Мақсат. Халықтың денсаулығын жақсарту.

Нысаналы индикаторлар/тікелей нәтижелер көрсеткіштері 1 кезең 2 кезең
2011 ж. 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. 2015 ж.
Халықтың медициналық қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі,% (2008 ж.-75,0, 2009 ж.-78,0) 80,0 85,0 87,0 90,0 90,0
Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы, жыл (2008 ж. -67,5 жас, 2009 ж. – 68,5 жас) 68,7 68,6 68,5 69,0 69,2
Жалпы өлім-жітімді төмендету, 1000 адамға шаққанда (2008ж. – 10,3, 2009ж. – 9,8) 8,9 9,3 9,0 8,9 8,7
1 Міндет. Медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттыру
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек шығыстары деңгейінің ұлғаюы, жалпы көлемінен % (2008ж. – 38,4, 2009ж. – 38,6) 36,0 36,2 36,8 37,0 40,0
Дәрігер кадрлар тапшылығын азайту, адам (2008ж. – 45, 2009ж. - 35)
  Біліктілік санаты бар медицина қызметкерлерінің үлес салмағы: дәрігерлер,% (2008ж. -61,2009ж. – 65) 48,0
орта медицина қызметкерлері,% (2008ж. – 56, 2009ж. – 59) 46,1 50,5
Халықтың жалпы санының кемінде 30 %-ын скринингілік тексерумен қамтуды қамтамасыз ету
Тегін және жеңілдікті дәрі-дәрмек препараттарымен қамтамасыз етілген әлеуметтік маңызы бар аурулардың үлес салмағын ұлғайту,% (2008 ж.-42,5, 2009 ж.-62,1) 70,0 80,0 85,0 90,0 100,0
Бейімделген ғимараттарда орналасқан медициналық мекемелердің саны, бірлік (2008 ж.-10, 2009 ж.-10)
2. Міндет. Халықтың өлім-жітімін төмендету
Ана өлім-жітімін төмендету (100 мың тірі туылған сәбиге есептегендегі жағдайлар) (2008 ж.- 35,3, 2009 ж.- 32,0) 27,5 23,6 18,9 18,8 18,7
Сәби өлім-жітімін төмендету (1000 тірі туылған сәбиге есептегендегі жағдайлар) (2008 ж. -20,6 , 2009ж-15,5) 17,6 12,3 13,0 12,9 12,8
Балалардың өлім-жітімін тұрақтандыру және төмендету (1 000 тірі туылғандарға шаққанда 0-жастан 5-жасқа дейін) (2008 ж.-23,5%, 2009 ж. – 18,6%) 18,3 17,5 17,0 16,8 16,4
Қан айналым жүйесі ауруларынан өлім-жітімді төмендету, 100 мың халыққа шақққанда (2008ж- 642, 2009ж. – 517) 427,0 302,0 301,9 301,6 301,0
Онкологиялық аурулардан өлім-жітімді төмендету, 100 мың халыққа шаққанда (2008ж. – 124,1, 2009ж. – 123,2) 89,0 77,6 77,2 77,0 76,0
Туберкулезден өлім-жітімді төмендету, 100 мың халыққа шаққанда (2008ж. - 12 2009ж. – 10) 4,8 3,4 3,3 3,2 3,1
АИТВ инфекциясының таралуын 0,2-0,6 % шегінде ұстау (15-49 жас тобындағы инфекциялар) (2008ж. – 0,7, 2009ж. – 0,7) 0,2 0,2 0,2 0,2 0,2
               

Қол жеткізу тәсілдері:

Денсаулық сақтау басқармасының қатысуымен келесі шаралар көзделуде:

кезең.

