Тақырып. Жер пайдалану құқығы.

Жоспар:

1.Жер пайдалану құқығының түсінігі және оның түрлері.

2.Жер пайдалану құқығының субъектілері және олардың түрлері.

3.Жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалануға құқықтары мен міндеттері.

4.Сервитуттар түсінігі, түрлері, пайда болу және тоқтату шарттары.

Негізгі ұғымдар: сервитут, жер пайдалану, жер пайдалану құқығы, жер пайдалану құқығының субъектілері.

1. Жер пайдалану құқығының түсінігі және оның түрлері.Жер пайдалану құқығының анықтамасы. Жер кодексінің 12-бабында көрсетілген. Жер пайдалану кұкығы дегеніміз - тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі немесе өтеусіз негізде мерзімсіз немесе белгілі бір мезгіл ішінде иелену және пайдалану құқығы.

Жер пайдалану құқығының келесідей ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:

Пайдаланудағы жер әрқашан да мемлекеттің меншігінде болып калады;

Жер учаскесін пайдалануға мерзімсіз немесе бір мерзім ішінде беріліп отырады, ал, меншік құқығындабарлық пайдала­ну мерзімсіз болып табылады;

Жер учаскесін пайдалануға акылы түрде берілуі мүмкін, бул пайдаланудың түрі өтеулі деп аталады. Жер зандарында керсетілген түлғаларға жер тегін түрде беріледі, бұл пайдаланудың түрі өтеусіз деп аталады.

Жер пайдалану құқығының мынандай түрлері бар:

Тұрақты жер пайдалану құқығы;

Уақытша жер пайдалану құқығы;

Өтеулі жер пайдалану құқығы;

Өтеусіз жер пайдалану құқығы;

Иеліктен шығарылатын жер пайдалану құқығы;

Иеліктен шығарылмайтын жер пайдалану кұқығы.

Тұрақты жер пайдалану деп жерді алдын ала мерзімін белгілемей отырып пайдалану болып табылады. Тұракты пайдала­нуға тек мемлекеттік тұлғаларға ғана беріледі. Жер учаскелері тұрақты жер пайдалану құқығымен мынадай мемлекеттік жер пайдаланушыларға бөлінеді:

кондоминиум объектілеріндегі үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды), үй-жайларды шаруашылык жүргізу құқығымен немесе оралымды баскару кұқығымен иеленетін занды тұлғаларға;

ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;

ерекше корғалатын табиғи аумактар жерінде жер пайдалануды жүзеге асыратын занды тұлғаларға беріледі. Сонымен қатар, тұрақты жер пайдалану кұқығы шетелдік жер пайдаланушыларға тиесілі болмайды.

Уақытша жер пайдалану құқығын алдын ала мерзімін белгілей отырып пайдалану. Уакытша жер пайдалану құқығы екі түрге бөлінеді:

Қысқа мерзімді, ол бес жылға дейін пайдалану;

Ұзақ мерзімді, ол бес жылдан қырық тоғыз жьілға дейін. Уакытша жер пайдалану құқығын табыстау мерзімдері жеручаскесіне берілетін құқықты, оның нысаналы мақсатын және аумақты аймақтарға бөлуді ескере отырып белгіленеді.

Өтеулі жер пайдалану құқығы дегеніміз - жер пайдалану құқығы мемлекеттен сатып алынатындығын білдіреді. Жер учаскесіне уақытша өтеулі (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді) жерлер пайдалану (жалдау) құқығы азаматтарға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға табысталуы мүмкін. Жер кодексіне сәйкес, жер учаскесін жеке меншікке сатып алудың төрт түрлі жағдайы көрініс тапқан.

Өтеусіз жер пайдалану құқығы, керісінше мемлекеттен са­тып алынбайтьінын білдіреді. Оларға мыналар жатады:

- шалғайдағы мал шаруашылығы, маусымдық жайылымдар үшін;

- тұрғын халықтың мал жаю мен шөп шабуы ушін;

- мемлекеттік жер пайдаланушыларға;

- бақша өсіру үшін;

- қызметтік жер телімі;

- ортақ пайдаланатын жолдарды салу, мемлекеттік меншігі жөне әлеуметтік мәдени максаттағы обьектілер кұрылысы кезеңіне;

- тозған және бүлінген жерлерді қалпына келтіру кезінде;

- Қазакстан Республикасының заңдарында белгіленген
тәртіппен үйлерді және ғимараттарды уақытша өтеусіз пайдалануға берілген кезде;

- Ғибадат объектілері үшін діни объектілер.

