Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формалары.

Әлемдік шаруашылық жүйесіндегі экономикалық қатынастар белгілі нышандарда жүзеге асады. Олардың қатарына:

-қызмет көрсету мен тауарлардың халықаралық саудасы

-шетел инвестициялары мен капитал қозғалысы

-жұмыс күшінің халықаралық миграциясы жатады.

Енді осы эконимикалық қатынастардың нышандарын қарастырайық.

Қызмет көрсету мен тауарлардың халықаралық саудасы.Халықаралық еңбек дамып, тереңдеген сайын, жеке мемлекеттер өндірген тауарлар мен қызмет көрсетуді айырбастау обьективті қажеттілікке айналады. Мұндай айырбассыз қай мемлекет те өзінің өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарына деген сұранысын толық қамтамасыз ете алмайды. Міне, осы себептерге байланысты, мемлекеттер арасында экономикалық қатынастардың арнайы нысаны- халықаралық сауда дамиды және тереңдейді.

Халықаралық сауда деп мемлекеттер мен ұлттық шаруашылықтың арасындағы тауар мен қызмет корсету өзара айырбасталуын айтамыз.

Жоғарыда айтқандардың барлығы толыққанды дүниежүзілік саудаға да қатысты. Қазіргі кездегі дүниежзілік сауда халықаралық еңбек бөлінісі дамуына жеке мемлекеттердің табиғи-географиялық жағдайына қатысты тауарлардың жеке түрлеріне мамандануы нәтижесі болып табылады.

Дүниежүзілік сауданың субьектісі жеке тұлғалар, акционерлік, кооперативтік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер болып табылады. Дүниежүзілік сауда ұлттық өнім айырбасының тауар-ақша қатынасы саласы ретінде халықаралық тауар мен қызмет көрсету нарығы, жұмыс күші, капитал, техника және ғылым жетістіктері, т.б. нарықтарына бөлінеді. Әлемдік сауданы аймақтық аймақтық ерекшеліктеріне байланысты жіктеуге болады. Мысалы, азиялық, еуропалық және т.б.

Сыртқы сауда операцияларын іске асыру үшін, әрбір мемлекеттің дүниежүзілік нарықта сұраныс бар тауарлар, импортты төлеу үшін валюта көздері, сондай-ақ сыртқы сауда инфроқұрылымы, көлік құралдары, қойма мекемелері, байланыс құралдары және т.б. болу керек.

Қызмет көрсетулер мен тауарлардың шет елге шығарылуы экспорт деп, қызмет көрсетулер мен тауарлар шетелден алынып келінсе, импорт деп аталады.

Шетелден келетін тауарлар мен шет елге кететін тауарлар соммасы мемлекеттің сыртқы саудадағы тауар айналысын құрайды.

Импорт пен экспорт айырмашылығы сыртқы сауда сальдосы (қалдығы) деп аталады.

Бұл сальдо активті деп есептеледі-егерде экспорт импорттан асып кетсе, ал тауарлар сырттан көп әкелінсе, ол пассивті деп есептелінеді. Сыртқы сауда сальдосы пассивті болған жағдайда, мемлекет басқа елдерге алтынмен немесе валютамен төлеуі керек немесе ол тауар мен тұтыну заттары түрінде өтелуі керек. Сыртқы сауда айналысының активті сальдосы экспорттың импорттан жоғары болғанын байқатады. Осыған байланысты, экспорт құнының ішкі өнім құнына қатынасын экспорттық квота деп атайды. Экономиканың басқа елдермен қарым-қатынасы дәрежесін сол мемлекеттегі әр адамның басына шаққандағы экспорт көлемі көрсетеді.

Өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап дүниежүзілік сауда құрылымында үлкен өзгерістер болды. Егер ХХ ғасырдың бірінші жартысында әлемдік тауар айналысының 2/3-і азық-түлік, шикізат және отынға бөлінсе, ғасыр соңына қарай оларға тауар айналысының тек ¼ ғана, ал өнеркәсіп өндіретін өнімдер еншісі 1/3-тен ¾ ү-ке дейін өсті. Осымен қатар, дүниежүзілік сауданың 1/3-інен астамы 90-жылдары машиналар мен құрал-жабдықтар саудасына тиесілі болды. Осы жерде ғылыми – техникалық революция кезінде дамыған мемлекеттер арасындағы халақаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі көрініс береді. Сонымен бірге өз шаруашылықтарын модернизациялау мен индустрализация іске асыруға кіріскен дамушы елдердің машина мен құрал-жабдықтарды сатып алудың өсуді, машина мен құрал-жабдықтар саудасының жеделедеуі мемлекетаралық айырбас қызметін, әсіресе ғылыми- техниалық, өнеркәсіптік, қаржы-несие, мақсатты ақпараттық қызмет көрсету, консалтинг, лизинг, инжиниринг секілді бірқатар жаңа қызметтің пайда болуына әкеп соқты. Сондай-ақ электротехника және электронды құрал-жабдықтар, әсіресе компьютер саудасы жоғары қарқанмен өсті.

