Дәріс тақырыбы. Халықаралық экономикалық қатынастар. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу.

Халықаралык, экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүние жүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.

Американ ғалымы Дж. Сакстың пікірінше „қандай бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жок.

Халықаралық экономикалық қатынастардың мынандай:

1. Халықаралық еңбек бөлінісі.

2. Тауарлар және қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы.

3. Капиталдар мен шетел инвестицияларының қозғалысы.

4. Жұмысшы күшінің халықаралык, миграциясы.

5. Халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастары.

6. Халықаралық экономикалық интеграция.

Халықаралық сауда — еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өидірушілер арасыда пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың өзара экономикалық тәуелділігі.

Ғылыми-техникалық прогрестің ықпалымен экономи-када жүріп жатқан қүрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.

Халықаралық сауда дегеніміз — дүние жүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы.

Сыртқы саудада „фритредерствоны" (еркін сауда), немесе „протекционизмді" (өз тауар өндірушілерін қолдау) таңдап алудағы ымырсыздық өткен уақыттардың еншісінде қалды. Қазіргі кезде бүл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.

Фритредерство саясатын ең алғаш А. Смит өзінің „Салыстырмалы артықшылықтар теориясында" анықтаған. Ол: „айырбас қандай елге болса да қолайлы; әрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады",— деп жазған.

XX ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен жедел дами бастады.

Халықаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етті:

1) халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісгі интернационалдаудың дамуы;

2) экономикада жаңа салалардың пайда болуына және негізгі капиталды жаңартуға игі әсерін тигізген ғылыми-техникалық революция;

3) дуниежүзілік нарықтағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі;

4) тарифтер мен сауда туралы Бас келісімнің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі;

5) көптеген елдердің импортына кедергілердің жойылып, кеден бажы төмендеп, еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;

6) сауда-экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей нарықтардың қалыптасуы;

7) сыртқы нарыққа бейімделген экономикасы бар „жаңа индустриалды елдердің" пайда болуы т. б.

Халықаралық сауданың көрсеткіштері:

Сыртқы сауда айналымы=Экспорт+Импорт;

Сауда байланысы=Тауарлар экспорты мен импорт айырмасы;

Белсенді сальдо – экспорттан түскен табыс сомасының импортқа кеткен шығынынан артық болуы.

Енжар сальдо – импортқа кеткен шығын сомасының экспорттан түскен табыстан артық шығуы.

Экспортты квота – экспорт шектеулі болған жағдайда экспортқа шығаруға рұқсат етілетін тауарлар саны.

Халықаралық еңбек бөлінісі дамуының негізгі бағыты халықаралық мамандану мен өндірісті кооперациялауды мейлінше кеңейту және тереңдету.

Халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз—қоғамдық еңбектің еларалық бөлінісінің жоғарғы сатысы. Ол жекелеген елдердің, экономикалық пайдалы ендіріске түрақты түрде маманданып, белгілі сандық және сапалық арақатынастар арқылы басқа елдермен өндіріс өнімдерімен алмасуы.

Мамандану мен кооперациялау халықаралық еңбек бөлінісінің нысандары, сонымен қатар оның мәнін анықтаушы категориялар. Кәсіпорындардың жекелеген өнімдерді өндіруге мамандануы қазіргі ғылыми-техникалық прогреске тікелей байланысты. Өндірістің технологиялық құрылымының күрделенуі өнім өндіру үшін пайдаланатын бөлшектер мен тетіктердің сандық мөлшерін көбейтіп жібереді.

Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуына ең алдымен әсер ететін факторларға еңбек өнімділігін арттыру, өндірістің жоғары тиімділігіне жету және өндіріс шығындарын мейлінше төмендету факторлары жатады.

Халықаралық еңбек бөлінісінің тартымдылығы сонда, бұл процеске қатысушы әрбір субъект одан өзінің экономикалық мүддесін қанағаттандыратын мүмкіндіктерді іздеп табады.

Халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарына экспортталатын тауарлардың халықаралык, және ішкі бағалары айырмашылығынан және тиімді импортты ынталандырудан түсетін пайдаларды да қосуға болады.

