Он бесінші тақырып: Бұзақылықтың алдын алу және криминологиялық сипаттамасы. 4 страница

Пәннің оқу- әдістемелік қамтамасыз етілуінің картасы

Мамандығы Пән Оқу әдістемелік әдебиеттер тізімі Студенттер тізімі Қосымна
          ОӘК Эл.турде     Ескірген әдебиеттер тізімі
      қ/б о/б қ/б о/б қ/б о/б    
Кеден ісі Салықтық жүе және салықтық құқық  

Дәрістер кешені

Кедендік қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы

Қазақстан Республикасының тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуының басты шарты мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуінде. Өкінішке орай бүгінгі күні егемен тәуелсіз Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігіне кеден қылмыстарының жасалуымен байланысты құқыққа қайшы құбылыстар қауіп төндіріп отырғаны бәрімізге белгілі. Сондай-ақ, аталмыш қылмыстар елімізде өткізіліп отырған саяси реформаларға, қоғамдағы тұрақтылыққа, экономикамыздың дамуына зиян келтіріп, мемлекет пен азаматтардың әл ауқаттарының артуынада кері әсерін тигізуі мүмкін.

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялап мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясын қабылдаған сәттен бастап дербес экономикалық және әлеуметтік саясатын анықтап жүзеге асырып отыр. Осы жағдайларда кеден қылмыстарымен күреске бағытталған шаралар ерекше теориялық және практикалық маңызы бар, себебі, кедендік қылмыстар құқықтық мемлекетті құру мен жеке тұлға, қоғам мүдделерін қорғаудың экономикалық және әлеуметтік, адамгершіліктік аспектілерімен тығыз байланыста. Елімізде бүгінгі күні өзекті болып отырған кеден саласында жасалатын қылмыстардың қоғамға қауiптiлiгiн мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігіне тікелей нұқсан келтіруінен көруімізге болады. [184, 11б.].

Өкінішке орай кеден саласында жасалатын қылмыстардың қауіптілігі соңғы жылдары артып, олар барынша ұйымдасқан және кең масштабты сипатқа ие болып, мемлекеттің экономикалық мүдделеріне зардаптарын тигізуде және осы кеден саласында жасалатын қылмыстардың жылдан жылға өсу ырғағы байқалуда. Кеден ісі саласында орын алатын қылмыстардың өсу – кему заңдылықтарын статистискалық мәліметтерге сүйене отырып, анықтасақ, ол келесідей сипатта.

1 кесте - Қаржы полициясы органдары қызметі тіркеген қылмыстардың статистикалық есебі

Қылмыстың атауы Жылдар
Экономикалық контрабанда (209-бап)
Шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап)
Кеден төлемдерін төлеуден жалтару (214-бап)
Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы (250-бап)

Қазақстан Республикасының Салық полициясы органдары қызметімен тіркелген кедендік қылмыстар бойынша 2000 жылғы мәліметтер төмендегідей: ҚР ҚК-нің 209-бабында көрсетілген әрекеттер үшін 242 қылмыстық іс қозғалса, ҚР ҚК-нің 213-бабы бойынша 25 қылмыстық іс қозғалған. ҚР ҚК-нің 214-бабында көрсетілген қылмыстық істердің саны 46 болса, ҚР ҚК-нің 250-бабы бойынша қозғалған қылмыстық істердің саны 2-ні құраған.

2001 жылғы Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы Агенттігі мәліметтеріне сүйенсек, кедендік қылмыстардың мәліметтері төмендегідей: ҚР ҚК-нің 209-бабындағы қылмыстық жауаптылық көрсетілген экономикалық контрабанда бойынша 2001 жылы 192 қылмыстық іс қозғалса, ҚР ҚК-нің 213-бабында көрсетілген әрекеттер үшін 26 қылмыстық іс қозғалған. Ал кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарғаны үшін (ҚР ҚК-нің 214-бабымен) қылмыстық істердің саны 11 болса, ҚР ҚК-нің 250-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалмаған.

Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы Агенттігінің 2002 жылғы мәліметтері бойынша кеден саласындағы қылмыстардың жайы мынадай: ҚР ҚК-нің 209-бабы бойынша қозғалған қылмыстық істердің саны 194 болып, 2001 жылға қарағанда 2 қылмысқа өскен. ҚР ҚК-нің 213-бабымен 89 қылмыстық іс қозғалып, 2001 жылға қарағанда 46 қылмысқа өскен. Ал ҚР ҚК-нің 214-бабында көрсетілген әрекеттер үшін 13 қылмыстық іс қозғалып. 2001 жылға қарағанда 2 қылмысқа өскен. ҚР ҚК-нің 250-бабы бойынша қылмыс жасалмаған.

2003 жылғы Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы Агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, кедендік қылмыстар туралы төмендегідей мәліметтер алуға болады: ҚР ҚК-нің 209-бабымен қарастырылған қылмыс саны 148 болып, өткен жылдағыдан 46 қылмысқа азайса, ал ҚР ҚК-нің 213-бабы бойынша 76 қылмыстық іс қозғалып, 2002 жылға қарағанда 18 қылмысқа көбейген. Дегенмен ҚР ҚК-нің 214 және 250-баптарында көрсетілген қылмыстардың саны көбейген: ҚР ҚК-нің 214-бабы бойынша 22 қылмыстық іс, ҚР ҚК-нің 250-бабымен 1 іс қозғалған.

Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Агенттігінің 2004 жылғы мәліметтері келесі: ҚР ҚК-нің 209-бабымен көрсетілген экономикалық контрабанда үшін 144 қылмыстық іс қозғалып, өткен 2003 жылмен салыстырғанда 4 қылмысқа кеміген. Ал ҚР ҚК-нің 213-бабы бойынша 52 қылмыстық іс қозғалып, көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 24 қылмысқа азайған. Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарғаны үшін (ҚР ҚК-нің 214-бабы) 23 қылмыс жасалып алдыңғы жылмен салыстырғанда 1 қылмысқа артқан. ҚР ҚК-нің 250-бабымен қарастырылған қылмыс тіркелмеген.

2005 жылы Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Агенттігімен тіркелген қылмыстар туралы келесілерді айтуға болады: ҚР ҚК-нің 209-бабы бойынша 108 қылмыс тіркелген. Өткен жылғымен салыстырғанда небәрі 36 қылмысқа азайған. Ал шетел валютасындағы ақшалай қаражатты шетелден қайтармағаны үшін 30 қылмыс тіркелген, ол 2004 жылға қарағанда 1,5 есе азайған. ҚР ҚК-нің 214-бабымен қарастырылған қылмыс саны 21 болып, 2004 жылдағыдан 2 қылмысқа азайған. Ал ҚР ҚК-нің 250-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалмаған.

Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Агенттігінің 2006 жылы тіркеген қылмыстар туралы мәліметтері төмендегідей: ҚР ҚК-нің 209-бабы бойынша 141 қылмыс тіркелген. Өткен жылғымен салыстырғанда 33 қылмысқа артқан. Ал шетел валютасындағы ақшалай қаражатты шетелден қайтармағаны үшін 31 қылмыс тіркелген, ол 2004 жылға қарағанда 1 қылмысқа артқан. ҚР ҚК-нің 214-бабымен қарастырылған қылмыс саны 19 болып, 2005 жылдағыдан 2 қылмысқа азайған. Ал ҚР ҚК-нің 250-бабы бойынша 1 қылмыстық іс қозғалған.

2 кесте - Кеден органдары қызметімен тіркелген қылмыстардың статистикалық есебі

Қылмыстың атауы Жылдар
Экономикалық контрабанда (209-бап)
Шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап)
Кеден төлемдерін төлеуден жалтару (214-бап)
Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы (250-бап)

Қазақстан Республикасының Кеден органдары қызметімен тіркелген кедендік қылмыстар бойынша 2000 жылғы мәліметтер төмендегідей: ҚР ҚК-нің 209-бабында көрсетілген әрекеттер үшін 185 қылмыстық іс қозғалса, ҚР ҚК-нің 213-бабы бойынша 24 қылмыстық іс қозғалған. ҚР ҚК-нің 214-бабында көрсетілген қылмыстық істердің саны 56 болса, ҚР ҚК-нің 250-бабы бойынша қозғалған қылмыстық істердің саны 46-ны құраған.

