Экономикалық теорияның пәні және әдістері.

БИЛЕТ-1

1.Экономикалық теорияның ғылым ретінде қалыптасуының негізгі кезеңдері.

2. Капитал айналымы. Капиталдың толық және ауыспалы айналымы

3. Кәсіпкерліктің ұйымдық-экономикалық формалары: картель, синдикат, концерн, трест, консорциум, т.б.

Экономикалық теорияның ғылым ретінде қалыптасуының негізгі кезеңдері.

Экономикалық теория дербес ғылым болып XVI­-XVII ғасырларда тауар – ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады. Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді. Меркантелизм. Ең алғаш экономикалық ілім XVI­-XVII ғасырларда меркантелизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер көпес, сауда, пайда). Бұл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі тауар-ақша қатынастарында болды. Меркантелистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физиократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болды, «Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм. а) Марксизм – (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов). Зерттеудің негізгі нысаны – капитализмнің экономикалық заңдылықтары. б) Маржинализм – (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрос). Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар.

Капитал айналымы. Капиталдың толық және ауыспалы айналымы

Капитал айналымы– капиталдың үздіксіз жаңарып отыратын ауыспалы айналымы; компанияның жылдық сату көлемінің салынған капиталға қатынасы; жылдық өткізу (сату) көлемін тұрақты капиталдың ұзақ мерзімді міндеттемелер мен меншікті капитал сомасына тең шамасына бөлу арқылы есептелетін көрсеткіші. Капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын қозғалысын оның ауыспалы айналымыдеп атайды. Формула: d=А' - А

Мұнда: А—бастапқы жұмсалған капитал,

d—үстеме құн.

Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей қайталанып жүріп отыратын жеке акт емес процесс деп қарасақ, онда бұл капиталдың айналымыболады. Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді.

3.Кәсіпкерліктің ұйымдық экономикалық формалары:

Картель – бірлескен компаниялардың қызметті жүзеге асыру үшін құрылған бір саладағы кәсіпорын бірлестігі.

Синдикат – қатысушылары өз арасындағы артық бәсекені болдырмас үшін біріңғай өткізу органдары арқылы өнімдерін сату мақсатында бірлескен кәсіпорын

Концерн – меншік пен бақылау бірлігін сипаттайтын, бурлестіктің кеңінен тараған нысандарының бірі.

Трест – қатысушылары өздерінің өндірістік компанияларының шаруашылық бірлестігін жоғалта отырып біріңғай өндірістік кешенге бірлескен кәсіпкерліктің түрі.

Кансорциум – нақты бір міндетті шешу , ірі маөсаттағы бағдарламаларды соның ішінде инвестициялық, ғылыми- техникалық, табиғат қорғаушы және тб жүзеге асыру үшін құрылған уақытша немесе тұрақты бірлестіктер жиынтығы.

БИЛЕТ-2

1.Экономикалық теорияның пәні және әдістері.

2.Қазақстандағы шағын және орта бизнестi дамытудың мәселелерi.

3.Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формалары: жеке кәсіпкерлік, серіктестіктер, корпорациялар. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері

Экономикалық теорияның пәні және әдістері.

Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін пәнді оқудың басты міндеттерін белгілеп, оларды жүзеге асыру қажет. Оларға:экономикалық теорияның қалыптасуын және даму кезеңдерін білу, экономикалық теорияның әдістерін, заңдарын меңгеру, экономикалық қажеттіліктерді, экономикалық ресурстарды және, меншіктің мәні және түрлерін оқу, нарықтың мәнін, бәсекенің түрлерін үйрене отырып, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің есептеу әдістемесін үйреніп, мемлекеттің қаржы жүйесі мен қазына саясатына мән беру, экономикалық теорияның халықаралық аспектілерін тану. Сонымен бірге студенттер ұлттық экономиканың жалпы қызметін, оның қалыптасуы мен даму жолдарын және дағдарыс, инфляция, жұмыссыздық секілді қайшылықтарын түсіндіретін тауарларды игеруге тиісті, мемлекеттің экономикадағы рөлін, әсіресе Қазақстан үкіметінің, оның негізгі иснтитуттарының тиімді басқару жолдарын қарастыруға дайындық болуы керек. Нарықтық экономиканың Қазақстандық моделінің қалыптасуы және дамуының ерекшеліктерін терең түсіну арқылы оның жаңа инновациялық экономикаға өту кезеңіндегі басым міндеттерді орындаудың нақты іс-шараларын қарастыра білулері керек

Наши рекомендации