Тақырып. Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері
Аржы – экономикалық факультет
Экономика кафедрасы
СИЛЛАБУС
Экономикалық теория пәні бойынша
5В011400 Тарих. 5В011700 – Қазақ тілі және әдибеті, 5В011900 – Аударма ісі. 5В050400 – Журналистика.
мамандықтары үшін (қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша)
Курс 2
Семестр 3
Кредит саны 2
Барлық сағат саны: 90
Контакті сағаты 2
Консультация on-line 2
Консультациялар Of-line 26
СӨЖ: 30
Аралық бақылау 2
Емтихан 3 семестр
Талдықорған 2016ж.
ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
Жунусова Г.А. – экономика және сервис кафедрасының аға,
электрондық пошта адресі – [email protected], жұм.телефоны 141,
сот. тел - 87789282167
Пәннің атауы: Экономика теория негіздері
Курсты оқыту орны: І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, "Қаржы-экономикалық" факультеті, 1 курс
Пререквизиттер: философия
Постреквизиттер: микроэкономика
Курстың қысқа мазмұны
1-ші бөлімнің «Экономикалық теорияның пәні, объекті және әдістері» логикасының сұрақтарын қарастыру дәйектілігі келесі түрде жүреді:
Біріншіден, экономикалық теория пәнінің мазмұны, экономикалық жүйелердің қалыптасуы мен даму заңдылықтары;
Екіншіден, зерттеу объекті болып қоғамның экономикалық жүйесі табылады;
Үшіншіден, экономикалық жүйенің негізі болып өндіріс құралдарына меншік қатынастары табылады;
Төртіншіден,бұрынғы социалистік елдердің қазіргі экономикасы өтпелі кезең экономикасы болып табылады.
2-ші бөлімде «Жеке ұдайы өндіріс мәні және заңдылықтары» фирмалар (кәсіпорындар) экономиканың бірінші буыны (звеносы) ретінде қарастырылады.
3-ші бөлімде «Ұлттық экономика деңгейіндегі ұдайы өндіріс» жұмыссыздық, инфляция, экономикалық өсім, сыртқы экономикалық тұрақтылық сұрақтары қарастырылады.
Пәнді оқыту мақсаты:
Ресурстардың шектеулі жағдайында қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтынудағы адамдардың іс-әрекеті туралы студенттердің білімін қалыптастыру «Экономикалық теория» курсының мақсаты болады.
Студенттердің экономика бойынша ғылыми қөзқарастарын қалыптастыру, экономикалық категориялар мен заңдарды жүйелі түрде ұғынуы, экономикалық процестерді зерттеу әдістемесін меңгеру осы курсты оқытудың негізгі міндеттеріболады.
Курсты бітірген соң студенттер:
- негізгі экономикалық категориялар мен түсініктердің мәнін анықтап білу керек;
- рыноктык экономиканың негізгі құрамдас категорияларын білу керек: сұраныс, ұсыныс, бәсеке, кәсіпкерлік және т.б.
- ұлттық экономика және әлемдік экономика деңгейінде қайтаөндіру үрдісін танып білу керек.
Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
Бағаланатын бағдар (позиция) | 8 аптадағы бағалау мөлшері | 9-15 аптадағы бағалау мөлшері | Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері | Электронды журналға балл қоюдың кезеңі | |
ӨЖ | Әрбір ӨЖ –ге 50 баллдан | 8 және 15 аптада | |||
Аралық бақылау | Әр аралық бақылауға 100 баллдан | 8 және 15 аптада | |||
Аралық бақылау | Әр аралық бақылауға 100 баллдан | 8 және 15 аптада | |||
Кіру рұқсатының рейтингісі 1 | R 1 =(ӨЖ1+ӨЖ2+R)/3 | 8 апта | |||
Кіру рұқсатының рейтингісі 2 | R2 =(ӨЖ3+ӨЖ4+R)/3 | 15 апта | |||
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтингісі | R= (R1 + R2)/2 | 15 апта | |||
Емтихан | Е | 16-17 апта | |||
Қорытынды баға | І = R*0.6+E*0.4 |
Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
Әріппен белгіленген баға | Бағаның цифрлік эквиваленті | Пайыздық мөлшері | Дәстүрлі түрде бағалау |
A | 4,0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3,67 | 90-94 | |
B+ | 3,33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3,0 | 80-84 | |
B- | 2,67 | 75-79 | |
C+ | 2,33 | 70-74 | Қанағаттанарлық |
C | 2,0 | 65-69 | |
C- | 1,67 | 60-64 | |
D+ | 1,33 | 55-59 | |
D | 50-54 | ||
F | 0-49 | Қанағатанарлықсыз |
Баға қоюдын критерилері
Бақылау түрі | Максимальдық баға | Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі |
ӨЖ 1 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4 | ||
ӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4 | ||
ӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4 | ||
ӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 | ||
Аралық бақылау 1: ӨЖ 1 ӨЖ 2 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3 | 8 апта | |
Аралық бақылау 2: ӨЖ 3 ӨЖ 4 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3 | 15 апта |
*ӨЖ мазмұны силлабустағы ӨЖге арналған кестеде көрсетілген
ДӘРІС КЕШЕНІ
тақырып. Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері
1. «Экономика » ұғымы. Экономика ғылымының сипаттамасы және даму кезеңдері.
2. Экономикалық теория пәні. Экономикалық теорияның қызметтері, зерттеу әдістері.
3. Позитивті және нормативті экономика.
Негізгі сөздер: Экономика, Саяси экономия, экономикалық теория, Экономикалық заңдар , Экономикалық категория.
1. «Экономика » ұғымы. Экономика ғылымының сипаттамасы және даму кезеңдері.
Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы ежелгі заманнан басталады. Экономика туралы ғылым табиғат пен қоғам туралы адам білімінің жүйесі ретінде дамыған құлдық қоғамда пайда болды.
Экономика – материалдық игіліктермен қамтамасыз етумен байланысты адамдардың кез келген әрекеті. Экономика туралы алғашқы түсініктер Ксенофонт, Платон ,Аристотель және басқа да ойшылдардың еңбектерінде берілген. «Экономия» терминін алғаш ұсынған Ксенофонт, мұның мағынасы үй шаруашылығы (ойкос – үй, шаруашылық; номос – заң) деген ұғымды білдіреді. «Саяси экономия» ұғымын ғылымға алғаш еңгізген А.Монкретьен болатын. 1615 ж оның «саяси экономия трактаты» деген еңбегі жарық көрді, мұнда мемлекеттік шаруашылықыты жүргізу кеңестері мазмұндалған.
2. Экономикалық теория пәні. Экономикалық теорияның қызметтері, зерттеу әдістері.
Экономикалық теория – адамның шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қоғам өндірісінің сирек, шектелген ресурстарын бөлу, айырбастау және тұтыну туралы ғылым. Экономикалық теория зерттейтін құбылыстардың мәні экономикалық категория мен экономикалық заңдарда көрсетіледі. Экономикалық категория дегеніміз – экономикалық құбылыстардың (мысалы, тауар, баға, кіріс) маңызды жақтарын көрсететін жалпылама ұғымдар. Экономикалық заңдар – бұл экономикалық құбылыстар арасындағы тұрақты, қайталанатын байланысы.
Экономикалық теорияның зерттеу әдістері.
1. Абстракция
2. Индукция және дедукция.
3. Анализ, синтез.
4. Тарихи және логикалық.
5. Графикалық әдіс –кесте, диаграмма, схема.
6. Моделдеу.
3. Позитивті және нормативті экономика.
Позитивті экономика – дерек негізіндегі экономикалық қылық туралы болжамдар. Ал экономиканың тиімділігі жөнінде сөз болғанда, онда мұны нормативті экономикалық ғылым деп білеміз. Нормативті экономика – елдің экономика туралы бағалау пкірлері.