2001 жылғы Қазақстан Республикасы Кеден органдары қызметтерінің кедендік қылмыстармен күрестегі мәліметтеріне сүйенсек, олар төмендегідей: ҚР ҚК-нің 209-бабында қылмыстық жауаптылық көрсетілген экономикалық контрабанда бойынша 2001 жылы 212 қылмыстық іс қозғалса, ҚР ҚК-нің 213-бабында көрсетілген әрекеттер үшін 17 қылмыстық іс қозғалған. Ал кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарғаны үшін (ҚР ҚК-нің 214-бабымен) қылмыстық істердің саны 51 болса, ҚР ҚК-нің 250-бабы бойынша 66 қылмыстық іс қозғалған.

Қазақстан Республикасы Кеден органдары қызметтерінің 2002 жылғы мәліметтері бойынша кеден саласындағы қылмыстардың жайы мынадай: ҚР ҚК-нің 209-бабы бойынша қозғалған қылмыстық істердің саны 249 болып, 2001 жылға қарағанда 37 қылмысқа өскен. ҚР ҚК-нің 213-бабымен 31 қылмыстық іс қозғалып, 2001 жылға қарағанда 14 қылмысқа өскен. Ал ҚР ҚК-нің 214-бабында көрсетілген әрекеттер үшін 60 қылмыстық іс қозғалып, 2001 жылға қарағанда 9 қылмысқа өскен. ҚР ҚК-нің 250-бабы бойынша 104 қылмыс жасалып, 2001 жылғы көрсеткіштерге қарағанда 2 еседей көбейген.

2003 жылғы Қазақстан Республикасы Кеден органдары қызметтерінің мәліметтеріне сүйенсек, кедендік қылмыстар туралы төмендегідей мәліметтер алуға болады: ҚР ҚК-нің 209-бабымен қарастырылған қылмыс саны 218 болып, өткен жылдағыдан 31 қылмысқа, ал ҚР ҚК-нің 213-бабы бойынша 6 қылмыстық іс қозғалып, 2002 жылға қарағанда 25 қылмысқа азайған. Дегенмен ҚР ҚК-нің 214 және 250-баптарында көрсетілген қылмыстардың саны көбейген: яғни ҚР ҚК-нің 214-бабы бойынша 65 қылмыстық іс, ҚР ҚК-нің 250-бабымен 153 іс қозғалған.

Қазақстан Республикасы Кеден органдары қызметтерінің 2004 жылғы мәліметтері келесі: ҚР ҚК-нің 209-бабымен көрсетілген экономикалық контрабанда үшін 192 қылмыстық іс қозғалып, өткен 2003 жылмен салыстырғанда 26 қылмысқа кеміген. Ал ҚР ҚК-нің 213-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалмаған. Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарғаны үшін (ҚР ҚК-нің 214-бабы) 61 қылмыс жасалып алдыңғы жылмен салыстырғанда 4 қылмысқа азайған. ҚР ҚК-нің 250-бабымен қарастырылған қылмыс саны 161 болып, өткен жылмен салыстырғанда 8 қылмысқа көбейген.

2005 жылы Қазақстан Республикасы Кеден органдарымен тіркелген қылмыстар туралы келесілерді айтуға болады: яғни ҚР ҚК-нің 209-бабы бойынша 223 қылмыс тіркелген. Өткен жылғымен салыстырғанда 31 қылмысқа көбейген. Ал шетел валютасындағы ақшалай қаражатты шетелден қайтармағаны үшін қылмыс тіркелмеген. ҚР ҚК-нің 214-бабымен қарастырылған қылмыс саны 81 болып, 2004 жылдағыдан 20 қылмысқа артқан. Ал ҚР ҚК-нің 250-бабы бойынша 187 қылмыстық іс қозғалып, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 26 қылмысқа өскен.