Дүниежүзілік шаруашылык, жүйесі құрылуының өзі халықаралық еңбек бөлінісінің біріктіруші қызметінің арқасында мүмкін болды.

Валюталық қатынастар дегеніміз — дәстүрлі ақша қызметінің дүниежүзілік ақша қызметіне ауысуымен байланысты жүзеге асатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Дүниежүзілік ақша сыртқы сауда мен қызмет көрсетулерді, капиталдар қозғалысын, пайданы инвестицияларға аударуды, несие және қарыз беруді, ғылыми-техникалық айырбасты, туризмді, заңды және жеке тұлғалардьщ ақша аударуын қамтамасыз етеді.

Валюталық қатынастар ұлттық және халықаралық деңгейде жүзеге асады. Ұлттық деңгейде олар ұлттық валюта жүйесін қамтиды.

Ұлттық валюта жүйесі дегеніміз— мемлекеттік заңдармен бекітілген, елдің валюталық қатынастарын ұйымдастыру нысаны (формасы).

Ұлттық валюта жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады:

· Ұлттық валюта бірлігі;

· ресми алтын-валюта қорының қүрылымы;

· Ұлттық валютаның паритеті мен валюта курсын қалыптастыратын механизмі;

· валютаиың айырбасталу мүмкіндігі (обратимость, конвертируемость валюты);

· валюталық шектеулердің деңгейі;

· мемлекеттің сыртқы экономикалық есептеулерді жузеге асыру тәртібі.

Ұлттық валюта жүйесін байланыстыратын буынға валютаның курсы (құны) мен паритеті жатады.

Валютаның курсы дегенімізжекелеген елдердің валюталарының ара қатысы немесе басқа елдің валютасы арқылы көрсетілетін жеке бір ел валютасының „бағасы".

„Паритетвалюталардың алтын мөлшеріне сәйкес ара қатысы. Паритет валюта курсының негізі, бірақ валюта курсы (құны) оның паритетіне дәлме-дәл келмейді.

Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзілік шаруашылық шеңберіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың нысаны.

Бұл жүйе дүниежүзілік капиталистік шаруашылықтың бірте-бірте қалыптасуы нәтижесінде пайда болып, кейінірек мемлекетаралық келісімдер арқылы заңдастырылған.

Халықаралық валюта жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:

· ұлттық және ұжымдық валюта бірліктерінің қоры;

· халықаралық өтімді (ликвидный) активтердің құрамы мен құрылымы;

· валюталық паритеттер мен курстардың (валюта құнының) механизмі;

· валюталардың өзара айырбасталу жағдайы;

· халықаралық есептеулердің нысандары;

· халықаралық валюта нарықтары мен дүниежүзілік алтын нарығындағы орныққан тәртіп;

· халықаралық валюта-қаржы қозғалысын реттеуші ұйымдар (Халықаралық валюта қоры — МВФ, Халықаралық даму банкі — МБРР және т. б.)

Халықаралық Валюта жүйесінің негізгі міндетттеріне тұрақты экономикалық өсуді, инфляцияны ауыздықтауды, сыртқы экономикалық айырбас пен төлем айналымын тепе-теңдікте сақтауды қамтамасыз ету шеңберіндегі халықаралық есептеулер мен валюта нарықтарын реттеу жатады.

Халықаралық Валюта жүйесі халықаралық экономикалық қатынастарды кеңейтуге, немесе, керісінше шектеуте әсер ететін ең маңызды механизмдердің бірі.

Негізгі әдебиеттер: 8 нег. [4-13], 25 нег. [1-16], 12 нег. [1-9], 10 нег. [1-26]

Қосымша әдебиеттер: 11 қос. [1-14], 12 қос. [1-12],

Бақылау сұрақтары:

1) Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның орны қандай?

2) Сауда балансы дегеніміз не?

3) Халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз не?

4) Валютаның курсы дегеніміз не?

5) Халықаралық сауданың көрсеткіштері.

Наши рекомендации