Ріс. Философия, оның пәні және зерртеу объектісі.
ниетаным. Мифология.Дін.
Сабақтың мақсаты:
Философия пәнін түсіндіру: Дүние және адам. Философиялық дүниетанымның өзіндік түрі; Болмыстың мағыналық және тұтастық түрі. Ежелгі Грек философиясындағы космоцентризм.
Жоспар:
- Философия пәні: Дүние және адам. Философиялық танымның өзіндік ерекшеліктері
- Дүниеге көзқарастың формалары және типтері.
- Философия білімнің формасы ретінде. Философия мәдениетінің өзіндік санасы ретінде. Философия және ғылым.
Философия біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың басында дүниеге келді. Сол кезден бастап ол үнемі даму үстінде. Адам баласының ой-өрісі кеңіген сайын философия да тереңдей түсті. Философияны дәнге жақын, өйткені ол дін сияқты догмаға сүйенеді дейтіндер де бар.
. Бірақ ол дін емесі. Әрине, философияның жүйеленген қағидалар мен догмаға сүйенетіне де рас. Дегенмен философия нақты фактыларға да жүгінеді. Сондықтан философия басқа ғылымдар сияқты көбінесе объективтік заңдылықтарға сүйенеді. Бірақ оның ғылым екенін мойындамайтындар бар. Философия бұл екеуінің арасындағы дейтіндер шығып жүр. Әрине, философия - өз алдына ғылым. Ол, ең алдымен, дүниетанымдық, теориялық, методолгиялық ғылым. Философия бүкіл әлемді оның басты салалары: табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады., объективтік шындық жөніндегі белгілі қағидалар жүйесін қалыптастырады. Сол мақсатқа жетуде ол басқа ғылымдар сияқты дүниетанымдық, матодологиялық ғылым ретінде өмір сүреді.
Философия ғылым болғандықтан оның өзіндік заңдылықтары мен категориялары бар. Философия ғылымының заңдылықтары басқа ғылымдар заңдылықтарын жоққа шығармайды. Солармен қатар және бірге өмір сүреді. Түрлі әдебиеттерде философия бұдан 2500 жыл бұрын грек жерінде дүниеге келді дейді. Бұл біздің заманымызға дейінгі V ғасыр шамасы. Ол Афины демократиясының гүлденген дәуірі. Бұл философияның әбден қалыптасқан, оң-солын ажыратқан тұсы болатын. Ол кезде философияда материалистік және идеалистік, диалектикалық және метафизикалық бағыттар ара жігі ашылып, әбден айқындала бастаған еді. Шынында философия одан әлдеқайда бұрын шығыс елдерінде дүниеге келді. Ең алғашқы дүниетанымдық пікір мифология түрінде пайда болды. Бұл гректердің екі сөзінен құралған: mifos-аңыз, iogos- ілім. Мифологиямен бірге жазу мәдениеті пайда болды. Мифология негізінде дін дүниеге келді. Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланды. Ал дін ешнәрсенің себебін ашып көрсетпеді. Олар тек илануды талап етті. Әр нәрсенің себебін білгісі келгендер мұндай ұғымдарға қанағаттанбады, көңілі толмады. Олар әр нәрсенің түбіріне үңіліп, сол туралы әр қилы пікір айтты . Ондайларды философ деп атады. Бұл гректердің ертедегі екі сөзінен құралған ұғым (philio-сүйенемін, sophia-даналық, екеуі қосылып «философия» деген сөзді туғызды) арабтар бұл сөзді тіліне жеңілдетіп «фәлсафа» деп атаған. Бірақ қазірде «философия» деген сөз бұл ұғым шеңберімен шектелмейді. Ол сонымен бірге дүниетаным, өмірлік позиция, іс-әрекет. Философия дүниеге келген кезінен бастап мифологиямен қатар және онымен бірге діни түсініктерге қарсы күресте шындалып дамыған. Философтарды ойландырған мәселелер қашанда мыналар болатын: дүние қалай құралған? Рухани материалдықтар қалай