Тақырып. Экономикалық теорияның пәні және әдісі

Лекция мақсаты: Экономикплық теормяның пәні және әдісін анықтау.

Лекция сұрақтары:

  1. Экономикалық теорияның даму сатысы. «Экономикалық теорияның», саяси экономиканың» және «экономикс» пәндерінің өзара байланысы. Экономикалық теорияның пәні
  2. Эконоикалық түсініктердің негіздері
  3. Экономикалық үдерістердің әдістерін тану. Экономикалық санаттар мен заңдар
  4. Позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым. Экономикалық теорияның міндеттері. Экономикалық теория және экономикалық саясат
  1. Экономикалық теорияның даму сатысы. «Экономикалық теорияның», саяси экономиканың» және «экономикс» пәндерінің өзара байланысы. Экономикалық теорияның пәні

Экономикалық ой ежелгі дәуірде туындап, даму мен қалыптасудың ұзақ және күрделі жолынан өтті. Экономика ғылымы туралы алғашқы ғылыми ой ретінде – Ксенофонт, Платон, Аристотель, Каттон тәрізді ежелгі дәуірдің ойшылдарында пайда болған. «Экономия» терминін бірінші рет Аристотель ғылыми айналымға енгізген. Ол екі грек сөзінен құралған: «ойкос» - үй, шаруашылық, «номос» - ілім, заң деген мағынаны білдіреді. Экономикалық білім алғашында жалпы ғылымның бөлек элементтері ретінде қалыптасты. Экономикалық теорияның өз бетімен дамуы XVI-XVII ғасырларда капиталистік қатынастардың туындау дәуірінде басталды. Экономикалық теорияның алғашқы қалаған мектебі – меркантилизм.

Экономикалық теорияның дамуындағы екінші кезең – классикалық саяси экономия (XVIII ғ.). ол физиократтар мен Адам Смит (1723-1790) – және Давид Рикардоның (1772 – 1823) мектептеріне бөлінеді. Физиократтардың меркантилистерден ерекшелігі, олар қоғамның байлық көзі – пайда түсіруші айналым емес, өндіріс деп, бірақ олар өндірісті өте тар ұғымда – тек ауыл шаруашылығы көлемінде ғана түсіндірді. Олардың негізгі өкілдері – француз экономисі Франсуа Кенэ (1694 – 1774) және Анн Роберт Жак Тюрго (1727 – 1781).

Экономикалық теорияның келесі даму кезеңінде Адам Смит пен Давид Рикардо өздерінің зерттеулерін жалпы өндіріс саласына ауыстырып, ал ауыл шаруашылығын соңғының бір саласы ретінде қарастырған. Олар қоғамның байлығының өсуінің бірінші жағдайы еркін және бәсекелестікке қабілетті нарық экономикасы деген классикалық анықтама қабылдады.

Классикалық саяси экономиканың басты жетістігі сол, ол құнның негізгі еңбектік теориясының негізін қалады. А.Смит тауардың құны, оны жаауға кеткен еңбекпен анықталатынын дәлелдеді. А.Смиттің ең ұлы еңбегі – ол рыноктың қоғамдық шаруашылықты ұйымдастырудың күрделі жүйесі екенін алғаш ғылыми ашуында болып саналады. Ол оған «көрінбейтін қол» деген бейнелі ат тағып, барлық экономикалық агенттерді көрінбейтін басқарушы ретінде көрсетті.

Қазіргі заманғы экономикалық ғылым негізгі екі бағыта жүреді.

  • неоклассикалық
  • кейнсандық

Бірінші бағыт XIX ғасырдың 70-жылдарында пайда болды. Оның ең көрнекті негізін қалаушылардың бірі – Альфред Маршал (1842 – 1924) болды. Неоклассикалық доктрина XX ғасырдың 30 – жылдарына дейін кең тарады, бірақ оны ағылшын экономисі Джон Меинард Кейнстің (1883 – 1946) атымен аталған экономикалық ағым (кейнсиандық) «ығыстырып» шығарды. 1929 – 1933 жылдардағы Ұлы депрессиядан кейін, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге рынок қабілетті емес екенін көрсетті. Неоклассиктер мен кейнсиандықтардың арасындағы айтыстағы түйінді мәселе – мемлекеттің экономикадағы рөлі болды. Неоклассикалық бағытты қолдаушылар экономиканы тиімді дамыту үшін, экономикаға мемлекеттің араласуы шектеулі тиісті деп есептеді. Кейнсиандықтар керісінше, нарық экономикасын мемлекеттің бақылауымен және макрореттеудің белсенді көмегімен үдерісті дамытуға болады деп есептеген.

«Экономикалық теория», «саяс экономия», «экономикс» курстарының пәнін анықтай отырып, олардың әртүрлілігін еске алу қажет. Экономикалық теория әлемдегі шектелген ресурстардағы адамдардың экономикалық тәртіптерін, өндірістер қатынастарының экономикалық жүйесін, бөлуді, айырбастауды, материалдық жетістіктердің және адам қоғамының барлық даму сатысындағы қызметтерді зерттейді. Экономикалық теория курсында экономикалық қатынастардың келесі логикалық оқыту жүйесі ұсынылады.

