Тақырыбы: Қазақстан Республикасының дүниежүзілік қауымдастыққа енуі. ЕҚЫҰ-на төрелік етуі.

  1. Қазақстанның геосаяси жағдайы
  2. Қазақстан және халықаралық ұйымдар
  3. Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрелік етуі.

1.Тәуелсіз Қазақстан Республикасына өзіндік сыртқы саясаты ұстанымын қалыптастыру қажет болды.Сыртқы саясаттағы негізгі мақсат-елдің қауіпсіздігін сақтау,саяси және экономикалық қарым-қатынастарда аймақтық,субрегионалдыққұрылымдарға ену,тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау.

«Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан геосаяси жағдайы,экономикалық және әскери-саяси мүдделері,сондай-ақ қол жеткен қуаты Қазақстанды қазіргі халықаралық қатынастарда өзінің айналасындағы елдермен қауіпсіздігін,егемендігін,аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидаларына негізделген тату коршілік аймағын құруға мүдделі ірі аймақтық мемлекет ретінде танытты».

Бүгінгі әлем күрделі де жан-жақты.Бұрынғы кездегі идеологиялық қарама-қайшылық (социалистік жүйе-капиталистік жүйе) енді жекелей мемлекеттердің экономикалық және саяси беделіне ауысты.

1993 жылдың 13 желтоқсанында Үкімет қаулысына сәйкес,ядросыз мемлекеттер қатарында Қазақстан «Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімге»қосылды.Республика аумағында бірнеше жылдар бойы ядролық қару болып келді.Бірак оны Қазақстан өз бақылауында ұстай алған жоқ.ендігі бірден-бір шешім ядролық қарудан бас тарту еді.1994 жылы үш мемлекеттің –Еуропадағы қауіпсіздік пен өзара достық қарым-қатынастар жөніндегі Будапештте өткен Кеңесінде Қазақстанның қауіпсіздігін сақтауға Ұлыбритания, АҚШ және Ресей мемлекеттері өз кепілдіктерін берді.1995 жылы оларға Қытай мен Франция қосылды.Сөйтіп,Қазақстанның тәуелсіздігі,дербестігі,шекара біртұтастығы мен қауіпсіздігі басты-басты ядролық державалар тарапынан кепілдікке алынды.

Ядролық қаруды өз жерінен көшіру үшін республика 84млн доллар алды.1995 жылдың 26 мамырында ядролық қарудың соңғы бөлшектері республика аумағынан әкетілді.1995 жылдың 30мамырында Семей сынақ алаңында қалған ең соңғы ядролық заряд жойылды.

90-жылдары әлемде бірқатар аса маңызды геосаяси және экономикалық өзгерістер болды.КСРО-ның ыдырауы,бұдан кейінгі Ресей жағдайын анықтау,бірігуге бет алған Еуропа мен реформадан кейінгі Қытайдың күшейе түсуі,бірқатар Азия аумағы мемлекеттерінің пайда болуы,жаңа халықаралық жүйенің қалыптасуы,т.б.Осы тұрғыдан алғанда,Қазақстан өзінің сыртқы саясатында мына төмендегі аймақтық саяси одақтарға сүйенеді:

-АӨСШК-Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес-1992 жылдыңқазан айында болды.БҰҰ Бас Ассамблеясында Н:Назарбаев бұл ұйымды қолдап сөз сөйледі.

-Еуразиялық Одақ 1994 жылдың наурыз айындағы Мәскеуге сапары кезінде Н.Назарбаев бұл одақты құру жөнінде мәселе көтерді.

-1992 жылдан бері Қазақстан Экономикалық өзара қарым-қатынас ұйымына Иран,Пәкстан,Түркия,Әзірбайжан,Қазақстан,Ауғанстан,Қырғызстан,Тәжікстан,Түрікменстан,Өзбекстан мүше болды.

Қазақстанның геостратегиялық басымдылығы үш бірдей әлеуметтік және әлемдік қатынастардың саяси орталығына негізделеді.Олар Солтүстік Америка,бірігу бағытындағы Еуропа және Тынық мұхит аймағы.Орталық Азияда орын тепкен жас мемлекетке дүниежүзілік экономикалық кеңістікке шығу әлдеқайда тиімді.

