Азақстан экономикасын жедел түрлендіру туралы. ҚР Президентінің 28.01.2011
жылғы халыққа жолдауынан. 1991 жылдың желтоқсанында, өзіміздің стратегиялық мақсатымыз ретінде орнықтылық пен табысқа жетуді таңдап ала отырып, біз әр жаңа кезеңнің дамуына жаңа бағдарламалар жасап, алға жылжыдық.Біз кеуделі міндеттерге ұмтылып, оларға қол жеткіздік.Ел ілгерілеуінің шоғырланған көрсеткішін ғана келтірейін.1994 жылы жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім жеті жүз доллардан сәл ғана асатын.
2011 жылдың 1 қарашасына қарай бұл көрсеткіш 12 еседен артық өсіп, 9 мың АҚШ долларынан асып түсті.Біз бұл деңгейге тек 2015 жылы ғана жетеміз деп есептеп едік.Әлемдік тәжірибе тәуелсіздіктің алғашқы 20 жылында мұндай нәтижеге ешқандай ел қол жеткізе алмағанын көрсетеді.Мысалы, егемен дамудың алғашқы жиырма жылында жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім Оңтүстік Кореяда 3 есе, Малайзияда – 2 есе, Сингапурда – 4 есе, Венгрияда – 5 есе, Польшада 4 есе өскен.2010 жылдың қаңтарында ел халқына Жолдауымда мен Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жария еттім.Қазірдің өзінде оны жүзеге асырудың алғашқы жылының нақты қорытындылары бар.
Біз 152 кәсіпорынды іске қостық, 24 мыңға жуық қазақстандықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз еттік.Бүкіл ел бойынша барлығы сегіз жүзге жуық әртүрлі өндіріс орны құрылды.Біз химия және жеңіл өнеркәсіпті белсенді түрде қалпына келтіру мен дамыту үдерісін бастадық, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуде серпіліс жасадық.
2014 жылға дейін жалпы құны 8,1 триллион теңгені құрайтын 294 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.161 мың тұрақты жұмыс орны және 207 мың құрылыс уақытына есептелген жұмыс орны құрылады.
Алғашқы индустриялық бесжылдықтың алғашқы жылының басты қорытындысы – экономиканың нақтылы секторының есебінен экономикалық өсуде елеулі құрылымдық өзгерістердің басталуы.Таяу онжылдықтағы Стратегиялық жоспардың мақсаттарын тағы да еске салып өтейін.2020 жылға қарай біз мынандай көрсеткіштерге қол жеткізуге тиіспіз.Ішкі жалпы өнім өсуі кемінде 30 пайыз болады.Өңдеуші салалардағы өсім игеруші салалар деңгейінен асып түседі немесе соған жетеді.Ұлттық қордың активтері ІЖӨ-нің кемінде 30 пайызын құрайды.Экономиканың шикізаттық емес секторына салынатын отандық және шетелдік инвестиция кемінде 30 пайызға артады.Ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 40 пайызды құрайды.Халықтың саны 18 миллион адамға жақындайды.Білікті мамандардың үлесі 40 пайызды құрайды.Жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға дейін төмендейді.Ауыл шаруашылығындағы еңбектің өнімділігі 2014 жылға қарай 2 есе, ал 2020 жылға қарай 4 есе өседі.Аграрлық секторда етті мал шаруашылығын дамыту жөнінде бұрын-соңды болып көрмеген жоба жүзеге асырылады.2016 жылдың өзінде ет экспорты 60 мың тоннаға жетеді, мұның құны 4 миллион тонна бидай экспортына тең.Мемлекет бұл мақсатқа 130 миллиард теңгелік несие ресурстарын бөледі.Бұл ауылдық жерлерде 20 мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, жүз мыңнан астам ауыл тұрғындарының кіріс көзіне айналады. Мұның өзі малдың барлық түрінің асыл түліктері мен тұқымдарының бас санын көбейтуге мүмкіндік береді.Бұлардың барлығы сабақтас салаларда – ауылшаруашылық мәшине жасауда, химия және тамақ өнеркәсібінде, жемшөп өндірісінде, техника жөндеуде өндірісті ұлғайтуға қозғау салады.Үкімет, барлық өңірлердің әкімдері селодағы индустрияландырудың осынау маңызды бөлігімен айналысуға тиіс.Біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі қуат шығындарын азайтуды қамтамасыз ететін тиімді технологияларға негізделуі керек.Шикізаттық емес секторларды дамыту мақсатында Үкіметке Қуат тиімділігінің кешенді жоспарын жасап, бекітуді тапсырамын.Индустрияландыру өңірлік саясаттың жаңа парадигмасын қалыптастырады.