  • Бірінші бөлімде пәннің жалпы мәселелері, курстың әдісі, дәлелдемесі және адамның экнонмикалық қызметінің тұтас міндеттері, сондай – ақ, қоғамдық өндірістің негіздері қарастырылады.
  • Екінші бөлім экономиканың қызметінің іргелі мәселелеріне,оның ішінде меншіктерге, қоғамдық шаруашылықтың түрлеріне, экономикалық жұйенің негізгі түрлеріне арналған; онда нарықтық шаруашылыққа жалпы сипаттама, сұраныс теориясының негізгі көзқарастар қарастырылады.
  • Үшінші бөлімде микроэкономиканы талданады – кәсіпорынның қызметіне байланысты қатынастар жүйесі, сондай – ақ, жеке өндірушінің заңдылықтары мен мәні қарастырылады.
  • Төртінші бөлім – макроэкономика. Ұлттық экономика деңгейіндегі өндіріс мәселелері қарастырылады.
  1. Эконоикалық түсініктердің негіздері

Экономикалық теория шектелген ресурстар әлеміндегі адамдардың қанағаттандыру әдістерін зерттейді. Соған сәйкес келетін санаттарды анықтауға тоқталайық.

Тұтынушылық – жеке индивид пен мәдениеттің дамуына сәйкес арнаулы түрге ие болатын, мойындалған қажеттілікті анықтаушы. Сатып алу қабілетімен бекітілген тұтынушылық тауар мен қызметке сұранысты көрсетеді. Экономикалық әдебиетте (Маслоу) адамдардың тұтынушылығын 5 деңгейге бөлінеді.

  • Физиологиялық тұтынушылық
  • Қауіпсіздік тұтынушылығы
  • Қатынас тұтынушылығы, рухани жақындық
  • Қоғамдық танымдағы тұтынушылық
  • өзін көрсетудегі тұтынушылық

Ресурстар – адамдардың тұтынушылығын қанағаттандыратын, жағдай мен қызметті жасау үшін пайдаланылатын заттар. Ресурстар толық іске кіріскенде, бір өнімді көбейтудің әдісі – ол бақса өнімді қысқарту болып табылады.

Экономикалық әдебиеттерде «игілік» түсініг адам тұтынуын қанағаттандыратын және мүдделерге, мақсаттарға, адамдардың тұтынушылығын қамтамасыз ететін, нәтижесінде тиімді ықпалы болатын адам қызметінің толыққандылығы.

Игілік материалдық және материалдық емес болып бөлінеді. Материалдық игілік былай бөліеді: табиғаттың табиғи сыйлары (жер, ауа, климат); өндіріс өнімдері (ғимарат, құрылыс, станоктар, тамақ өнімдері және т.б.). А.Маршал оған материалдық игілікті (патенттер, авторлық құқық, кепілдік зат) иеленуді де қосады. Материалдық емес игілік – бұл адам қабілетінің дамуына ықпал ететін жағдай және олар өндірістік емес салаларда құрылады: денсаулық сақтау, білім беру, өнер және т.б.

Игілік сондай – ақ, экономикалық (экономикалық қызмет нәтижесінде пайда болады) және экономикалық емес (адам күшінің жұмсалуынсыз табиғат береді) болып екіге бөлінеді.

Әр қоғам шектелген мүмкіндіктер мәселелерімен түйіседі. Қашанда тұтынушылықты барлығы қанағаттануы мүмкін болмағандықтан, әр адам, фирма немесе мемлекет – қалауын таңдауы тиісті. Экономистер мұндай сәтті баламалы шығын арқылы бейімдейді. Баламалы шығын – басқа тауар бірлігіне көбейту үшін, құрбан ету қажет бір тауардың саны.

Таңдаудың қажетті әсері мен баламалы шығын өндірістік мүмкіндіктердің қисығының көмегімен көрсетіледі. өндірістік мүмкіндіктердің қисығы экономикалық ресурстарды толық пайдалану кезіндегі екі өнімді шығарудың ең жоғары көлемін көрсететін әр нүктенің сызығын анытқайды. Мысалы, ел бар ресурстармен белгілі бір тауарлар (А және В) санын шығаруы мүмкін. Елдің өндірістік мүмкіндіктерінің қисығы келесі түрге ие:

Тақырып. Экономикалық теорияның пәні және әдісі - student2.ru

Түзу сызықтың әр нүктесі ав осы елдегі экономикалық ресурстарды толық пайдалану кезіндегі тауарларды А және В өндірудің ең үлкен көлемін көрсетеді.

