Е.Синтез

6. Эмпирикалық таным формасы

А) Теория

В) Ойқорытынды

С) Гипотеза

D) Пайымдау

E) Ғылыми факты

7. Ғылыми танымның екі деңгейі бар:

А) Физикалық және метафизикалық

В) Теориялық және эмпирикалық

С) Материалистік және идеалистік

D) Субъективтік және объективтік

E) Күнделікті және практикалық

8. Дүниені танудың мүмкіншілігін шектейтін философтар:

А) Нигилистер.

В) Иррационалистер.

С) Агностиктер.

D) Скептиктер.

Е) Рационалистер 9.

9. Танымның бастауы тек қана түйсік деп есептейтін бағыт:

А) Рационализм.

В) Сентиментализм.

С) Иррационализм.

D) Сенсуализм.

Е) Эмпиризм.

10. Материя болмысының формасы:

А) Рационализм.

В) Сентиментализм.

С) Иррационализм.

D) Кеңістік.

Е) Эмпиризм.

Антропосоциогенездің философиялық аспектілері

ріс№11.

Антропосоциогенездің мәні мен ерекшелік белгілері

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Адам мәселесі сана мәселесі сияқты философиядағы ең күрделі, шешімін таппай келе жатқан, әрі шешімі табылмайтын мәселе.

Философиялық антропология– кең мағынада, - адам табиғаты мен мәні туралы ілім, ал тар мағынада – XX ғ. батыс философиясындағы ағым, - өкілдері – Шелер, Плесснер, Гелен, Ротхакер, Хенгстенберг, Портман, Ландман және т.б.

Антропология(грек., antropos – адам, логос – ілім) – адамның шығу тегі мен эволюциясы туралы ілім;

Антропогенез– адам қалыптасуының эволюциялық процесі;

Антропогенез– адам мен қоғамның шығу тегі;

Ғылыми антропологиямен айналысқандар – К.Линней, Ж.Ламарк, француз археологы Б.Де Перт; Ч.Дарвин 1871 ж. «Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыптау» деген кітап жазды. Ч.Дарвиннің теориясын қолдаушылар Т.Хаксли, Э.Геккель – адамның шығу тегінің симиалдық(лат., simia – маймыл) теориясының негізін салды.

Шимпанзе мен адамның – 91% гені ұқсас, гиббонмен – 76%, макака – резус – 60%; Ал морфологиялық белгілерібойынша ұқсастық: горилла – 385, шимпанзе – 369, орангутанг – 359, гиббон – 117; Брахиация – ағашқа шығу мен өрлеу. Ғылымда Шығыс Африка – адамзаттың алғашқы отаны деген пікір бар.

Адам нәсілінің шығу тегінің екі гипотезасы:

· моногенетикалық гипотеза– адам нәсілі бір атадан шыққан, яғни Homo sapiens sapiens кезеңінде қалыптаса бастаған;

· полигенетикалық гипотеза– адам нәсілі әртүрлі, бір-бірімен байланысы жоқ, әртүрлі материктерде өмір сүрген маймылдан шыққан. Антропология адамның шығу тегінің, эволюциясының абиотикалық, биотикалық және әлеуметтік факторларын зерттейді.

Маймылдың адамға айналуын қамтамасыз еткен негізгі алғышарттарды гоминидтік триада, яғни – тік жүру, қол мен мидың дамуын құрайды.

Антропогенездің негізгі кезеңдері:

Кайнозой дәуірі (67 млн. жыл бұрын – қазіргі заман) бірнеше кезеңдерге бөлінеді:

· Палеоген (67 млн. – 27 млн жыл бұрын): палеоцен (67 – 54 млн.), эоцен (54 – 38 млн.), олигоцен (38 – 27 млн. жыл бұрын);

· неоген (27 – 3 млн бұрын): миоцен (27 – 8 млн.), плиоцен (8 – 3 млн);

· ширектік (3 млн. бұрын – қазіргі заман): плейстоцен (3 млн – 20 мың жыл бұрын), голоцен (20 мың жыл – қазіргі заман).

