Умақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау. 3 страница

ҚТҚ шығару едәуір жерлерді алып, көбейуде.

Қаланың негізгі экономикалық проблемалары:

· ауаны және сарқынды суларды ластаушы заттектерді тазалаудың жетілмеген деңгейі;

· ҚТҚ жеткізетін жаңа полигон құрылысын аяқтау;

· Қалдықтарды қайта өңдеу зауытының жоқтығына байланысты қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату;

· Жасыл көшеттерді есептеу және бақылау біріңғай жүйесінің болмауы;

· Халықтың экологиялық білімінің төмендігі.

Бәсекелестікті дамыту

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға салық жүктемесін азайтуға бағытталған салық заңнамасына енгізілген өзгерістер кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасады.

Қалада кәсіпкерлік қызметін дамыту және жалпы бәсеке ортасын жақсарту бойынша қажетті инфрақұрылымды құруға әкімшілік кедергілерді қысқарту шаралары жүзеге асырылуда.

Қалада штаб ұйымдастырылған және жұмыс істейді, оның әрекеті азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру – тауар өндірушілерден сауда желілеріне дейін өнімдерді тура жеткізуді ұйымдастыру, қант, өсімдік майы және басқа да негізгі азық-түлік өнімдерін жеткізу бойынша меморандумға қол қоюға бағытталған. Ірі дүкендер мен көтерме бағалар бойынша азық-түлік себеттерінің 27 атауларынан тұратын баға мен қорларының мониторингісі бойынша апта сайын жұмыс ұйымдастырылған.

Жыл сайын қыркүйектен қарашаға дейін «Самал» ш/ауд. және Тәуелсіздік к-де (Универсам) апта сайын облыстық ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді, оған облыстың 9 ауданының ауыл шаруашылық өндірушілері қатысады. Өнімдерді өткізу нарықтық бағадан төмен бағамен сатылады. Қала жәрмеңкесіне жеткізілетін өнім көлемі 65 млн.теңгені құрайды.

Бұдан басқа, ағымдағы жылы апта сайын қала мен жақын аудандардың кәсіпкерлері мен ауыл шаруашылық өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңкелер өткізіледі, нарықтық бағадан 15-20% төмен бағамен сатылады. Апта сайын сатылатын ауыл шаруашылық өнімнің көлемі 1,5 млн.теңгеге дейін жетеді.

Қаланың 9 ауданында шағын базарлар орнатылған, онда барлық азаматтар өздерінің өнімдерін сата алады.

Қазіргі кезде қаланың дүкендерімен әлеуметтік-маңызды тауарларға сауда үстеме бағасын азайту туралы 329 екі жақты меморандумға қол қойылды.

«Шаған» мен «Марқа» базарларында бау-бақшалар мен өзіндік учаскелерде өсірілген ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу үшін сауда орындарының бағасы 50%-ға азайтылды, ал коммуналдық базарда орындар тегін беріледі.

Қазіргі кезде қаланың көкөніс қоймаларына 2463 тонна көкөніс пен 1425 тонна картоп салынған. Қалада барлығы 9855 тонна сыйымдылығымен 12 көкөніс қоймасы бар, оның 5-і күрделі жөндеуді қажет етеді.

2009 жылы «Жерұйық» коммуналдық базары» МКК бюджеттік қаражаттар есебінен 70 млн.теңге сомаға 2000 тонна сыйымдылығымен көкөніс қоймасын салуды бастады.

«Жерұйық» базарында барлығы 255 сауда орындары бар, оның ішінде 109 орынжабылған павильонде, 146 жаздық алаңшада, автокөліктен сауда жасау үшін орындар қарастырылған. Ет, балық, көкөніс павильондары, ветсансараптау лабараториясы, 4 тоңазытқыш камерасы бар, 3 бірлік арнайы жүк автокөлік құралдарымен қамтамасыз етілген.

«Жерұйық» коммуналдық базарын ары қарай дамыту мақсатында 5 жылға жұмысқа әлеуетті дамудың жоспары әзірленген, онда базардың материалдық-техникалық базасын ары қарай жақсарту, ауыл шаруашылық өнімдерін өсіру, сақтау мен сату бойынша кешенді құру, онда белсенді технологияларды қолдану арқылы 15 гектар алаңға жеміс-жидек бақшасына салуды ескеріп, 400 тонна мен алаңы 2100м2 құрайтын 3 жылыжай жеміс қоймасын салу, көкөніс және жеміс-жидекті қайта өңдеу бойынша шағын цехтар салу, қажетті ауыл шаруашылық техникасы мен құралдарын сатып алу.

