Курстық жұмысты (жобаны) орындауға арналған мәліметтер

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҚорқытАта атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Политехникалық факультеті

Сәулет және құрылыс өндірісі кафедрасы

5В075200-«Инженерлік жүйелер және желілер»

мамандығы бойынша «Жылыту» пәнінен курстық жұмысты (жобаны) орындауға арналған

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Ызылорда, 2015 жыл

Әдістемелік нұсқаулар мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына ҚР МЖМБС 5.04.019-2011 және 5В075200 - Инженерлік жүйелер және желілер мамандығы бойынша ҚР БҒЖ №158 от 10.04.2012 жылғы бұйырығымен бекітілген типтік оқу бағдарламасы және мамандықтың МБСҮ талаптарына сәйкес құрастырылған.

Құрастырған: т.ғ.к., аға оқытушы Абиева Г.С.

Пікір жазушы: а/ш.ғ.д., профессор Шомантаев А.А.

Әдістемелік нұсқаулар «Жылыту» пәнінің оқу нәтижесінде алған теориялық білімдерін нығайтып, есептеулер жүргізу жөнінде тәжірбие алуына мүмкіндік береді. Гидравликалық есептерді, жергілікті кедергілердің коэффициеттерін, қысым жоғалуды анықтауды, сақиналар бойынша түйіндеуді, жылыту жүйесінің элементтерін таңдауды және жылытқыш приборлардың жылутехникалық есептерді жүзеге асыруды өздігінен орындай алады.

Әдістемелік нұсқаулар «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

хаттама №2, 30 қазан 2015 ж.

Кафедра меңгерушісі _____________ К.Байтасов

Әдістемелік нұсқаулар Политехникалық факультеттің жұмыс оқу жоспарлары және оқу бағдарламалары комитеті мәжілісінде мақұлданды.

хаттама № , «» ____________2015 ж.

Комитет төрағасы _____________Н.Т.Даужанов

УДК 536.7. 621.1.

Кіріспе

Жылу энергияны өндіру, тасымалдау және пайдалану қазіргі кезде ең маңызды мәселе. Отынды тиімді пайдаланудың негізгі бағыты болып бір орталықтан жылумен қаамтамасыз ету. Сондықтан бұл негізінде кейбір үлкен қалаларда жылу электр орталығы (ЖЭО) немесе аудандық қазандықтар (АҚ) пайдаланады, бұл жағдай отынды тиімді пайдалануға және оны аз мөлшерде өндіруге әсерін тигізеді.

Үй жайға керекті энергияның ішінде ең көп жылуды қолданатын жылыту жүйесі. Бұның себебі ғимараттарды жылытудың суық кездерінде тек сол жылыту құралдары арқылы пайдалануға болатындығында. Яғни жылыту дегеніміз қыс кезінде ғимараттардан жоғалған жылу мөлшерінің жасанды түрде толтырылуы.

Ғимараттар мен имереттердің бөлмелерінде ішкі ауаның есептік температурасын қамтамасыз ету үшін жылыту жүйесі қажет. Жылыту жүйелері арқылы қысқы мерзімде бөлмелердегі ішкі ауа мен қоршаған қабырғалардың ішкі беттерінің температуралары керекті деңгейге келтіріледі. Сондықтан жылыту жүйелері құрылыс техникасының бір саласы болып саналады. Салқын мерзім кезінде бөлмелердегі ауаның күйі тек жылыту жүйесінің ғана емес, желдету жүйесінің жұмыс атқаруына байланысты болады.

«Жылыту» пәнінен курстық жоба орындауында студенттер жобалау негіздерімен танысып, қазіргі заманның талабына сәйкес шешімдер қабылдай алуды, қажетті есептерді орындауды және жаңа қондырғыларды таңдауды үйренеді.

Курстық жұмысты (жобаны) орындауға арналған мәліметтер

1.1.1. Ғимаратты жылыту жүйесімен қамтамасыз ету.

Бастапқы берілгендер жоба үшін студенттердің шифры сынақ кітапшасының соңғы екі саны бойынша алынады.

1.1.2. Ғимараттың жоспарын 1.1. кесте бойынша немесе келешектегі диплом жұмысын жалғастыруына байланысты оқытушының келісуімен типтік жоспар қабылдауына студенттің мүмкіншілігі бар.

1.1 – кесте

Шифрдың соңғы саны 1;2 3;4 5;6 7;8 9;0
Жоспардың нұсқа нөмері 0;1 6;2 7;3 8;4 5;9

1.1.3. Қаланың атаулары (климаттық деректер) 1.2 – кестеден алынады.

Қаланың реттік нөмірі журналдағы топ тізімі бойынша, яғни оқытушының беруімен қабылданады.

1.2 – кесте

Қатар Қалалар
1.Алматы 6. Астана 2. Атырау 7. Тараз 3. Қызылорда 8. Көкшетау 4. Петропавл 9. Семей 5. Шымкент 10. Барнаул
1. Ақтөбе 6. Өскемен 2. Балхаш 7. Қарағанда 3. Павлодар 8. Қостанай 4. Талдықорған 9. Орал 5. Ақтау 10.Түркістан
1.Арқалық 6. Байконур 2.Москва 7. Жезқазған 3. Орынбор 8.Самара 4. Астрахан 9.Санк-Петербург  

1.1.4. Жарық беттеріне қарай қасбетті негізге алу 1.3 – кесте бойынша қабылданады.

1.3 – кесте

Вариант нөмірі Ғимараттың бас фасадының бағыты Жылыту жүйесінің температуралары t₁/t₂, °С Жайғасқан айналымды қысым ∆Р, Па
С 95-70
Б 105-70
Ш 95-70
О 105-70
Ш 95-70
Б 105-70
С 95-70
В 105-70
О 95-70
С 105-70

1.1.5. Ғимараттың сипаттамасы:

– қабырғалар қарапайым кірпіштен тығыздығы - 1,8 т/м3 (қалыңдығы есептеумен анықталады);

Шатыр - жабын құрамында:

– цементті тегістеу – 5 мм

- темірбетон тақтасы – 140 мм.

- керамзитті төсеніш тығыздығы – 0,8 т/м3 (қалыңдығы есептеп анықталады)

- лагтанған еден, тақтай – 40 мм;

- ауалық қабат – 300 мм;

– таза қабаттардың биіктігі – 2,8 М;

– қабат аралық жабындардың биіктігі – 0,3 м;

– жылулық бөлімінің биіктігі – 2,0 м;

– тек жылулық бөліміне арналған үй асты

– жылулық бөлімінің өлшемі 6х3 м.

1.1.6. Жылумен қамтамасыз ету көзі – аудандық қазандығы.

Жылутасушы – қыздырылған судың температурасы 150 0С берілетін және 70 0С қайтатын құбырларында.

1.1.7. Жылыту жүйесі төмендегідей қабылданады:

– шифрдың соңғы саны тақ болғанда құбыр жоғарыдан жүргізілген екі құбырлы сумен жылыту жүйесі, жылу тасушы бағыттас және табиғи қозғалыста (суды ыстық сумен жылытқыш арқылы қосылу).

– шифрдың соңғы саны жұп болғанда құбыр төменнен жүргізілген екі құбырлы сумен жылыту жүйесі, жылу тасушы механикалық қозғалысымен және бағыттас қозғалыста (элеваторлы қосылу).

Наши рекомендации