Олигоцен дәуірінде (30 млн. жыл бұрын) ежелгі приматтар, ағаштық антропоморфтық маймылдар – дропиктер өмір сүрді.

Неоген дәуірінде рамапитектер (14 – 6 млн. жыл бұрын) Африка мен Үндістанда, кениапитектер (14 – 12 млн. жыл бұрын), австралопитек (лат., australis – оңтүстік, грек., pithekos – маймыл) – 9 – 2,5 млн. жыл бұрын өмір сүрді.

· Homo habiles – епті, шебер адам, 2 – 3 млн. жыл бұрын Олдувайлық шатқалда (Танзания) тіршілік етті. Homo habiles австралопитек пен архантроптың (питекантроп пен синантроп) аралығында тұрды;

· Homo erektus– тік жүретін адам, 1 млн жыл бұрын. Питекантроп (pithekos– маймыл, antropos – адам), синантроп (лат., Sina – Қытай). Бірлесіп аң аулау, отты пайдалану, дыбыс шығару, көмейдің жетілуі;

· Homo sapiens neаndertalensis –неандерталдық (1856 жылы – Алмандиядағы алқап) адам немесе палеантроп, 250 мың жыл бұрын. От, аңшылық, отырықшылдық, үңгірде өмір сүрген, теріні пайдаланған; тамақ әзірлей бастаған, 60 -қа жуық еңбек құралын пайдаланған;

· Homo sapiens sapiensнемес неантроп, саналы адам 150 – 100 мың жыл бұрын. 1868 ж. Франциядағы Кро-Маньон үңгірінде табылған – кроманьон – саналы адам. Кейінгі 40 мың жыл бойында адам миы құрылымдық жағынан өзгерген жоқ делінеді, оның көлемі – 1300 – 1400 см3;

· Homo faber- өндіргіш адам.

Антропология– адам туралы ілім. Философиялық антропология –адам туралы философиялық ілім немесе адам философиясы.

Адам мәселесі философияның аса маңызды өзекті мәселелерінің бірі. Қазіргі заманғы философиялық антропология бір-біріне қарама-қарсы көптеген мектептер мен ағымдардан тұрады.

Антропогенез мәселесі. Адам өте күрделі біртұтас жүйе, өз кезіңде одан да күрделі екі жүйенің (биологиялық және әлеуметтік) құрамдас бөлігі болып саналады. Бұл дегеніміз, адам тек қана биологиялық емес, сонымен бірге әлеуметтік тіршілік иесі болып табылады. Сонда адам тарихи жолмен биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде қалайша қалыптасты екен? Бұл сұрақ антропогенез мәселесінің мәні деуге болады.

ХІХ ғасырға дейін еуропалық мәдениетте теистік антропологиялық концепция басым болды. Мұнда әлем мен адамның діни тұжырымдамасы қарастырылады. Дүниенің думуы мен тарихы жоқ. Дүние мен адамды жаратқан күш – Құдай. Дүние мен адамның шығуы мен дамуын бұл теория ғылыми жолмен түсіндіріп бере алмады.

ХІХ ғасырда антропогенез мәселесінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне мүмкіндік туа бастады. Эволюциялық теория дүниеге келді (Ч. Дарвин). Адамның шығуы мен қалыптасуын биологиялық заңдарға сүйене отырып түсіндіруге тырсты. Бір кемшілігі - әлеуметтік факторлары қарастырмауы.

Ф. Энгельс антропогенездің еңбек теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша еңбек биологиялық заңдарды жоққа шығармайды, керісінше түрлендіреді, нығайта түседі. Сөйлеудің, тілдің, мидын, ой-сананың дамуын осы еңбекпен байланыстырады.

