Умақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау. 4 страница

Техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде 14,1мың адам, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 14,2 мың адам (немесе 41,5%) оқытылады. Техникалық және қызмет көрсету бойынша кәсіби мамандарды дайындау 60 мамандық және 30 квалификация бойынша жүргізіледі.

Кейінгі 3 жыл ішінде оқу-өндірістік және кәсіптік лицейлердің, колледждердің лабораторияларының материалдық техникалық базасын жаңарту мәселелері шешіле бастады.

Жол картасы аясында кәсіби дайындықтан және қайта даярлаудан 2009 жылы 109 адам, 2010 жылы – 1082 адам өткен.

Жоғарғы білім

Қалада І.Жансүгіров атындағы мемлекеттік университет және Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы 10494 студент контингентімен жұмыс атқарады. Жалпы студенттер санынан 3823 студент күндізгі бөлімде (оның ішінде 828 адам мемлекеттік білім гранты бойынша) және 6671- сырттай оқу бөлімінде. 2009-2010 оқу жылында 3120 адам қабылданып, 2862 маман дайындалып шығарылған. Қаланың жоғарғы оқу орындарында 392 профессор-педагогикалық қызметкерлер істейді, олардың ішінде 33 магистр, 1 философия докторы, 27 ғылым докторы, 136 ғылым кандидаты, 7 профессор, 57 доцент. Жоғарғы оқу орнының студенттерге сапалы білім беруінің нәтижесі Германия аккредитациялық орталығының халықаралық білім бағдарламасын тағайындауы.

Балалардың құқығын қорғау жүйесі және балалардың заңды мүддесін қорғау

ала бойынша жетім балалар және ататанасының қарауынсыз қалған балалар саны 588, бұл көрсеткіш жаңа туылғаннан 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы санының 1,5% құрайды. Олардың ішінде қазақстандық азаматтардың қамқорлығында – 226, 6 – қазақстандық отбасылардың патронаттық тәрбиеленуінде, 362 бала мемлекеттік 3 мекемеде тәрбиеленуде.

Бүгінгі күнде интернаттардағы тәрбиеленушілерді бала қамқорлығымен айналысатын институттарды дамыту актуалды мәселе.

Білім саласындағы проблемалар:

· Мектепке дейінгі білім берумен 72,9% бала қамтылмай қалуда

· Мектептердің лайықталған ғимараттарда орналасуы

· Отбасыларға қолдау көрсету қызметі, асыраушы ата-аналар мектептерінің жоқтығы

· Жастар саясатын жүзеге асыру инфраструктурасының дамымауы.

Мәдениет

Қалада 25 мәдениет ошағы қызмет етеді. Оның ішінде Б.Римова атындағы 1 облыстық театр, Сүйінбай атындағы 1 облыстық филармония, 1 халық шығармашылығы орталығы, 1 Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау орталығы, 1 Достық Үйі, 11 кітапхана, 5 мәдениет үйлері мен клубтар, 3 музей, 1 көркем сурет галереясы, 31 тарихи-мәдени ескерткіштер.

2005-2009 жылдар аралығында кітапханалар саны 9-дан 11-ге, мәдениет үйлері мен клубтар саны 4-тен 5-ке дейін ұлғайды.

Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі 4 компьютермен жабдықталған. 1 кітапхана Қазақстандық автоматтандырылған кітапхана-ақпараттық жүйесіне қосылған (КАБИС), 1 кітапхана Интернет желісіне қосылған.

Кітап қорын толықтыру мақсатында мемлекеттік тапсырыс бойынша «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі 605 дана кітаппен толықтырылды.

2009 жылы 8 кітапханадағы кітап қоры 324165 кітапты құрады. Оқырмандар саны 17302, кітап беру – 157938, жаңадан түскен кітаптар саны 3191 дана.

Қалалық мәдениет үйлері мен клубтарда 1403 мәдени шара өткізіліп, келушілер саны 1852899 адам болды. Қалалық кітапханаларда 298 шара өткізіліліп, келушілер саны 157940 жетті. Ақылы қызметтен түскен қаржы – 1 млн. 307 мың теңге. 2009 жылы мәдени-көпшілік шараларды өткізуге 6 млн. 670 мың теңге бөлінді.

