Он бесінші тақырып: Бұзақылықтың алдын алу және криминологиялық сипаттамасы. 8 страница

И.И. Карпецтің айтуынша егер қоғам экономикалық, әлеуметтік және саяси проблемалар мен қарама-қайшылықтардың уысында қалса қылмыстылық кең етек алады, ешқандай әлеуметтік-саяси жүйе бұл заңдылықтан қашып құтыла алмайды, дейді. Демек қоғам дамуындағы үйлесімсіздік және оның алдында тұрған мәселелердің шешілмеуі қылмыстылықтың көбеюіне әкеп соғады [224, 102б.].

Ал американдық В Фокстың көзқарасынша қоғам дұрыс ұйымдастырылмаса, ол әлеуметтік және экономикалық дағдарыста болса, оны қылмыстылық пен зорлық жайлайды. Ал керісінше әлеуметтік және экономикалық проблемалар кең ауқымда шешілсе қылмыстылық азаяды, ол ахуал қоғам мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік және рухани мұқтаждықтарын қанағаттандыру мүмкіндігін арттырады [225, 21-22б-б.]. Оның көрінісін қазіргі уақытта еліміздегі экономиканың жақсаруына байланысты кейбір қылмыс түрлерінің азайғанынан көруге болады.

Қалыптан қоғамдық қатынастардың теріс ауытқуы қалайда сананы өзгертіп, құндылықтарға деген қатынасты өзгеше қылып, тұлғаны азғындап, мінез-құлықты өзгертеді. Мәселен, жастар өздерін еңбекте, оқуда және қоғамдық өмірде көрсете алатындай мүмкіндіктен айырылса, және де бос уақытын дұрыс пайдаланбаса бойындағы бүкіл мүмкіндіктерді қылмыстық әрекеттерге жұмсайды [226, 19б.].

Ал Д.А. Дрильдің пайымдауынша қылмыстылықты әлеуметтік сырқаттың бір түрі деп қарастырып, қылмыс - әлеуметтік денедегі сырқат деп, оны адам бойындағы сырқат сияқты, одан жазылу үшін оны тудырған және себепші болған барлық факторларды зерттеу қажет [227,132б.]

В.Н. Кудрявцевтің пайымдауынша қылмыстылықтың себептері жайлы сөз болғанда былай пайымдайды: «біріншіден, мәселе, өндірістің қысқаруында, бағаның босатылуында, сыртқы экономикалық байланыстардың бостандығында, сауданың бостандығында, саудагерлікке, оның ішінде валютамен саудаласуға рұқсат бергендікте, сондай-ақ, халықтың 40%-тен астамы қазір нашар тұратындығы да экономикалық жағынан қылмыстылықпен тығыз байланысты» [228, 59б.].

Осы айтылғандардан мынадай тұжырым жасауға болады: қылмыстылық –адамзат тарихында бұрын болған және қазіргі бар қоғамдардың барлығының да ажырамас бөлігі [229]. Оның болашақ тағдырын болжау үшін қажетті деректер әзірге жоқ, бірден бір жолы, ол – болжамды сәуегейлікпен немесе аксиомамен алмастыру. Сондықтан да, қоғамның және оның интеллектуалдық потенциалының мақсаты қылмыстылыққа жан-жақты әсер ете отырып оның деңгейін төмендету, құрылымын жұмсарту. Қылмыстылыққа әлеуметтік бақылау жасау және оны жүзеге асыру [230].

Криминологиялық әдебиеттерде қылмыстылықтың түп-тамырын анықтаудың әр түрлі жолы ұсынылған. Оның біреуінде – адамның санасы мен еркі оның істеген әрекетіне себеп болады, сондықтан да қылмыстылыққа (қылмысқа да) субъективтік фактор себеп болады деген пікір айтылады. Ал профессор Алаухановтың пікірінше психиканың ауытқуы қылмыстық мінез-құлыққа себеп болмайды. Егер ауытқу қоғамға қауіпті салдардың себебінен болса, онда қылмыс жоқ, тек есі дұрыс емес адам жасаған қоғамға қауіпті іс-әрекет бар. Басқа бір жол қылмыстылық проблемасын, әлеуметтік құбылыс ретінде, биологиялауды және психиатриялауды білдіреді [58].