Адамның мәні туралы мәселе адам туралы ілімнің өзегі болып табылады. Ойшылдар адамның мәні ретінде оның ерекше бір қасиеттерін алып қарасты. Қазіргі заманғы ғылым бойынша адамның тарихи болмысы мен дамуының негізін құрайтын субстанция – бұл әр қашанда қоғамдық өндіріс аясында жүзеге асатын адамдардың еңбек қызметі. Адам тікелей немесе жанама түрінде қоғамдық қатынасқа тұрмай еңбек ете алмайды. Қоғамдық өндіріс пен еңбектің дамуымен бірге адамдардың қоғамдық қатынастары да дами түседі. Бұл қоғамдық қатынастар жүйесін индивид қаншама дәрежеде игереді, бойына тоқиды соншама оның өзіндік дамуы жүреді. Сондықтан, К. Маркс Фейербахты адам туралы абстрактілі ой үшін сынай келе былай деген болатын «адамның мәні жеке индивидке тән абстракт емес. Шың мәнісінде ол барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады». Мұнда барлық қоғамдық қатынастар (материалдық және идеалдық, қазіргі және өткен) жүйесі жайында сөз болып отыр. Бұл тұжырымның методологиялық маңызы ерекше, өйткені адамды тұрпайы-материалистік, не идеалистік, не дуалистік тұрғыдан түсінуге болмайды, оны диалектикалық тұрғыдан дұрыс түсіне аламыз. Адам бір сәтте өндіруші де, саналы да, мәдени де, өнегелі де, саяси да т.б. тіршілік иесі болып келеді. Ол, азба көппе мөлшерде қоғамдық қатынастар жүесін бойына тоқиды, сіңіреді, сойтіп барып өзінің әлеуметтік мәнің жүзеге асырады. Мәселенің басқа бір қыры – адам тарихи процестің жемісі. Қазіргі замңғы адам ауадан пайда болған жоқ, ол, қоғамдық-тарихи процестің нәтижесі. Басқаша айытқанда адам және адамзат бір болып саналады.

Бірақ адамды қоғам мен қоғамдық қатынастардың нәтижесі деп біржақтылы сипаттауға болмайды. Адамды сол қоғамдық қатынастардың жасампазы екендігінде ұмытпауымыз керек. Сонда ол, бір сәтте қоғмдық қатынастардың субъектісі мен объектісі болып танылады. Адамда субъекті мен объектінің бірлігі, теңдігі орын алады. Адам мен қоғам арасында диалектикалық байланыс бар: адам – бұл микроқоғам, қоғамның микродеңгейде көрініс табуы, қоғам – бұл адам, бірақ өзінің қоғамдық қатынастарындағы.

