Лекция мәтіні: 1.Синергетика концепциясы мен дамуы.
Синергетика концепциясының пайда болуы мен дамуы жайлы түсіндіру.
Синергетика дегеніміз - табиғат әр түрлі кіші жүйелерден және үлкен жүйелерден тұратын ғылым.Синергизм - өзара әсер ету, бір – біріне ықпал жасау. Синергия - әр түрлі күштер мен энергия түрлерінің біртұтас әсердегі бір – біріне ықпалды әрекеттесуі. Аттракторлар дамуы деген - болашақ білімдерінің элементтерін мақсаттар мен қол жетер жетістіктер.
Синергетика тепе – теңдік жағдайындағы емес ашық жүйелер құрылымдарының пайдалануы мен дамуын сипаттайтын жалпы ортақ әдістерді табуға тырысады.
Синергетика ХХғ – 60-70 ж пайда болды, бірақ осы деңгейге дейін толық меңгерген деп айтуға болмайды.
Синергетика термодинамика кез - келген күрделі жүйелерге біртұтастық көзқарас тұрғысынан қарауға мүмкіншілік жасайды. Қазіргі уақытта термодинамиканың негізгі ұғымдары: ашық жүелері мен тепе-теңсіздіктегі жүйе болып табылады.
Ашық жүйелер деген - қоршаған орталардың затпен, энергиямен, импльюспен және т.б. алмасып тұратын жүйелерді айтады.
Тепе-теңсіздіктегі жүйе – қайтымсыз процестерге әкелетін кез-келген параметрияның орналасуын сипаттайтын жүйе.
Қазіргі жаратылыстану концепциялары» деген оқу пәні қазақ аудиториясына жаңадан енгізіліп отырғандықтан және оның үстіне бұл пәннің қазақ тілінде жазылған оқу құралының жоқтығына байланысты орыс тіліндегі оқу құралдарын пайдалануға тура келеді. Сондықтан орыс тіліндегі «естестьвенно – научная - научная картина мира» деген сөз тіркесіндегі «картина» деген сөзді «суреті» деп сөзбе-сөз аудару алмай, логикалық мәніне қарай «көрінісі» деп алдық, өйткені орыс тіліндегі «научная картина мира» деген сөз тіркесінде әңгіме шындық дүниенің нақты; көрнекі туралы болып, отырған жоқ, адам ойында бейнеленген абстракциялық ұғымдар, тиориялық білімдер системасы туралы болып отыр.
Өз басындағы ақиқат ғылыми абстракциялық ұғымдар мен теориялық білімдер системасын пайдалана отырып, адам дүниенің көрінісін өзінше елестете алады: Демек, «научная картинна мира» деген сөз тіркесін «дүниенің ғылыми көрінісі» деп алу мазмүн жағынан дұрыс та орынды болады.
Дүниенің қазіргі заманғы ғылыми көрінісін көз жіберсек, бүкіл әлемде эволюцияға, яғни әлем дүниесінде өзгермейтін, қозғалмайтын, эволюциялық дамуға ұшырамайтын ешнәрсе жоқ екенін байқаймыз.
2.Глобальды эволюционизм принципі.
Глобальды эволюцианизм принцпі дүниенің қазіргі заманғы жаратылыстану- ғылыми көрінісінің басты ерекшелігі болып табылады.
Бұл принцип – қазіргі жаратылыстануда бүкіл әлем және оның жеке - дара бөліктері дамусыз өмір сүре алмайды деген сенімнің берік орныққанын білдіретін ұғым. Эволюция идеясы ХІХ -ғасырда туғанымен, бірақ бұл жаратылыстану үшін дүние жайлы жаңа көзқарас болып табылады. Бұл идея әсіресе түрлердің шығу жайлы Ч. Дарвиннің ілімінде ерекше күшті дәлелін тапқаны белгілі. Дарвиннің сіңірген еңбегі бұл идеяны айтқанында ғана емес, өйткені эволюция жайлы пікір одан бұрын да сөз болып келген еді; оның еңбегі эволюция идеясын іске асыру механизімін ұсынуында болды. Бұл концепция жаңа туып келе жатқан теориялық биологияның негізін құрды.