· Барлық денсаулық сақтау нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және МТБ нығайту;

· Станционарды алмастыратын медициналық көмектің (күндізгі стационарларды дамыту) аз шығынды нысандарын кеңейту;

· Денсаулық сақтау мекемелерін медициналық кадрлармен, оның ішінде «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» мамандығы бойынша жинақтау және біліктілік деңгейін даярлау және біліктілікті арттыру курстарында оқыту арқылы арттыруды, шебер-санаттарына қатысуды қамтамасыз ету;

· Еліміздің медициналық жоғары оқу орындары өткізетін бос лауазым жәрмеңкесіне медициналық ұйым басшыларының қатысуы;

· Негізгі әлеуметтік маңызы бар аурулардың профилактикалық шараларын, скринингілік зерттеуді, диагностиканы жетілдіруді, емдеу және сауықтыруын күшейту;

· Бейімделген медициналық мекемелердің орнына құрылыс және қайта жаңғырту (2013 жылы қалада 300 орынды көпсалалы аурухана құрылысы);

· АМСК және босануға жәрдемдесу ұйымдарының медициналық қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру;

· Отбасын жоспарлау жөніндегі дәрігерлердің біліктілік деңгейін арттыру;

· Әйелдер мен балаларды алдын ала профилактикалық тексеруден және скринингілік зерттеуден өткізу;

· Бала жасындағы аурулардың ауысуын жүргізу (БЖААЖ) бағдарламасы бойынша жұмыстарды жандандыру;

· Жүрек-тамыр ауруларымен науқастанушылардың нақты есебін жақсарту, ерте кезеңде анықтауды жүргізу және скринингілік талдау (БСК, АГ);

· Онколог дәрігерлері мен АМСК дәрігерлерінің қатерлі ісікті алдын алу біліктілігінің деңгейін арттыру;

· Халықты туберкулезбен науқастану қаупі факторлары және аурудың алғашқы белгілері туралы ақпараттық түсіндіру;

· Қауіпті топ арасында туберкулезді уақытылы флюрографиялық зерттеулер арқылы ерте анықтауды қамтамасыз ету;

· Халықтың ВИЧ\ЖҚТБ туралы ақпараттануын арттыру;

кезең.

· Барлық денсаулық сақтау нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және МТБ нығайту;

· Оқыту жоспарына сәйкес, ел ішінде дәрігерлерді даярлау және біліктілігін арттыру;

· Оқыту жоспарына сәйкес, облыстың орта медициналық мамандарын даярлау және біліктілігін арттыру;

· Жалпы тәжірибедегі дәрігерлерді даярлау (6 ай) және оларды мамандығы бойынша жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету;

· Еліміздің медициналық жоғары оқу орындары өткізетін бос лауазым жәрмеңкесіне медициналық ұйым басшыларының қатысуы;

· Негізгі әлеуметтік маңызы бар аурулардың профилактикалық шараларын, скринингілік зерттеуді, диагностиканы жетілдіруді, емдеу және сауықтыруын күшейту;

• Бейімделген медициналық мекемелердің орнына құрылыс және қайта жаңғырту жүргізу;

• 2014 жылы «Үйтас» саяжай қауымдастығында фельдшерлік-акушерлік пункттер құрылысы, 500 қатынасуға емхана және 300 орынды көпсалалы аурухана құрылысы жоспарлануда;

· 2015 жылы Еркін ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға жапсарма құрылысы және Еңбек ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға жапсарма құрылысы, сонымен қатар 300 орынды көпсалалы аурухана құрылысының жұмыстарын аяқтау жоспарлануда;

· Босануға жәрдемдесу ұйымдарының медициналық қызметкерлерінің ұрық дамуындағы тума кемшіліктерді анықтау бойынша біліктілігін арттыру (УЗИ диагностика);

· Жүкті әйелдерді қауіпсіз аналық қағидаларына оқыту;

· Әйелдер мен балаларды алдын ала профилактикалық тексеруден және скринингілік зерттеуден өткізу;

· Жүкті әйелдер мен балаларды тегін және жеңілдікті дәрі-дәрмекпен 100% қамтамасыз ету;

· Онколог дәрігерлері мен АМСК дәрігерлерінің қатерлі ісікті алдын алу біліктілігінің деңгейін арттыру;

· Жүрек-тамыр ауруларымен науқастанушылардың нақты есебін жақсарту, ерте кезеңде анықтауды жүргізу және скринингілік талдау (БСК, АГ);

· Халықты туберкулезбен науқастану қаупі факторлары және аурудың алғашқы белгілері туралы ақпараттық түсіндіру;

· Халыққа ВИЧ-ке жасырын тестілену және кеңес алуға қол жетімділікті қамтамасыз ету.