Қала аумағында 13 тарихи-мәдени ескерткіштер және 18 сәулет ескерткіштері бар.

Мәдениет саласындағы проблемалар:

1. 145 000 адамнан астам тұрғыны бар қаламызда қала тұрғындарының 3/1 бөлігін қамтитындай үлкен концерт залы жоқ. Сонымен қатар қалада 20-ға жуық шығармашылық ұжымдар тұрғындарға өз қызметтерін көрсетіп жүр, әрқайсысының құрамында 50 аса мүшелері бар. Осы ұжымдардың арнайы дайындалуына қажетті би залдарының болмауынан би ұжымдары қала мектептерінің залдарында дайындалуға мәжбүр болып жүр.

2. Материалды-техникалық базаның төмендігі (1 ғана дыбыс жазу студиясының болуы, лед-панелдің, видеомобилдің, киноқондырғылардың жоқтығы), қалалық мәдениет мекемелерінің қызметінің сапасына кесірін тигізіп, қала тұрғындарының күннен-күнге артып келе жатқан қажеттіліктеріне сай емес.

3. Қалалық кітапханалардың кітап қорын орталықтандырылған түрде жабдықтауға қаржыландырудың жеткіліксіз болуы. Кітапханаларда комьютердің болмауы және интернет желісіне қосылмауы.

4. Кадрлар даярлығы мен қайта даярлығы деңгейінің жеткіліксіз болуы.

БАҚ

Ақпараттық байланысты жүргізуге мемлекеттік тапсырысты «Талдықорған» қалалық газеті және газет жанында құрылған «Талдықорған тынысы» ақпараттық телебағдарлама іске асырады.

БАҚ-ры арқылы ақпараттық саясатты жүргізу үшін 2010 жылы «Талдықорғана» газетіне 7 млн. 206 мың теңге, «Талдықорған тынысы» ақпараттық телебағдарламаға 4 млн. 388 мың теңге бөлінген.

Қазіргі күні қалада мемлекеттіктен басқа, 10 тәуелсіз БАҚ-ры тіркелген: 7 газет, 1 журнал, 2 электрондық БАҚ, олардың ішінде екі тілде – 6 БАҚ, орыс тілде – 2 басылады.

«Талдықорған» газетінің таралымы 7500 дана, тәуелсіз БАҚ - 50251 дананы құрайды.

Қазақстандықтардың әлеуметтік өміршеңдігін қалыптастыру шеңберінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру қажет.

Саланың ағымдағы мәселелері ішінен айрықша бөлінетіндері:

1) Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіндегі журналистикалық және техникалық мамандардың жетіспеуішілі;

2) Қаладағы аудандық және қалалық БАҚ–ның материалдық-техникалық жабдықталуының нашарлығы;

Тілдер

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру үшін Талдықорған қаласында барлық жағдай жасалған. Іс жүргізудің мемлекеттік тілде жүргізілуі үшін әдістемелік құралдармен, сөздіктермен, анықтамалық құралдармен және басқа да жабдықтармен қамтамасыз етуі жақсарып келеді.

Жергілікті басқару органдарына арнайы кадрлық потенциал және материалдық-техникалық базасы құрылған. Мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік тілді үйренуіне қажетті барлық жағдай қарастырылған. Осы орайда Талдықорған қаласында 2007 жылдан бері қазіргі заман талаптарына сай мемлекеттік тілді оқыту орталығы қызмет етіп келеді.

Іс жүргізу барысында мемлекеттік тілмен қатар орыс тілі де қолданылып жүр. Сондай-ақ, ағылшын тілін үйренуге де қажетті жағдайлар жасалуда.

2010 жылы облыс орталығында республикадағы алғаш Тілдер сарайы ашылды. Замануи құрылғылармен қамтылған тілдерді оқыту кабинеттері ашылған, оның ішінде 3 - қазақ тілі кабинеті, 1 - орыс тілі кабинеті, 1 - ағылшын тілі кабинеті.