қалыптасқан? Шындық деген не? Адам өмірінің мәні неде? Дүние мәңгі ме? - деген сияқты сұрайлар. Соларға жауап та іздеді. Дегенмен адам санасын оятуда мифологияның да рөлін жоққа шығаруға болмайды. Ол зерек адамдардың даналық қиялмен ізденіс жасауына түрткі болды. Егер дін мифологияны қабылдап, оның қағидаларын, аңыздарын бүтіндей қолдану негізінде қалыптасқын болса, философия ойлау, зерттеу, сын көзбен қарау негізінде дүниеге келді. Әрине, философия барлық ғылымдардын бұрын дүниеге келгендіктен, оны ғылымдардың ғылыми деп те санады. Өйткені, ол кезде әлем туралы барлық алдыңғы қатарлы тұжырымдар мен пікірлер өз алдына ғылым ретінде дараланып бөлінбеген соң ол туралы пікірілерді философия өз бойына жинақтаған болатын. Сондықтан да философ әрі дана, әрі табиғатты зеттеуші, сынаушы, байқаушы ретінде бой көрсетті. Осыдан келіп, ол кездегі философияны натурфилософия деп те атайды. Кейіннен түрлі ғылымдар философиядан еншісін алып, өз алдына ғылым болып бөлінген соң, ол бұрынғы натурфилософияның сипатын өзгертіп, тікелей өз проблемеларымен айналысатын теориялық ілімге айналды. Былайша айтқанд,а енді философияның тікелей айналасатын проблемаларына жататындар: логика (гр. lodos - ойлау заңдылықтары туралы ілім), онтология (ontos-мән туралы ілім), гносеология (гр.gnosis-білім, таным туралы ілім), акциология (гр. axios - құндылық туралы ілім) еді. Адамзат дамуының қатар философия да өз, алдына дүниеге көзқарас ілімі ретінде қалыптаса түсті. Әрине, сонымен қатар ол басқа ғылымдарға методологиялық жол сілтейтін әдістемелік рөл де атқаруда. Көзқарас - білімнің толықтырылған, қорытылған түрі. Ол күнделікті өмірді байқаудан, өткенді талдаудан, келекшекті болжаудан туындайды. Бір заманда ондай міндетті емес. Ол жай қарапайым, ғылыми, діни, прогресшіл не кертартпа, нәсілшілдік, ұлтшылдық не интернационалистік сипатта кездеседі. Дүниеге көзқарас - дүниені түсіндірудің, оны бағалаудың принциптері мен әрекеттері. Сондықтан дүниеге көзқарас бағалаудан, іс-әрекеттерінден туындайды. Дүниеге көзқарас сезімнен,танымнан, нанымнан тұрады. Объективтік шындық адамға түрлі әсер туғызады: сезіну, күдіктену, уайымдау, қайғыру, мазасыздану, қорқу, ренжу, шаттану, қуану, масаттану. Осылардың бәрі адамдардың интеллекті мен эмоциясына тікелей байланысты. Эмоция (сезіну, шырай, әуестік, көңіл - күй) әрдайым ізненістің, қызығудың бастамасы. Ғалым, ақын, артист болу үшін де оның алдымен эмоциясы (ішкі дүниесі, сезімі) бай болуы қажет. Ішкі дүниесінде ойы, жігері, ынтықтығы қызып тұрған адам әр нәрсеге тыңдана да, таңырқай да, қызыға да біледі. Міне, бұл барлық ізденістің бастамасы. «Көз-адамның ішкі дүниесінің айнасы» дейді. Бұл дұрыс айтылған пікір. Эмоциясы бай адамның жанарында терең ой тұтыны тегін емес. Бірақ дүниеге көзқарас бұлармен бітпейді. Олар тек бастама ғана. Дүниеге көзқарастың түбір негізі теорияда. Ол үшін ұғыну, түсіну, нану қажет. Наным-көзқарастың өзегі. Бірақ наным да түрліше болады. Діни көзқарас та нанымға негізделген. Адам бір нәрсеге иланбайынша, нанбайынша, оның тұрақты болмайды. Мәселе қандай наныммен қарулануда. Наным үшін адам отқа да, суға да түседі. Оған мысалдар көп. Бірақ, өмірде құбылмалы адамадарды да кездестіруге болады. Адам болған соң, оның сенімі, өмірлік позициясы болуы керек.