Қазақстан Республикасы Кеден органдары қызметтерінің 2006 жылы тіркелген қылмыстар туралы келесілерді айтуға болады: ҚР ҚК-нің 209-бабы бойынша 266 қылмыс тіркелген. Өткен жылғымен салыстырғанда 43 қылмысқа көбейген. Ал шетел валютасындағы ақшалай қаражатты шетелден қайтармағаны үшін қылмыс тіркелмеген. ҚР ҚК-нің 214-бабымен қарастырылған қылмыс саны 88 болып, 2005 жылдағыдан 7 қылмысқа артқан. Ал ҚР ҚК-нің 250-бабы бойынша 190 қылмыстық іс қозғалған, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 қылмысқа өсіп отыр.

Әрі қарай республикамызда жоғарыда көрсетілген органдармен бірге өзге де құқық қорғау органдарының 2000-2006 жылдар аралығында кедендік қылмыстарды ашып тергеудегі мәліметтерінің жалпы санын біріктіріп қарағанда төмендегідей. Мәселен, 2000 жылы ҚР ҚК-нің 209-бабымен 499 қылмыс жасалған. Осы уақытта шетел валютасындағы ақшалай қаражатты шетелден қайтармағаны үшін 38 қылмыс тіркелген. ҚР ҚК-нің 214-бабымен қарастырылған қылмыс саны 83 болып, ал ҚР ҚК-нің 250-бабы бойынша 357 қылмыстық іс қозғалған.

Ал 2001 жылы ҚР ҚК-нің 209-бабымен 571 қылмыс жасалып, алдыңғы 2000 жылмен салыстырғанда 72 қылмысқа артқан. Осы уақытта шетел валютасындағы ақшалай қаражатты шетелден қайтармағаны үшін 43 қылмыс тіркелген, яғни 2000 жылға қарағанда 5 қылмысқа көбейген. ҚР ҚК-нің 214-бабымен қарастырылған қылмыс саны 66 болып, 2000 жылмен салыстырғанда 17 қылмысқа азайған. Ал ҚР ҚК-нің 250-бабы бойынша 2001 жылы 333 қылмыстық іс қозғалып, бұл қылмыс өткен жылға қарағанда 24 қылмысқа азайған.

2002 жылы ҚР ҚК-нің 209-бабымен 590 қылмыс жасалып, алдыңғы 2001 жылмен салыстырғанда 19 қылмысқа артқан. Осы уақытта шетел валютасындағы ақшалай қаражатты шетелден қайтармағаны үшін 95 қылмыс тіркелген, яғни 2001 жылға қарағанда 52 қылмысқа көбейген. ҚР ҚК-нің 214-бабымен қарастырылған қылмыс саны 79 болып, 2001 жылмен салыстырғанда 13 қылмысқа артқан. Ал ҚР ҚК-нің 250-бабы бойынша 2002 жылы 357 қылмыстық іс қозғалып, бұл қылмыс өткен жылға қарағанда 24 қылмысқа артқан.

Жалпы 2003 жылы ҚР ҚК-нің 209-бабымен 478 қылмыс жасалып, алдыңғы 2002 жылмен салыстырғанда 112 қылмысқа азайған. Осы уақытта шетел валютасындағы ақшалай қаражатты шетелден қайтармағаны үшін 82 қылмыс тіркелген, яғни 2002 жылға қарағанда 13 қылмысқа азайған. ҚР ҚК-нің 214-бабымен қарастырылған қылмыс саны 95 болып, 2002 жылмен салыстырғанда 16 қылмысқа артқан. Ал ҚР ҚК-нің 250-бабы бойынша 2003 жылы 402 қылмыстық іс қозғалып, бұл қылмыс өткен жылға қарағанда 45 қылмысқа көбейген.

Ал 2004 жылы ҚР ҚК-нің 209-бабымен 374 қылмыс жасалып, алдыңғы 2003 жылмен салыстырғанда 104 қылмысқа азайған. Осы уақытта шетел валютасындағы ақшалай қаражатты шетелден қайтармағаны үшін 55 қылмыс тіркелген, яғни 2003 жылға қарағанда 27 қылмысқа азайған. ҚР ҚК-нің 214-бабымен қарастырылған қылмыс саны 88 болып, 2003 жылмен салыстырғанда 7 қылмысқа кеміген. Ал ҚР ҚК-нің 250-бабы бойынша 2004 жылы 414 қылмыстық іс қозғалып, бұл қылмыс өткен жылға қарағанда 12 қылмысқа көбейген.