Қызметтік жер телімі ұзақ мерзімді уакытша өтеусіз жер пайдаланудың ерекше бір түрі болып табылады. Кызметтік жер телімі Қазакстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізімге сәйкес, осы телімге кұкығы бар адамдар жұмыс істейтін мемле­кеттік заңды тұлғалардың жер пайдалануындағы жерден бөлінеді. Ол қызметтік тұрғын үйді күтіпұстау, ауыл шаруашылығы да өсіру, шөп шабу және мал жаю үшін беріледі.

Иеліктен шығарылатын жер пайдалану құқығы дегеніміз -оның иесі өзіне тиесілі жер учаскесін занды тағдырын шешуге құқығы бар жағдайдағы пайдалану. Яғни, иеліктен шығарылатын жер пайдалану құқығы деп оның иесі өзіне тиесілі жер пайдалану құқығың занда көрсетілген жағдайлар мен тәртіптер арқылы оқшаулауға құқылы екендерін білдіреді. Оқшаулау деп - азаматтык заңдармен реттелетін азаматтың жер учаскесімен кұкықтық мәмілелерді жасауға мүмкіндігі болып табылады. Бұл кұқық барлык жер пайдаланушыларға тиесілі емес.

Иеліктен шығарылмайтын жер пайдалану құқығы дегеніміз -оның иесі өзіне тиесілі жер учаскесін занды тағдырын шешуге құқығы болмайтын жағдайдағы пайдалану құқығы.

Жер пайдаланушылардың:

- ортақ пайдаланудағы;

- қорғаныс қажеттеріне берілген;

- орман қорының;

- ерекше корғалатын табиғи аумақтар, сауыктыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы;

- қызметтік жер телімінің;

- уакытша өтеусіз және уақытша қысқа мерзімді өтеулі жер пайдалану құкығымен берілген жер учаскелерінің;

- кепілге беруді қоспағанда, шаруа (фермер) кожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уакытша жер пайдалану құқығымен берілген жер учаскелерінің;

- су корының жерінде жер пайдалану кұкығын иеліктен шығаруды қоса алғанда, жер пайдалану кұкығына қатысты мәмілелер жасасуына жол берілмейді.

Жер пайдалану кұқығын иеліктен шығару және оны беру кезінде жер пайдаланушылардың жер учаскесінін нысаналы мақсатын өз бетінше өзгертуге құқығы жоқ.

2. Жер пайдалану қүқьнының субъектілері және олардың түрлері.Жер пайдалану құқығының субъектілері бірнеше топқа бөлінеді:

жеке және заңды тұлғалар;

ұлттық және шетелдік тұлғалар.

Ұлттық жер пайдаланушыларға мыналаржатады: Қазақстан Республикасының азаматтары,Қазақстан Республикасының занды тұлғалары, шетелдік қатысуы бар Қазакстан Республикасының заңды тұлғалары; ал, енді шетелдік жер пайдаланушыларға келесі тұлғалар жатады: Шетел азаматтары, азаматтығы жок адамдар, шетелдік занды тұлғалар, шетел мемлекеттері, халыкаралық ұйымдар мен бірлестіктер.

Мемлекеттік жер пайдаланушылардың өзіне тиесілі жер пай­далану құқығын иелігінен шығаруға, сондай-ак кепілге беруге құқығы жок.

кейінгі жер пайдалану туралы шарт жалдау шарты немесе уакытша етеусіз пайдалану туралы шарт нысанында жасалады.

Кейінгі жер пайдаланушы жер учаскесінде шарттық жүр­гізуді жүзеге асырады, сондай-ақ кейінгі жер пайдалану туралышарттар,белгіленген шарттарды сақтай отырып жер пайдаланушының басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады. Мемлекеттік емес түлғаларға: азаматтар, мемлекеттік емес заң­ды тұлғалар, кәсіпкерлер жатады.