«Алматы қ. айнала азық-түлік белдеуін дамыту» аймақтық жобасы аясында «Талсай Ет» АТК 2 жыл мерзімге сакқтауымен құрғақ азықты өндіру бойынша жоба әзірленген, жалпы құны 75,0 млн.теңге.

2009 жылы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру бойынша жылыжай желілерін дамыту бойынша жұмыстар басталды. Жылыжайларды салу несиелік және меншік қаражаттары есебінен іске асырылады, 2009 жылы 1 жылыжай іске қосылды, 2010 жылы – 6.

Қазіргі кезде қалада 8 жылыжай жұмыс істейді, оның ішінде 2 типтік – жалпы алаңы 2100 ш.м. көкөніс пен гүлдерді өсіру, 6 гелиожылыжай – алаңы 3300 ш.м. көкөністерді өсіру. 2010 жылы қаңтар-қазанда 10,5 тонна көкөніс және 680 мың дана гүлдер жинап алынды.

«Талдықорған ПОШ» ЖШС жүнді алғашқы өңдеу бойынша цехті салу басталды, қазіргі кезде жүнді дайындау бойынша облыстың ауыл шаруашылық өндірушілерімен келісім-шарттар жасалынды, ары қарай өңдеу үшін жүндерді жеткізу жөнінде Белорусия кәсіпкерлерімен келіссөздер жүргізілуде.

«JLC Сүт» ЖШС бұрыңғы сүт зауытын қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар басталды, 2013 жылы зауыт барлық қуатына жұмыс істейді.

ИСО және ХАССП халықаралық сапа жүйелеріне сәйкестендіру сертификаттарын қаланың 61 кәсіпорындары алды, оның ішінде 24-і өнеркәсіп кәсіпорындары (14-і ірі және орта).

Электр энергиясының өзіндік көздерін ұйымдастыру мақсатында ТЭЦ салу жоспарлануда.

Сауда және қызмет көсрету жүйесі Талдықорған қаласының тірек өңірі ретінде ірі көтерме-бөлшек сауда аймақтарын қалыптастыру арқылы дамытылады.

Бәсекелестікті дамытудың, әкімшілік кедергілерді қысқартудың кейбір аспектілерін түсіндіру мақсатында, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бизнес және «Атамекен» қоғамы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, өткізілуде. Аталған тақырыпта қалалық газеттерде мақалалар жарияланады.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады, сонымен қатар, шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау үшін инфрақұрылым объектілерінің саны 75-ге дейін көбейтіледі (2011 жылы -71 бірл.). Бизнес жүргізу бойынша рұқсат беру әрекеттерін 30%-ға азайту жоспарлануда.

Кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің қызметі қалалық Сараптама кеңестерінің жұмысына қатысу арқылы жандандырылады.

Сонымен қатар, қалада жекелеген тауар базарларында бәсекелестікті дамыту мәселелері бар.

Атап айтсақ, ЖЖМ-ның нарығы жеткілікті дамымаған, қала аумағында 300 жанар май құю станциялары жұмыс жасаса да, жанар-жағар май материалдарына баға жоғары қалпында. Осыған байланысты, бәсекелестік ортаны қалыптастыру, ЖҚС-ның құрылысына жер телімдерін беру жұмыстары жалғастырылады.

Қаланың маршруттық жүйесі 29 маршруттан тұрады, жалпы ұзындығы 319 км, ол қаланың 7 елді мекеннің тұрғындарын автобустық көлікпен қамтиды. 2015 жылға дейін жолаушы тасымалдаушылардың меншік қаражаты есебінен 15 қозғалыс құрамын жаңарту, сондай-ақ қаланың жаңа аудандарын қосатын қосымша маршруттарды ашу жоспарланды.