Философия - бүкіл адамзаттың даналық ой -пікірі, толғамы, дүниетанымы, көзқарасы, философия ғылымдарының жетістіктерімен қарулану, онымен қуаттана білу бәріміздің басты мақсатымыз, даму бағытымыз болуға тиіс. Оны әрбір саналы адамзаттың түсінгені жөн. Өкінішке орай, айта орынды, соңғы кездерде институт, университетерде қазақ философиясын ғана оқыту керек деген пікірлер айтылуда. әрине, қазақ халқы ой-пікірлерін, философиялық ой-толғамдарын, оның өкілдерін білген абзал. Олар туралы арнаулы укрстар оқуға болады. Бірақ қазақ философиясын әлемдік философиядан ажыратып, ұлттық тұйықтаудың қажеті жоқ.
Философия жалпыадамзаттық ілім. Философия адамзаттың рухани табысы. Ол ғасырдан ғасырға бір халықтан бір халық үйреніп, біліп, ұғу арқылы ойдан өрнек құрап, рухани дами береді. Сондықтан қазақ халқының философиялық пікірін ұлттық томаға- тұйықтықпен шектемей, қайта оны қазіргі адамзат ой-санасының жетістіктерімен байыту керек. Тек сол арқылы біз халқымыздың рухани мәдениетін қазіргі заман талабына сай етіп, биікке көтере аламыз.
Философия негізгі мәселесі. Философтар неге математиктер, физиктер, сияқты бір бағытта емес? Неге біреулері материалист, екіншілері идеалист, енді біреулері диалектик, одан басқалары антидиелектик, мета-физик болып бөлінеді? Бұл неге байланысты? Ол сана мен материя, болмыс пен рухани дүние, идея арақатынасын шешуден туындайды. Сондықтан, бұл философияның негізгі мәселесіне жатады. Оны мойындамауға болмайды. Өйткені, философия дүниеге көзқарас туралы ілім дедік. Сол көзқарас философтарды бәрібір екі лагерьге бөледі. Философтардың бұл мәселені атап кете алмайтыны содан. Ол оны мойындамай-ақ қойсын пікір де айтпасын, бәрібір іс жүзінде пікір сол мәселенің төңірегінде болады. Басқа ғылымдарда ондай сұрау жоқ, ал философияда бар. Ол материя не сананың алғашқылығы туралы сұрау. Материяны алғашқы деп танитындар материалистерге, ал сананы алғашқы дейтіндер идеалистерге жатады. Материалистерге жататындар: ертедегі дүниеден - Демокрит, Эпикур, Лукреций Кар; орта ғасырдан - номинадистер; жаңа дәуірден - Ф. Бэкон, Р№ Декарт, Б. Спиноза, Т. Гоббс, ДЖ. Локк, Д. Дидро, К. Гельвеций, Л. Фейербах, К. Маркс, В.И Ленин т.Б. Идеалистерге жататындар: ертедегі дүниеден - Сократ, Платон, Аристотель: орта ғасырдан - реалистер, жаңа дәуірден- Дж. Беркли ,Д: Юм., Г. Лейбниц, И. Кан, Г.Гегель, Э.Мах, Р. Авенариус, Ф. Ницще, В. Солосьев т.б. Ал енді сол материалистер мен идеалистер де бірелкі емес. Олар да толып жатқан мектептерге бағыттарға бөлінеді. Олар жөнінде әңгіме арнайы тарауларда айтылады. Философияның негізгі мәселелерінің екінші жағы - біздің дүниеге қатынасымыз . оны танып-білуге бола ма деген сауал. Бұл жөнінде де философтар екі бағытқа бөлінеді. Біреулер дүниені тануға, білуге болады десе, екіншілері дүниені танып, білуге болмайды дейді. Екіншілерін агностиктер дейді (гр. Gnosis-таным, а-жоққа шығару, екеуі қосылып тануға болмайды деген ұғым тудырады). Оған жататындар: И.