Халықаралық экономикалық қатынастардың мәні және формалары

Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формалары мыналар: 1) Халықаралық сауда; 2) Халықаралық несие; 3) Өндірістік факторлардың (еңбек, капитал) халықаралық ауысуы; 4) Халықаралық ғылыми – техникалық байланыстар; 5) Экономикалық интегр

Макроэкономикалық құбылыстар мен процестер көптеген үй шаруашылығы мен фирмалардың қабылдаған шешімінің нәтижесінде пайда болады, сөйтіп микродеңгейде қалыптасады. Дегенмен сыртқы экономикалық байланыстарды, яғни оның ашықтық деңгейін ескермесек, кез келген ұлттық экономиканы талдау толық болмас еді. Ұлттық экономиканың өзара әрекет ету заңдылықтарын зерттей отырып, халықаралық сауданың себептерін, төлем қозғалысы, сол сияқты сауда қарым-қатынасын, оның қоғам игілігіне әсерін регламенттеуші және айқындаушы экономикалық саясатқа көңіл бөлу қажет. Мемлекеттердің табыстары мен төлемдерінің балансын талдауды талап ететін сыртқы тепе-теңдікке қол жеткізу макроэкономикалық мәселе болып табылады, себебі мұндай баланстың болмауы ішкі экономикалық саясатты жүзеге асыруда біраз проблемалар тудыруы мүмкін.

Ең ежелгі және дәстүрлі халықаралық экономикалық қарым-қатынас формасы сыртқы сауда болып табылады.

Халықаралық сауда қатысушы елдер арасындағы жиынтық тауар айналымы. Жекелеген елдер үшін ол импорт және экспорттан тұрады.

Халықаралық сауданың себептерін зерттеу – халықаралық сауданың әр алуан теорияларының басты мәселесі. Халықаралық сауданың классикалық теориясының негізін салушы ағылшын экономистері А.Смит, Д.Рикардо. Олар халықаралық сауданың көмегімен мамандануды дамытып, өздерінде бар ресурстардың өнімділігін көтеріп, осылайша шығарылатын тауарлар мен қызметтердің көлемін ұлғайта алатынын, демек сол арқылы әр ел халқының тұрмыс жағдайын жақсартатын құрал екенін дәлелдеді.

Абсолютті артықшылық теориясы (Адам Смит) Негізгі қағидалары: Егер екі жақ та өздерінде аз шығынмен өндіретін (яғни абсолютті артықшылыққа ие болатын) тауарды шығаруға толық маманданса, олар максималды ұтысқа ие бола алады және өзара сауда жасай алады. Кемшіліктері: Транспорт шығындарын көтере алмау, ақша емес, тауармен алмасу, еңбектің ішкі шоғырлануы. Еңбектің ішкі шоғырлануы – баламалы шығындардың тұрақтылығын көз-дейді. Шын мәнінде ол өндіріс көлемі өсуімен бірге өсіп отырады. Салыстырмалы артықшылық теориясы (Давид Рикардо) Негізгі қағидалары: Барлық елдер үшін халықаралық айырбас керек және мүмкін. Кез келген елде қолдағы шығындар арақатынасы жағдайында өндіруі өзіне тиімді тауар түрі табылады және дәл осы тауарды экспортқа шығаруы тиіс. Салыстырмалы артықшылық шығын-ның салыстырмалы мөлшерімен өлшенеді.  

XX ғасырдың басында швед экономистері Э.Хекшер, Б.Олин өндіріс факторлары арақатынасының теориясын жасап шығарды.

Өндіріс факторлары арақатынасының теориясы (Эли Хекшер, Бертиль Олин) Негізгі қағидалары: Өндіріс шығындарындағы елдер арасындағы айырмашылық тауар өндірудегі әр түрлі факторлардың үйлесімімен және онымен салыстырмалы қамтамасыз етілуімен анықталады. Елдер экспортқа өндіріс факторларының үлкен шығындарын талап ететін, өздерінде салыстырмалы артық тауарды шығарады және неғұрлым аз шығындарымен өндірістің тапшылықты факторын өндіріс факторы кері пропорциялы тауарларға айырбастайды.  

«Леонтьев парадоксы» Хекшер-Олин теориясын дамытуға мүмкіндік берді:

1) бір жағынан, барлық өндіріс факторларын еңбекке, капиталға, жерге әкеп тіреуге болмайды, екінші жағынан, өндіріс факторларының біртектес емес екенін, яғни оның сапасын есепке алу керек;

2) табиғи ресурстың бір бөлігі өндіріс процесінде тек капиталдың үлкен ассоциациясы арқылы қатыса алады;

3) мемлекетпен жүргізілетін сыртқы сауда саясатының халықаралық мамандануға әсерін ескеру керек.

Экономистер осы күнге дейін дүниежүзілік саудадағы жаңа тенденцияларға түсінік алу үшін өндіріс факторларының арақатынасы теориясының негізгі тұжырымдарын қалайша жаңартуға немесе ауыстыруға болатындығы жөнінде пікір таластырып келеді.

Бұл мынадай неотехнологиялық теориялардың тууына әкелді:

- төмендеуші шығындар теориясы (немесе «масштаб эффектісі»);

- технологиялық айырылу теориясы;

- өнімнің өмірлік цикл теориясы;

- бәсекелестік артықшылықтар теориясы.

Сыртқы сауда экспорт, импорт сыртқы сауда айналымы туралы мәнді ұғымдардың көмегімен бағаланады. Экспорт мен импорттың ақша өлшеміндегі барлық сомасы сыртқы сауда айналымын құрайды, ал елдің экспорты мен импортының арасындағы айырма сыртқы сауда балансын көрсетеді. Сыртқы сауданың бұл көрсеткіштерінен басқа да көрсеткіштер есептеледі: экспорттық квота, сыртқы сауда квотасы.

Сыртқы сауда дегенеміз – салық жєне импорт пен экспортқа тікелей шек қою арқылы сыртқы сауданы мемлекеттік реттеумен байланысты сыртқы экономикалық саясаттың салыстырмалы дербес бағыты.

Көрсетілген факторлардың әрекеті қазіргі сыртқы сауда саясатындағы екі тенденцияның тұрақты өзара әрекетін тудырады: либерализация және протекционизм.

Протекционизм – ішкі нарыќты шетел бєсекесінен қорғауға бағытталған мемлекет саясаты, кейде сыртқы нарыќты жаулап алуға да бағытталады.

Либерализация (еркін сауданы қорғау) – сыртқы сауда байланысының дамуына кедергі келтіретін кеден және басқа да кедергілерді бәсеңдетумен байланысты.

Сыртқы сауданы жүргізуде мемлекетпен қолданылатын құралдарды тарифтік және тарифтік емес деп бөлуге болады.

Кесте Б 9.2

Наши рекомендации