Йымдық жетілмегендік» фильтрін қолдану.
Туристтік жетекшіге коммерциялық немесе әкімшілік қызметтерден маркетингтік ақпарат ауызша хабарлама, мәліметтер түрінде келеді. Ақпараттарды сапалық қабылдау үшін «ұйымдық жетілмегендік» фильтрі қолданылады. Бір маман ақпараттың шынайылығын тексеруі керек.
Фильтрдің бірнеше түрлері бар. «төменгі біліктілік-1» фильтрі біртіндеп туристтік кәсіпорынға енгізілуде.
«төменгі біліктілік-2» фильтрі басшылықтың маркетингтік ақпараттармен жұмыс істей алмауы кезінде қолданылады. Басшылар қызметкерлерінің алдында беделін түсірмеуі үшін түсініксіз ақпаратты тастап кетеді. Мамандар мұны ескеріп, басшыға мәліметті мәтін, кесте немесе график түрінде берулері керек.
«ақпаратты өңдеу тәсілі» фильтрі маркетингтік ақпаратты математикалық тәсіл қолдану арқылы пайдаланылады.
«ойдағыдай құру» фильтрі пайда болған мәселелерді менеджер стандартты тәсілдермен шешуге бет бұрғанда қолданылады. Күрделі маркетингтік ақпарат келіп түскенде білікті басшы бұл үлгіге сүйене отырып, тиімді іс-әрекет таңдайды. Сыртқы ортаның анықталмағандығы мен тұрақсыздығы кезінде бұл үлгі тиімсіз.
«нақты билік» фильтрі менеджерлер маркетингтік ақпаратты қабылдамаған жағдайда қолданады. Туристік кәсіпорындарда билікке талас жүргізетін топтар бар. Жеңген топ туристік кәсіпорынның саясатын анықтайды.
«орташа менеджменттің қарсылығы» фильтрі басшының орташа буынды басқарушыларға қарсылығы кезінде қолданылады. Басшылық болып жатқан оқиғаны түсінбей, оны өзіне деген қауіптілік ретінде санайды. Ал орташа буынды менеджер өзін жақтау үшін қажетті ақпаратқа ие емес.
Мамандар қолданатын туристтік кәсіпорынның дамуына ең тиімді тәсілдерге келесілер жатады: әртүрлі қызметтегі және бөлімдегі топ басшыларының анкеттік сауалнамасы; тауар агенттерінің және өтім бойынша басшылардың талдау және бағалау жұмыстары; өткен айналым бойынша сатылымды болжау; корреляциялық талдау және т.б.Сонымен қатар, «нарық үлесі» өтімі негізінде; соңғы қолдану талдауы; сыналатын маркетинг секілді тәсілдерді қолдануға болады. Жоғары дәрежелі менеджерлер стандартты мүмкіндіктер тәсілін, маркетингтегі ағымдық ақпараттың параметрлік тәсілі пайдаланыла алады.
Туристтік кәсіпорынның коммерциялық қызметін жобалаудағы функционалдық үлгінің қолданылуы.
Туризмдегі функционалдық үлгі туристік кәсіпорынның тиімді коммерциялық қызметінде, сонымен қатар, бәсекелестер мен туристік қызметтер нарығындағы ықпалын көрсету үшін қолданылады.
Тұрғызу, зерттеу және қолдану абстракция, аналогия, гипотеза сияқты санаттармен байланысты үлгілеу деп аталады. Туристтік бизнестегі үлгілеу экономикалық, әлеуметтік, мәдени, табиғи, этнографиялық бағыттармен айқындалады.
Үлгілеу процесінің кезектілігі есептің қойылуы мен анықталуында, математикалық үлгіні құру, есептеу және нәтижесін беру арқылы негізделеді. Үлгіні тұрғызған кезде оның эмпирикалық (құбылысты сипаттау) және фукционалдық (сипатталатын затқа анықтама беру) қасиеттері ерекшеленеді. Мысалы, Ресей аймақтарының бірінде балалар туризмін қалыптастыру- бұл бағыт дайындау, сәйкес мамандар даярлау, қауіпсіздік техникаларын сақтау, экологиялық зардаптарды анықтау дегенді білдіреді.