Облыс орталығында қазіргі заманғы құрылғыларымен жақсы жабдықталған мұндай ғимаратты пайдалануға беру- мемлекеттік және басқа да тілдерді оқытудың материалдық-техникалық базасын нығайтатыны сөзсіз. Қазіргі уақытта қалада 6 ай көлемінде 96 сағаттық бағдарламамен жарты жылда 80 тыңдаушыны, ал жылына 160 тыңдаушыға мемлекеттік тілді оқытуға мүмкіндігіміз бар.

Тіл саласының негізгі проблемалары:

Қол жеткізген жетістіктерге қарамастан тілдерді қолдану мен дамытудың бағдарламасын қоғамдық өмірдің барлық саласында жүзеге асыру әлі де жеткіліксіз деуге болады.

Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметтерінің қажетті деңгейде қолданылмауы.

Тілді оқыту инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы.

Облыстағы төзімді тіл ортасы мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативті функцияларымен теңдік, ұлттық бірлік қағидаларымен, тіл мәдениетін іске асырудың тиімді механизмдерімен.

Негізі ішкі және сыртқы факторлардың бағасы:

Біріншісі.Бұл кезеңде мемлекеттік тілді меңгерудің бірыңғай стандартты моделі жоқ. Бұл тілді меңгеру деңгейінде, сондай-ақ, қоғамның негізгі салаларының интеграциялық процесттерінде сәйкестенбеуді тудырады. Бұдан басқа мемлекеттік тілді меңгерудің стимулдық және мониторингтік механизмініңжоқтығы оны енгізуде қиындықтар туғызып отыр.

Екіншісі. Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іс жүргізудің мемлекеттік тілде жоспарлы түрде жүргізілуіне мүмкіндік берді. Алайда мемлекеттік тілдің іскерлік қарым-қатынаста, бизнесте, ғылым және халыққа қызмет көрсету жүйесінде әлі де төмен дәрежеде қолданылуы сақталуда.

Cпорт

Дене тәрбиесі мен спортты дамыту мақсатында қалада 200 спорттық ғимарат бар, оның ішінде 2 стадион, 2 спорттық кешен, 3 жүзу бассейні, 55 спорттық зал, 7 тир, 54 спорттық дала құрылғылары, 1 ипподром, 8 теннис корты, 3 хоккей қорабы, 30 футбол алаңы және т.б. Cпорт ғимараттар саны салыстырмалы түрде 2005 жылға қарағанда 16 бірлікке өсті.

Дене тәрбиесі және спортпен шұғылданушылар саны 27832 мың адамнан 29914 адамға өсті, бұл жалпы қала тұрғындарынын 20,7 % құрайды.

2009 жылы дене тәрбиесі мен спортты дамытуға қала бюджетінен 11,5 млн.тенге қаржы бөлінді.

Дене тәрбиесі мен спортты дамыту мақсатында 165 спорттық-көпшілік іс-шара өткізілді.

Қалада 6 - БЖСМ бар, (2005 жылы 5 - БЖСМ) олимпиадалық резервтер даярлау орталығы, жоғары спорттық шеберлік мектебі, спортқа дарынды балалардың облыстық мектеп-интернаты.

Жоғарыда аталған спортты мектептермен 193 жоғары спорттық дәрежелі спортшылар дайындалды: 1 – еңбек сіңірген спорт шебері, 4 – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 27 – спорт шебері, 84 - спорт шеберлігіне үміткер, 74 – 1-ші дәрежелі спортшы.

2009 жылы қала спортшыларымен халықаралық және республикалық жарыстарда 328 медаль жеңіп алынды: 90 алтын, 140 күміс, 98 қола.

2009 жылы 193 қала спортшысы спорттың әр түрінен Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасына енді.

2005-2009 жылдар ішінде Талдықорған қаласындағы «Жетісу» стадионы ЕФҚБ стандарттарына сай қайта құрастырылды, облыстық «Талдықорған» ипподромының құрылысы аяқталды. «Өркен» спорт кешені, Талдықорған қаласындағы БЖМСМ нысаны, спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты күрделі жөндеуден өткізілді. 2010 жылы Талдықорған қаласындағы әмбебап Спорт Сарайы ашылды.

