Он бесінші тақырып: Бұзақылықтың алдын алу және криминологиялық сипаттамасы. 6 страница

Қазіргі уақытта кеден саласында жасалатын өзге де заңбұзушылықтар проблемалары да өте өзекті болып отыр. Мәселен, кедендік территорияға тауар әкелер кезде жалған құжатпен рәсімдеп, кедендік тауар бағасын төмендетіп көрсетіп, тауарды әрмен тасымалдау кезінде өз бағасын қоя салу немесе жоғарыда көрсетіліп кеткен мысалдағыдай жүк тиелген көлік құралдарын бос деп өткізеді. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады Мәселен Қазақстан Қытай шекарасында құқық қорғау органдарынан құрылған ұтқыр топтардың тексерісінің нәтижесінде қазіргі уақытта Қытай жағында белгісіз себептермен кедендік рәсімдеуден өтпеген сексенге жуық машина, ҚР шекарасына жақын аумақта осындай иесіз он машина тұрған көрінеді. Екі ел арасындағы шекараның ашық, ешқандай кедергінің жоқ екенін ескерсек, мұнда да бір гәп бар, сыбайлас жемқорлық контрабандалық қылмыстың исі аңқиды[195].

Контрабандалық оқиғалар кәсіпкерлікпен шұғылданатын кейбір азаматтардың айлакерлік ісін айғақтап отыр. Мәселен Өскемен қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер Закир Исламов жекеменшік «МАЗ» автокөлігімен жалпы салмағы 26 531 келограм темірсынықтарын, оның 24 535 келограммы түсті метал, заңсыз түрде көршілес Қытай мемлекетіне өткізбек болғанда ұсталды. Оның үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 209 бабының 1 бөлімімен қозғалған қылмыстық іс айыптау қорытындысымен, сотқа жіберілген. Қытайға әкетілмек болған темірдің жалпы құны- 3 127 970 теңге құраған. 2007 жылдың 23 наурызында Өскемендік жеке кәсіпкер Андрей Васильев контрабандалық жолмен 1 248 мың теңге тұратын әйелдердің бес дана құндыз тонын Қытайдан алып шығып, «Майқапшағай» кеденіне әкелгенде ұсталды. Бұл оқиғаға байланысты қозғалған қылмыстық істе сотта қаралып, тәркіленген контрабандалық құндыз тондар айыптау үкімімен мемлекет пайдасына тәркіленген [195].

Кеден саласында жасалатын қылмыстар санатына жататын экономикалық контрабанданың аса жоғары деңгейдегі қауіптілігі оның аса ірі мөлшерлерде шикізаттар мен тауарлар, көлік құралдарының ұрлануымен, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарылумен, лауазымдық қылмыстармен тығыз байланысты болуымен түсіндіріледі.

Кейбір ғалымдар қазіргі таңда контрабандалық қылмысқа тән төмендегі белгілерді жатқызады:

- ұйымдасқан;

- масштабты;

- жоғары деңгейде техникалық жабдықталған:

- конспиративті;

- ұйымдастырушылар мен қылмысты орындаушылар құрамымен бірге олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, тасымалдауды, контрабанда заттарын таратуды жүзеге асыратын тұлғалардың болуы;

- контрабандалық топтардың қызмет ету тетігінің жоғары деңгейдегі үйлесімділігі.

Кеден саласында жасалатын қылмыстардың құрылымы қазіргі таңда толығымен өзгеріске ұшыраған. Мәселен, контрабандалық жолмен тауарларды тасымалдау үлкен жүк автокөліктерімен, теміржол вагондарымен, транспорттық ұшақтармен кедендік бақылаудан жасырудың жетілген жолдарын қолданумен, кедендік теңдестірудің жалған құжаттарын пайдалану арқылы, кедендік құжаттарда декларацияланатын тауарлардың атауларын өзгерту арқылы, заңсыз өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының жүк кедендік декларацияларда көрсетілгеннен артық жөнелту сияқты әдістермен жүзеге асырылуда [197].

Контрабанданың қоғамға қауіпті спецификалық зиян келтіретін қасиетінің толық көрінісін профессор М.П. Карпушин көрсеткен. Ол контрабанданың аса қоғамға қауіптілігін көрсете отырып, келесі негіздерге сүйенген:

1) мемлекеттің сыртқы сауда монополиясына нұқсан келтіреді;

2) мемелекеттің бюджетіне өткізілетін тауарларға салынатын төлемдердің толық көлемде түспеуінен мемлекеттің экономикасына залал келеді;

3) қару-жарақ пен оқ-дәрінің контрабандалық жолымен өткізілуінен қоғамдық қауіпсіздік мүдделеріне зиян келеді;

4) контрабандисттерге заңсыз түрде пайда алу үшін негіздер туындайды, олар жүз мыңдаған миллиондаған ақшамен есептеледі;

5) кей-кезде ақшаның контрабандасы мемлекеттік кауіпсіздікке үлкен қауіп төндіреді. Себебі шет мемлекеттің арнайы барлау қызметінің адамдары Ресей аумағындағы шет ел барлау қызметтерінің жаугершілік қызметтерін қаржыландыру үшін қолданады[197].