Жеке адам - әлеум. индивид ретіндегі адам, қоғам мүшесі. Жеке адам туралы ғыл. түсінік адамды қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде қаралатын биоәлеум. организм деген түсінікке негізделеді. Жеке адам - әлеум-тің индивидте көріну түрі. Әрбір адам – жеке адам., өйткені әлеум. осы индивидтің бір жағы, кезеңі, қасиеті. Адамның қоғамдық организм ретінде өмір сүруінің өзі адамдардың өзара әрекетін қажет етеді, әлеум. жағдайлар мен басқа адамдардың осы адамға тигізетін әсерін ғана ескеріп қоймай, сол адамның әлеум, жағдайларға және басқа адамдарға әсерін ескеру қажет. Адамдардың жеке адам түрінде дамуының қажетті алғышарттарының бірі индивидтердің табиғи қабілеттері екендігі, соған тәуелді болатындығын айту керек, бірақ ол негізінен қызметтің объектісі болып табылатын адам өмір сүретін қоғамда ғана іске асады. Бірақ жеке адамның дамуы әрқилы болғаны абзал. Индивидтердің қай-қайсысы болсын өзінің адам ретінде дамуының объективті жағдайы болатын қоғамның белгілі тарихи формасын табады. Жеке адам ретінде индивид дамуының кеңдігі мен тереңдігі – оның әлеуметтілігі және сол әлеуметтіктің индивидтің қызмет формасына айналуын игеретін кеңдік пен тереңдік, демек сол әлеуметтіктің өзгеруі, жасалуы. Қоғамның тарихи формалары мен типтері – жеке адамның да тарихи формалары мен типтері. Алғашқы қауымдық қоғамда адамдар көбінесе өмірге қажет заттарды табу арқылы өмір сүреді, олар бір-біріне және өздері өмір сүріп отырған табиғи жағдайлармен тікелей табиғи бірлікте болды, сондықтан көп жағдайда өздерін табиғаттан ажырата алмады, бір-бірінен қоғамдық организм ретінде бөлінген жоқ. Таптық антагонистік қоғамдарда адамдардың өмір сүруінің табиғи ерекшеліктерімен, өндіріс жағдайларымен және олардың тіршілік жағдайларының арасында үйлеспеушілік пайда болып, дамиды, адам мен табиғат арасындағы, адамдардың тапқа бөлінуімен индивид арасында үйлеспеушілік үдей түседі, жеке адамның табиғаттан да, басқа адамдардан да оқшаулануы күшейеді, ол өзін ерекше жеке адам ретінде ұғына бастайды. Бірте-бірте қоғамның барлық мүшелері тарихтың саналы жасампазы, яғни, жан-жақты кемелденген жеке адамға айналады. Жеке адамды ғылымдар зерттейді, мыс., этика жека адамның адамгершілік санасы мен тәртібін құрайды, пед. Жеке адамды тәрбиелеу мәселелерін шешеді т.с.с. Әр адамның өзіне тән мінез-құлқы, интеллектісі, сезім-түйсігі болады. Сол қасиеттердің толықтығы жеке адамның психикасын құрайды. Жеке адамның психикалық даралығы белгілі бір дәрежеде психикалық күйлерінің (қайғыруы, тәртіп мотивтері және т.б.) өзгеруіне қарамастан әрдайым өз қалпын сақтай алады, ол өмір жағдайлары мен нерв жүйесінің тұрақты ерекшеліктеріне байланысты. Психикалық күй қызмет процесіне, адам болмысындағы өзгерістерге байланысты ауытқып тұрады. Жеке адамның психикалық құрылымы белгілі табиғи ерекшелікті қажет етеді, алайда жеке адам психикасының дамуында қоғамдағы ахуалдар мен олардың өзгеруі шешуші роль атқарады.