3-мақсат. Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін құру

Нысаналы индикаторлар/тікелей нәтижелер көрсеткіштері 1 кезең 2 кезең
2011ж 2012ж 2013ж 2014ж 2015ж
  Жұмыссыздық деңгейі, % (2008 ж.–5,9%, 2009ж.– 6,0%) 4,6 4,6 4,5 4,5 4,4
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі, % (2008 ж.- 20,1%, 2009 ж.- 15,5%) 15,0 6,2 5,9 5,7 5,0
Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында), % 84,6 87,0 87,0 87,0 87,0
1 Міндет. Тиімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу
Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған адамдардың санынан жұмысқа орналасқандардың үлесі, % (2008 ж.–88,7%., 2009 ж .-95,5%) 95,8 88,4 97,4 97,6 97,9
Құрылған жұмыс орындарының саны, бірлік. (2008 ж.-2214 бірл., 2009 ж.-2218 бірл.)
Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санындағы өз-өзін жұмыспен қамтыған тұрғындардың үлесі, % 27,5 25,6 25,5 25,4 25,2
2 Міндет. Халықтың әл-ауқатын жақсарту
Ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының өсу қарқыны,% (2008 ж.- 121,1%, 2009 ж.- 104,6%) 118,7 122,5 107,0 107,0 107,0
3 Міндет. Арнайы әлеуметтік көмек көрсетудің жүйесін дамыту
Жеке сектор субъектілерімен (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдармен) ұсынылатын, арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалар үлесі 0,6 0,6 0,6
                       

Қол жеткізу тәсілдері:

Жұмыспен қамту орталығының қатысуымен келесі шаралар көзделуде:

кезең.

· Жұмыспен қамтудың белсенді нысандары мен азаматтарды әлеуметтік қорғауды дамыту (қоғамдық жұмыстарды, кадрларды кәсіби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, бос орындар жәрмеңкесін өткізу, бітірушілерді жастар тәжірибесіне бағыттау);

· Ауылдық жерлерде басымдылықпен жұмыспен қамтудың белсенді нысандарын ары қарай дамыту – қоғамдық жұмыстарды, кәсіби дайындау және қайта дайындауды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жастар тәжірибесін ұйымдастыру;

· Кәсіпкерліктің негізін оқыту есебінен 28 адам және «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыру шегінде 32 шағын несиелеу есебінен ауылдық елді мекендерде өзін-өзі қамтыған халық санын төмендету;

· 3 әрекеттегі өндірісті кеңейту және 15 жаңа өнеркәсіп ашу есебінен 556 жұмыс орнын құру;

· Арнайы әлеуметтік көмекті көрсету мәлелелері бойынша халыққа ақпараттандыруды арттыру.

2-кезең

· Еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес, дайындау, қайта даярлау, кәсіби оқыту жүйесін дамыту;

· Жұмыс берушілер есебінен кадрларды ішкі өндірістік оқытуды, дайындауды және қайта дайындауды дамытуға жәрдемдесу;

· Халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуды арттыру;

· Бос орындар шараларын, өңірлік жәрмеңкелер, оның ішінде жастармен және жұмыссыз халықты жұмыспен қамтуға бағытталған ұйымдардың бітірушілерімен мамандандырылған кездесулер ұйымдастыру;

· Кәсіпкерліктің негізін оқыту есебінен 45 адам және «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыру шегінде 60 шағын несиелеу есебінен ауылдық елді мекендерде өзін-өзі қамтыған халық санын төмендету;

· 10 жаңа өндірісін кеңейту есебінен 480 жұмыс орнын жасау;

· Арнайы әлеуметтік көмекті көрсету мәлелелері бойынша халыққа ақпараттандыруды арттыру.

Наши рекомендации