Қазақстанның геосаяси жағдайы,қазақстандық өнімдері дүниежүзілік рынокқа шығару жолдарын іздестіру қажеттігі жан-жақты халықаралық байланыстар орнатуға қосымша негіз болды.

2.Дүние жүзіндегі көптеген экономикалық және саяси жаһандау үрдістері халықаралық құқықтық басты-басты қағидаларын алға қойып отыр.Қазақстан жекелеген мемлекеттермен сыртқы қарым-қатынасында халықаралық құқықтық көпшілік таныған нормаларын сақтауды көздейді.Сондықтан да жас мемлекет үшін БҰҰ,ЕҚЫҰ(ОБСЕ)-(Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы),Халықаралық Еуропалық даму және қайта құру бнктері,Халықаралық валюта қоры,ЮНИСЕФ,ЮНЕСКО,т.б. сияқты ірі-ірі халықаралық ұйымдарға мүше болуы аса маңызды жағдай.

1992 жылғы 2 наурыздағы БҰҰ Ассамблеясынынң 46-сессиясында Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға мүшелікке алу жөніндегі қарарға қол қойылды. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше мән бере отырып, Қазақстан БҰҰ-ның бейбітшілікке бағытталған қызметіне белсенді түрде қолдау көрсетті.1996 жылы Қазақстан БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдайтын шараларына қатыса алатын резервтік келісімдер жүйесіне қосылған 51-ші мемлекетке айналды.

1998 жылы 16 қарашада БҰҰ БА –ның 53-сессиясы «Халықаралық ынтымақтастық және тұрғындарды сауықтыру Қазақстандағы Семей аумағығның экологиясы мен экономикалық дамуы мақстаындағы жұмыстарды үйлестіру» деп аталған қарар қабылданды. Қазақстан басқада Халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесіне айналды. 1998 жылы Республика БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесі жанындағы комиссия құрамына кірді. Қазақстанның БҰҰ-ның балаларға көмек қоры мен ынтымақтастығы кең түрде даму үстінде. Республикада «Бала мен ана денсаулығы», «Базалық білім беру», «Сумен қамтамасыз ету және санитария ісі» және басқа да бағдарламалар бойынша жұмыстар жүргізілді. 1997 жылы Қазақстан БҰҰ-ның балаларға көмек қорының Атқару кеңесіне мүше болды.

1996 жылы мамырда ЮНЕСКО (БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелерімен айналысатын ұйымы)делегациясының Алматыға сапары кезінде үлкен ғаламдық ЮНЕСКО бағдарламаларын (адам және биосфера, Халықаралық гидрология) жүзеге асыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. 1997 жылғы қарашада ЮНЕСКО Париждегі Бас конференциясында Қазақстан ЮНЕСКО-ның Атқару кеңесінің мүшелігіне қабылданды.

1994-1995 жылдарда ЕҚЫҰ –ның төмендегідей құрылымдары мен тұрақты ынтымақтастық байланыстар орнады.: Аз санды ұлттар жөніндегі институты, демократиялық институттар мен адам құқығы бюросы. 1999 жылдың қаңтар айынан бастап, Алматыда ЕҚЫҰ орталығы тұрақты жұмыс істейді.

3. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен Батыс Еуропа елдері әскери-саяси және экономикалық жағынан жақындасуға бет бұрды. Интеграция жолындағы алғашқы қадам 1948 жылы Еуропа экономикалық ынтымақтасу ұйымын құру арқылы жасалды. 1950 жылы мамырда Франция Сыртқы істер министрі Р.Шуман Еуропа елдерін бірлестікке шақырды. Ол ГФР мен италиядан қолдау тауып, оларға Бельгия, Нидерланды, Люксембург қосылып, Еуропа болат және тас көмір бірлестігі (ЕБТБ) құрылды. 1970 жылы Еуропа елдерінде жетілген индустриялы қоғам қалыптасты. Бұл әрине бірліктің арқасында қол жеткен жетістік болатын. Бірлестікке мүше елдер өзара ортақ рынок құрды. 1979 жылдан бастап әр 5 жыл сайын Еуропа экономикалық қоғамдастық (ЕЭҚ) елдерінде Еуропалық парламентке саяси партиялардың қатысуымен сайлау өтіп тұрды.

