Дипломдық жұмыстың (жобаның) кұрылымдық элементтеріне қойылатын талаптар.

Дипломдық жұмыстың (жобаның) орындалу тәртібі және жалпы жоспары.

Студент-дипломшы жұмыс жоспарын жасайды, оны жетекші тексереді. Жұмыс бағытына қарай жоспарлар әртүрлі болуы мүмкін, алайда жұмыс құрылымына байланысты көп жағдайда ұқсас болады (1.4.), бірақ кеңірек түрде және мыналарды біріктіреді: мұқаба парағы, дипломдық жұмысқа (жобаға) тапсырма, мазмұны, кіріспе, дипломдық жұмыс немесе жоба тақырыбына әдебиетке шолу, шаруашылықтың топырақ-климат жағдайлары, дақылдардың сыртқы орта факторларымен қамтамасыз етілуі, эксперименттік немесе жобалау бөлімі өндіріске ұсыныстардың экономикалық тиімділігі, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қоргау, қорытындылар, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Дипломдық жұмыстың (жобаның) кұрылымдық элементтеріне қойылатын талаптар.

1.6.1.Мұқаба парағы дипломдық жұмыстың (жобаның) бірінші беті болып есептеледі және өз кезегінде ақпарат кезі болып табылады, мұнда төмендегідей мәліметтер келтіршеді:

- жұмыс орындалған министрліктің, университет пен факультеттің,
кафедраның атауы,

- дипломшының тегі, есімі, әке есімі,

- дипломдық жұмыстың (жобаның) атауы,

- ғылыми жетекші мен кеңесшілердің тегі, есімі, әке есімі, олардың
ғылыми атақтары мен дәрежелері,

- сын пікір берушінің тегі, есімі, әке есімі, ғылыми атағы мен
дәрежесі,

- кафедра меңгерушісінің қорғауға рұқсаты (тегі, есімі, әке есімі, қолы, күні),

- қала, жылы

Мұқаба парағы дипломдық жұмыстың (жобаның) жалпы беттік нөмірленуіне кіреді. Мұқаба парағында беттік нөмір қойылмайды. Мұқаба парағы А қосымшасына сәйкес рәсімделеді.

1.6.2.Дипломдық жұмыстың немесе жобаның тапсырмасын ғылыми
жетекші кәсіби немесе дипломдық іссана өтуге жүрерде береді, ол ДЖ
(ДЖО)-ның мұқаба парағынан кейін тігіледі және төмендегідей
мәліметтерді бірікгіреді: студенттің тегі, есімі, әке есімі, дипломдық
жұмыстың (жобаның) тақырыбы, оны бекіту жөніндегі университет
бойьшша бұйрықтың нөмірі, күні, аяқталған жұмысты студенттің
тапсыратын мерзімі, зерттеуге (жасауға) жататын бастапкы деректер
және сұрақтар тізімі. Тапсырма Б қосымшасына сәйкес рәсімделеді.

1.6.3.Реферат (аннотация): негізгі нақты деректері және
қорытындылармен бастапқы құжатты (немесе оның бір бөлігін)
қысқаша мазмұндау. Реферат жаңа деректерге көңіл аударады және
құжатқа қажеттілікті анықтайды. Рефератты рәсімдеу 7.23.80 МСТ және
196000.74 МСТ-ға сәйкес іске асырылады, әрі үш тілде - қазақ, орыс
және ағылшын - толтырылады.

1.6.4. Мазмұны (міндетті элемент) кіріспе мен жұмыстың барлык бөлімдерінің, бөлімшелерінің, тармақтарының (егер олардың атаулары болса) нөмірлері мен атауларының тізімін, қорытындыларды, ұсыныстарды, пайдаланылған әдебиеттер тізімін біріктіреді, әрі әрбір бөлім және басқалары басталатын бетінің нөмірімен белгіленеді. «Мазмұны», «Кіріспе» екінші бетке орналастырылады. «Мазмұны» сөзі парақ бетінің ортасына жазылады да жуан шрифтімен ерекшеленеді.