Спортты дамытудағы қиындықтар:

· Бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спортының нашар дамуы.Тұрғылықты жердегі нашар қойылған, халық көп демалатын орындар мен тұрғылықты жерлерде қарапайым спорт ғимараттарының және жасөспірімрдер клубтары жүйесінің нашар дамуы. Кәсіпорын, мекеме, ұйымдарының ұжымдарында ересектер арасында спортты дамыту мәселесінің қыйындықтары шешілмеуде.

· Қаладағы спорттық мекемелер мен ғимараттар тұрғындар мен жоғары дәрежелі спортшылар сұраныстарына сай келмейді. Қалада мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған және ұлттық ат спорт түрлерінен, баскетбеол, регби, көгалдағы хоккейдің спорттық клубтары жоқ.

· Спорттық инфроқұрылымның нашар дамуы, спорттық ұйымдардың материалдық-техникалық жабдықталуы деңгейінің төмендігі. Қаланың спорттық және дене тәрбиесі-сауықтыру ғимараттары өз санының аздығымен, төмен сапасымен, орналасуларының қолайсыздығымен мінезделеді. Қаламызда орналасқан спорттық залдардың көбі – оқу орындарының залдары.

· Қалада мекемелер мен ұйымдарда көпшілік дене тәрбиесі-сауықтыру жұмыстарымен айналысатын бір де бір спорт әдіскер инструкторы жоқ.

Гендерлік даму

Қалада жыл сайын әйелдердің саяси және қоғамдық белсенділігі артуда. Экономиканың әр түрлі салаларында 31,4 мың әйел, яғни жалпы жұмысшылардың 48,2% құрайтын бөлігі жұмыс істейді.

Тұрғындардың әйелдер бөлігін әлеуметтік қорғау мақсатында әйел қауымын жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс атқаруда.

2010 жылы бөлімге 3047 адам келген, оның 1034-і әйелдер немесе 33,9%. Жұмысқа орналасу мәселесімен келген әйелдердің 673-і жұмысқа орналасты. Қоғамдық жұмыстарға жіберілгендердің 80% - әйелдер.

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жұмысқа тартылған барлығы 342 адам болса, олардың 418-і әйелдер.

25 мамандық бойынша кәсіптік дайындық пен қайта даярлауға 418 әйел жіберілген.

2010 жылдың 1 қарашасына қалада 130 мемлекеттік қызметкерлер бар, олардың 59 - әйелдер.

Талдықорған қалалық мәслихатындағы әйелдер саны – 2.

Қалалық 6 үкметтік емес ұйым отбасы, әйелдер және балалар мәселелерімен жұмыс атқарады. Комиссия «Талдықорған аймақтық әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық ұйымымен ерекше тығыз байланыста. Осы ұйым халықаралық ұйымдардың Мәдениет министрлігі және қоғамдық келісімімен, облыстық ішкі саясат басқармасының қаржылық қолдауымен 30-дан астам жобаларды іске асырды.

2.2.3. Инфрақұрылым кешені

Электрмен жабдықтау

Талдықорған қаласын электрмен қамту сыртқы көздерден сатып алу жолымен іске асырылады (Текелі қ., Қапшағай қ., Солтүстік облыстар, Жамбыл ГРЭС және Қырғызстан).

Талдықорған қаласының электрмен қамту жүйесіне кіретіндер:

- ВЛ-10 кВ ұзындығы 143,7 км;

- ВЛ-0,4 кВ ұзындығы 301,7 км;

- 10 кВ кабель желілері, ұзындығы 144,1 км;

- 0,4 кВ кабель желілері, ұзындығы 6,5 км;

- трансформаторлық шағын станциялар-10/0,4 кВ – 511 бірлік;

- үйлестіру пунктер - 10кВ – 13 бірлік.

2005-2009 жж. кезеңде 26,4 км жалпы ұзындығымен 283,7 млн.теңгеге «Қаратал» шағын ауданында электр желілері салынды, жеке тұрғын үй құрылысы жерлерінде сәйкесінше – 153,7 км 789,7 млн.теңгеге, оның ішінде Шығыс, Батыс, Солтүстік-Батыс және Оңтүстік-Шығыс тұрғын аудандарында, Еңбек, Өтенай, Көктал ауылдарында.