Жаңа экономикалық жағдайда қылмыс өз мақсаттарына жету үшін, атап айтқанда, көбіне демпингтік бағамен елдің стратегиялық шикізаттарын сыртқа шығару арқылы басымдау дивиденттер әкелетін бағыттарға қарай бет алды; тұтынушыларға акциздікке жататын тауарлар әкелу, тәртіппен, кедендік заңның бұзылуымен және кедендік салықты төлеуден жалтарумен өткізіледі. Құқыққа қарсы жасалатын келісімдердің көлемі көптеген миллиардтаған сомамен саналады. Шет елдік банктерде шөгіп қалғандықтан олар шет елдік өнім жасаушыларға жұмыс істейді және ұйымдасқан қылмысты қаржыландырады. Өкініштісі - қылмыскерлердің заңсыз әрекет жасау әдістері де жетіліп, заңсыз капиталдары да көбею үстінде. Тауарлар мен көлік құралдарын мемлекетімізден заңыз алып кетудің де алдын алу да мүмкін болмай отыр. Өзге де факторлармен қоса алғанда кеден саласында қылмыстардың жасалуына кеден және өзге де құқық қорғау органдары лауазымды тұлғаларының қызмет орындарын асыра пайдалануы да әсер етіп отыр.

Мәселен, А. Алексахинаның пікірінше, бүгінгі күні ұйымдасқан қылмыс, мүлікті басып алып, заңды экономиканы өз бақылауына алу бағытын ұстап отыр. Сол себептен Рессейдегі ұйымдасқан қылмыстың алдына қойып отырған стратегиялық бағыты төмендегідей:

- өздерінің жеке комерциялық құрылымдарын, банктерін, кәсіпорындарын құру;

- табысы көп жеке тұлғалармен кәсіпорындарға бақылау орнату;

- әлеуметтік бағыттағы қоғамдық қорларды құра отырып криминалдық құрылымдар қызметтерінен алынған ақшаларды заңдастыру;

Ресейдің валютамен қамтамасыз ететін экономика саласын өз ықпалына бағындыру [198].

В.Д. Ларичев пен Н.С. Гильмутдинованың пікірлерінше Ресейде іс жүзінде бизнестің жоғары табыс әкелетін түрлері, әсіресе, экспортқа-импортқа қатысты операциялар түгелімен қылмыстық қауымдастықтың ықпалында. Импортты реттеу отандық өндірушілерге қолайлы жағдай жасайды және ішкі нарықтағы монополистермен күресуге зор ықпалын тигізеді. Сол үшін импорттық тауарларды сертификаттау және басқа да шаралар көзделген [13]

Қылмыстылықтың пайда болуының өте-мөте қатерлілері оның ұйымдастырылған түрлері, оны жою үшін қылмыстарға қарсы ізге түсу органдары өздерінің негізгі күштерін бағыттауға міндетті. Сонымен бірге, олардың әрекеттерінің тиімділігі төмен болып қалуда. Бүгінгі күні ұйымдастырылған қылмыстық топтар жүзеге асырған қылмыстардың ашылу көрсеткішінің азайғанын біз ақпарат құралдарынан естіп отырмыз.

Көбіміз бүгін аңғарғанымыздай, нарықтық қатынастар мен экономиканың тұрақтануы жүріп жатқан қоғам дамуының аталмыш кезеңінде белсенді нысандарының бірі кедендік қылмыстар болып табылатын ұйымдасқан қылмыстылықпен күрестің өзекті мәселеге айналу маңызы күн санап өсуде. Басқа жағынан қарағанда, кедендік қылмыстардың мәнін ұғыну үшін олардың ықпалына байланысты болатын онда болып жатқан процестерді терең түсіну үшін жалпы қылмыстылық негіздерін анықтау қажет.