Өткен 2005 жылғы мәліметтерге тоқталсақ, ҚР ҚК-нің 209-бабымен 356 қылмыс жасалып, алдыңғы 2004 жылмен салыстырғанда 18 қылмысқа азайған. Осы уақытта шетел валютасындағы ақшалай қаражатты шетелден қайтармағаны үшін 30 қылмыс тіркелген, яғни 2004 жылға қарағанда 25 қылмысқа азайған. ҚР ҚК-нің 214-бабымен қарастырылған қылмыс саны 114 болып, 2004 жылмен салыстырғанда 26 қылмысқа артқан. Ал ҚР ҚК-нің 250-бабы бойынша 2005 жылы 443 қылмыстық іс қозғалып, бұл қылмыс өткен жылға қарағанда 29 қылмысқа көбейген.

Соңғы 2006 жылы ҚР ҚК-нің 209-бабымен 478 қылмыс жасалып, алдыңғы 2005 жылмен салыстырғанда 122 қылмысқа артқан. Осы уақытта шетел валютасындағы ақшалай қаражатты шетелден қайтармағаны үшін 32 қылмыс тіркелген, яғни 2005 жылға қарағанда 2 қылмысқа көбейген. ҚР ҚК-нің 214-бабымен қарастырылған қылмыс саны 111 болып, 2005 жылмен салыстырғанда 3 қылмысқа азайған. Ал ҚР ҚК-нің 250-бабы бойынша 2006 жылы 448 қылмыстық іс қозғалып, бұл қылмыс өткен жылға қарағанда 5 қылмысқа өскен.

Бұл жерде кеден қылмыстарының жоғары латентті екендігін ескере кеткеніміз дұрыс. Яғни бұл қылмыстар осы ресми мәліметтерге қарағанда көбірек жасалатыны бәрімізге белгілі, дегенмен өкінішке орай кеден және басқада құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалып қойып отырады.

Латенттiктiң (латенттiк қылмыстың) бiрнеше анықтамасы бар. Кейбiр авторлардың айтуынша, латенттiк қылмыс дегенiмiз милиция, сот органдарында белгiсiз бiреулердiң жасаған қылмыстарының ашылмай қалуының жиынтығы [185, 39]. Ал басқаларының пiкiрлерiнше, латенттiк қылмыс дегенiмiз заң бойынша жасалған қылмыстардың iстерiн қарау немесе тергеу жүргiзу құқы берiлген бiр органдардан жасырын болуы [186, 7].

Мәселен С.С.Белоусованың пікірінше, салық салым саласындағы қылмыстар жоғары латенттілікті құрап, оларды ашу саны нақты қылмыстық жазаланумен тартылатын салық заңнамасын бұзумен істелгендердің 5 пайыздан аспайтындарын құрайды [187]. Ал В.Д. Ларичев пен Н.С. Гильмутдинованың көзқарастарынша кедендік салықтық саладағы қылмыстардың жоғары жасырындылығының негізгі себебі құқық қорғау органдарының, соның ішінде МКК жұмысының жеткіліксіз тиімді болмауы болып отыр. Сонымен қатар олар осы себептерді төмендегі факторлармен байланыстырады:

- біріншіден, жоғары білікті мамандардың жетіспеушілігі, яғни кеден органындағы жеке құрам қызметкерлерінің 70 пайызының стаждары 2 жылдан аспайды. Сонымен бірге жүктің көп болуы себебінен 10 пайызы ғана тексеруден өтеді, яғни бұл едәуір дәрежеде осы саладағы қылмыстарды анықтауға кедергі жасайды;

- екіншіден, Ресей құқығының жаңа саласы – кеден құқығы қалыптасып даму жолында. Оның куәсі бүгінгі күні кеден органдарының жұмысын реттейтін 600 заңнама мен 4 мың нормативтік актілер қолданылуда. Осы кеден заңнамасы қалыпты болмауы салдарынан, адал салық төлеушілер өзгерістерге үлгермей керісінше адал еместері осы мезеттерді пайдаланып кедендік салықтардан жалтаруда. Әрине осы мән жайлар кеден, салық және құқық қорғау органдарына кері әсерін тигізіп, кінәлілерді жауапқа тарта алмауға себеп болып отыр;