1980 жылы Еуропарламенттің А. Спинелли бастаған мүшелері Еуропа елдерінің одағын (ЕО) құру туралы бастама көтерді. 1986 жылы Еуропа одағының актісі бекітілді. Бара-бара бұл ұйым шаруашылық мәселелерден күрделі саяси және халықаралық мәселелерді реттеуге ауысып, Еуропаның ынтымақтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қоса бастады. 1991 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап қаржы-экономикалық шартқа сәйкес ЕО елдерінде бірыңғай жаңа ақша – еуро жүретін болды.

2005 жылдары ЕО-ның құрамына 25 ел мүше болды. Сөйтіп, ЕО – тәуелсіз мемлекеттердің өз еріктерімен шарттасуы арқылы құрылған одақ, ол әлемдегі ең қуатты ұйым болып отыр. Бұл ұйым экономика мен экология, адам құқықтары мен азаматтық қоғам, гендерлік теңдік, өркениет пен мәдениет, жаһандық қауіпсіздік және ынтымақтастық мәселелерін шешумен айналысады.

1992 жылы ТМД елдерінің бірқатары соның ішінде Қазақстан ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі отырысына қатысты. 1998 жылы 23 маусымда ЕҚЫҰ-ның Тұрақты Кеңесі ұйымның Қазақстандағы орталығын ашу туралы шешім қабылдады. Орталық өз қызметін 1999 жылы Алматыда бастады. 2007 жылдың 21 маусымында орталық Астанаға көшірілді. Тәуелсіздік алғалы еліміз өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға нақты әрі тұрақты түрде үлесін қосып келеді. Саяси-әлеуметтік тұрақтылық пен экономикасы қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан, сыртқы саяси жетістіктер мен қатар демократиялық қоғам орнатуды басты мақсат ретінде қоя білді. Жаһандық мәселелерді шешуге еліміз өз моделін үлгі есебінде ұсына алды. Еуразия құрлығында қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан жаңа заман талаптары мен сындарына сай қадамдар жасай алды. Бұл әлем назарын елімізге аударды.

2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымындағы төрағалықтың мәртебелі миссиясын Қазақстан аса зор жауапкершілік сезіммен қабылдады. Осы күнгі жетістіктерге Қазақ халқының толеранттылығы мен Елбасының ерен еңбегі арқасында қол жеткіздік

Қазақстан 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) төрағасы болды. Төрағалықтың басты нәтижелі түйіні – ЕҚЫҰ-ның онжылдық үзілістен кейінгі 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда өткен Астана Саммиті. Оған дейінгі жоғары деңгейдегі басқосу 1999 жылы Ыстамбұлда өткен болатын.

Қазақстан бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдер арасынан ұйымға төрағалық еткен бірінші мемлекет болды. Бұл тарихи шешім мүше мемлекеттердің тең құқықтылығы қағидатының өз пәрменділігін сақтағанын көрсетті, сонымен қатар республикамыздың стратегиялық маңызды өңірдегі және бүкіл ЕҚЫҰ кеңістігіндегі барған сайын артып келе жатқан рөлінің мойындалғаны болды.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының ұраны латынның төрт «T» әрпі болды: сенім (trust), дәстүр (tradition), транспаренттілік (transparency) және төзімділік (tolerance). Сенім – халықаралық қатынастарда барлық елдер үшін қажет басты ресурс, соншалық мәнді тарихи өзгерістер кезінде ол өзінен өзі түсінілетін нәрсе бола алмайды. Дәстүр Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның іргелі қағидаттары мен құндылықтарына адалдығын айшықтайды. Транспаренттілік мейлінше ашықтықты, «қосарланған стандарттың» және «жіктеу шектерінің» жоқтығын, сонымен қатар қауіпсіздік саласында басты назарды сындарлы ынтымақтастыққа бағыттауды аңдатады. Төзімділік – бұл мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогтың барған сайын артып отырған маңызын сезіну.