2.2.2. Әлеуметтік сала

Демографиялық әлеует

2004 жылдан бері қала тұрғындарының саны 19,8 мың адамға артты және 2010 жылдың 1 қазанына 145,1 мың адам немесе облыс тұрығндарының 8,5% құрайды, оның ішінде ауылдық – 24,2 мың адам, қалалық – 120,9 мың адам. Облыста қала бесінші орын алады.

Осы кезеңде оң миграциялық сальдо орын алды.

Туу көрсеткіші ұлғайды, ал өлім көрсеткіші азайды, тұрғындардың табиғи өсімі нәтижесі 2004 жылы 729-дан 2009 жылы 1802-ге дейін өсті.

Ауылдық жерлерде жұмыс жоқтығынан және төменгі еңбекақыға байланысты төменгі даму әлеуеті бар ауылдардан қала келуі байқалады.

Еңбек нарығы

2009 жылы халықтың экономикалық белсенді саны 69200 адамды құрады, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 9315 адамға көбейген, 2005 жылы – 56996 адам, 2009 жылы жұмыспен қамтылғандар - 65200 адам (1,2% көбейген).

Жұмыспен қамтылған халықтардың ішінде 2009 жылы жалдамалы жұмысшылар саны – 69,1% (47211 адам), 2005 жылы – 65,1% (31124).

Өндірістік порцестерді тұрақтандыру, әлеуметтік-еңбектік қарым-қатынастарды реттеу және еңбекақыны уақытылы төлеу мен еңбек заңдылықтарының ережелерін сақтауды қоса ала отырып, халықтың әлеуметтік қорғанысын қамтамасыз ету үшін қала әкімдігі, 40 ірі және орташа кәсіпорындармен және кәсіподақ ұйымдарымен өзара бірлестік жайлы меморандум жасалды.

2009 жылы жұмыспен қамту бөліміне жұмысқа орналасу мәселесі бойынша барлығы 3679 адам жолықты, олардың 3514-і жұмысқа орналасты, ал 2005 жылы – 1842. Жұмысқа орналастыру деңгейі 95% құрады немесе 2005 жылмен салыстырғанда 23,4 пайыздық пунктіге көбейді. Қоғамдық жұмыстарға 1478 адам, кәсіби оқытуға 594 адам жолданды.

Тіркелген жұмыссыздар саны 2005 жылмен салыстырғанда 3,5 есе азайды, сәйкесінше жұмыссыздық деңгейі 4 есе азайды.

Қала бойынша жалпы 2009 жылы 2218 жаңа жұмыс орындары құрылды, өсу қарқыны 10% құрады.

«Жол картасы» бағдарламасын іске асыру аясында 4660 адам жұмысқа орналастырылды, қайта даярлау мен қайта оқытуға 1191 адам жолданды .

Жұмыссыз халықты жұмысқа орналастыру мақсатында шаруашылық субъектілер, қоғамдық бірлестіктер және оқу орындары қатысатын бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізу тәжірибесі енгізілген. Жәрмеңкенің нәтижесі бойынша 2009 жылы 609 адам жұмысқа орналасты, кәсіби оқытуға 93 адам, қоғамдық жұмыстарға 50 адам, әлеуметтік жұмыстарға 52 адам жолданды.

Әлеуметтік саладағы негізгі проблемалар:

· Жұмыс күшінің төмен сапасы және тиімсіз жұмыспен қамтудың болуы;

· Мамандардың кәсіптік даярлық деңгейінің төмендігі.

Мемлекеттің ҮЕҰ-мен серіктестігі

Қала тіршілігінің әртүрлі салаларында 27 үкіметтік емес ұйым, оның ішінде 12 жастардың ұйымы келесі бағыттар бойынша жұмыс жасайды: гендерлік саясат, халықтың әлеуметтік-әлсіз топтарын қолдау, жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу, кәсіпкерлік бастаманы дамыту, жастардың құқықтарын қорғау және басқалары.

ҮЕҰ қоғамды әлеуметтік тұрақтандыруда халық топтарының ерекше мүдделерін жүзеге асыруға белсенді қатысады.

Үкіметтік емес секторды ары қарай дамыту мақсатында Талдықорған қаласы әкімдігінің қарамағында ҮЕҰ-мен мемлекеттік органдардың ара-қатынасын реттейтін, үкіметтік ұйымдармен серіктестік және қарым-қатынас бойынша Үйлестіру Кеңесі жұмыс жасайды. Кеңес қарым-қатынас жүйесін жандандыру және мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың бірлестігі бойынша ұсыныстарды, мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асыруды, азаматтық ынтаның өсіру үшін жағдай жасауды қарастырады.