Алайда ұйымдасқан қылмыстылық іс-әрекет туралы түсініктер әзірге нақтылық пен жеткілікті анықталғандығымен ерекшеленбейді. Осыдан барлығымызға проблеманы тиісті бағалау үшін, оның жалпы мазмұны мен ішкі құрамдас бөліктерін жеке-жеке тереңдетіп зерттеудің ұзақ жолын өтетініміз анық. Қазақстанда бұл жоспарды іске асыруда кейбір бағыттар орын алуда, оның куәсі жеке ғалымдар мен ғылыми ұжымдар ұйымдасқан қылмыстылық және онымен байланысты басқа да проблемаларды зерттеп терең зерделеуге тырысуда. Олардың қатарынан бұл ғаламдық проблеманың жеке аспектілерін зерттеген А.Н. Ағыбаев [103], А.Н. Ахпанов [199], И.Ш. Борчашвили [106], Е.И. Қайыржанов [200], М.Ч. Қоғамов [201], Р.Т. Тілеухан / /, М.С. Нәрікбаев [203], М.О. Нукенов [204], И.И. Рогов [205], Б.С. Сарсекова [206], Б.Х. Төлеубекова [207] сияқты қазақстандық ғалымдарды атап өтуге тиіспіз. Оған қоса, диссертациялық (докторлық) зерттеуінің объектісі ретінде ұйымдасқан қылмыстылық пен сыбайлас жемқорлықпен күрестің қылмыстық-құқықтық, қылмыстық-процессуалдық және кримининалистикалық аспектілерін таңдап алған және сәйкесінше 1997 ж. осы тақырыпта монография шығарған Б.М.Нұрғалиевтің есімін атауға міндеттіміз [174].

Ұйымдастырылған қылмыстарға қарсы қабылданған шаралар тиімділігінің төмендігіне Ішкі істер министрлігінің арнаулы есебінде бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топтар істерінің ұзақ уақыт бойы сақталуы куә бола алады. Іс жүзінде олардың әрекеттерін тек қана Ұлттық қауіпсіздік органдары нәтижелі түрде тияды. Мысалы, Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері Алматы қаласы аумағында ұзақ уақыт әрекет жасаушы, «криминалды беделді - Атабаның» қылмыстық тобын жойды.

2004 жылдан бастап құқық қорғаушы құрылымдар «Қорғас» кедені арқылы контрабандалық жүктердің өткізілу арнасын жауып тастау бойынша жүргізілген жұмыстарға белсенді түрде қатысып, осы учаскідегі сыбайлас жемқорлықтың өріс жаюына тосқауыл қойды.

Дегенмен, кейбір ұйымдасқан қылмыстық топтар өздерінің тактикасын өзгертті, яғни жүктерді Қытайдан Қырғызстан республикасына бағыттау арқылы «жалған транзиттің» кестесін қолдануда. Қырғыз мемлекетінен тауарларды түрлі сипатта, шағын жүк партияларымен қайтадан қажетті кедендік жасақтаусыз Қазақстан аумағына ауыстыру тәртібімен Алматы қаласының базарларына әрі қарай тауар айналымын жасауда.

Осы аталған кестені анықтаған кеден органдары ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қояғанымен, соңғылары ашық қарсы күш көрсетуге көшті. Оның куәсі, Жамбыл облысының Мерке ауданында кеден қызметкерлері Қырғызстаннан Қазақстанға халықтық пайдалану тауарларымен келе жатқан, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері қорғаштайтын контрабандалық жүк тиелген автобусты тексеру барысында, кеден қызметкерлерінің біреуін кепілдікке алған олар «Қарасу» кедені арқылы күш қолданумен бұзып өтуге әрекет жасауға тырысқан.

Бұған дейін осы оқиғаға ұқсас «Сапатай батыр» кедені арқылы заңсыз контрабандалық жүкті алып өтуге тырысу қайталанған болатын.

Бүгінгі күні кеден органдарының қызметтері қатаң сынға алынып отыр. Себебі бұл органдарың тарапынан контрабанда мен кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтаруды анықтау төмен.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев айтқандай, бірнеше жылдар бойы кеденшілер, шекара қызметкерлері мен полиция қызметкерлері Қазақстан-Қытай шекарасындағы криминалдық жағдайды шеше алмай отыр. Қылмыскерлер мемлекеттік органдарды ығыстырып отыр. Соның нәтижесінде мемлекетке үлкен зардаптар келуде. Қытай мен өз мемлекетіміздің есебіне көңіл аударатын болсақ, 2000 жыл мен 2001 жылдың бірінші жартысында экспорт-импорт сомалары бірнеше жүз миллион долларға ауытқыды, әрине, Қазақстан еншісіне емес. Өз кезегінде мемлекеттік бюджеттің шығындары өте үлкен.