- үшіншіден, МКК-ның нақты маңыздылығына қаржыландырудың сәйкес келмеуі. Мәселен нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде кеденге бюджеттің 1,5 пайызына дейін жұмсалады. Ал Ресей федерациясында кеденге бюджеттің тек қана 0,7-0,8 пайызы ғана жұмсалады;

- төртіншіден, МКК-ның жұмысы құқық қорғау және қадағалаушы органдармен қажетті түрде реттелмейді; жеке және заңды тұлғалардың салық декларациясынан және салық төлемдерінен жалтаратыны туралы ақпарат алмасу жүйесі қажетті түрде жұмыс істемейді; сыртқы экономикалық мәмілемелердің толық есебі ұйымдастырылмаған; декларанттардың заңды тұлғалар ретінде тіркелгенін анықтау және кедендік декларацияларда көрсетілген мәліметтер тез арада сұралмайды;

- бесіншіден, құқық қорғау жүйесінің жіберушілік қабілеттілігі қылмыстық стастистикаға әсерін тигізеді. Бұл статистика жасалған қылмыстарға, олардың жасалу сипаттамасына және саралануына, қатысушылардың санына, анықтаушылардың, тергеушілердің, прокурорлардың, басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің санына және тағы басқада факторларға байланысты деректердің өңделу нәтижесінде қалыптасады. Ал құқық қорғау органдарының қызметкерлерін алатын болсақ, олар көп уақыт бойы ауыртпалық режимінде жұмыс істейді. Өкініштісі 90-шы жылдары біліктілігі жоғары мамандардың жұмыстан кетуі көп болды. Сол себептен құқықтық дайындықты қажет ететін қызметтерге, жоғары немесе заң білімі жоқ тұлғалар жұмысқа алынды;

- алтыншыдан, кеден және басқада салық саласында қылмыстар бойынша қозғалған қылмыстық істерді сот органдарының білікті қарастырылуына дайын болмауы [13].

Ресейлік ғалымдар контрабанданың жоғарғы латентілігін ескере отырып, оның масштабының шындық бейнесін, кедендік шекарасы арқылы заңсыз тасымалданатын тауарлар түрлерінің әртүрлі суреттеу мүмкін еместігін айтады. Бірақ кейбір болжамдар релеваннты статистикалық мәліметтерді салыстыру арқылы алынған.

Осыдан біраз уақыт бұрын Ресей Федерациясының бас статистикалық комитеті автокөлік өндірісі экспорттері, импортының өндірісі туралы ресми мәліметтерді МАИ органдарының есебіндегі цифрлармен салыстырған. Бұл мәліметтерді салыстыруда жыл сайын 100 000 мыңдаган автокөліктер Ресейге мемлекеттің бақылауынан тыс заңсыз кіріп отыратындығы белгілі болған. Мұның қорытындысы, бұл тауардың едәуір көлемі контрабандалық жолмен кедендік бақылаудан тыс елге кіргізіліп, кедендік бақылау барысында ашылмай, және де мемлекет кірісіне тәркілеуге жататын контрабанданың заты есебінде есептелмеген. Бір жағынан мемлекетке едәуір маңызды материалдық залал келсе, екінші жағынан қылмыскерлер жазасыз қалып отыр. Нәтижесінде қоғамға 2 есе шығын келген / /.

Біз осы жоғарыда айтылған көзқарастармен келісе отырып, осы кеден саласында жасалатын қылмыстардың, латенттi сипат алуының бiрден бiр себебi ретінде кедендiк шекараның қашықтығын да жатқызамыз. Оның куәсі бүгінгі күні Қазақстан Республикасының шекарасы 13034 шақырымға созылып, Ресей Федерациясымен 6023 шақырым, Өзбекстанмен 2163 шақырым, Қытаймен 1730 шақырым, Қырғызстанмен 1053 шақырым, Түркменстанмен 345 шақырым, Каспий теңiзi арқылы Иранмен, Ресеймен, Әзiрбайжанмен жалпы көлемi 1730 шақырымды құрайды [188].

Наши рекомендации