Тұмауға қарсы 5 қадам
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина
Университеті
Кафедра: Эпидемиология
Факультеті: Медико-профилактикалық іс
Тобы: 504
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
2009-2016 жылдар аралығындағы Ақтөбе облысы бойынша ЖРВИ мен ауырған адамдардың аурушаңдық көрсеткіші
Дайындаған: Дүйсенова А
Тексерген: Ташимова Ж.К
Ақтөбе-2017
Жоспары:
Ретроспективті эпидемиологиялық талдау
Негізгі бөлім:
-ЖРВИ туралы жалпы сипаттама, анықтамасы, этиологиясы,
эпидемиологиясы,Патогенезі және диагностикасы
-ЖРВИ ауруының 2009-2016 жылдарарасындағы жылдық динамикасын талдау
Қорытынды:
Алдын-алу шаралары
Пайдаланылған әдебиеттер:
- А.Қ Дуйсенова «Жұқпалы аурулар»
- Интернет жүйесі
- «Инфекционные болезни» А.А.Малова, А.С.Созинов 2002
- «Ретроспективті эпидемиологиялық талдау»
Анықтамасы:
Жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ)-тыныс алу жолдарының зақымдалуымен жүретін полиоэтиологиялық аурулар тобы. Таралу жолы-аэрогенді.
Этиологиясы:
Грипп, парагрипп, аденовирусты инфекциялары тыныс алу жолдарының эпителиіне троптылық қасиеті жоғары вирустарға жатады. (жасушаішілік паразит)
Тұмау (грипп) вирусы-РНК құрылымды, үш титі (А,В,С), екі антигені бар (гемагглютинин-Н және нейраминидаза-N). Вирустар сыртқы ортада төзімсіз, вирустың А типіне антигендік қасиетінің өзгергіштігі, вируленттілік қасиеті тән.
Парагрипп-парамиксовирустар тұқымдасына кіретін, құрамында РНК-сы бар вирус. Сыртқы ортада төзімді.
Аденовирусты инфекция-құрамында ДНК-сы, 3тұрақты ангигені (А,В,С) бар Adenoviridae тұқымдасының вирусы. Аденовирустардың 90 серовары белгілі, оның ішінде 32-сі адамға патогенді. Аденовирустардың ерекшелігі-лимфотроптылық қасиеті. Сыртқы ортаға төзімді.
Эпидемиологиясы:
Бұл инфекциялардың таралуы барлық жерде кездейсоқ жағдайлар және эпидемия түрінде кездеседі, тек грипп басқарылмайтын инфекциялардың тобына жатады эпидемиялық және пандемия түрінде таралуға бейім.
Диагностикасы:
-Шағымдарын жалпы жинау және анамнез, соның ішінде эпидемиологиялық анамнез
-Обьективті қарау (пальпация,перкуссия,аускультация,термометрия,пульс және тыныс жүйелігін санау)
-ҚЖА (гемоглобин,эритроцит,лейкоцит, эритроциттердің тұну жылдамдығы)
-Аурудың этиологиясын анықтау үшін ИФА, серологиялық реакцияларды қолдану
-Қанның микрореакциясы
-Құрт жұмыртқаларын анықтау үшін нәжістің микроскопиясы
Алдын-алу шаралары:
1. Денені шынықтыру
2. Грипп кезінде ең тиімдісі вакцинация-қыркүйек-қазан айлары,барлық тұрғындардың 70 пайызын қамту керек.
Келесі инактивирленген грипп вакциналары қолданылады
§ Гриппан (Россия) б/е;
§ Флюарикс (Бельгия) б/е;
§ Инфлювак (Нидерланды) б/е;
§ Бегрубак (Германия) б/е;
§ Заксикгрипп (Франция) б/е т.б..
Ретроспективтік талдау
Ретроспективтік талдау – эпидемияға қарсы шараларды алдағы жылға және болашаққа жоспарлау үшін керекті мәліметтерді алу мақсатында жүргізілетін диагностикалық (статистикалық және логикалық) тәсілдердің жиынтығы болып табылады. Ретроспективтік талдау жүргізу маңызды процесс.
