Отырған пәннен сабақ жүргізетін оқытушы бекітеді.

Бүтін санды және бульдік айнымалы

Модельдерге есептер

1-есеп. Ауыл шаруашылығы машиналарын шығаратын зауыт-та бірінен кейін біріне өтетін үш цехта соқаның үш түрлі моделі құрастырылады. Цехтардың бір тоқсандық қуаттары, сәйкесінше: 300, 250 және 200 адам-күн құрайды. Бірінші цехта бір соқаны жинауға әрбір тоқсанда, олардың модельдеріне сәйкесінше: 6; 4 және 2 адам-күн жұмсалса, екінші цехта, сәйкесінше: 3; 4 және 5 адам-күн, ал үшінші цехта соқаның әрбір моделін жинау үшін 3 адам-күн қажет. Соқаның әрбір моделінен зауытқа түсетін пайда, сәйкесінше: 15; 13 және 10 мың доллар құрайды.

Зауытқа оңтайлы жоспар құрып, есептің шешімін талдаңыз.

2-есеп.Ауылшаруашылығының бір ірі кәсіпорны өндірген өнімдерін нарықта өткізетін, 7 қалада сату орындарын ашқан. Менеджердің жіберген қателігіне байланысты кәсіпорынның экономикалық жағдайы нашарлап бара жатқаны байқалып, кәсіп-орынға еріксіз 65 млн. теңге несие алуға тура келді. Соңында, алынған несиесін уақтылы жабу үшін, кәсіпорынға, қалалардағы өнімдерін нарықта өткізетін орындарының біразын тез арада сату керек болды.

Бағалау комиссиясының шешімі бойынша қалалардың реттік нөмірлеріне сәйкес, оларды мынадай: 26,0; 24,5; 22,5; 18,0; 17,0; 16,0 және 15,5 млн. теңге бағаларға сатуға болатыны анықталды. Бірақ, өнімдерді өткізетін орындарды сату, біршама адамдарды жұмыссыз қалдырады, олардың саны қалалардың нөмірлерінің реттері бойынша: 200, 190, 180, 170, 150, 130 және 110 жұмыс-шы құрайды.

Кәсіпорынның мақсаты жұмыстан шығарылатын жұмысшы-лар саны минимальды болатын, қандай қалалардағы өнімдерді өткі-зетін орындарды сату тиімді екенін анықтайтын жоспар құру керек.

Ескерту: Есептің оңтайлы шешімін табу үшін бульдік айнымалылар қолданылады.

3-есеп.Ауыл шаруашылығы машиналарын құрастыру зауыт-тының әкімшілігі, өндірісті жетілдіру мақсатында, онда біршама техникалық-ұйымдастыру жұмыстарын жүргізбекші. Осы жасалы-натын жұмыстар өдіріс аудандарын, еңбек және қаржы шығын-дарын төмендегі кестеде келтірліген мөлшерде қажет етеді.

Барлық жұмыстарды жүргізу үшін зауыт: 1300 адам-күн еңбек қорын, 50 млн. теңге қаржы және 700 м2 өндіріс аудандарын бөлмекші.

Осы бөлінген қорлар деңгейінде, зауыттың өндірісін жетілдіру мақсатта қандай жұмыстарды орындағанда, оның жалпы эконо-микалық тиімділігі максимальды болатынын анықтаңыз.

Жұмыстар Еңбек қорлары, адам-күн Қаржы қорлары, мың теңге Өндіріс ау-дандары, м2 Экономикалық тиімділігі, мың теңге
Станоктар сатып алу        
Ағымдағы жөндеу       -  
Монтаж жасау
Крандарды орналастыру        
Сапалық бақылау     -    
Өндіріске автоматтық жүйені енгізу        

4-есеп.Сут зауытында үш түрлі малдың сүті (түйенің, жыл-қының және сиырдың) төрт түрлі (25, 30, 35 және 40 тонналық) арнайы сиымдықтарда сақталынады. Зауытқа пайдалы жұмыс істеу үшін, күніне жиналатын, аталған малдардың сүттері сәйкесінше: 20, 40 және 60 т кем болмауға тиіс. 1 т түйенің сүтін сақтау шығыны жылқының сүтіне қарағанда 20%, ал сиырдың сүтінен 10% жоғары. Сүттерді бірге бір сиымдыққа сақтауға болмайды.

Сүттерді тиімді сақтау үшін қанша және қандай көлемдегі сиымдықтар қолданылатынын анықтаңыз.

5-есеп.Өндіріс орны үш түрлі бұйымдарды жасау үшін үш түрлі қорларды, мөлшерлері сәйкесінше 10, 11 және 123 өлшем бірліктей пайдаланады. Әрбір бұйымдардың бір данасына керекті қорлар шығындары және олардың бір данасынан түсетін пайда төмендегі кестеде келтірілген.

Қорлар мөлшері Бұйымдардың бір данасына кететін шығын
1-бұйым 2-бұйым 3-бұйым
Пайда, а.б.

Өндіріске максимальды пайда келтіретін жоспар құрыңыз және есептің шешімін талдаңыз.

6-есеп. Кәсіпорын 100 мың теңгеге, өндірістік ауданы 38 м2 жерге орналастыру үшін екі түрлі жабдық сатып алмақшы. А типті жабдықтың 1 данасының бағасы 25 мың теңге, бір жұмыс күні 7 мың бірліктей өнім өндіреді және оны өндірістік ауданы 8 м2 құрайтын жерге орналастыруға болады, ал Б типті жабдықтың 1 данасының бағасы 10 мың теңге, бір жұмыс күні 3 мың бірліктей өнім өндіреді және оны оналастыруға керекті өндірістік аудан 4 м2 құрайды.

Өндірістік ауданның күнделікті өндіретін өнімінің максималь-ды болуын қамтамасыз ететін жабдықтарды сатып алудың оңтай-лы нұсқасын анықтаңыз.

Кфедра кеңесінде талқыланып, бекітілген, хаттама №1, 29.08.2014ж.

Құрастырған, профессор Қ.А. Ахметов

Наши рекомендации