Психикалық ауытқулардан туындайтын қылмыстық әрекет адамның қоғамға қарсы келетін ерекшеліктерімен ұштасқанда ғана мүмкін болады. Қылмыстық психологияның қалыптасуына себепші болатын адам психологиясындағы, әлеуметтік қатнастардағы ақаулар, әлеуметтік факторлар қылмыстылықты тудыратын себептерге емес, оның жағдайларына жатады. Мәселені басқаша түсіну, осы концепцияны жақтаушылардың пікірінше, қылмыстылықтың себептерін адамның қоғамға қарсы бағдар алу себептерімен шатастыруға әкеп соғады [231, 4б.].

Профессор Е Алаухановтың көзқарасынша, қылмыспен байланысты мінез-құлық біртұтас құқықтық құбылыс, онда сыртқы және ішкі детерминанттар жүзеге асырылады. Проблемаға тек социологиялық немесе психологиялық тұрғыдан ғана қарау шындыққа апармайды [58].

Ресейде шыққан «Криминология» оқулығының авторлары «кез-келген қоғамда қылмыстылықтың жалпы себебi — объективтi әлеуметтiк қарама-қайшылықтар» дейдi [232, 61б.]. Бұл көзқарас ғылымда анағұрлым танымал және қолайлы құрастырылған. Сондықтан фундаментальды негiз ретiнде осыған сүйенемiз. Өйткенi кедендік қылмыстардың криминологиялық сипаттамасын бергенде, мұндай көзқарастар, Қазақстанның қазiргi жағдайында кеден саласында жасалатын қылмыстардың құрылымдық механизмiн анықтауға жағдай жасайды.

Кейбір ғалымдардың пікірлерінше кеден саласындағы қылмыстарды ең алдымен жеке басылық пайдакүнемдік мақсаттар жетелейді. «Қара» нарықтың экономикасы қылмыстық құқық бұзушылықтың негізгі басымына қарағанда салықтық базаның қысқаруының ахуалын қалыптастырады, ол заңды экономиканың дамуына зиянды ықпал жасайды және экономиканы дамыту аумағы мен оны тепе-теңдікте ұстауды күшейтудің ықпалдылығын үзіп, қоғамға, жеке тұлғаларға, мемлекетке үлкен жапа шектірулері мүмкін.

Кедендік қылмыстардың көпшілігінің, салықтар және басқа да қылмыстармен өзара байланыста екендігін атап өтпесе болмайды. Кедендік қылмыс – көп жағдайда экономикалық қылмыстар байлауының соңғы бөлігі. Олардың сапынан ұрлауды, пара алуды, қызметтік жағдайын заңсыз пайлануды, қысым көрсету арқылы тартып алуды атауға болады. Аталмыш қылмыстармен мемлекеттің экономикалық мүддесіне едәуір шығындар келетіні анық. Үлкен қауіптілікті азаматтардың заттық айналымдарынан алынған контрабанда туындатады. Мәселен, қару-жарақтар контрабандасы көп жағдайда экономикамен емес, саясатпен байланысты болып келеді [38, 4б.].

В.Д. Ларичев пен Н.С. Гильмутдинованың көзқарастарынша бүгінгі жаңа экономикалық жағдайда қылмыстылық өздерінің пайдақорлық мақсаттарына жету үшін, көбінесе демпингтік бағамен елдің стратегиялық шикізаттарын сыртқа шығару арқылы басымдау дивиденттер әкелетін, және қолданушыларға акциздікке жататын тауарлар әкелуді, кедендік заңның бұзылуымен және кедендік салықты төлеуден жалтарумен өткізілетін бағыттарға қарай бет алды. Соның салдарынан құқыққа қарсы жасалынатын келісімдердің көлемі көптеген миллиардтаған сомамен саналады. Шет елдік банктерде шөгіп қалғандықтан олар шет елдік өнім жасаушыларға жұмыс істейді және ұйымдасқан қылмысты қаржыландырады. Мәселен сарапшылардың қортындысына сүйенсек 1992-1997 жылдар аралығында Ресейден аударылған сома 60 млрд. доллардан жоғары. Шет елге заңсыз қаржылар өткізу, жеке тұлғалар арқылы шет елге валюта жеткізу, шикізаттар контрабандасы, энерготасымалдаушылар, түрлі түсті, кымбат металлдар және қымбат тастар, сирек кездесетін жер элементтері мен күрделі экспортты-импортты тауарлар кестелерімен аяқтап және жалған қаржылық операциялар жасау үшін барлық әдістерді де пайдалануда. Шығарылатын капиталдың басым бөлігін заңсыз жолмен қол жеткізген қаржылар құрайды. Олардың үлесі шет елдегі ресейлік капитал көлемінің 30-40% құрайды. Оның куәсі Швейцарияның Бас прокуроры Карл дель Понте 1998 жылы жасаған мәлімдемесінде елінің банкісінде ресейден шыққан, пайда болуы заңсыз 40 млрд. аса АҚШ долл. сақталатынын хабарлады [13, 217б.].