Кант, Д.Юм, Э.Мах. Р.Авеныриус, т.б.Мәселен , И.Кант дүниені тануға болмайтындығын былай түсіндіреді: су құйылған стаканға қалам салсаң, ол сынық сияқты болып көрінеді. Өмірде де солай, біздің түсініктерімз объективтік шындықты дәлме-дәл емес, өзгертіп көрсетеді. Сондықтан біз дүниенің шын мәнін біле алмаймыз дейді. Д.Юм өз агностицизмін былай дәледейді: тынық су бетіне тас тастасақ дөңгелек толқын пайда болады. Дөңгелек іші біздің білетініміз болса, оның сырты біздің білмейтініміз. Егер су бетіне үлкен тас тастасақ, үлкен дөңгелек пайда болады. Дөңгелек шеңбері бұрынғыдан да ұлғаяды, яғни біздің білгенімізден гөрі білмейтініміз (толқын шеңбері) де ұлғаяды. Сөйтіп, тануға талпыныс күшейген сайын білгеннен білмегеніміз көп болады. Олай болса, біздің білгенімізден білмейтініміз көп. Сөйтіп дүниені танып - білуге болмайды. Қанша білуге тырыссақ та, білмейтінің басым танымының қашанда дәрменіміздігін дәлелдеу болып табылады. Әрине, бұдан келіп, барлық идеалистер агностик болды деуге болмайды. Г.Гегель-идеалист, бірақ ол агностик болған жоқ. Қайта ол и. Канттың «өзіндік затты» «біздің затқа» айналдыруға болмайды деген пікірін сынады. Бірақ агностик атаулының барлығы идеалистерге жатады. Философияның негізгі мәселенің екінші жағы осы.
Философияның негізгі мәселесі ойдан шығарылған пікір емес. Оны дүниеге алып келген өмір, адамзат ой-санасының дүниетанымдық дамуы.
Философияның негізгі әдістері. Философияда екі түрлі әдіс қолданылады. Бірі диалектикалық әдіс. Ол дүние ұдайы қозғалыста, өзгерісте, дамуда деп түсінеді. Екіншісі, метафизикалық (гр. ta meta, ta phisika деген екі сөзінен құралған) әдіс. Бұл - біріншіге қарама -қарсы, дүниені өзгермейтін, қозғалмайтын, дамымайтын құбылыс деп түсінетін ұғым. Диалектикалық әдісті ертедегі гректерден Гераклит пен Аристотель қолдаса, жаңа дәуірден - Г.Гегель қолдап, ілгері дамытты. Бірақ, Гегель идеалистік диалектик болды. Оның пікірінше, диалектикалық тұрғыдан дамитын объективтік шындық емес, тек идея қиял, ой. Оның түйіндеуінше, объективтік шындық дамымайды. Бұл ғылымға қайшы келетін пікір болатын. К.Маркс те диалектик болды. Бірақ, оның диалектикасы Гегель диалектикасына қарама-қарсы материалистук диалектика еді. К.Маркс бұл туралы пікірін өзінің еңбегі «Капиталдың» I -томының екінші басылуына арналған соңғы сөзінде сипаттап берді. К.Маркстің пікірінше табиғат та, қоғам да, сана да диалектикалық тұрғыда ұдайы өзгерісте, дамуда.