1.6.5. Нормативтік сілтемелер (кепілдемелік элемент) үлгіқалыптар тізімін көрсетеді, бұған дипломдық жұмыста (жобада) жасалған сілтемелер кіреді. Сілтемелік үлгіқалыптар тізімі мынадай сөздерден басталады: «Бұл жұмыста (жобада) төмендегі үлгіқалыптарға сілтемелер қолданылды» және үлгіқалыптардың белгілері мен атаулары тіркеу нөмірлерінің өсуіне қарай беріледі.

1.6.6. Анықтамалар (кепілдемелік элемент), белгілер және
қысқартулар.«Анықтамалар» құрылымдық элементі «Бұл жұмыста
(жобада) тиісті анықтауларымен төмендегідей терминдер қолданылды»
сөздерімен басталатын дипломдық жұмыста (жобада) келтірілген
қажетті дәлдемелер немесе терминдер анықтауыштарын біріктіреді.

1.6.6. Анықтамалар (кепілдемелік элемент), белгілер және
қысқартулар.«Анықтамалар» құрылымдық элементі «Бұл жұмыста
(жобада) тиісті анықтауларымен төмендегідей терминдер қолданылды»
сөздерімен басталатын дипломдық жұмыста (жобада) келтірілген
қажетті дәлдемелер немесе терминдер анықтауыштарын біріктіреді.

«Белгілер және қысқартулар» құрылымдық элементі жұмыста (жобада) қолданылған белгілер мен қысқартулар тізімін біріктіреді. Белгілер мен қысқартулар мәтінде қолданылу тәртібіне байланысты жазылады және тиісті түсіндірмелер беріледі.

1.6.7. Кіріспе (міндетті элемент).1 Кіріспеде осы заманғы ауыл шаруашылығы саласына баға беріледі, жұмыста қарастырылып отырған ғылыми немесе ғылыми- технологиялық проблеманың жағдайы бағаланады. Елбасы мен ҚР үкіметінің дипломдық жұмыс (жоба) тақырыбына байланысты өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, мал азығын өндіру, көкөніс шаруашылығы немесе ауыл шаруашылығы өндірісінің басқа салаларының алдына қойып отырған міндеттері айқындалады.

Кіріспеде қарастырылып отырған тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы көрсетіледі және аймак пен шаруашылыктың нақты топырақ - климат жағдайындағы жұмыстың, эксперименттік зерттеулердің мақсаты мен міндеттері тұжырымдалады.

Негізгі бөлім

а) Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлігінде таңдап алынған тақырып (мәселе) бойынша әдебиетке шолужасалады, мұнда дипломшы тақырыпқа байланысты әдебиеттерді білетіндігін көрсетуге тиіс, мәселенің зерттеліп - ашылу деңгейі және жарық көрген жадығаттарға жүйелі талдама беріледі, әртүрлі туындыгерлердің мәселеге сәйкес сыни көзқарасын бергені жөн, соңында эксперименттік зерттеуді немесе жобалау жұмыстарын жалғастыру қажеттігі көрсетіледі.

б) Жүргізілген зерттеу жұмыстарының әдістемесі негізделеді,
жобалауға байланысты бастапқы жадығаттар талданады, зерттеу
жүргізілген орын немесе базалық шаруашылық көрсетіледі, оларға
сипаттама беріледі, топырақ - климат жағдайлары мен тәжірибелер
жүргізілген соңғы жылға метеорологиялық жағдайлар талданады.