Француз әлеуметтік құқықтық мектебінің басшысы Эмиль Дюркгеймнің пікірінше « әлуметтік төңкеріліс кезінде қоғам алдында, ұжым алдында жауапкершілік сезімі азаяды. Бұрынғы нормалар мен шаралар тиімсіз болып, сондай жағдайдаы адам мемлекетпен орнатылған шектеулерді мойындамайды. Ол өзінің қажеттіліктерін көбінесе заңға қарсы әдістермен орындауға икемделеді [233, 198б.].

Кедендік төлемдерден бас бартуға байланысты пайда болған жағдайдың бір себебі Ресейдегі салық салу дәрежесінің жоғары болуы. Кеден және салық заңнамасының жетілмегені, кеден төлемдерінен және салықтардан жалтартудың өсуіне әкеліп, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне тікелей қарама қайшылықта болып, өркениетті нарықтық қатынасқа өту процессіне кедергі жасайды. Бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардан түсуге тиістінен 30-дан 50 пайызына дейін түспейді. Бұл сыртқы экономиканы басқару жоғалтуымен түсіндіріледі, осы себебтен мекемелер мен салалардың тиімділігі төмендейді. Сыртқы экономиканың шаруашылық және заң шығарушылық жүйесі тиісті түрде жұмыс істемейді, әрдайым кедендік заңнама өзгереді. СЭҚ-дегі қалыптасқан жағымсыз тенденция қазіргі уақыттада бар. Экономикадағы кризистік құбылыс және әлуметтік саладағы мемлекеттің міндеттемелері бюджетке қаражаттың жұмылдыруын қажет етеді. Ресей үкіметімен дайындалған тұрақтандыру шаралары сыртқы экономикалық операцияларға салықты көбейтуді көздеп отыр. Дегенмен, реформаланып жатқан экономика жағдайында кедендік салық салуды оңайлату қажет. Негізделмеген жеңілдіктер мен тиім салулар кедендік төлемдерді төлеуден жалтарту үшін жақсы жағдай жасап отыр. Қазіргі таңда Ресей үкіметімен жеке тұлғаларға автомобильдерді кіргізуге төленетін кедендік төлемдердің ставкасасын төмендетті және соған байланысты бұрыңғы болған жеңілдіктерді алып тастады. РФ ІІМ-гі көрсеткендей, шаруашылық жүгізуші субъектілерді тіркеудің женілдетілген тәртібі кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтартудың бір себебі болып, криминалды орта үшін қолайлы жағдай жасап отыр [13, 217б.].

Кедендік қылмыстардың қандай ниетпен, нендей себептермен жасалғандығын анықтау өте маңызды. Сол себеппен, жүргiзген зерттеу жұмыстарымыздың нәтижесiнен, байқағанымыз, осы кедендік қылмыстармен күрес жүргiзетiн құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне кедендік қылмыстарды жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды әр уақытта анықтай береме деген сұрағымызға (сұрастырылған қызметкерлердiң 72,7 %-i анықтайтындығын айтса, ал 27,3 %-i керiсiнше жауап берген). Кеден қылмыстарын жасауға жол беретiн факторлар қандай деген сауалға: 6,9 % заңдылықтың қазіргі заман талаптарына сәйкес келмеуі, 42,8 % елдегі экономикалық және инвестициялық климаттың жалпы қанағатсыз қалыптасу шартары, 10,1 %) нарықтық заманның әрекеті, 7,5 % бизнестің үкіметке, халықтың банкілерге және басқа да қаржы институтарына сенбеуі, 20,1 % сыртқыэкономикалық операциялардың кірістерін легализациялаудың қауіпсіздігі және тиімділігі, 11,3 % экспорттық капиталды нақты реттеу механизмінің болмауы, 1,3 % басқа да себептер деген жауап алынды.