тұрақты және уақытша жер пайдаланушылар;бастапқы және кейінгі жер пайдаланушылар. Бастапқы жер пайдаланушыларға: жерді тікелей мемлекеттен немесе баска бас­тапқы жер пайдаланушыдан тәртібі арқылы алған тұлғалар болып табылады. Кейінгі жер пайдалануда бастапқы жер пайдала­нушы өзінің биліктік мәртебесін сақтап отырады. Ал, кейінгі жер пайдаланушылардың құқықтары бастапқы жер пайдаланушылармен шектеліп отыруы мүмкін.

3. Жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері.Жер учаскесін оның нысанасынан туындайтын максатта пайдалана отырып, жерде дербес шаруашылық жүргізу;ауыл шаруашылығы және өзге де дақылдар мен екпелер себу мен отырғызуға, өндірілген ауылшаруашылығы өнімі мен жер учаскесін пайдалану нәтижесінде алынған өзге де өнімге және оны өткізуден түскен табысқа меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару;өз шаруашылығының қажеттері үшін жер учаскесінде бар кұмды, сазды, қиыршықтасты және баска да кеңтаралған пайдалы қазбаларды, шымтезекті, екпелерді, жер үсті және жер асты суларын, кейіннен мәмілелер жасасу ниетін кездемей, белгіленген тәртіппен пайдалану, сондай-ақ жердің өзге де пайдалы касиеттерін пайдалану;жер учаскесі мемлекеттік қажеттіктер үшін алып қойылған (сатып алынған) жағдайда келтірілген шығынды толық көлемінде өтетіп алу;жерді аймақтарға бөлуді ескере отырып, меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығымен жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкестікте тұрғын үйлер, өндірістік, тұрмыстық және өзге де үйлер (кұрылыстар, ғимараттар) салу.

4. Сервитуттар түсінігі, түрлері, пайда болу және тоқтату шарттары.Сервитут дегеніміз — бөтен жер учаскелерін шектеулі мақсатты пайдалану, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пайдалану, аң аулау шаруашылығы және өзге де қажеттер үшін пайдалану құқығы.

Сервитут белгілері:

Сервитут дегеніміз бөтеннің иелігіндегі жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығы;

Сервитут құқық емес, міндет болып табылады;

Сервитуттыңобъектісі кез келген мүлік емес жер учаскесі;

Сервитут мәміленің, оның ішінде сатып алу-сатудың және кепілге салудың дербес нысанасы бола алмайды. Сервитут басқа тұлғаларға қамтамасыз етілуі үшін сервитут белгіленген құкықпен бірге ғана ауыса алады

Сервитут әрқашан да уақытша сипатта болады;

Сервитуттың пайда болуы шарты ретінде бөтенніңиелігіндегі жер учаскесініңболуы;

Нормативтік-құқықтықактілерден туындаған сервитуттар тіркелуге жатпайды;

Жер учаскесін шектеулі құқықпен пайдаланушы құқық субъектісі жеке меншік иесіне немесе жер пайдаланушы сервитутпен байланысты келтірілген барлық шығынды өтеуге тиіс;

Жер учаскесіне меншік құқығы немесе сервитутпен ауыртпалық салынған жер учаскесіне жер пайдалану құқығы баска тұлғаға ауысқан жағдайда сервитут сақталады.

Жер учаскесіне меншік құқығы немесе сервитутпен ауыртпалық салынған жер учаскесіне жер пайдалану құқығы басқа тұлғаға ауысқан жағдайда сервитут сақталады.

Сервитут мәміленің, оның ішінде сатып алу-сатудын және кепілге салудың дербес нысанасы бола алмайды. Сервитут басқа тұлғаларға қамтамасыз етілуі үшін сервитут белгіленген кұқықпен бірге ғана ауыса алады. .

Сервитуттың пайда болу негіздері:

Бөтеннің жер учаскесін шектеулі мақсатта пайдалану құқығы келесідей негіздер бойынша туындайды:

1.Тікелей нормативтік-кұқықтықактілері негізінде;

2.Мүделлі тұлғамен жер меншік иесі немесе жер пайдаланушы арасында жасалған шарт негізінде;

3.Тікелей сот шешімі негізінде;

4.Жергілікті аткарушы орган актісі негізінде.

5.Өзге де зандар негізінде туындауы мүмкін.