Метафизиктерге К.Маркске дейінгі материалистер дін барлығы да жатты. Ертедегі дүниеде оған стоиктерді жатқызатын. Метафизиктер өздігінен дамудың көзін бере алмады. Сондықтан бұл салады олар идеализм шеңберінен шыға алмады. Диалектикалық материалистер дамудың көзі - қарама - қарсылықтардың бірлігі мен күрес заңы деп түсіндіреді. Тек осы заңдылықты мойындау ғана жоққа сенуге, қозғалыс сыртқы күш әсеріне байланысты деуге орын қалдырмайды. Сөйтіп материалистер екі түрлі болып келеді. К.Маркс пен Ф.Энегльс материализмнің жоғары түрі - диалектикалық материализмді жасады. Ал идалистер іштей екі бағыт ұстады. Бірі объективтік идеалистер. Олар дүниені жаратышу күш бар, ол бізден тыс өмір сүреді. Ол күшке идеяны жатқызып, оны жаратушы күш «құдырет» - деп түсінген. Оның өкілдері: ертедегі дүниеден - Платон; жаңа дәуірден - Г.Гегель, Ф.Шеллинг; қазіргі заманнан - неотомистер. Бұлардың пікірі діни көзқарасқа өте жақын келеді. Әлемді билеуші- идея, не объективтік идея, әлемдік сана объективтік идалистер, ал діншілер ол күшті құдірет, жаратушы құдай деп атайды. Сонда бұл екеуінің арасында елеулі айырмашылық идеалистер. Олар дүниенің діндегі «мен», «менің санам», «менің сезімім» дейді. Мен бар жерде, дейді субъективтік идеалистер дүние бар, жоқ болсам, дүние де жоқ дегенді айтады. Оған жататындар: Дж.Беркли, Д.Юм, И.фихте, махистер, неопозивистер мен экзистенциалистер.
Философияның әдістемелік негізі. Философия одан соң дүниеде көзқарас. Кез келген адамның өмірдегі, қоғамдағы оқиғаларға белгілі бір көзқарасы болады. Бірақ көзқарас алуан түрлі. Мәселен, жай, қарапайым, күнделікті өмірден, тұрмыстан туған «от басы, ошақ қасы» дегендей көзқарас. Ол көбінесе жүйеленбеген, стихиялық қайшылықтары көп болып келеді. Бұл көзқарас - негізінен дұрыс, ақылға сиымды, өмірден, күнделікті байқаудан туған, практикада анықталған көзқарас. Ондай, өмірден туған, көзқарасты уағыздайтын адамдарды сыйлаған, дәріптеген, дана адамдар қатарына қосқан. Бірақ көзқарастың бәрі ғылыми бола бермейді. Ал диалектикалық материалистік көзқарасты алсақ, ол белгілі объективті заңдылыққа негізделген. Ол заңдылықты білім, өмірде қолданған адам дүниені саналы билей алады. Ол әр нәрсенің тегін, даму заңдылықтарын, бағдарын біледі, келешегін болжайды. Соған сәйкес әрекет жасайды. Халық санасына ғылыми сенімді қалыптастыруға себепкер , негіз болады. Иланудың да екі түрі: ғылыми және ғылыми емес түрлері бар. Ғылыми илануға сенген адам әр нәрсенің объективтік негізіне, заңдылығына үңіледі, бос даурығудан өзін аулақ ұстайды. Ондай адамдар өз сенімін оп-оңай өзгерте бермейді. Мұндай адамдар құбылыстың әбден негізіне түсінген соң бірте-бірте тоқуға түсуі мүмкін.