Қаралып отырған кеден қылмыстарының жасалуына ықпал жасайтын шарттар мен себептер осы баппен қылмысқа тартылғандардың қылмыстық iстерiн оқығанда да расталып отыр.

Бүгінгі күні біздің еліміз бұрын болмаған саяси және экономикалық жүйені түбірімен қайта құруда өз тарихында күрделі кезеңді бастан кешуде. Оның куәсі қазіргі уақытта экономикалық қайта құрудың нақтылы нәтижелеріне қол жеткізіліп: іс жүзінде өндірісті реттеудің нарықтық тетігі қалыптасып, тауарлық жетіспеушілік құрдымға кетіп, сыртқы саудадағы оңтайлы сальто тұрақты қамтамасыз етілді. Дегенмен өкінішке орай осы нарықтық шаруашылықты қалыптастыру өмірге бірқатар жағымсыз құбылыстар мен процестерді ала келді. Олардың бірі елдің экономикасына үнемі кері әсерін тигізіп отырған сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикалық қызмет. Бізге белгілі экономика саласындағы қылмыстылықтың көптеген себептерінің ішінде сыбайлас жемқорлықта бар. Оның көптеген анықтамалары бар. Дегенмен осы анықтамалардың тоғысатын жері, билеушілік элитаның өз билігін немесе байлығын жоғарлату үшін мемлекеттік ресурстарды жағымсыз жағдайда пайдалануы [234]. Кеден саласында жасалатын қылмыстардағы сыбайлас жемқорлық лауазымды тұлғалардың қызметтік мүмкіншіліктерін пайдалана отырып қылмыстық ниеттерін іске асыруынан көрінеді. Өкінішке орай осы кеден саласындағы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ішінде сыбайлас жемқорлыққа байланыстары бар тұлғаларда қызмет істейді. Оның айқындығын еліміздегі осы салада қызмет ететін қызметкерлерге қатысты қозғалып отырған қылмыстық істерден көруге болады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі қазіргі уақытта дүниежүзілік өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Оның куәсі. Біріккен Ұлттар Ұйымының 2003 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясының алғы сөзінде «сыбайлас жемқорлықтың ендігі жерде локальды мәселе емес екендігі, оның барлық елдердің экономикасы мен қоғамына қатысты трансұлттық құбылысқа айналғанын атап өткен. Сондай-ақ, аталмыш құжатта бүгінгі күні сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың ерекше маңыздылығы, келешекте көпсалалы және баршасын қамтитын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу тиімділігі үшін қажетті әдістеме боларын атап көрсеткен.

Қазіргі кезеңдік Қазақстан бүгінгі күндері өзінің даму барысында жаңа әлеуметтік-экономикалық кезеңнің табалдырығында тұр, сондықтан біздің әлемнің мейлінше бәсекелестікке қабілетті 50 елінің санатына енуіміз үшін Қазақстанның сыбайлас жемқорлықпен (коррупциямен) екі еселенген пәрменмен күресуі қажет. Қазіргі уақытта мемлекетімізде өткізіліп жатқан қайта құруларды тежейтін коррупциялық тығырыққа тірелу байқалады. Осыған байланысты аздаған статистикалық көрсеткіштерге жүгініп, 2005 жылдың 6 айымен салыстыра кететін болсақ, қаржы полициясы органдары осы мерзімде сыбайлас жемқорлық қылмыстарының 731 фактісін анықтаған, соның ішінде 140 пара берушілік, ал 2006 жылдың алты айында 867 сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар, соның ішінде 184 пара беру анықталған [235]. Осы аталған мәліметтерден біз қандай қорытынды шығара аламыз? Әрине біртекті. Сыбайлас қылмыстарды жасау өсу үстінде. Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі алға жылжуды тек қана репрессияға ғана емес мұндай әлеуметтік зұлымдықтың алдын алуға бағытталған елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарын жетілдіру арқылы мүмкін және оны тез арада бастау қажет.