Жер кодексіне сәйкес, сервитуттың екі түрі қарастырылған.Олар жекеше сервитут және қауымдык сервитут. Жеке меншік иесі немесе жер пайдаланушы — көрші жер учаскесіне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығының субъектісінен, ал, кажет болған жағдайда өзге учаскеге де жеке меншік немесе жер пайдалану құқығының субъектілерінен осы учаскелерді шектеулі пайдалану құқығын (жекеше сервитут) табыстауды талап етуге құқылы.

Көрші немесе өзге де жер учаскесін шектеулі пайдалану кұқығы (жекеше сервитут):

- егер жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының өз учаскесіне басқа жолмен өтуі мүмкін болмаса, өте қиын болса немесе шамадан тыс шығындарды керек етсе, көрші немесе өзге де жер учаскесі арқылы жаяу және көлікпен жүріп өтуді;

- көрші немесе өзге де учаскеге сервитут белгіленбейінше қамтамасыз етуге болмайтын, электр таратудың, байланыстың қажетті желілерін тартуды және пайдалануды, сумен, субұрғышпен,жылумен жабдықтауды, мелиорацияны және жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының, басқа да қажеттерін қамта­масыз ету үшін белгіленуі мүмкін.

Көрші немесе өзге де учаскеге жекеше сервитут осы учаскелерге жеке меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы субъектілерімен жасалатын шарт бойынша белгіленеді. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, жекеше сервитут ауыртпалығын көтеруші жер учаскесінің меншік иесі немесе оның жер пайдаланушысы со-лардың мүддесіне орай сервитут белгіленген тұлғалардан мелшерлес төлемақы талап етуге құқылы.

Қауымдық сервитут дегеніміз - мемлекеттің және жергілікті халықтың мүдделерін қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайларда жергілікті аткарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілерінің негізінде туындайтын жер учаскелерін меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан алып қоймай белгіленетін сервитут түрі.

Қауымдық сервитуттар:

- ортақ пайдаланудағы объектілерге, зираттарға, қорымдарға және өзге де ғибадат объектілеріне жер учаскесі аркылы жаяу немесе көлікпен өту;

- жер учаскесін коммуналдык, инженерліқ, электр және басқа да желілер мен тораптарды, сондай-ақ көлік инфрақұрылымының объектілерін жөндеу мақсатында пайдалану;

- жер учаскесінде межелік және геодезиялық белгілер мен оларға өту жолдарын орналастыру;

- су алу және суат;

- жер учаскесі арқылы мал айдап өту;

- жер учаскесін белгіленген мерзімде және белгіленген тәртіппен аң аулау, жер учаскесінде орналасқан тұйық су айдындарында балық аулау, жабайы өсімдіктерді жинау мақсатында пайдалану;

- іздестіру, зерттеу және басқа да жұмыстар жүргізу мақса­тында жер учаскесін уақытша пайдалану;

- жағалау белдеуіне еркін өту;

- мемлекеттік органдардың шешімімен жер учаскесін мәденикөпшілік іс-шаралар өткізуге пайдалану;

- қоғамдық және мемлекеттік мүдделерге байланысты өзгеде жағдайлар үшін белгіленуі мүмкін.

Сервитуттың тоқтатылуы:

Құқык иесінің бас тартуы;

Ұзақ уақыт пайдаланылмауы, бұл мерзім 3 жылдан артық уақытқа белгілеген;

Оның белгіленген мерзімінің өтуі нәтижесінде;

Тараптар арасындағы келісім негізінде;

Сот шешімі негізінде;

Қазакстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша тоқтатылады.

Қауымдық сервитут қоғамдық қажеттер үшін белгіленіп, ол қажеттер болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органның сервитутты жою туралы шешім қабылдауы арқылы тоқтатылуы мүмкін. Сервитуттың қолданылуы Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе тараптардың келісімінде көзделген негіздер бойынша біржақты тәртіппен тоқтатылады. Сервитут белгілі бір мерзімге белгіленген жағдайларда, егер тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, оның қолданылуы белгіленген мерзім аяқталған соң тоқтатылады. Сервитут шарт негізінде та­лап етілетін кезге дейін немесе белгісіз мерзімге белгіленген жағ­дайларда сервитуттың қолданылуы сервитутпен ауыртпалык салынған жылжымайтын мүлік иесінің сервитутты тоқтату туралы талап еткен кезінен бастап бір ай мерзім өткен соң тоқтатылады.

Наши рекомендации