ә) Жақын орналасқан агрометеорологиялық мекемелер деректерін пайдалана отырып топырақ - климат ресурстарын бағалау қажет, соңғы жылда, оның ішінде қарастырылып отырған дақылдың (дақылдар тобының) өсіп-жетілу кезеңінде түскен жауын-шашын мөлшерін көп жылғы деректермен салыстыра отырып бағалаған жөн. Әр жылғы және алғы дақылдарға байланысты көктемгі пайдалы ылғал қоры. Соңғы 3 жылғы және көп жылғы өсіп-жетілу кезеңіндегі белсенді температура жиынтығы, аязсыз кезең және көктемгі сонғы және ерте күзгі бозқырау күндері, ФАР кірісі. Шаруашылық соңғы рет жүргізілген топырақты тексеру жадығаттары негізінде картограмма бойынша топырақты сипаттау, топырақтағы сіңімді қоректік заттар мөлшерін көрсету. Жоғарыдағы сұрақтарды мазмұндағанда Г қосымшасының деректерін пайдаланған дұрыс.

Қорытындысында нақты жағдайда биоклиматтық потенциалға баға беру керек және дақьлдың өсіру мүмкіндігін көрсеткен абзал.

в) Шаруашылық жадығаттарына құрылған дипломдық жұмыстар мен
жобаларда шаруашылықтың орналасқан жері, жұмыс тақырыбына
байланысты салалардың сипаттамасы, шаруашылықтағы қолданыстағы
технологиялардың жағдайы, дақьлдардың өнімділік деңгейі талданып
жазылады. Картограмма деректері бойынша шаруашылық
топырақтарының тиімді құнарлылығына сәйкес мүмкін өнім деңгейі
есептеледі.

Ылғалмен қамтамасыз етілуіне байланысты дақылдың жиынтық су мөлшері анықталады және реттеуге кенбейтін фактор - ылғалмен қамтамасыз етілуіне сәйкес нақты мүмкін өнім (НМӨ) есептеледі.

Суармалы жерлер үшін әдебиет деректеріне негіздеп және ФАР кірісіне байланысты дақылдың (сорттың) потенциалды өнім шамасы анықталады, жалпы суару мөлшері (нормасы), ылғалмен салыстырғандағы қиын-қыстау кезеңін ескере отырып қажетті суару санын және суару мөлшері есептеледі.

Өндірістік және жобалық жұмыстарда шаруашылықта қолданылып жүрген нақты өсіру технологиясы тыңғышықты түрде жазылады, сыни баға беріледі, дақылдың жобалы өсіру технологиясы жасалады, өнімді арттыру жолдары көрсетіледі және басқа болашағы бар жолдары қамтылады. Бұл сұрақтарды жазғанда В, Г, Д, Е, Ж қосымшаларындағы жадығаттарды пайдаланған дұрыс.

Қорытындысында соңғы жылдарғы нақты өнім потенциалды мүмкін өніммен салыстырылады лсәне қаншалықты дақыл, сорт мүмкіндігі нақты шаруашылық жағдайында іске асырылатынына баға беріледі.

г) Эксперименттік бағыттағы жұмыстарда тәжірибелер кескіні
(сұлбасы), варианттардың орналасуы ж.б. көрсетіледі, тәжірибелер салу,
қосымша бақылаулар, есептеулер, талдамалар әдістемесі келтіріледі,
дақылдың өсірілу технологиясы жазылады.

д) Зерттеу нәтижелері және жобалық шешімдердің экономикалық
бағасы алынған деректерге сәйкес іске асырылады, өндіріске кепілдеме
негізделеді. Бұл сұрактарды жазғанда қосымшасының И жадығаттарын
пайдалану керек.

е) «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімінде табиғатты қорғау жағдайына
талдама жасалады, кемшіліктері ашылады және оларды жою жолдары
көрсетіледі.

ж) «Еңбекті қорғау» бөлімінде шаруашылықтағы дақылмен
байланысты еңбекті қорғау жағдайына талдама беріледі, кемшіліктері
көрсетіледі және шаруашылыққа еңбек қауіпсіздігін, еңбек жағдайларын
жақсарту шаралары жөнінде ұсыныстар беріледі.

Наши рекомендации