Елбасының 2005 жылғы 18-ақпандағы «Қазақстанды экономикалық, әлеуметтік және саяси жұмылдырылу жолында» атты Жолдамасының ережелерін орындау үшін және 2006 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің мәжілісінде берілген нұсқауға қатысты Қазақстан Республикасының экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттігі «Сыбайлас жемқорлықпен күресті жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасын дайындады. Аталмыш жобаның ішінде қазіргі күші бар қылмыстық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілу ұсынылып отыр.

Бұл ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар қылмыстық заңдағы сыбайлас жемқорлық (коррупциялық) қылмыстарына қатысты жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесін шешу тек қана коррупциялық құқық бұзушылықтар үшін санкцияларды қатаңдандырумен ғана шектелмей, сонымен қатар жоғары лауазымдағы шенеуліктердің және қоғамның «жоғарғы» қабатына жататын (саясаткерлердің, ірі кәсіпкерлердің т.б.) басқа тұлғалардың жазаланудан құтылмайтын жайын қамтамасыз ету керек. Олардың жазаланудан тыс қалуы мейлінше көп санды құрайтын және қоғамның төменгі қабаттары мен топтарындағы жалпылама «төменгі» сыбайлас жемқорлықтың таралуына әкеліп соғары анық.

Профессор М.Ш. Қоғамовтың көзқарасынша бүгінгі күні контрабандалық қызмет мейлінше ұйымдасқан сипат алып, оның жұмыс істеу механизмі (меншік қауіпсіздігі, тасымалдау, байланыс, өткізу) жетілуде. Кеден құжаттамасында жарияланған жүктердің атауларының өзгеруі, нақты шеттен әкелінетін және шетке шығарылатын жүктер санының артуы секілді жайттар жиілеп кетті.

Белгілі мемлекеттерге, тіпті, алыс шетелдерге өнеркісіптік кәсіпорындардың өнімдері контрабандасының (мысалы, жасырын түрде металл сынықтарын шетке шығару) масштабы кеңіді.

Асыл тұқымды құстарды, дәрілік өсімдіктерді, астық пен ұнды, мәдени және тарихи құндылығы бар заттарды, ауыл шаруашылығы жануарларының терілерін контрабандалық жолмен шетке шығару сияқты жағдайлар тұрақталды.

Мемлекет аумағына темекі өнімдерін, спиртті, мұнай өнімдерін, сапасыз тамақ өнімдерін, заңсыз шеттен әкелу көлемі елеулі.

Өнімнің келісімдік құны түсті, ал шетел банктерінің есепшотындағы бағалар арасындағы айырма шөгуде.

Көптеген келісімдерді бүркеу үшін шетел фирмаларымен, көбінесе жоқ фирмалармен фиктивті келісімшарттар жасалуда, жалған құжатты ресімдеу арқылы жүктер жалғандықпен жарияланып шығарылуда. Кедендік және басқа жалған құжаттарды жасау, шетел банктері есепшотындағы банктік кредиттерді фиктивті келісімшарт арқылы валютаны кейінгі түбірімен өзгертумен және ауыстырумен алу сияқты жағдайлар да аз емес. Сыртқы сауда келісімдерін жүзеге асыруда алынатын валюта құралдарының толық көлемінің жасырылуы жиі ұшырасады. Валюта сарқылатын көздердің бірі шетел фирмалары болып табылады. Ақшалай қаражат қойылды деген аты бар тауарға немесе көрсетілген қызметке Қазақстандағы шетел фирмаларының есебіне бағытталып, корреспонденттік шоттар арқылы шетелге ауыстырылады [94].