Қалада 9 саяси партиялардың филиалдары, 16 этно-мәдени орталықтар, 10 салалық кәсіподақ ұйымдары, 5 әйелдер ұйымдары әрекет етеді.

Қалада 24 діни бірлестіктер, олардың ішінде әділет органында 23 тіркелген, оның ішінде 6- мұсылман, 1 – провослав, 1- католиктік және 13 – протестандық және 2 традициялық емес бағыттағы.

Қоғамдық-саяси ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өмір сүру әрекетінің түрлі мәселелері бойынша кездесулер, дөңгелек үстелдер, акциялар, семинарлар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу тұрақты тәжірибеге айналды.

Саяси жоспарлау саласындағы осындай қызмет идеологиялық жұмыс жүйесін ары қарай нығайту, азаматтық қоғам институттарымен диалог әрекеті тетігін жетілдіру, билік пен қоғам арасында пайдалы қатынас орнату негізінде ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

Сонымен қатар, «Қазақстан-2030» Стратегиясын, Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын ақпараттық-насихатталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін танымал ету бойынша тұрақты және тиімді жұмыс жүргізілуде.

Идеологиялық жұмыс аспектілерінің бірі көрмелік насихат (билбордтар, плакаттар) элементтері арқылы бағдарламалық құжаттарды танымал ету болып табылады. Көрмелік насихат құралдарының қоғамдық рөлін асыра бағалау мүмкін емес, олар күн сайын және жалпы түрде халықтың абсолютті көпшілігіне әсер етеді. Бұл қандай да бір деңгейде әлеуметтік саланы қалыптастырады, түрлі халық жігінің ойлауы мен әлеуметтік тәртібінің нақты стандарттарының қалыптасуына қатысады.

Саланың ағымдағы және келешектегі мәселелерінің ішінде келесілері айқындалады:

- қоғамды шоғырландыру және жалпы қазақстандық патриотизмді, қоғамда конфессияаралық және ұлтаралық келісімді ары қарай қалыптастыру қажеттілігі;

- ауылдық жерлерде ҮЕҰ-ды құру мен дамыту қажеттілігі;

- қоғамның әлеуметтік міндеттерін шешуге ҮЕҰ-дың, әсіресе ауылдық ұйымдардың қатысуының қажеттілігі.

Халық өмірінің деңгейі

Қала бойынша 2009 жылғы нақтылы ақшалай табыс 2004 жылмен салыстырғанда 2,4 есеге өсіп, 35 мың теңгені құрады.

Нақтылы орташа айлық еңбекақы күн көріс деңгейі мөлшерінен 4 есе асып, 50126 теңгені құрады.

Қалада мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылар саны 4 есеге азайды, немесе 6747 адамнан 1579 адамға дейін. 2005 жылы – 6747 адам, 2006 жылы – 1518 адам, 2007 жылы – 1253 адам, 2008 жылы - 1101 адам, 2009 жылы – 1579 адам.

Сараптама бойынша негізгі алушылар 18 жасқа дейінгі баласы бар отбасылар (59,8%) және бала күтімімен айналысатындар (11,2%) болып табылады.

Экономиканың белсенді өсуі, халықтың табысының көбеюі және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінің дамуы кедейшілік деңгейін төмендетуге жақсы мүмкіндік жасады. Халықтың 2005 жылдағы кедейшілік үлесі 5,2 пайыздан 2009 жылы 1,1 пайызға дейін төмендеді.

2005 жылдан 2009 жылға дейін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек түрі 184, 8 млн.теңгеге көрсетілді. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылыр саны2005 жылғы 6747-ден 2009 жылы 895-ке дейін төмендеді.

Орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы кедейшілік деңгейінен төмен отбасы санының азаюына бірден бір себепкер шарт – мемлекеттік атаулы көмек алушыларға қосалқы шаруашылықты дамытуға және жеке ісін ашуға әлеуметтік көмектің берілуі. 2005 жылдан 2009 жылға дейінгі талдау кезеңінде осы көмекті 85 отбасы 289 жанұя мүшесімен 6980,0 мың теңге алды.