Батыстың дамыған елдеріғылым жетістіктері тауарларын экспортқа шығарушы, ал дамушы мемлекеттер оларды импорттаушы ретінде болуда. Осымен қатар, дүниежүзілік саудадағы қазіргі заманғы өндіріс заттарының негізгі бөлігі дамыған мемлекеттің өзара саудасынан тұрады. Оларға дүниежүзілік сауданың 70% тиесілі болса, дамушы елдер еншісінде дүниежүзілік тауар айналымының небәрі 20%-і ғана тиеді.

Негізгі тауар ағындары үлкен тирада –АҚШ- Батыс Еуропа-Жапония аясында жүруде. Дүниежүзілік экспортта АҚШ 12,3%, Батыс Еуропа 43%, Жапония 9,5% алады. Соңғы жылдары дамушы елдер экономикасында айтарлықтай оң өзгерістер болып жатыр. Олардың ішінде, әсіресе, экономикалық өсудің жоғары қарқынын көрсетіп отырған елдер: Оңтүстік Корея, Тайвань, Гонконг, Сингапур. Осы елдердің дүниежүзілік экспорттағы еншісіне 10,5 % тиіп отыр.

Шетел инвестициясы және капитал қозғалысы.Халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылығы тек халықаралық саудада ғана көрінбейді, сонымен қатар экономикалық қатынастардың капиалды сыртқа шығару, оның иесіне өз капиталын шетелде орналастыру арқылы түсім әкелетін нышандарында да көрінеді. Экономикалық қатынастардың бұл нысаны –капитал иесіне шетелге тауарды шығару тек бір ғана түсім беретін кірістен гөрі бірнеше есе артық кіріс алуына мүмкіндік береді.

Егер алғашқы кезеңде дамыған елдер капиталы дамушы елдерге шығарылса, ал қазір мемлекеттер арасында капитал қозғалысы кең түрде дамып отыр. Олардың әрқайсысы бір мезгілде экспортер де, импортер де болады, яғни оларда капитал салынымдарының қарама-қарсы қозғалысы тән. Бұл жерде мынадай сұрақ туады: неліктен кейбір мемлекеттер, өз экономикасының дамуына қажетті қаражат көздерінің жетіспеушілігіне қарамастан, капиталдарын шетелге шығарады?

Бұған байланысты бірнеше себептер бар. Олар:

- капиталдың шығарылатын шикізат пен жұмыс күші арзан болғандықтан;

- капитал экспортқа шығарылған елде саяси ахуалдың тұрақтылығы немесе ыңғайлы инвестициялық климат болуы;

- белгілі бір саладан капиталдық шамадын тыс жиналып қалуы.

Капитал негізгі екі нысанда сыртқа шағарылады: іскерлік және қарыз нысанында. Іскерлік капитал, өз кезегінде, сыртқа тікелей түрінде немесе портфельдік инвестиция түрінде шығарылады.

Тікелей инвестициялар – бұл жаңа кәсіпорындар салу немесе қызмет істеп жатқан компаниялар акцияларының бақылау пакеттерін сатып алу үшін капиталды сыртқа шығару нысаны.

Басақа елдерде жаңа кәcіпорындарды ашудың немесе жергілікті компаниялар акциялардың бақылау пакеттерін сатып алудың мәні неде? Біріншіден, дамыған елдер үшін дамушы елдерге кәсіпорындар салудың жумыс күшінің арзандығына байланысты . Мысалы дүние жүзіне әйгілі белгілермен шығарылатын атақты фирмалардың киім-кешектерінің көпшілігі Пакстан, Малайзия, Гонконг, т.б. секілді дамушы елдерде өндіріледі. Екіншіден, тікелей инвестициялардың озі басқа елдердің нарығына кіруге мүмкіндік береді. Бұл тек көліктік шығындарды кемітуді ғана емес, сонымен қатар, импорт тауарларына қойылған протекционистік шектеулерден өтуге жағдай туғызады. Және де бұндай кәсіпорындарда жергілікті жұмысшылар жұмыс істейді, бұл жұмыссыздық мәселесін шешуге көмектеседі.

Біздің республикамызда тікелей инвестициялардың басқа нысаны қолданылады – ол тек акцияның бақылау пакетін ғана емес, сонымен бірге бүкіл кәсіпорынды сатып алды. Сонымен қатар мемлекет бюджетке тұрақты табыс алу, республикада жұмыссыздық мәселесін және басқа да әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік алды. Егер алғашында осындай ұлтаралық корпорация құрылады. Олардың кәсіпорындары дүниенің барлық түкпірінде орналасқан. Егер алғашында осындай ұлтаралық корпорациялар өз капиталдарын дамушы елдерде орналастырса, кейінгі жылдары олардың капиталдары дамыған елдерде жұмсалады.

