Лттық байлық:мазмұны мен құрылымы
Ұлттық байлық жинақталған әрі нәтижелі көрсеткіштер санатына жатады және мемлекеттің экономикалық даму деңгейінің айнасы десе болады.Ұлттық байлық - бұл материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы және осы уақытта барлығы қоғам меншігінде болады. Ұлттық байлық құрамына мыналар енеді:а) негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар;ә) айналмалы өндірістік қорлар;б) материалдық резервтер мен сақтандыру қоры;в) айналым қоры;г) тұрғындар мүлкі.Ұлттық байлық құрамына негізгі жер, ормандар, сондай - ақ барланған табиғи ресурстар және олар натуралды түрде есептелінеді.Қазақстан өзінің ауқымы бойынша ұлттық байлықтың үлкен көлемін иеленген. Біздің республикада жалпы жер көлемі 222,5 млн.га мөлшерді құрайды, оның ішінде 82%-ауыл шаруашылығы жеріне жатады. Қазақстанда 21,7 млн.га орман мен табиғи егістіктер, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көл мен су қоймалары бар.Өсімдіктер қоры 6 мыңнан астам түрлерден тұрса, ал жануарлар әлемі алуан түрлі.Шабындықтар мен жайылым (162млн. га) көлемі бойынша Қазақстан Австралияны (450 млн. га), АҚШ-ты (320 млн. га) және Қытайды (234 млн. га) ғана алдына жібере алады. Қазақстан пайдалы қазбалар қоры мен олардың алуан түрлері бойынша –ТМД- дағы ең бай аймақтың бірі. Минералдық ресурстар ұлттық табыстың төрттен үшін құрайды.Бұрынғы одақтағы мұнай қорының 9%-ы Қазақстан үлесіне тиесілі болса, ал әртүрлі бағалаушылардың пайымдауынша жалпы әлемдік мөлшердегі мұнайға ТМД үлесі 6-10% құрайды екен. Қазақстанда марганец рудасы (408 млн. т) қорының 13% шоғырланған және мөлшері бойынша тек АҚШ- ты (553млн. т), Украинаны ғана алдына салады.Қазақстан әлемде хром рудасы қоры бойынша екінші орынды иеленді және республика 1990жылы жалпы одақтағы оны өндірудің 96,6%-ын игерген. Жалпы темір рудасы қоры (16662млн. т.) бойынша Қазақстан әлемде Бразилия, Австрия, Канада, АҚШ, Индия, Ресей мен Украинадан соң сегізінші орынды иеленеді.Вольфрам қоры бойынша әлемде Қазақстан бірінші орынды, фосфор рудасы бойынша - екінші, ал қорғасын мен молибден бойынша - төртінші орында.1990жылы бұрынғы Одақтағы 98,2% хромит, 81,7% барит, 64,7% фосфорит, 53% вольфрам, 38,5%-қорғасын, 29,5% молибден, 28,4% мыс, 22,1% боксит, 20,1%асбест, 13%марганец, 11,9% көмір және 9,7% темір рудасының қоры Қазақстан үлесіне келеді. Уран рудасы қорының көптігі бұрынғы Одақтағы уран өндірудің 56% қамтамасыз етті. Республика жерінде Менделеев кестесінің 60-тан астам ең белгілі элементтері табылғанҚазақстанның ауқымды табиғи байлықтарын терең білу мен тиімді игеру - экономиканы дамытудың ең басты жағдайының бірі болып табылады, сондай - ақ елдің ұлттық байлығының үздіксіз өсуінің ең маңызды екендігі де рас.
57.Халықаралық экономикалық қатынастар.Экономикалық Қатынас, Халықаралық экономикалық қатынастар – әлем елдерінің арасындағы шаруашылық байланыстар жүйесі. Э. қ-дың аса маңызды нысандары – халықар. сауда, жұмыс күшінің көші-қоны, капитал әкетілімі мен халықар. несие, халықар. валюталық (есеп айырысу) қатынастары, халықар. ғыл.-тех. және өндірістік ынтымақтастық. Бұл нысандар бір-бірімен тығыз байланысты және өзар іс-қимылда болады. Халықар. сауда Э. қ-дың жетекші нысаны болып табылады. Оның негізгі түрлері:Сыртқы сауда;Капитал(.Негізгі капиталдың бір елден екінші елге аусуы);Ғылыми-техникалық байланыс.(ҒТР шарты жаңа техникалық жетістіктерді енгізу,табиғат ресурстарын үнемді пайдалану және т.б);Орнына келтіру жұмыстары(Мемлекеттің соңғы жылдарындағы жасаған маңызды экономикалық байланыстары)Нисие-қаржы қатынастары(Несие мен займ беру арқылы және тура инвестиция негізінде ірі кәсіпорындар мен қызмет көрсету салаларының салынуы);Қызмет көрсету салалары'Халықаралық туризм.'
58.Негізгі экономикалық көрсеткіштер – экономикалық қызметтің барлық саласын талдауда, есептеуде, жоспарлауда қолданылатын сандық сипаттамалар жүйесі, яки экономикалық үдерістер мен құбылыстардың, олардың даму заңдылықтары мен үрдістерінің сандық сипаттамасы үшін пайдаланылатын абсолютті және салыстырмалы шама.Жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – белгілі уақыт кезеңінде қоғамның қарамағындағы ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген барлық игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Басқаша айтқанда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – бұл ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бір жылдық нарықтық құны. Экономикалық теорияда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. номиналды және нақты түрге бөлінеді. Жалпы ұлттық өнімді ағымдағы нарықтық бағамен есептегенде, бұл оның номинальды түрін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты түрін анықтау үшін номиналды жалпы ұлттық өнімді Ж.Ұ.Ө.-ді инфляция ықпалынан арылту арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы есептеумен анықталады. Нақты ЖҰӨ = номинальды ЖҰӨ баға индексі Номинальды жалпы ұлттық өнімнің нақты жалпы ұлттық өнімге қатынасын жалпы ұлттық өкілінің дефляторы деп атайды. Жалпы ішкі өнім.Осы көрсеткішті ЖҰӨ-нің модификациясы деп қарауға болады. Оған осы елдің территориясындағы барлық экономикалық субъектілер қызметтерінің нәтижесі жатады. ЖҰӨ мен ЖІӨ-нің айырмашылығы: 1-ден ЖІӨ есептегенде ЖҰӨ-нен осы елдің ресурстарын шетелде пайдаланудың нәтижесінде түскен табыстардың сомасын (жалақы, проценттер, дивиденттер) алып тастау керек. 2-ден, ЖІӨ-ді есептегенде ЖҰӨ-ге шетелдіктердің осы елден алынған табыстарын қосу керек.