Философияның басқа ғылымдармен байланысы. Философия мен нақты ғылымдар арасында тығыз байланыс бар. Олар бірінсіз бірі өмір сүрмейді. Өйткені философия-жалпы теориялық ілім. Ол объективтік шындықтың жалпы заңдылықтарын зерттеп, теориялық қорытынды жасайды. Әрине, ол үшін нақты ғылымдардың жетістіктерімен ұдайы қаруланып отыру қажет. Нақты ғылымдар өмірден қол үзіп, алшақтап, схоластикалық ілімге айналады. Ондай ғылымнан практикалық нәтиже күту қиын. Философияның ғылыми маңызы өзіне керекті нәрді өмірдің алуында. Ол нәрді тудыратын практика, нақты ғылымдар. Сондай-ақ, нақты ғылымдар үшін жалпы теориялық ғылым - философия қажет, нақты ғылымдар объективті шындықтың тек бір бөлігін алып зерттейді. Ғылым дамыған сайын оның жоғарыда айтылғандай зерттейтін шеңбері тарылып, мазмұны тереңдей бермек. Ондай ғылымдар басқа ғылымдар арасында өз орнын тауып, дами беруі үшін жалпы теориялық ғылымдардан қолдау іздейді, өзінің бағдарын анықтайды. Онсыз нақты ғылымдар дами да алмайды. Сондықтан нақты ғылым жалпы теориялық ғылымдардан методологиялық негіз іздейді. Мәселен, ондай негіз ретінде философиялық әдістеме алынады. Әрине, бұлардың арасындағы одақ баянды болу үшін философияның ғылыми негізі жүйелі болғаны дұрыс. Ертедегі дүниеде ол проблема туындамаған болатын. Өйткені, философия келешек пайда болатын ғылымдарды өз бойына сақтай білді. Кейін философиядан түрлі ғылымдар бөлініп шыға бастаған соң, олардың арасында байланыс болуы қажеттілікке айналды. Қазіргі кезде де мұндай ғылыми одақтың қажеттілігін ешкім жоққа шығара алмайды. Бір жағынан, ғылымдар түрлі мамандықтарға бөлініп, сараланып жатса, екінші жағынан, ғылымдар бірігіп, интеграцияланып жатыр. Мәселен, биохимия, астрофизика, матанализ т.б. Бұлардың әрқайсысы әлгі одақты қажет етеді. Сөәтіп, философия тек өз алдына қалыптасқан ғылым ғана емес ол сонымен қатар басқа ғылымдардың да дамуына қолайлы жағдай. Ғылымдардың даму тарихы мұны ұдайы дәлелдеп келеді. Сол одақта философия жалпы ғылым болғандықтан ол жеке, нақты ғылымдарға методологиялық, жетекшілік рөл атқарды. Өйткені, жалпының көлемі кең. Жеке оған бөлігі ретінде кіреді. Жеке өзінің анықтамасын жалпыдан алады. Жалпы жекеден бөлек өмір сүрмейді. Жалпы жекелердің кейбір ортақ қасиеттерінен тұрады. Сөйтіп бұл екеуі арасында тығыз байланыс бар. Бұл байланыс та жалпыға жеке қажетті қасиеттер беретін болса, жекеге жалпы анықтаушылық мән береді. Сол жалпы арқылы жекенін қай топқа жататының ажыратуға болады. Философия да осындай ғылымдардағы жалпыға жатады. Осыдан келіп оның методологиялық рөлі туындайды.
Сонымен философия дегеніміз материя мен сана, таным мен болмыс, адам мен қоғам жайлы адамзат ой-санасының дамуы барысында жинақталған, жүйеленген ғылыми ой-пікірдің жиынтығы.Ол философияның негізгі мәселесін әрқилы түсіндіретін түрлі философиялық ағымдар мен бағыттардан тұрады. Біз осы оқулықты көне замандарда қалыптасқан қ Ол біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың басында дүниеге келді. Сол кезден бастап ол үнемі даму үстінде. Адам баласының ой-өрісі кеңіген сайын философия да тереңдей түсті. Философияны дәнге жақын, өйткені ол дін сияқты догмаға сүйенеді дейтіндер