2008 жылы алғаш рет жеке үйлерде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегі төленді. 2009 жылы тұрғын үй көмегін жалпы сомасы 35,4 млн.теңгеге 1810 адам алды.

Кедейшілік деңгейінен төмен тұратын аз қамтамасыз етілген азаматтардың тұрмыс деңгейінің өсуіне екінші себепкер шарт – жұмыспен қамту бөлімімен әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі: ақылы қоғамдық жұмыстар, біліктілігін арттыру және қайта даярлау оқулары, әлеуметтік жұмыс орындары. 2009 жылдан бері «Жол картасы», жастар тәжірибесі, инвестициялық жобамен және әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бағдарламасы бойынша әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

Әлеуметтік саладағы негізгі проблемалар:

· жұмыс күшінің төмен сапасы және тиімсіз жұмыспен қамтылу;

· жұмыссыздық етек алуда, әсіресе жастар арасында;

· өз-өзін жұмыспен қамтыған халықтың саны сол қалпында;

· халық табысының төмен деңгейі, соның ішінде ауылдық халықтың табыс деңгейі.

Денсаулық сақтау

Талдықорған қаласында 34 медициналық мекеме қызмет жасауда, олардың ішінен қалалық мекемелер: қалалық емхана кезегінде 1200 адамға қызмет көрсетеді, қалалық аурухана диагностикалық орталығымен бірге 120 орынға арналған, қалалық жедел және шұғыл жәрдем көрсету станциясы, қалалық балалар емханасы, әйелдерге кеңес беру орталығы, Еркін ауылының дәрігерлік амбулаториясы, Өтенай ауылының дәрігерлік амбулаториясы, Еңбек, Мойнақ ауылдарының дәрігерлік жәрдем беру пунктері, 3-бөлімше.

Қалалық медицина мекемелерінің жалпы санынан 72,8% бейімделген мекемелер, 2 объектісі жалға алынған ғимараттарда орналасқан (3-бөлімше, Пригородное ауылы).

Төсек саны 10 мың тұрғынға қалалық мекемелер бойынша 8,4 бірлік, облыстық мекемелермен бірге 28,3 құрайды. Дәрігерлер саны 10 мың тұрғынға қалалық мекемелер бойынша 21,6, облыстық мекемелермен бірге 49,2 құрайды.

Талдықорған қаласында 2010 жылдың 1 қаңтарынан баспат Бірыңғай Ұлттық жүйе еңгізіле бастады, еңгізу бойынша жұмыстар дәрігердің және медициналық ұйымдардың еркін қалауларының аясында жалғастырылады.

Бірыңғай Ұлттық медицина жүйесін (БҰМЖ) еңгізумен байланысты 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстық ауруханаға жатқызу Бюросынан стационарларға қалалық емхананың дәрігерлерімен барлығы - 4416 ауру жіберілді, олардың ішінен: НЦ және НИИ-ға -16, аймақаралық емдеу мекемелеріне - 2624, қалалық емханаларға - 682, қалалық емхананың күндізгі стационарына -1510.

Науқастарды емдеу мен реабилитациясына және мүгедектіктің алдын алуға стационарлық емес көмек үлкен маңызға ие. Қалалық емхананың күндізгі стационарында 45 төсек бар, 2010 жылдың 9 айында 1510 ауру емделді (2009 жылдың 9 айында - 1219 адам емделді), 23,8% -ға ұлғайтылған, 12583 төсектік-күн жүргізілді. Науқастардың орташа төсек тартып жатуы 8,4 күн.

Туберкулезбен ауру көрсеткіші 2009 жылы 100 мың адамға шаққанда 114,2 құрады, немесе 2005 жылғымен салыстырғанда 33%-ға төмендеді.

Алайда 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда туберкулезбен ауру 6,0%-ға көбейді. Туберкулез ауруына шалдыққандар санының ұлғаюы профилактикалық қарау кезінде тиімді және арзан бактериоскопиялық әдісті және флюро диагностикасын еңгізу туберкулез ауруын анықтаудың жақсаруымен байланысты.

Талдықорған қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдайлар сыртқы және ішкі миграциялық процесстермен байланысты жүргізіліп отырады. Сонымен, 2009 жылы мигранттар арасынан бірінші қатарда тіркелген туберкулез ауруларының саны 34 жағдай, 2010 жылдың бірінші жартысында 11 жағдай тіркелген.