  • өндірістің мүмкіндігі туралы ақпараттарға ие бола отырып, қоғам немесе нақты өндіруші үш сұраққа жауап беруі тиіс.
  • Қандай тауарлар мен қызметтер және қанша көлемде шығару қажет?
  • Бұл тауарлар мен қызметтерді қалай өндіру қажет?
  • Бұл тауарларды кім сатып алады және бұл тауарлар мен қызметтерді қалай пайдаланады? Яғни, бұларды кім үшін шығару қажет?
  1. Экономикалық үдерістердің әдістерін тану. Экономикалық санаттар мен заңдар

Экономикалық теория өзінің зерттеулерінде экономикалық құбылыстардың ғылыми танымының келесі әдістерін пайдаланады:

  1. синтезбен талдаудың әдісі- әлеуметтік – экономиканың пайда болу бөліктері (талдау) және тұтастай (синтез) өзара байланысы мен өзара тәуелділігі бойынша зерттеуді қарастырады. Микроэкономикалық зерттеу талдау әдісіне жақын. ә) ғылыми абстракцияның әдісі- абстракция деп аталатын немесе санаттың осы немесе басқадай дерексіздендірілген түсінігін өңдеу үшін пайдаланылады;
  2. тарихи және логикалық әдістер – жалпы қорытынды жасау үшін және олардың тұтастай бағалауға мүмкіндік беретін, бір уақытта логикалық жиынтықпен тарихи жүйелілікпен экономикалық үдерістерді зерттеуді қарастырады.
  3. индукция мен дедукция әдістері- бөлек фактілерді жалпыға (индукция) апарып, ал, жалпы жағдайдан шығарып, жеке қорытындылар(дндукция) жасауды қарастырады;
  4. сандық және сапалық талдау әдісі- өндіріс жүйесіндегі қатынастардың сапалық өзгерістерін танумен қатар, статистикалық деректерді, математика әдістерін экономикалық теория кеңінен пайдалануды қарастырады.
  5. қалыпты логика- ойдың нақты мазмұнынан алшақтап және оның мазмұнының бөліктерінің байланыстарын жалпы әдіспен бөле отырып, ойдың,түсініктің, пікірдің, ой қорытындысын, дәлелдемелердің нысанын зерттейді;
  6. материалистік диалектиканың әдісі- олардың дамуы мен өмірде бар, пайда болуының ішкі байланыстарын сипаттайтын, объективті талдаудың негізінде ғылыми мәселелерді шешу;
  7. экономикалық модельдер мен тәжірибелер. Экономикалық модель- бұл зерттеудің субъективті мақсатты сипаты және оның объективті ерекшеліктерімен анықталатын құрылымын, пайда болуын және экономикалық үдерісін қалыпты көрсету. Экономикалық тәжірибе- бұл экономикалық пайда болуды және әрі қарай тәжірибеде қолдану үшін және оның үдерісін зерттеу мақсатымен ең игілікті жағдайда жасанды шығару.
  1. Позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым. Экономикалық теорияның міндеттері. Экономикалық теория және экономикалық саясат

Экономиканы талдау нормативтік және позитивтік әдістерді пайдалануды қарастырады. Позитивтік немесе дискриптивтік экономика экономиканың қызмет етуінің ғылыми және объективтік түсініктемелерін іздейді. Ол болуы мүмкін немесе болатын нәрсемен байланысты болады. Мысалы, егер үкімет бір тауарға салық салса, онда оның бағасы өседі.

Нормативтік экономика субъективті, және бағалау пікіріне негізделген іс- әрекеттің рецептісін ұсынады. Ол мүмкін болатынмен байланысты болады. Мысалы, бюджетті толтыру үшін, бір экономист салықтарды көбейтуді ұсынады. Бірақ салықты көбейту кәсіпкерлікті ынталандыруды төмендетуі мүмкін. Егер «тиісті» немесе «қажет» деген пікірлер кездесетін болса, онда ол нормативтік әдіске жатады.

Экономикалық теория келесі қызметтерді атқарады:

  • танымдық(экономикалық теория алынған білімді теориялық түрінде көрсете отырып, қоғамның экономикасын оқытуға және түсіндіруге арналған);
  • әдіснамалық (экономикалық теория экономикалық ғылымның барлық жүйесі үшін теориялық және әдіснамалық базасы болып қызмет етеді);
  • білімдік (экономикалық теория адамдардың экономикалық мәдениетінің қалыптасуына көмектеседі);
  • тәжірибелік (экономикалық теория қоғамның дамуының экономикалық жолына көрсетіп, адамдардың мақсаттарына тәжірибе жүзінде қызмет көрсетуі тиісті ).

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

  1. «Саяси экономияның», «экономикалық теорияның» және «экономикстің» қандай айырмашылықтары бар?
  2. Экономикалық теория нені зерттейді?
  3. Маслоу адам тұтынушылығын қандай деңгейлерге бөледі?
  4. Тұтынушылыққа кандай факторлар ықпал етеді?
  5. «Ресурстар» мен «игілік» деген не?
  6. «Баламалы шығын » деген не?

Негізгі әдебиеттер:

  1. Экономикалық теория негiздерi: Оқулық / Я.Әубәкiров ж.б.- Алматы: Санат, 1998.- 479 б.
  2. Р.Дорнбуш, С.Фишер . Макроэкономика . Оқулық. Алматы: Білім, 1997
  3. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория негіздері : Қысқаша лекциялар курсы / А. Б. Темірбекова. - Алматы : Экономика, 2008. - 188 б.

Наши рекомендации