Ылмыстық құқықтың ұғымы мен қағидалары

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады.

Қылмыстық құқықтың негізгі принциптеріне мыналар жататады:

1. Заңдылық принципі – бұл принциптің мәні қылмыс пен күресуді заң шеңберіндегі, оның талаптарын мүлтіксіз орындай отырып жүргізуді білдіреді. Ешкімде соттың үкімінсіз, заңға қайшы жолмен кінәлі болып табылмайды.

2. Адамдардың заң алдындағы теңдігі принципі – бұл принцип адамның тегіне, ұлтына, нәсіліне, әлеуметтік, мүліктік жағдайына, тіліне, дінге деген көзқарасына қарамастан заң алдында бірдей жауап беретіндігін көрсетеді.

3. Жауаптылық принципі – бұл принцип бойынша кез келген адам лауазымдық және басқа да жағдайларға қарамастан өзінің істеген қылмысы үшін нақты жауаптылықты мойындауы қажет.

4. Әділеттілік принципі – бұл принциптің мәні қылмыстық жазаға іс-әрекетінде қылмыс құрамының толық белгілері бар адамдар тартылуы керек. Негізсіз, дәлелсіз қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді.

5. Демократизм принципі – бұл принциптің мәні сот төрелігін жүзеге асыру барсында істі қатысушылар мен сол ауданның басым бөлігі білетін тілде жүргізу, егер қажет етсе аудармашының көмегімен қамтамасыз етуді білдіреді.

6. Гуманзим принципі – бұл принциптің мәні кішігірім қылмыстарды алғаш жасаған адамдарға кешіріммен қарап, жеңіл жаза тағайыедап, керісінше ауыр қылмыс жасағандарға неғұрлым ауыр жаза тағайындаудан тұрады.

7. Интернационализм принципі – бұл принцип ұлттық теңдікті бұзғаны үшін, басқа мемлекеттің мүддесіне, халықаралық қауіпсіздікке, ұлттар арасындағы бейбітшілікке қарсы қылмыстар үшін жауакершілік белгілейтін нормалардан көрініс табады.

Қылмыстық құқық – жалпы құқық жүйесінің негізгі бір саласы және пән болып табылады. Осы ұғымдардың жиынтығын қосылып, қылмыстық құқық деген түсінікті білдіреді.

Құқық саласы ретінде қылмыстық құқық заң шығарушы органдар қабылдаған қылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудың тәртібі мен шарттары, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды белгілейтін заңдылық нормаларының жиынтығы болып табылады.

Қылмыстық құқық нормалары мазмұнына қарай екі түрлі қызметті жүзеге асырады. Біріншісі – қылмыстық құқық ережелері, принциптері мен институттарын белгілеу арқылы қылмыс пен жазаны анықтайды.

Екіншіден – қылмыс қатарына жататын белгілерін, шеңберін және жаза тағайындайтын жаза түрлерін, шегін белгілейді.

Қылмыстық құқық пәні қылмыс істеуге байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды ретке келтіреді.

Қылмыстық кодекстің 2-ші бабынада қылмыстық міндеттері белгіленген, яғни

1. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды

мүдделерін, меншігін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасы конститутциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын қорғау, қылмыстардың алдын – алу болып табылады.

2. Міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық жауаптылық негізі

белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үщін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады.

Қылмыстық құқық міндеттері қылмыстылықтың жағдайы мен деңгейіне тікелей байланысты, Қылмыстық заңның басты міндеттерінің бірі қылмыстан сақтандыру болып табылады.

Қылмыстық құқықтың принциптері - заң шығарушыға, ғылымға, құқық қорғау және қолдану органдары мен адамдарға қылмыспен күрес жүргізу саласындағы қажетті, негізгі, міндетті ережелердің көрінісі.

Қылмыс түсінігі Қазақстан Республикасы қылмыстық кодекстің 9-бабында берілген.

Қылмыс қоғамға қауіпті әрекет пен әрекетсіздік. Әрекет адамның қылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, әрекетсіздік – адамның заң, нормативтік актілер, нұсқаулар мен арнаулы жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындауы.

Қылмыс белгісі төрт түрге бөлінеді. Яғни

- құқыққа қайшылық,

- қоғамға қауіптілік,

- кінә,

- жауаптылық (жазаланушылық).

Адамның қылмыстық құқылық норма тыйым салған іс-әрекеттерді істеуін қылмыстық құқыққа қайшылық деп айтамыз.

Қылмыстық сапалық белгісі оның қоғамға қауіптілігі болып табылады. Бұл белгі қылмыстық материалдық мәнін білдірумен бірге қандай іс-әрекеттер қылмыс болып табылатынына түсінік береді.

Қоғамға қауіптілік – объективтік белгі.

Қоғамға қауіптілік қоғамға зиянды іс - әрекеттің өзінің тікелей ерекшелігіне, уақытына, орнына, тәсіліне, жағдайына байланысты болуы мүмкін. Қылмыстық қоғамға қауіптілік дәрежесі қылмыстық заңда көрсетілген санкция бойынша анықталады.

Кінә - заң қорғайтын объектілерге әрекет пен әрекетсіздік арқылы кінәлі түрде қасақаналық немесе абайсыздықпен қол сұғушылықты білдіреді. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп аталады.

Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып , оның қоғамға қауіпті зардаптарының болуының мүмкін екенін немесе болжай қоймайтын алдын ала білсе, ол зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс болып саналады.

Адам өз әрекетінің қоғамға қауіптілігін ұғынып, зардаптардың болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, ол зардаптардың болуын тілемесе, бірақ саналы түрде жол берсе, ол қылмыс жанама ниетпен жасалған қылмыс болып саналады.

Менмендікпен немесе немқұрайлықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп аталады.

Қылмыстың зардабы ауыр болғанына қарамастан, оны істеген адамның іс-әрекетінде кінәнің белгілі бір тұрі болмаса, ол қылмыстық жауапқа жазаға тартылмайды.

Қылмыстық жауаптылық (жазаланушылық) – қылмыстық міндетті белгісі. Себебі, қылмыстың өзі қылмыстық заң жазамен қорқытып тыйым салған әрекет пен әрекетсіздік болып табылады.

Яғни қылмыс істеген кез келген адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жазаланады.

Қылмыс санаттарына келсек, қылмыстық кодекстің 10 бабы бойынша, қылмыстар, онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр болып санаттарға бөлінеді.


Наши рекомендации