Индустриялды-иновациялды бағдарламасы.
Инновация – бұл қашанда сезгілікті тауар өндірісі өсіміне әкелетін, пайда мен бәсекеге қабілеттілікті күрт ұлғайтатын идеялар тоғысы мен бизнес. Бүгінде Қазақстанға инновациялық қызметтің «жарылысы» қажет. Бизнес перспективалы жобаларды іздеп, оларды жүзеге асыру үшін бейімделуі және жұмыс істеуі тиіс. [1] Инновациялар ұлттық экономиканың бәсекегеқабілеттілігін анықтайтын негізгі фактор ретінде айқындалады.
Қазақстанның алдында экономиканы жеделдете модернизациялау, индустриалды-инновациялық бағытта дамыған экономикаға жету міндеті тұр. Қазіргі Қазақстанның инновациялық дамуы шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
2003-2015 жылдарға арналған ҚР индустриалды-инновациялық дамуының стратегиясын (ары қарай – Стратегия) іске асырудың бірінші дайындық кезеңін бағалай келе (2003-2005 жж.) оның сәтті өткенін айтуға болады: заңнамаға қажет өзгерістер енгізілді, дамудың салалық бағдарламалары әзірленді, ғылым, білімді, сәйкес мамандарды дайындауды қаржыландыру көлемдері анықталды. Сонымен бірге даму институттары құрылды, олар арқылы мемлекет бағдарламаға өз қатысуын жүзеге асырады.
Жалпы даму институттарының қызметі оң нәтиже берді. Даму институттарының инвестициялық жобаларды іске асыруға салатын әр долларына басқа қаржыландыру көздерінен екі доллардай инвестиция келеді, бұл Стратегияны жүзеге асырудағы даму институттарының нақты қосқан үлесі болып табылады.
Стратегияның бірінші кезеңін орындау нәтижесінде елде индустриалды-инновациялық инфрақұрылымның маманданған объектілері құрылды, олардың жұмысы ең алдымен кәсіпкерлік қызметті ынталандыру мен жаңа өндірістерді құруға бағытталған болатын.
“Ақтау теңіз порты”, “Астана – жаңа қала”, “Ақпараттық технологиялар паркі” арнайы экономикалық аймақтары (ары қарай – АЭА) қызмет жасайды. “Оңтүстік” АЭА құрылысы іске асуда. Қарағанды облысында және Астана қаласында индустриалды аймақтар құрылды, олардың аумақтарында жоғары-технологиялы өндірістердің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осылайша, “Ақпараттық технологиялар паркі” АЭА аумағында 21 компания жұмыс жасайды, парктегі өндірілетін өнімнің жалпы көлемі 928 млн. теңгеге жуық.
“Ақтау теңіз порты” АЭА белсенді дамып келе жатыр. Оның аумағында өнеркәсіптің өңдеуші секторында 348,3 млн. АҚШ доллар сомасына жобалар іске асырылды, 1584 жұмыс орындары құрылды. Стратегия аясында жүзеге асқан қызықты жобалардың ішінен 2007 жылғы желтоқсанда берілген Павлодар қаласындағы Қазақстандық электролиздік зауытын атап өтуге болады.
Автомобиль өнеркәсібінің кәсіпорындары пайда болды, осылайша Өскеменде «Шкода» жеңіл автомобиль шығару бойынша автоқұраушы зауыт ашылды, Көкшетау қаласында «Камаз» жүк көліктерінің өндірісі ұйымдастырылды, Семейде автобустар жинау бойынша жоба жүзеге асырылуда. Тоқыма кластерін құру бойынша жұмыстар аясында әлемдік стандарттарға жауап беретін озық технологияларды қолданатын бірқатар тоқыма кәсіпорындары құрылды.
Шикізаттық емес секторды дамыту мақсатында жалпы салықтық жүктемені азайтуға бағыттталған салықтық заңнамаға өзгерістер енгізілді, инвестициялау шарттарын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жалпы Стратегияны іске асыру жылдарында өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемі нақты шамада 38,4%-ға, ал абсолютті шамада 1 189,38 млрд. теңгеге өсті. [2]
Қазіргі таңда еліміз экономиканы диверсификациялау және өнеркәсіпті модернизациялау бойынша жобаларды жүзеге асырудың нақты міндеттерін қойған осы Стратегияның екінші кезеңінің аяқталуы қарсаңында тұр (2006-2010 жылдар). Бұл кезеңде ЖҰӨ құрылымы, негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар, экспорт құрылымы өзгерісі қарастырылған және жеке сектордың мүдделерін зерттеуді, іріктелген индустриалды-иннвовациялық жобаларды жүзеге асыруда қатысушы-инвестиция салымшыларын табуды, сәйкес мамандарды дайындау көзделген. Қазіргі уақытта экономиканы жетілдіру бойынша мемлекеттік комиссия құрылған, инвестициялық жобаларды іріктеу және ілгерілету бойынша мемлекеттік органдар, холдингтер және бизнестің өзараәрекеттесу жүйесі қалыптасқан. [3]