Жеке адам және қоғам – әрбір тарихи нақтылы қоғамның жеке адамның қалыптасуына және оның дамуына қандай жағдай жасайды және жеке адам қызметі қоғамға қандай шамада әсерін тигізеді, қоғам мен жеке адам мүддесі қалайша үштасады деген мәселелерді қарастыратын әлеум.-филос. проблема. Көптеген әлеум. теориялар қоғам мен жеке адам арасындағы қайшылық жойылмайды, мәңгілік деген идеяны уағыздады, оларды өз алдына тұтас дүние ретінде қарастырады. Мыс., құл иеленушілік қоғамда жеке адамды саяси тұтас мемелекетке бағынышты ету қажеттілігін дәлелдеген Платон мен Аристотель теорияларымен қатар мемлекет билігін жеке адамның жаныштап, оған қас күш ретінде қарайтын стоиктердің скептиктердің, эпикуршілердің теориялары да болды. Феод. формацияда жеке адамның орнын, құқын және міндеттерін қоғамның әлеум.-касталық құрылымына қатаң тәуелді етуді көздейтін шексіз билікті қолына шоғырландырған діни идеология мен оның иерархиялығын қорғау, құдайға құлшылық ету және т.б. бағындырылды. Капитализмнің пайда болуы адамның қауыммен, сословиямен, кастамен, цехпен тоғысуын жойып, дараланған жеке индивид туралы көзқарасты қалыптастырды. Енді қоғам формальды жағынан өзара тең жекеменшік иелерінің тобы ретінде, оларға өзіндік қабілеттері мен күш-қуатының, толық көрінуіне ең қолайлы мүмкіндіктер жасайтындығына кепілдік берді 17-18 ғ-ларда қоғамдық және мемл. құрылыс индивидтердің келісімінің жемісі, ол адамдардың игілігіне қызмет етпеген жағдайда, яғни келісімді бұзғанда қайта құрылуы мүмкін дегенді дәлелдейтін қоғамдық келісім теориялары жасала бастады. Дегуманизациялау мен адамды даралық қасиеттерінен айыру тек еңбек сапасын ғана емес, ой еңбегі саласын, бюрократияландырылған басқару саласымен қоса, тіпті, бос уақыт пен ойын-сауық саласын да қамтиды. Бұл процесс қоғам мен жеке адам арасындағы қырғиқабақтықты мәңгілік құбылыс деп есептейтін метафиз. қайшылыққа жатады. марксизм формациялардың дамуы мен алмасуы сонымен бірге адамның даралық сипатының қалыптаса бастауы мен дамуының тарихи процесі екендігін көрсетіп, қоғам мен жеке адам арасындағы қайшылықтардың пайда болуын антогонистік қоғамдық қатынастармен байланыстырды, оның көріністерінің және олардан арылудың нақты жолын көрсетіп берді. Антогонистік таптарды және еңбек бөлінісінің тарихи мұрагерлік формаларын жою жанжақты кемелденген шығармашылық тұрғыдан белсенді жеке адам қалыптастыру үшін жағдай жасайды. Мұнда қоғам адам үшін, оның игілігі үшін бәрін жасайды, екінші жағынан қоғам мүшелері қоғамдық мүдделерге саналы қызмет етеді, сол үшін өзінің кәсіби, жалпы мәд. дәрежесін, әлеум. жауапкершілігін, ұйымшылдыгын және тәртібін, яғни өзін әлеум. жағынан бай жеке адам ретінде дамытуын неғұрлым жоғары дәрежеге көтереді.

Антропогенез – қоғамдық жан иесі ретінде адамның пайда болып, жетілу процесі. Дарвин, Гексли және Геккель адамның үшінші кезеңдегі жоғары дәрежедегі дамыған маймылдардан шыққандығын дәлелдеді. Адамдардың қоғамдық – еңбек қызметі антропогенездің қозғаушы күші болды, бұл қызмет ерекше қоғамдық байланыстарды, мәдениетті жасады, адамның дене бітімін қалыптастырды. Мүның бәрі адамды құдай жаратты деген діни уағызды теріске шығарды. Оның пайда болуы және даму процесі австралопитектердің (адамның ең жақын арғы тегі – қазбалардан табылған маймылдар, олар Африкада бұдан 5 млн ж. бұрын өмір сүрген) жер бетінде тірршілік ету сатысына, талғаусыз тамақтану және табиғи заттарды құрал ретінде (бірлесіп аң аулау, олжаны кәдеге жарату), қорғаныс үшін қолдануға, сонан соң оларды жетілдіре түсуге кешкеннен кейін әзірленді. Мұның өзі өңделмеген тас, сүйек және ағаш құралдарды үздіксіз жасауға, демек, қоғамдық өндіріс нышандарының, алғашқы қауымдық тобырларының (нитекантроптардың және сиантроптардың) пайда болуына әкелді. Қоғамдық өндірістің тууы сана мен тілдің пайда болуының алғышарты болды, адамның дене бітімі қалыптасты. Қоғамның, адамның қалыптасу процесі жүздеген мың жылдарға созылды (Африка, Оңтүстік Шығыс, Оңтүстік. Алдыңғы Азия, Европа) және алғашқы қауымдық тобырдың алғашқы қауымдық қоғамға ойысуымен, ал неандерталдықтардың шамамен 35-40 мың ж. бұрын қазіргі адам кейіпіне келуімен аяқталды.