Қаланың кейбір бөліктерінде электр желілерінің техникалық жағдайы қанағатырылықсыз. Яғни, өнеркәсіп секторының үлкен бөлігі шоғырланған Оңтүстік өнеркәсіп аймағында электр көздерінің қанағатанарлықсыз болуына, кейбір жерлерде олардың болмауына байланысты кәсіпорындардың дамуына кедергі келтіреді.

Іскерлік белсенділіктің, тұрғын үй құрылыс көлемінің өсуіне байланысты пайдаланылатын электр энергиясының көлемі ұлғайды. Электр энергияның өзіндік көздерінің болмауы Талдықорғанға экономикалық және әлеуметтік қауіп тудыруда. Осыған байланысты, СЭС салу мәселесін ерекше атауға болады.

Келелі мәселелер:

Қаланың меншікті отын-энергетикалық ресурстарының жетіспеушілігі.

Энергетикалық желілердің техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз, құрылғылардың жоғары тозуы, электр желілеріндегі шығын – 16,1%.

Сумен жабдықтау және суды бөлу

Қала және іргелес ауылдық елді мекендерді есепке алғанда коммуналдық су құбырлар желілерінің ұзындығы 372,9 км құрайды, оның ішінде: тораптар – 52,0 км, канализация желілері – 237,6 км.

Тұрғындардың 55,5% орталықтандырылған сумен қамтылған, халықтың 44,5% құбыр құдықтардан суды пайдаланады.

Суды алу 7 субөгет құрылғыларында жүргізіледі. Олардың екеуі – локальды (Шығыс және Көктал ш/а). Суды алу үшін 51-ден 104 м тереңдікке дейін 44 жерасты ұңғымасы жабдықталған. Су құбырының бекітілген қуаты тәулігіне 104 мың текше метр.

Орталықтанған канализация жүйесіне ағымды және арынды канализация құбырлары мен ағынды суды тазарту – механикалық, биологиялық және су бөлу кіреді.

Қазіргі кезде қалада сумен жабдықтау және суды бөлуге дифференциалды тариф енгізілген.

Су құбырлар желісінің пайдалану мерзімі 50-дан астам жыл немесе нормативтік қызмет көрсету мерзімінен асып кеткен. Тозық 60 пайызды құрайды, 180 км құбыр жүргізгіш күрделі жөндеуді қажет етеді. Су құбыры желісіндегі негізігі шығын 30 пайызды құрайды.

«Ауыз су» бағдарламасын жүзеге асыру басынан, 2002-2010 жылдар ішінде барлық қаржыландыру көздері бойынша жалпы құны 743,5 млн.теңге болатын сумен жабдықтау желілерін қайта қалпына келтіру мен салу жұмыстары жүргізілген. Соңғы жылдары 22,98 км су құбыр желілері салынды және 38,82 км құбырлар қайта қалпына келтірілді.

2010 жылы сумен қамту және су бөлу нысандарын тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет қаражаты есебінен 200,0 млн.теңге сомаға канализациялық тазарту құрылғыларының кейбір жерлеріне күрделі жөндеу жүргізілді. Бірінші және екінші санатты тұндырғылардың технологиялық құралдарын-жабдықтарының, сорғыш жабдықтардың, тиек-реттеуіш арматураның бөлшектік ауыстыру жұмыстары және ғимараттардың құрылысы жүргізілді.

Жұмыс түрлері 2006ж. 2007ж. 2008ж. 2009ж. 2010ж.
«Ауыз су» бағдарламасы аясында сумен жабдықтау желілерін салу және қайта қалпына келтіру, барлығы
оның ішінде: құрылыс, пм
қайта қалпына келтіру, пм
«Жол картасы» бағдарламасы аясында сумен жабдықтау желілерін салу және қайта қалпына келтіру, барлығы - - -
оның ішінде: су құбыры, пм - - - -
канализация, пм - - -

Халықты сумен қамтуды жетілдіру мен біршама қаржы бөлуге қарамастан, мәселе әлі сақталуда. Оның өзектілігі өршуде, себебі негізгі өндіріс қорларының ескіруі оларды жаңарту қарқынынан тез жүреді. Пайдалану мерзімінің ұзақтығы мен жыл сайынғы жөндеудің жасалмауы нәтижесінде сумен қамту нысандарының (су қақпалары, су жүргізілімдері, тазарту нысандары, су қысымы мұнаралары, су қоймалары) көпшілігінің техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз.