Шет ел инвестициялары мемлекетке пайда әкелуімен қатар, кейбір қиыншылықтарлды да туғызады. Мысалы шет ел капиталының араласуымен салынған немесе шетелдіктер сатып алған кәсіпорындарішкі нарық үшін емес, басқа елдергеөнім өндіреді. Сонымен бірге, бұндай кәсіпорындар шикізат пен жартылай фабрикаттардыжергілікті өндірушіденсатып алмайды, олар шет елдерден әкеледі. Алайда, осы өндіріс заттарын өз республикамызда да өндіруге болады. Бұл – мұнай-газ секторы үшін құрал-жабдықтар және т.б. Мысалы, республиканың өз құрылыс индустрия базасы бола тұрса да, кезінде көптеген құрылыс материалдары басқа елдерден жеткізілді. Сонымен қатар ұлтаралық корпорациялар өз қаражатын дамушы елдерге тек пайдалы қазба байлықтарды игеру мақсатында ғана жұмсауға ынталы болғандықтан, оған өз капиталдарын сатуға ұмтылады да, өңдеу кәсібі орындарының дамуына ешқандай қызығушылық көрсетпейді. Қазақстан экономикасына бағытталған шетелдік тікелей инвестициялардың 80% -і мұнай-газ секторына тиесілі болып тұр.

Портфельдік инвестициялар – бұл шетелдік құнды қағаздарға салынған кәсіпорындарға үстінен бақылау құқығын бермейтін капитал.

Портфельдік инвестицияның ерекше нысаны акцияның бақылау пакеті ұлттық мемлекеттің немесе жергілікті жекеменшік фирмалардың өзінде қалады, немесе шет ел қатысқан бірлескен кәсіпорындар құрылады. Оның төлемі ретінде кірістен өз еншілерін алады. Оны шетелге шығарады немесе инвестиция үшін жергілікті жерде пайдаланады. Ескере кететін жайт, тікелей инвестициялар секілді, портфельдік инвестициялардын да 90%-і дамыған елдер арасында іске асырылады

70-80 жылдары халықаралық несиенің қазіргі заманғы жүйенің негізі болып табылған ссудалық капитал экспортының маңызы тез өсіп кетті. Бұндай несие елдер арасындағы тауар айырбасының өсуіне жағдай туғызды, олардың өзара ақшалай есеп айырысу қызметін жеңілдетті, экономикалық даму үшін сыртқы қаржы ресурстарын қызықтыру мүмкіндіктерін береді, ағымдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі. Капиталды шетке шығарудың бұл нысаны үшін қазіргі жағдайдағы заманда шетелдік тура инвестициялардың ұлғаюы мен дүние жүзілік сауданың қарқыны тән. Яғни, елдің экономикалық гүлденудегі аса маңызды өмірлік мәні бар экономика салдарын дамытуға мүмкіншілік жасалынады. Инвестицияның осы нысаны елде қоғамдық дамудың толық демократиялық принціптері іс жүзінде болған кезде ғана күткен нәтижені береді.

Дүние жүзілік экономиканың дамуына жұмыс күшінің халықаралық миграциясы маңызды ықпалын тигізеді. Мемлекетаралық жұмысшылар күшінің миграциясы дамушы елдер алдында қиын мәселелер тудырады. Олар еңбек ресурстарының әдеттегі жақсы бөлігінен айрылады. Осыған байланысты кейбір елдердің үкіметі маман жұмысшылардың шетелге ағылуын тоқтату саясатын жүргізеді. Өкінішке орай халықтың басқа елдерге ағылуын жалғастырып отырған Қазақстан бұл саясат іске асырып отыр деп айта алмаймыз.

Жоғары дәрежелі мамандардың кетуінен экономикалық және әлеуметтік жағынан төмендеуге қарамастан, дамушы елдер объктиві жағдайларға байланысты миграцияны валюта табудың көзі және мамандар арасында жұмыссыздық төмендеу құралы деп бағалауға мәжбүр болады.

Барлық басқа да экономикалық байланыстардың қалыптасу жағдайында дүниежүзілік шаруашылыққа дамыған елдер мен дамушы елдер арасында жұмыс күшінің миграциясы кең түрде тарады.

Дүниежүзілік шаруашылықтың даму позициясы тұтастығында жұмысшы күшініңтұрақтылық дәрежесінің өсуі ілгершіл процесс деп бағалау қажет.

Индексін ЖҰӨ дефляторы деп атайды. Ол номиналды ЖҰӨ – ді нақты ЖҰӨ – мен салыстыру негізінде анықталады.

Наши рекомендации