Антропосоциогенез – материя қозғалысының биологиялық формадан әлеуметтік формаға өту процесі; жануардың адамға айналуыфның және жануарлардың адамзат қоғамымен ажырамас бірлігі. Антропогенез және социогенез қапталдаса жүріп отырған екі дербес процесс емес. Адамның қалыптасуы оның мәнінің қалыптасуы болып табылады. Алайда адамның мәні жеке индивидке тән абстракті немесе өзінің шын мәнінде ол барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Демек адамның қалыптасуы (антропогенез) денегіміз ең алдымен қоғамдық қатынастар жиынтығы, яғни, қоғамдық (социогенез) қалыптасуы. Социогенез – антропогенездің мазмұны. Антропосоциогенездің біртұтас процесінің бір-бірінен айырғысыз байланысты екі жағы бола отырып, антропогенезбен социогенез уақыт жағынан сәйкес келеді. Жалпылама түрде қарастырғанда қоғамның қалыптасу кезеңі сонымен бірге адамның қалыптасу кезеңі болып табылады. Бұл идея қазіргі антропологтар мен археологтар жасаған «екі секіріс теориясының» ғыл. Концепциясында нақты жүзеге асты. Бұл теория бойынша, адам эволюцииясында екі үлкен өтпелі кезең болды. Біріншісі және негізгісі -–адамның өзінен бұрынғы жануарлар сатысынан қалыптаса бастаған адамдар сатысына өтуі – бұл соңғыға архентроптар (пикентроптар, синантроптар және басқа ұсақ формалар) және палеоагтроптар (неандертальдар) жатады. Екінші секіріс – алғашқы және кейінгі палеолит аралығында, шамамен 35-40 мың ж. бұрын болған палеоантроптардың қазіргі адамға айналуы. Бірінші секіріс әлеум. заңдылықтардың пайда болуы болса, екінші секіріс олардың толық та тұтас үстемдігінің орнауы болды. Қалыптасуы адамдар – (архантроптар мен палеоантроптардың) – коллективі енді таза биологиялық бірлесу кезеңінен өтті, бірақ ол әлі нағыз адамдар қоғамы бола қойған жоқ. Қалыптасушы адамдар – (ең алғашқы зерттеушілер алғашқы адамдар табыны немесе алғашқы қоғам деп атады. Қоғамның тууы оның өмір сүруінің алғашқы формасының – алғашқы қауымдық формацияның қалыптасуы процесі болды. А-дың бастамасы жөнінде әлі пікір таласы орын алып келеді. Құрал жасаған алғашқы жануар питекантроптар емес, олардан бұрын болған хабилистер екенін көрсеткен 1960 жылдардағы ашылған жаңалықтардан кейін зерттеушілердің бір бөлігі хабилистерді адам деп қарай бастады және осыған сәйкес Антропосоциогенездің бастамасын 2,5-2 мың ж. бұрын австралопитектердің хабалистерге өтуімен байланыстырды. Антропосоциоге-нездің аяқталуы жайлы мәселе де толық бірегей көзқарас жоқ. Кейбір зерттеушілер оны неантроптардың пайда болуымен ертерек уақытқа жатқызуға бейім. Алайда алғашқы палеолит кезеңінде адамның бір биологиялық түрінің екіншісіне өту процесі жүріп жатқаны даусыз. Палеонтроптардың неоантроптарға өтуімен адамның биологиялық түр ретіндегі эволюциясы тоқталды. Бұл осы кезден бастап, адамдардың бұдан былайғы дамуы бүтіндей әлеуметтік заңдылықтармен анықтала басталғанын, яғни қалыптасқан қоғам пайда болғанын дәлелдейді. Неантроптардың пайда болуымен бір мезгілде антропогенезде де және социогенезде де біртұтас Антропосоциогенез процесі аяқталды.

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

1. Адам пайда болуының анықтаушы шарты не:

А) Қоршаған орта

В) Дене құрылысы

С) Генетикалық бейімделу

D) Еңбек процесі

E) Сыртқы ықпал

2. Тұлға ұғымының анықтамасы:

А) Өзінің істеріне жауапкер адам

В) Жеке алынған адам

С) Бейімделгіштік

D) Ерекше адам

E) Қайталанушылық

Наши рекомендации