Эволюциялық ілімі Ч. Дарвиннің замандастарының ой-санасына аса күшті әсер етті, бірақ ол тірі организм мен органикалық емес (ой) дүние арасындағы ХІХ ғ. алшақтықты жоя алмайды, сөйтіп ол жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің шеберінен аса алмады. Дүниенің ньютондық көрінісінің негізін құраған классикалық фундаментальды ғылымдары эволюциялық ілімнен мүлдем тыс қалды. Әлем жалпы алғанда өзіне-өзі тең, өзгермейтін дүние деген түсінікте қалды.
Біздің планетамызда тіршіліктің пайда болу проблемасы да жаратылыстанудан тыс, қолдан жаратылған құбылыс деген түсінік шеңберінде қолды ол әлем өміріндегі бір «қателік», космостың барлық басқа құрылыстармен байланысы жоқ уақытша құрылыс деп саналады.
Дүниенің ХІХ ғ жаратылыстану-ғылыми көрініс жалпы алғанда, міне осындай еді.
ХХ - ғасырда дүниенің ғылыми көрініс түбірінен өзгерді. ХХ - ғасырдың басында әлемнің кеңею құбылысының, яғни оның тұрақсыздығының ашылуы бұрынғы классикалық физиканың эволюцияға қарасы түсінігінің быт-шытын шығарды.
Бірақ әлем кеңейетін болып, галактикалар бір-бірінен алшақтайтын болса, онда галактикалардың бастапқы жылдамдығын тудырған күш-қуат қайдан келеді беген сұрақ туады. Қазіргі жаратылыстану бұл сұраққа мынадай жауап береді, бір кездерде әлем кеңістігінде аса үлкен қопарылмас болып, соның нәтижесінде біздің әлем пайда болған, ол қопарылыс біздің галактикаға бастап-қы жылдамдықты беріп, содан кейінгі ұзақ эволюцияның нәтижесінде дүние қазіргі біз көріп отырған кейіпке келген деген ғылымижорамал айтады. Бұл жорамал тиория ХХғ. 40-жылдарында пайда болып, 70-жылдары жаратылыс-тануда айтарлықтай берік орнықты. Ол әлем өзгермейтін тұрақты емес,оның уақыт жағынан пайда болған кезі болған, демек, ол тарихи өзгермелі, яғни уақыт жағынан эволюцияға ұшырайтын дүние оның эволюциялық өзгерістерге үшырай бастағанына 20 млрд жылдай болған.
ХХ - ғасырда эволюциялық ілімі биология саласында да дамыды. Қазіргі заманғы эволюциянизм биологияға қатысты ғылымдарға кең ауқымды ілім түрінде көрінеді-ол тірі материя құрылысының бірден бірнеше деңгейлерінде ( молекулалық, клеткалық, организімдік, популяциялық және тіпті биогеоценатикалық денгейлерінде) эволюцияның заңдылықтары мен механизімдерін іздетіріп зерттейді.
Ең тамаша жетістіктерге әрине молекулалаық - генетикалық деңгейде қол жетті тұқым қуалаушылық хабарын жеткізудің генетикалық механизімінің сыры ашылды, ДНК мен РНК-ның ролі мен құрылымы ашылды, олардың нуклеотидтердің ролін анықтау әдістері табылады. Эволюцияның синтездік теориясы (генетика мен дарвинциянің синтезі) микроэволюция (популяция деңгейінде) және макроэволюция (түрлер дегнейінде) процестерін ажыратты.
Эволюция идеялары жаратылыстанудың геология, экология, биогеохимия салаларында да кеңінен қолданыс тауып, глобальды эволюционизм принципі тамаша жеңіске жетті. Сөйтіп, эволюцияның бүкіл әлемдік сипаты қазіргі жаратылыстану ғылыми көзқарастың ең басты айырмашылық белгісіне айналды.
Эволюция концепциясы биологияда көптеген дәстүрлі түсінікке айналған болса, ал физика мен химия бұл идеяға енді ғана әдеттеніп келеді. ХХғасырдың 70-жылдарында пайда болған, синергетика деп аталатын, ғылымаралық тиория глобальды эволюционизм принципінің бүкіл жаратылыстануда құруына көмектесді.