Мысалы, жаңа жыл мерекесінде туристтік жолдама алу мәселесі қарастырылып отыр. Бұл өтім арналарына арнайы талаптар туғызады.
Функционалды үлгілер туристтік кәсіпорын қызметтері ұсынылған каталогта көрсетіледі.
Эталонды үлгілер нарық ортасында таза бәсекелестік, таза монополия, монополисттік бәсеке, олигополия, бәсекелестің күтілмеген іс-әрекеттері анықталады.
Қызмет сапасы жүйесінің үлгісі ұйымдық құрылым, жауапкершілік, процестер мен ресурстардың өзара байланысын көрсетеді. Келесі талаптар қойылады: сапа жағынан саяси құрылым; сапа жүйесінің құжаттық түрі; процестерді басқару; мамандарды дайындау; статистикалық тәсілдер қолдану.
Математикалық үлгі туристтік бизнестің тиімді жұмыс істеуі үшін қолданылады.
Бұл үлгі арқылы экономикалық процестер математикалық тәуелділік түрінде сипатталады.
Экономикалық объект үлгісі нақты статистикалық және эмпирикалық мәліметтермен беріледі, ал тұрғызылған үлгі бойынша есеп нәтижесі болжам және зерттеу объекттеріне баға беруге септігін тигізеді.
Мысал ретінде жақын арада жоспарда бар дайвинг-туризмді келтіруге болады. Менеджерлер алдын-ала дайвинг-туризм үлгісін құрып, оның негізгі құрауыштарын тұрғызу керек.
Оларға аквалангтер жасау, су өткізбейтін киім және аяқ киім, теңіз эллингтерін салу сияқты техникалық-экономикалық бағыттар жатады.
Туризмдағы экономикалық үлгілеуге экономикалық есептілік, оның әлеуметтік-қоғамдық және мәдени-танымдық маңыздылығы жатады. Маңызды рөлді маркетингтік зерттеулер алады,себебі солар арқылы, мысалы, туризм дамуының аймақтық бағдарламалары айқындалады. Зерттелінетін экономикалық процестер арқылы макроэкономикалық(туристтік сала) және микроэкономикалық(туристтік кәсіпорын) үлгілер ерекшеленеді. Туристтік бизнесте дескриптивті (мысалы, клубты демалыстың ары қарай даму ықтималдығы) және нормативті (клубты демалыс үшін керекті нормативті базаның болуы) үлгілер қолданылады.
Туристтік бизнесте экономикалық процестердің маусымдық ауытқушылықтары байқалады. Маусымдылық деп отырғанымыз туристтік кәсіпорынның ішкі жылдық динамикасы.
Экономикалық процестер толқуының периодты өзгеру деңгейі Фурье қатары деп аталатын математикалық теңдеулер болып табылады.
Баланстық үлгілерді жоғары санатты мамандар қолданады. Бұл үлгіде салааралық талдау немесе «шығын-шығарылым» талдауы қарастырылады.
Салааралық талдауда салааралық деп аталатын статистикалық кестелер қолданылады. Олар туристтік саланың динамикасын көрсетеді, мысалы автокөліктік, теміржол, әуе салаларымен байланысты қаржылық жыл.
Мамандар салааралық байланыстағы динамикалық үлгілердің құрылуына көңіл аударады.
Туристтік бизнесте сонымен қатар физикалық үлгілер- толық, жартылай, аналогтық; математикалық үлгілер; табысқа кеткен шығындар үлгісі; аралас үлгі жүйесі қолданылады. Олардың мақсаты- құрылымның,қызметтің, туристтік саладағы шығындардың мақсатты зерттелінуі болып табылады.