Қазіргі кезде «Алматы облысының Талдықорған қ. сумен жабдықтау жүйесін қайта қалпына келтіру» құны 147,525 млн.теңгеге, «Алматы облысының Талдықорған қ. субөгет құрылғылары қайта қалпына келтіру» құны 194,702 млн.теңгеге, «Алматы облысы Еркін ауылының сумен жабдықтау жүйесін салу және қайта қалпына келтіру» құны 195,906 млн.теңгеге жұмыс жобалары әзірленді. «Алматы облысы Талдықорған қ. сумен жабдықтау жүйесін салу және қайта қалпына келтіру» нысаны бойынша жобалық құжатаманы әзірлеу бойынша жұмыстар аяқталуда. 2011 жылға инвестициялақ жобалар тізбесіне енгізу үшін жобалар қарауға ұсынылды.

Қаланың алыс аудандары мен іргелес ауылдық елді мекендерінде дамыған канализация желісінің болмауына байланысты ауыр экологиялық мәселелер бар, бұл жерасты суларының және ауыз сумен қамту көздерінің ластануына әкеліп, халық өмірінің сапасын нашарлатады. Бар тазарту құрылғыларының апатсыз және тұрақты жұмыс жасауын жетілдіру, экологиялық жағдайды жақсарту үшін оларды қайта жөндеу қажет, бұл бар нысандарды толығымен қолдану және су тұтыну көлемінің біршама артуы кезіндегі су шығару жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша оң нәтиже береді.

Сумен жабдықтау мен суды бөлудегі проблемалар:

· Нормативті пайдалану мерзімі 1,5-2 есе асып кеткен су құбырлары мен канализация желілерінің қатты тозуы, электр энергиясының көп шығыны мен 1 м3 су бағасының қымбаттылығына әкелетін біршама су шығыны (30%-дан аса);

· Ауыз суын пайдаланушылардың есепке алу құрылғыларымен толыққанды қамтылмауы;

· Техникалық құжаттар мен арнайы су тұтыну рұқсатын алуды рәсімдеу қиындығы;

· Сумен жабдықтау мен канализация жүйелері жеткілікті дамымаған.

Жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау

«Талдықорғанжылусервис» МҚКК қаланы жылумен жабдықтаудың негізгі көзі болып табылады. Талдықорған қаласындағы қазандықтардың қалыптасқан қуаты сағатына 353,8 Гкал, сонымен бірге жылу жүктемесінің жыл сайын 8-10 пайызға артуы байқалуда.

мың Гкал.

    2004ж. 2005ж. 2006ж. 2007ж. 2008ж. 2009ж.
Жылу эенргиясын өткізу көлемі 291,8 299,2 316,1 331,5 348,2 371,1

Жылу энергиясын жеткізу бойынша қызметтерді жүргізетін жылу желілерінің жалпы ұзындығы, жаңа айналма жылу торабын (Басқуат қазандығынан Қаратал ш/ауд. дейін) есепке алғанда 160 км құрайды.

2008-2009 жылдары 1152,0 млн.теңгеге жұмыстар жүргізілді, оның ішінде өзіндік қаражаттар есебінен – 219,6 млн.теңге, оның ішінде:

- «Басқуат» қазандығының 4 жылу сужылытқыш қазаны, екі құбырдағы ұзындығы 19,5 км жалпы ұзындығымен жылу желілері күрделі жөнделді;

- 2006 жылы құрылысы басталған 2 сорғыш станциялары (№4 және №5) мен 6,5 км ұзындығымен айналма желісі пайдалануға берілді;

Наши рекомендации