Iv. дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға ұсыну
4.1. Нормалық бақылаудан өткеннен кейін дипломдық жұмыс (жоба) алдын ала қорғау рәсімінен өту үшін шығарушы кафедраға ұсынылады.
4.2. Дипломдық жұмысты (жобаны) алдын ала қорғау рәсімі МАК жұмысы басталғанға дейін бір ай бұрын белгіленеді және студенттің және ғылыми жетекшінің міндетті түрде қатысуымен кафедраның ашық отырысында талқыланып, кафедра хаттамасымен ресімделеді (8 қосымша).
4.3. Алдан ала қорғаудан және белгіленген талаптарға сәйкестікке нормалық бақылаудан сәтті өткеннен кейін дипломдық жұмысқа (жобаға) студенттің қолы қойылып, ғылыми жетекшіге беріледі, ол дипломдық жұмысқа (жобаға) жазбаша пікір жазып, оны кафедра меңгерушісіне ұсынады. Кафедра меңгерушісі аталмыш дипломдық жұмыс (жоба) бойынша соңғы шешім қабылдайды және бұл туралы бірінші бетте тиісті жазба жасайды.
4.4. Жазбаша пікірде ғылыми жетекші тақырыптың маңыздылығын, студенттің жұмысты (жобаны) орындаудағы дербестігін, қарастырылатын мәселелердің логикалық бірізділігін, қорытындылар мен ұсыныстардың дәлелділігі мен нақтылығын, жұмыстың оң және теріс жақтарын, қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкессіздігін), мемлекеттік аттестаттау комиссиясы отырысында көпшілік алдында қорғауға жіберілуі (жіберілмеуі) сияқты мәселелерді атап өтуі қажет. Жазбаша пікір 1-2 бет көлемінде қолдан жазылуы немесе машинкаға басылған болуы мүмкін. Пікірдің үлгісі 9 қосымшада берілген.
4.5 Дипломдық жұмысты (жобаны) құптамаған жағдайда ғылыми жетекші дипломдық жұмысқа (жобаға) қол қоймайды, бірақ жазбаша пікір беріп, онда өзінің дипломдық жұмыстың (жобаның) қорғауға неліктен жіберілмейтіндігі туралы шешімін негіздейді. Ғылыми жетекшінің теріс пікірі негізінде кафедра меңгерушісі аталған дипломдық жұмыс (жоба) бойынша соңғы шешімін қабылдап, бірінші бетіне сол туралы тиісті жазба жасайды.
Егер кафедра меңгерушісі студентті дипломдық жұмысын (жобасын) қорғауға жіберу мүмкін емес деп санаған жағдайда, бұл мәселе аталған студент пен оның ғылыми жетекшісінің міндетті түрде қатысуымен кафедра отырысында қарастырылады. Кафедра отырысының хаттамасы жоғары оқу орны ректорының бекітуіне беріледі.
4.6 Алдын ала қорғаудан кейін дипломдық жұмысты (жобаны) декан сын-пікір жазуға жібереді.
4.7 Сын-пікірдің пікірден айырмашылығы ол дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұнының сапасын тәуелсіз сарапшының бағалау нәтижесі болып табылады.
4.8 Сын-пікір беруші дипломдық жұмыстың мазмұнын мұқият зерттеуге міндетті және машинкада басылған 1-2 бет көлеміндегі сын-аікірді жазады, онда мыналардан көрініс береді:
- тақырыптың маңыздылығы;
- тақырыптың жаңалығы және тәжірибелік маңызы;
- зертте тақырыбының толық ашылуы;
- дипломдық жұмыстың баяндалу және ресімделу сауаттылығы;
- мазмұнының талаптарға және дипломдық жұмысқа тапсырмаға сәйкестігі;
- пайдаланылған әдеби деректердің жеткілікті (жеткіліксіз) көлемі;
- дипломдық жұмыстың (жобаның) оң және теріс жақтары;
- негізделген ескертулер мен кемшіліктер;
- мәселенің шешілу дәрежесі және зерттеудің аяқталғандығы;
- балдық-рейтингілік әріптік эквиваленттің көрсетілуімен дәстүрлі бағалау;
- бітірушіге бакалаврдың тиісті академиялық дәрежесін беру мүмкіндігі.
Сын-пікірдің үлгісі 10 қосымшада көрсетілген.
4.9 Дипломдық жұмысты (жобаны) сын-пікір жазуға факультет деканы жолдайды. Жолдаудың үлгісі 11 қосымшада көрсетілген.
4.10 Сын-пікір жазушылар шығарушы кафедра меңгерушісінің ұсынысы бойынша өндірістің және ғылыми ұйымдардың тәжірибелі мамандары қатарынан, сонымен қатар басқа жоғары оқу орындарының профессорлары, доценттері, тәжірибелі оқытушылары қатарынан ректордың бұрығымен бекітіледі.
