Филология факультетінің 1 курс студенттеріне арналған жұмыс жоспарының бағдарламасы

С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ АУДАРМА КАФЕДРАСЫ

БЕКІТЕМІН

Қазақ тілі мен әдебиеті

кафедрасының меңгерушісі

_________ Токсанбаева Т.Ж.

ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ПРАКТИКА БАҒДАРЛАМАСЫ

университеттің педагогика және жаратылыстану факультеті

5В001700-«Қазақ тілі мен әдебиеті»

мамандығына арналған

Ақтөбе, 2015

Фольклорлық практика бағдарламасы университеттің педагогика және жаратылыстану факультеті 5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған.

ҚҰРАСТЫРУШЫ:

ТоксанбаеваТ.Ж.– С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті филология және аударма кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты

ПІКІР БЕРУШІЛЕР:

Ниязова Ғ.М. - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты

Исина Ж.А.- С.Бәйішев атындағы Ақтөбе унивеситеті филолгия және аударма кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты

С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті әдістемелік кеңесінің шешімі бойынша ұсынылған.

Филология факультетінің 1 курс студенттеріне арналған жұмыс жоспарының бағдарламасы

Фольклорлық практика екінші семестрдің оқу бағдарламасына сәйкес дәрежеде өтіледі. Фольклорлық практиканың негізгі мезгіл уақыты - 7 күн. Әр жылдың жоспарға сәйкес белгіленген айларында өтіледі.

Негізгі мақсаты әр ауыл мен ауданның ерекшелігіне сәйкес халық жадындағы аңыз-әңгіме, мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаш, шешендік сөз бен тұрмыс-салт өлеңдері және халық ақындарының айтыстары т.б. фольклорлық үлгілерді жинастырып жазып алу. Сондай-ақ саралап-сұрыпталып іріктелген тәуір шығармаларды мүмкіндікке қарай жариялау. Баспа басылымдарға ұсыну.

Қазақ бөлімі студенттерінің көбісі әр облыстағы шалғай аудандардан келіп оқып жатқандар. Әр аймақтың салты басқа. Жер-жердегі ерекшеліктер, халықтың тарихи дәстүрлері, салттық сипаттар / қыз ұзату, келін түсіру, тұсау кесу т.б./ зерттеліп үздік өнерлік туындыларды насихаттау, дәріптеу мәселесі де негізгі міндетімізге жатады. Мәселен, өткен жылдарда фольклорлық практикаға баратын студнеттерге арнайы қаржы бөлінетін. Кафедра мен факультет ғылыми Кеңесінің шешімі бойынша белгілі бір шалғай аудандарға баратын арнайы экспедициялық топтар құрылып, ел ішіндегі фольклорлық, этнографиялық материалдарды жинап қайтатын. Соның нәтижесінде "Аякөз өлкесінің ақындары" деген тақырыпта жиналған ел ақындарының шығармалары жарияланды.

Бірінші курста студенттер "Халық ауыз әдебиеті"пәні бойынша дәріс тыңдайды, теориялық-практикалық негіздерінен білім алады. Жер-жердегі фольклорлық-этнографиялық аймақтық ерекшеліктерді анықтаудың қалай картотека жасаудың, халықтық туындыларды сараптап жинаудың амал-тәсілдерін үйретеді.Студент өз ауыл-аймағындағы мақал-мәтелдерді,ән өлеңдерді,айтыс жанрының түрлеріне,тақырыптарына,айтылу мәнеріне,орындау шеберлігіне ғылыми баға берудің, талдау жасаудың теориялық негізін аудиторияда алып, соны нақтылы практикалық істе көрсетіп, дәлелдеуді үйренеді.Семинар сабақтарында мәнжазбалар жазып, өздік жұмыстар жүргізеді.

Практикаға барған жерлеріндегі тілдік-диалектикалық ерекшеліктерге мән беру керектігін, кәсіби-тұрмыстық өмір әрекетіне байланысты сөздердің мағынасын ашып жазуға машықтану керек. Фольклорға байланысты ғылыми монографиялық зерттеу еңбектерді оқып,біліп,жүйелі пайдалануға үйренуі қажет.Жиналған материалдарға шағын аннотациялар жазу,мәтіндермен жұмыс істеудің,ғылыми талдаулар жасаудың үлгілерін үйрену,техникалық құралдарды /магнитофон,диктофон,фотоаппарат т.б./ тиімді, сапалы пайдаланудың әдіс-тәсілдерін бірінші курсы тамамдағанша біліп шығатын болуы керек.Барған жеріндегі жергілікті тұрғындармен сөйлесу, жалпы қандай адамдармен байланыс жасаудың, қарт адамдардың сөзін бөлмей, ұқыптап тыңдап, жазып алудың өзі де үлкен мәселе. Фольклорист маман оқытушылар дәріс, семинар сабақтарында,лабораториялық жұмыстар кезінде егжей-тегжейлі түрде түсіндіріп ұғындырады.

Халықтық мәдени дәстүрлерге, ежелгі ұлттық киім кию,қол өнерінің сан-салалы үлгілерінің түрлерінде ұмытпай,суретін түсіріп,әртүрлі мағыналық ерекшеліктерін нақтылап жазып-сызып алуға да ерекше мән беру керек.

Практикалық жұмыстың тағы бір мақсаты фольклорлық жанрдағы ғылыми нақтылау, жүйелеу мәселесі. Әр елде салт-дәстүрлердің сақталуы бүгінгі ұрпақтың жалғастыруы, жаңғыртып дамытуы, әр түрлі фольклорлық ұжымдардың ауыл-селодағы қызметтерін біліп, түрлі өнер ойындарын, өрнек-ою жасау,оның мән-мағынасы нені білдіретінін анықтау болып табылады,

Практикалық жұмыстың аяғында әрбір студент өзінің жинаған жазба жұмыстарын ретке келтіріп, қорытынды есебін жазып кафедраға не фольклор кабинетіне тапсыруы керек.

Осыған орай мынадай құжаттарды дайындау керек.

1. Жасаған жұмыстың жүйелі күнделігі болуы керек;

2. Мәтіндер жазылған/сводный/дәптер;

3. Үн,бейне таспаларына жазылған дискілер;

4. Иллюстрациялық материалдар /сурет,слайдтар,қолжазба мәтіндер/:

5. Өздері жинаған материалдарына талдау жасаған қорытынды есебі.Осылардың бәрін бір аптаның ішінде жазып,реттеп берулері керек.

Наши рекомендации