Талдаудың мақсаты – эпидемияға қарсы шаралар келесі жылға және одан әрі қарай жоспарлау үшін барлық қажетті мәліметтерді алу.
Талдаудың міндеттері – инфекцияның әр нозологиялық түрі үшін «қауіп-қатер уақытын», «қауіп-қатер аймағын», «қауіп-қатер топтарын», «қауіп-қатер факторларын» анықтау; талданатын нозоформаның халыққа эпидемиологиялық, әлеуметтік, экономикалық маңызын анықтау; келер жылдарға эпидемиялық жағдайға болжау жасау.
Ретроспективтік талдаудың семиотикасы – бұл көп жылдық және жылдық динамикада эпидемия барысының кеңістіктегі (яғни әр түрлі аймақатрда аймақтарда және әр түрлі халық топтарында) көріністері.
Ретроспективті талдауды жүргізу кезеңдері мынадай:
1. Зерттеудің бағдарламасын құру. Бұл кезеңде зерттеудің бағдарламасын құрады. Зерттеу бірлігі анықталады, тіркеуге жататын қосымша белгілердің тізімі жасалады, алғашқы статистикалық құжаттың нұсқасы мен кестелер құрастырылады. Зерттеудің бағдарламасы әр түрлі жағдайларға тәуелді, оның ішінде маңыздылары:
• Қызмет ететін контингенттің өзгешелігі;
• Әр түрлі халық топтарындағы сырқаттанушылықты анықтайтын «қауіп-қатер факторларын» білудің бастапқы деңгейі;
• Қажетті ақпараттарды алудың мүмкіндігі.
Зерттеу бағдарламасы жасалғаннан кейін зерттеу жоспары құрылады. Жоспарды ұйымдастыру мәселелері қарастырылады, оларға мыналар жатады:
o Зерттеу жүргізетін орынды және аймақты анықтау;
o Жүргізу мерзімдерін анықтау;
o Статистикалықө тәсілді және бақылау түрін анықтау;
o Зерттеудің қандай күштер арқылы жүргізілетінін анықтау;
o Зерттеудің кімнің әдістемелік және ұйымдастырушылық басқаруымен жүргізілетінін анықтау.
2. Ақпаратты жинау және алғашқы өңдеу. Бұл кезеңде талдау ақпараттық қамтамасыз етілуі керек. Оған жататындар:
v Қызмет көрсетілетін халықтың сырқаттанушылығы туралы ақпаратты алу;
v Демографиялық мәліметтер мен әр түрлі контингенттердің тұрмысы мен еңбегінің эпидемиялық маңызды жағдайлары жайында ақпаратты алу;
v Алғашқы статистикалық өңдеу, яғни ақпараттың толық болуы мен дұрыстығын тексеру, алғашқы мәлімет және оны топтастыру.
3. Ақпараттарды сәйкес бағыттары бойынша зерттеу. Талдауды толық көлемде жүргізген кезде әр инфекция бойынша материалды тізбектеп өңдеу төрт бағытта жүргізіледі.:
o Жиынтық халық сырқаттанушылығының көп жылдық динамикасын талдау;
o Жиынтық адам сырқаттанушылығының жылдық динамикасын талдау;
o Эпидемиологиялық белгілері бойынша бөлінген халық топтарын сырқаттанушылығын талдау.
o Індетке қарсы шаралардың сапасын және тиімділігін талдау.
4. Эпидемиологиялық диагнозды қою. Бұл кезең жеке инфекциямен сырқаттанушылыққа ретроспективті талдау жүргізген кезде ақырғы кезең болып табылады. Бұл кезеңде барлық алынған мәліметтер соңғы рет біржолата сарапталады, ал эпидемиологтың диагноз қою жұмысының нәтижелері эпидемиологиялық диагноз түрінде дайындалады.
Сырқаттанушылықтың көп жылдық динамикасын талдау тәсілі:
1. Кестелер мен графиктер құру;
2. Көп жылдық даму бағытын бағалау;
3. Циклділігін бағалау;
4. Келер жылғы сырқаттанушылықты болжау;
5. Есеп беретін жылдағы сырқаттанушылық көрсеткішін бағалау.
Қорытынды:
Тұмауға қарсы 5 қадам