4.11 Сын-пікір жазушылардың міндетті түрде негізгі жоғары білімі немесе қорғалатын дипломдық жұмыстың (жобаның) бейініне сәйкес ғылыми (академиялық) дәрежесі, ғылыми атағы болуы қажет.
4.12 Ғылыми жетекшімен қорғауға жіберілген, бірақ сын-пікір жазушы F – «қанағаттанарлықсыз» деп бағалаған дипломдық жұмыс (жоба) МАК отырысында жалпы негіздемелер бойынша қорғалады.
4.13 Факультет деканы қорғауға бір күннен кешіктірмей шығарушы кафедра меңгерушісін және диплом жазушы студентті сын-пікірмен таныстырады және дипломдық жұмысты (жобаны) пікірмен және сын-пікірмен қоса қорғау үшін МАК-қа жібереді. Сын-пікірмен танысқаннан кейін жұмысқа ешқандай өзгертулер немесе түзетулер енгізуге болмайды.
V. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау тәртібі.
5.1 Дипломдқ жұмысты (жобаны) қорғау МАК-тың ашық отырысында 50%-дан кем емес құрамының қатысуымен көпшілік алдында өткізіледі.
5.2 Қорғау қазақ, орыс тілдерінде және жекелеген жағдайларда шетел тілінде өткізілуі мүмкін.
5.3 Қорғауға барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады, олар сұрақтар мен баяндамалар түріндегі дипломдық жұмысты талқылауға қатыса алады.
5.4 Бір дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау ұзақтығы бір студентке 30 минуттан аспауы керек.
Норматив белгіленсін:
Дипломдық жұмысқа (жобаға), МАК-қа жетекшілік ету | Әрбір диплом жазшыға 30 сағат, оның ішінде: | |
дипломдық жұмысқа (жобаға) жетекшілік ету және консультациялар нормалық бақылау өткізу барлығы | 23 сағат 1 сағат 24 сағат | |
бір жетекшіге бекітіледі: | 5 диплом жазушыдан артық емес | |
жекелеген жағдайларда бір профессорға, тәжірибелі доцентке | 8 диплом жазушыға дейін | |
дипломдық жұмыстарға (жобаларға) сын-пікір жазу | 3 академиялық сағат |
5.5 Студентке баяндамамен мемлекеттік аттестаттау комиссиясының алдында сөз сөйлеу үшін 15 минуттан артық берілмейді. Баяндаманы алдын ала ғылыми жетекші тексеруі қажет. Баяндаманың өзі көрнекі материалдармен, немесе интекактивті тәртіптегі слайдтармен ілестірілуі қажет.
5.6 Талқылаудан кейін МАК хатшысы пікір мен сын-пікірді оқиды. Ғылыми жетекші қатысып отырған жағдайда, жетекші өзі сөйлеуіне болады. Пікірде және сын-пікірде ескертулер болған жағдайда студент олардың мәні бойынша дәлелді түсініктемелер беруі керек.
5.7 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау нәтижелері бойынша студенттің теориялық, ғылыми және тәжірибелік дайындығының деңгейі, ғылыми жетекшінің пікірі және сын-пікір жазушының бағасы негізінде балдық-рейтингілік әріптік жүйемен баға қойылады.
5.8 Дипломдық жұмысты қорғау нәтижелері әрбір студентке жеке мемлекеттік аттестаттау комиссиясы (МАК) мәжілісінің хаттамасымен ресімделеді және олардың өткізілген күні жарияланады.
VI. Дипломдық жұмыстарды (жобаларды) сақтау тәртібі
5.9 Дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғалғаннан кейін шығарушы кафедра кафедра меңгерушісі бекітетін тізімдеме бойынша жоғары оқу орнының мұрағатына тапсырады.
5.10. Дипломдық жұмыстар (жобалар) жоғары оқу орнының мұрағатында 5 жыл сақталады. Бұл мерзім аяқталған соң ректордың бұйрығымен құрылған комиссия акт бойынша дипломдық жұмыстарды (жобаларды) шығынға жазады.
5.11. Оқу-әдістемелік көмек көрсету, конкурстарға қатысу, оқу үдерісіне енгізу үшін оқу ісі жөніндегі проректордың рұқсатымен дипломдық жұмыстың (жобаның) көшірмесі түсіріліп, мүдделі тараптарға беріледі.
1 қосымша
Өтініш үлгісі
Кафедра меңгерушісі
_______________________
________________(аты-жөні)
күні
Өтініш
Сізден келесі өңдеудегі _______________________________
(тақырыптың атауы)
дипломдық жұмыстың (жобаның) № ___ тақырыбын бекітуіңізді және _______________________________________________________
(жетекшінің ғылыми дәрежесі, атағы, аты-жөні)
ғылыми жетекші етіп тағайындауыңызды сұраймын..
_________ тобының студенті _____________________
(студенттің аты-жөні)
Қолы
2 қосымша
Дипломдық жұмысқа (жобаға) тапсырма
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Факультет__________________________________________
Мамандық__________________________________________
Кафедра _______________________________________________________
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі
_____________________
«___» ________ 200__ж.