Салауатты өмір салтын жүргізу мақсатында 2010 жылдың 9 айында 4512 дәріс оқытылды, 18230 сұхбат жүргізілді, 41 сан.бюллетень шығарылды, 39 мақала басылымға шығарылды, теледидардан - 33 сұхбат берілді.

2010 жылдың 9 ай ішінде емханаға Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан қосымша 9 штаттық бірлік орын бөлінді: аллерголог – 1,0 ставка, медицина қызметкерлері құрамынан - 5,0 ставка, кіші медицина қызметкерлері құрамынан -2,0 ставка, басқалары - 1,0 ставка.

Емхананың кадрлары бойынша штатттар штат нормативтеріне сай 89%-ға жинақталған, оның ішінде - 78,9% дәрігерлер, орта медициналық қызметкерлерінің құрамы -100%.

Бос қызмет орындары – учаскелік терапевт, учаскелік педиаторлар, эндокринологтар, кардиологтар. Барлығы 16 дәрігер лауазымының бос қызмет орны. 2010 жылдың 9 ай ішінде 91 адам мамандандырылды, олардың ішінен дәрігер - 29, медбике - 62.

Денсаулық сақтау саласындағы проблемалар:

- туберкулез ауруының жоғарғы деңгейі;

- дәрігер мамандарының тапшылығы.

Білім беру

Кейінгі жылдарда жөндеуден өтіп қолданысқа 2 балабақша берілді, 3 шағын орталық және 225 орындық 2 жекеменшік балабақша ашылды.

Қалада мектепке дейін білім беру үшін 13 балабақша (8 мемлекеттік және 5 жекеменшік) және 3 шағын орталықтар қызмет етуде. Мектепке дейінгі мекемелерді ашу деңгейі 30,1% құрайды, 2005 жылдағы 17,2% деңгейіне қарағанда өсуді байқаймыз.

Қабылданып отырған шараларға қарамастан, мектепке дейінгі мекемелермен қамту сұрағы әлі де проблемалық болып қала береді.

Мектепке дейінгі мекемелермен қамту деңгейі қала бойынша орташа есеппен 2010 жылдың аяғына 9 балаға 1 мұғалімді құрайды. Жоғары мектепалды білімі бар педагог - 41% және арнаулы орта білімі бар - 8,6% педагог қызмет етеді. Бірінші және жоғары санаттағы педагогтар – 51,2%.

Орта білім беру

2005 жыл мен 2009 жыл аралығында қалада 1754 оқушы орны бар 2 жаңа мектеп қолданысқа берілді, 25 білім беру нысандарына күрделі жөндеу жүргізілді. Ағымдағы жылы 900 орынға арналған интеллектуалды мектептің құрылысы аяқталды.

25 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді, онда 21042 оқушы оқытылады.

Мұғалімдер саны – 1600, оның ішінде жоғары саннатты мұғалімдер – 441, бірінші санатты – 552.

Мектептердің жалпы санынан алғанда 2 мектеп оңтайландырылған ғимараттарда қызмет етеді, 10 мектеп күрделі жөндеуді талап етеді. Авариялық жағдайдағы мектептер жоқ.

Қаланың барлық 25 мектебі ғаламтор байланысына, оның ішінде 24 мектеп Мегалайн бойынша, 1 мектеп Dial UP бойынша қосылған.Қаланың барлық мектептерінде 146 интербелсенді тақта орнатылған, 16 мектеп 18 лингафонды-мультимедиялық кабинетпен, 8 физика кабинетімен, 8 биология кабинетімен жабдықталған.

2010-2011 оқу жылының басына қала мектептерінде 1798 бірлік компьютерлік техника бар. 2005 жыл кезеңімен салыстырғанда 65-ке қарағанда 12 оқушыға 1 компьютерден тиеді. Компьютерлік техниканың 12,6% жаңартуды талап етеді.

Техникалық және кәсіби білім беру

Қала бойынша техникалық және кәсіби білім беру бойынша 16 білім беру мекемесі (2010 жылдың 1 қаңтарына), соның ішінде 4 кәсіби оқу орны және 12 колледж жұмыс жасайды.

Наши рекомендации