Үкімет әкімдермен бірлесе отырып Өңірлерді дамыту бағдарламасын жасап, бекітуі керек.Мұның барлығы – біздің саналған-сараланған жоспарларымыз.Біз әлі жол басында тұрмыз.Егер жақсырақ, дәулеттірек өмір сүргіміз келсе, біз осы жұмысты атқаруға тиіспіз.Мен бизнес қуатты болса, мемлекет те қуатты деген қағидатты жақтаушымын.
Біз алғаш рет «Мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» Заң қабылдадық.Бақылау жүргізудің бүкіл мемлекеттік органдар үшін ортақ қағидаттары мен тәртібі белгіленген. Бұл бизнеске әкімшілік қысымды бұрынғыдан да азайта түсу үшін жасалды.Құқық қорғау жүйесін реформалау аясында қазірдің өзінде 16 заң қабылданды.
Меншікті қорғаудың құқықтық тетіктері енгізілді, үлкен қоғамдық қауіп төндірмейтін қылмыстар бойынша қылмыстық заңдылықты ізгілендіру жүргізілді, бостандығынан айырумен байланысты болмайтын, сондай-ақ қамауға алуға балама жазаларды қолданудың аясы кеңейтілді. Осының арқасында биылғы жылдың өзінде ауырлығы азын-аулақ және орташа қылмыстары үшін сотталған екі мыңға жуық адам бостандықтан айыру орындарынан шығарылады.
Құқық қорғау органдары аппараттарының саны 15 пайызға қысқартылды. Олардың құрылымдары оңтайландырылды.
Құқық қорғау органдарына тән емес қызметтер жеке секторға берілді.
Сот жүйесінде елеулі өзгерістер жасалуда.Сыбайлас жемқорлықпен бітіспес күрес жүріп жатыр.
Қазіргі таңда халықаралық сарапшылардың бағасы бойынша Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы ең тиімділердің бірі деп танылған.Тек 2 жылдың ішінде қылмыстық жауапкершілікке 40-тан астам республикалық деңгейдегі жетекші, облыстық және қалалық ауқымдағы 250-ден астам лауазымды тұлғалар тартылды, олардың арасында 39 әкім мен олардың орынбасарлары бар.Қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау министрлерінің, статистика жөніндегі агенттік төрайымының, төтенше жағдайлар және қорғаныс вице-министрлерінің, «Қазақстан темір жолы» компаниясы басқарма төрағасының, «ҚазМұнайГаз», «Қазатомпром» компаниялары президенттерінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, жауапкершілікке тартылды.Үш жылдың ішінде біздің еліміз әлемдік антикоррупциялық рейтингтегі көрсеткішін бірден 45 сатыға жақсартты.Осы индекс бойынша біз бүкіл ТМД-да үздік позицияда тұрмыз.
Бұл жұмыс ымырасыздықпен жалғастырылады.Бүкіләлемдік банктің 2010 жылғы баяндамасында Қазақстан бизнес мүддесі үшін реформа жүргізуде көшбасшы деп танылған.Бизнеске неғұрлым қолайлы ахуал жасау жөніндегі әлемдік рейтингте Қазақстан 183 елдің арасынан 59-шы орынды иеленеді.Тұтастай алғанда мемлекеттік органдардың шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне негізсіз араласу фактілері тыйылды деуге жақын қалды.
Өткен жылы Қазақстан, Ресей мен Беларусьтің Кедендік одағы жұмысын бастады.2010 жылдың 10 айының нәтижесінің өзінде Ресеймен және Беларусьпен сауданың көлемі 38 пайызға өсті.Қазақстандық өнімдердің Кедендік одақ елдеріне экспорты 52,4 пайызға артты. Бюджетке құйылатын кедендік баждың өсімі 25 пайыз болды.Осының бәрі Кедендік одақтың біздің елдеріміздің экономикалық міндеттерін шешетін өте прагматикалық әрі нақты жоба екенін ап-анық көрсетеді.Біз Біртұтас экономикалық кеңістік құру ісінде барынша ілгеріледік. Ол кеңістік қазақстандық өндірушілер үшін өнім өткізудің байтақ базарын ашады.Бұл бәсекеге шыдас беретін тауарлар шығару мен қызмет көрсету үшін біздің бизнесімізді ынталандырады.