Контрабанданың таралу себептерінің бірі – бұл қылмыстардың практикада ашу мен тергеуде белгілі бір қиындықтар тудыруында және ереже бойынша, онсызда өздігінен күрделі және қарама-қайшылығы көп кеден заңнамасын бұзумен байланыстылығы. Бұндай қылмысты ашу үшін кеден құқықбұзушылығының объективті жағын нақты анықтап алу қажет, ал одан кейін ғана жедел және тергеу әрекеттерін жоспарлауға болады. Өкінішке орай, құқық қорғау органдарының жедел және тергеу қызметкерлерінің көпшілігі кеден заңнамасымен, кеден органдарының жұмысы тәжірибесімен, оның лауазымды тұлғаларының қызметінің ерекшеліктерімен жеткілікті таныс емес, бұл контрабанданы ашуда, ал кейін тергеуде көптеген қателіктер мен ашық сәтсіздіктерге әкеліп соғады. Оған қоса, кеден органдарының қызметкерлері қызметтік жағдайын теріс пайдаланып немесе пара алу арқылы мүдделі тұлғаларды елеулі шығындардан (кеден төлемдері) босатады, бұл артық табыс табу негізінде мықты сыбайлас жемқорлық байланыстардың пайда болуының себебі болып табылады. Лауазымды қылмыскерлердің осылай криминалді және билік құрылымдарында мықты қолдаушыларының болуы, алдын ала тергеу және жедел уәкіл қызметкерлерінің қылмысты ашуына қиындық туғызады [8, 154-155б-б.].

Біз жүргізген зерттеуде «сіз экономикалық контрабандамен жүргізіліп отырған күресті қанағаттанарлық деп есептейсіз бе?» деген сауалымызға 15% - иә, 49,5 % - жоқ деп жауап берсе, ал 35,5 % жауап беруге қиналған. Ал «адамдарды экономикалық контрабандамен айналысуға не себептер итермелейді?» деген сауалымызға: 59,5 % - үлкен мөлшерде табыс табу; 18 % - тұрғылықты жұмыс орнының болмауы; 14,5 % - кедендік ресімдеу процедураларының ұзақтылығы және қымбаттылығы; 8 % - басқаларын көрсеткен.

Бізге белгілі, экономикалық контрабанда да кез келген қылмыстық қоғамқа қауіпті құбылыс сияқты өзіндік әлеуметтік, экономикалық алғышарттарға ие. Оның себебі:

- біріншіден біздің елімізде өте жоғары деңгейдегі кеден төлемдері мен салықтардың ставкалары, шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлерді көлеңкелі экономикаға итермелейді, демек осы кеден төлемдерінің жоғары деңгейдегі көлемдері адал ниетті импортерларды контрабандистерге айналдырып отырған жайы бар;

- екіншіден, салық және кеден бақылауының төменгі деңгейін айтуға болады;

- үшіншіден, құқық қорғау және бақылау органдарының сыбайлас жемқорлыққа салынуы;

- төртіншіден, салық және кеден ставкаларының сәйкессіздігі;

- бесіншіден, көрші мемлекеттермен кеден төлемдері мен салықтар стакаларын есептеу тәртібін біріздендіру бойынша шаралар қолданылғанымен, осы елдермен Қазақстан Республикасының арадағы шекарасының ашық орналасуы жағдайы.

- алтыншыдан, бұл қылмыстың жасалуына азаматтарымыздың әл ауқатының төмендігі де өз кезегінде әсер етіп отыр.

- жетіншіден халықтың құқықтық мәдениетінің төмендігі.

Көптеген елдердің тарихи тәжірибесінен көргеніміздей, еркін сауда кезеңінде контрабанда құлдырауға ұшырайды, ал керісінше тауарлар мен көлік құралдарына жоғары деңгейде кеден төлемдері мен салықтарын салу осы құбылыстың қайта дамуына әкеледі [236].

Бүгінгі күні көлеңкелі экономика сыртқы экономикалық қызмет саласына белсенді түрде енуде. Оның куәсі елде кеден шекарасы арқылы тауарлық, валюттік және интеллектуальды ресурстарды легалды емес (көлеңкелі) ұйымдастырылған торлар арқылы өткізу қалыптасуда.

Валюталардың Қазақстаннан сырғып өту каналының бірі шет елдік фирмалар болып табылады. Ақшалай құрамдар әкелінген тауарлар немесе көрсетілген қызметтер арқылы шет ел фирмаларының қазақстандық банктердегі жинақтарына бағытталады және одан кейін шет елдік банктердің корреспенденттік жинақтары арқылы шет елге ауыстырылады. Көп жағдайда шет елдік фирма ең алдымен тауарларды Қазақстан территориясында алады, ал одан соң осы арада жоғары бағамен қайыра сатады. Бұл операция заңды, бірақ оның нәтижесі сәйкес тауарлық ресурстарды өсірусіз қалған мемлекеттің валюттік резервінің қысқаруы болып табылады.

Наши рекомендации