Астана Саммиті ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының алдын ала байқалған дағдарыс нышандарын еңсеруде және оларды Ұйымға қатысушы елдер арасынан аластау бағытындағы саяси жігерінің айқын көрінісі болды. Оған қоса, Саммиттің Еуразия жүрегінде, Еуропаның жағырапиялық шекараларынан мыңдаған шақырым жерде өтуі еуропалық қауіпсіздіктің өзгерген қазіргі заманғы парадигмасының көрінісі іспетті. Қазақстан астанасындағы басқосу Ұйым кеңістігін жайлаған халықтардың қауіпсіз болашағына қарай бірге басқан қадамның жалғасына айналды. Еуро-атлантикалық және Еуразиялық кеңістіктердегі тұрақты қауіпсіздік мәселелері, Ауғаныстан түйткілі, «тоңы жібімей келе жатқан» қақтығыстарды шешу жайы Саммиттің негізгі тақырыптары ретінде талқыланды.

Қазақстан Президенті қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың анағұрлым кең координаттардағы – «мұхиттан мұхитқа дейінгі» жаңа деңгейіне көшу туралы мәлім етті. Атап айтқанда, әңгіме қауіпсіздіктің төрт мұхит шекарасындағы – Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа және Солтүстік Мұзды мұхитынан Үнді мұхитына дейінгі біртұтас кеңістіктігін қалыптастыру жөнінде өрбіді. Осылайша, Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті біртұтас және бөлінбес қауіпсіздіктің Еуро-атлантикалық және Еуразиялық қоғамдастығы құрылуына бастау жасап берді.

Саммитке ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер мен ынтымақтастық жөніндегі серіктестерден 38 мемлекет және үкімет басшысы, бір вице-президент, жеті үкімет төрағасы орынбасары, он төрт министр және өзге де жоғары лауазымды шенеуніктер, сонымен қатар басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері қатысты. Олардың қатарында ЕҚЫҰ Бас Хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун, Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев, АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, Германия Федеральдық Канцлері Ангела Меркель, Италия Премьер-министрі Cильвио Берлускони, өзге де халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер көшбасшылары бар.

Кездесу соңында аса жоғары деңгейде Астанадекларациясы қабылданды. Онда Саммитке қатысушылар ЕҚЫҰ-ның Хельсинки актісінде және Жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясында, Ұйымның өзге де құжаттарында бекітілген міндеттемелерін, қағидаттары мен құндылықтарын қуаттады. Сонымен қатар, қатысушы елдер өкілдері ЕҚЫҰ-ның барлық үш өлшемі бойынша жұмысты жалғастыруға, жауапкершілігі аймағында орын алып отырған қақтығыстарды реттеуде күш-жігерді артыруға, адам құқықтарын қорғауға, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, жаңа қатерлерге қарсы лайықты жауап қату мүддесі жолында Ұйым жұмысын жаңаша жолға қоюға міндеттенді. Саммиттің басты қорытындысы жаңа тарихи шарттар жағдайында «Хельсинки рухын» жаңғырту болды. Оған қоса, жоғары деңгейдегі басқосу ЕҚЫҰ беделін және оның әлемдегі қажеттілігін арттыруға, мүше мемлекеттер арасындағы сенім мен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана рухы» айрықша белгісіне айналған екікүндік Саммитті «бүкіл ЕҚЫҰ қоғамдастығы үшін тарихи оқиға» ретінде сипаттап берді.

Астанадағы Саммит делегациялар басшылары тарапынан жоғары бағаға ие болды. Сөйтіп, Ұйымның Бас Хатшысы Марк Перрен де Бришамбо Қазақстан елордасында қабылданған шешімдердің Ванкуверден Владивостокқа дейінгі кеңістіктегі барлық негізгі ойыншылардың – мемлекеттер мен ұйымдардың күш-жігерін қауіпсіздікті нығайтудың және ортақ қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың біртұтас стратегиясын жасаудың басты міндетін шешуде жұмылдыруға ықпал ететінін атап өтті. ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммиті «еуропалық ортақ үй» салуға қайтадан кірісуге нақты мүмкіндік берді. БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан төрағалығының мейлінше табысты болғанын атады. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон ЕҚЫҰ Саммиті Қазақстанның халықаралық қоғамдастықта үлкен рөл атқаратынының дәлелі екенін атап айтты.

ЕҚЫҰ – әлемде қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын ірі аймақтық ұйым. Ол Еуропада, Орталық Азияда және Солтүстік Америкада орналасқан 56 елдің басын біріктіреді.

Наши рекомендации