Тәртіпсіздік пен үйлеспеушілік тұрғысынан экономикалық қылмыстармен күрес азап шегуде. Өз кезегінде экономикалық қылмысқа жүйелілік сипат тән болып отыр. Сондықтан да, экономикалық қатынастардың барлық салаларын қамтитын криминалмен күресу қажет.

Мемлекетке келтірілген зардаптың ауқымын ескеріп, Н.Ә. Назарбаев Бас Прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік Комитетіне, Ішкі істер министрлігіне, Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетіне осындай «жалған транзиттік» фактілерге тосқауыл қою және ашуға бағытталған келісілген шараларды қабылдау мен барлық қазақстандық-қырғыздық шекарадағы кедендік бақылауды күшейту жайлы тапсырма берді [208].

Қазақстанның экономикасының әрі қарай қарқындап дамуына және оның бәсекеге, төзімді дүниежүзілік 50 елдің қатарына қосылуын қамтамасыз етуде шешуші рөлді еліміздің сыртқы экономикалық қызметі алатыны белгілі. Алайда, жаңа сыртқы экономикалық қатынастарға өту, оның қалыпты жұмыс жасауы көптеген жағымсыз құбылыстарды тудыруда, соның нәтижесінде мемлекетіміздің экономикалық мүдделеріне орны толмайтын ірі зиянды зардаптар келтіретін қылмыстық және кедендік заңнаманы бұзушылықтардың өсуі кеңінен тарап отыр.

Кеден саласында жасалатын қылмыстарға қатысты күрестің құқықтық шараларын қатаңдатылуы да осы салада қызмет ететіндердің заңбұзушылық жасауын тоқтатпауда, себебі кеден саласында жасалатын заңға қайшы әрекеттер осы жолмен алынатын пайда тәуекел етуге тұрарлық соманы құрайды. Осыған байланысты кеден саласында жасалатын қылмыстармен ұштасатын мәселелер әлемдік сипатқа ие және адамзаттың алдындағы өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр.

Көптеген құқық қорғау органдарының жедел іздестіру және тергеу қызметкерлері, соттар, кеден заңнамасымен, кеден қызметкерлері жұмыс тәжірибесімен және олардың қызмет ету заңдылықтарымен жеткілікті дәрежеде таныс болмағандықтан, кеден саласында жасалатын қылмыстардың құрамын ашу мен тергеу, саралау барысында ашық сипаттағы қателіктер жіберіледі. Мәселен кей жағдайда ҚР ҚК-нің 209-бабында көрсетілген экономикалық контрабанданың жүгін анықтауда қылмыстық әрекеттің ұйымдастырушылары анықталмағандықтан олар, қылмыстық әрекеттерін жалғастыра береді. Осыған байланысты кеден саласындағы жасалатын қылмыстармен күресті жүзеге асыратын құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін арнайы оқыту бағдарламаларын жасап, енгізу қажет. Әсіресе, контрабандалық құбылыстармен күресті жоғары деңгейде жүргізу үшін Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметкерлерін контрабанданың жасалу нысандары, тиімді түрде ашу, тергеу және алдын алу әдіс – тәсілдерін үйрететін арнайы дайындықтардан өткізу қажет.

Бізбен көршілес мемлекеттердің Үкіметтері ұлттық мүдделерін қорғау мақсатында протекционисттік саясатты ұстанып отырғаны бәрімізге белгілі. Оның куәсі кезінде ұлттық валюта курсының төмендеуіне байланысты Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттері жекелеген тауарлар мен көлік құралдарына шектеулер енгізілу нәтижесінде, импортқа демпинг әдісін қолданды. Біздің елімізде де осындай уақтылы дұрыс жүргізілген саясаттың арқасында мемлекетіміздің өндіріс орындары да қарқынды дами бастады.

Кез келген мемлекеттердің кедендік саясаты оның экономикалық дамуына тығыз байланысты. Сондықтан, тауарлар мен көлік құралдарының бір түрі үшін мемлекет кедендік шекара арқылы өтудің еркін режимін белгілесе, кейбір түрлері үшін өткізудің арнайы ережелерін белгілейді. Кедендік саясаттың қалыптасуына өз кезегінде мемлекетаралық шарттар, халықаралық құжаттар да ықпалын тигізеді.

Кедендік тариф – бағалардың механизмі арқыл әрекет ететін, сауданың реттеудің маңызды экономикалық құралы. Негізінде тариф экспортты да, импортты да тиімді реттей алады. Алайда нарықтық экономикасы бар елдерде тауарлардыв өткізу проблемасы болғандықтан,тәжірибеде тек кейбір елдер ғана экспортты, оның ішінде әсіресе шикізат тауарлардың (бірнеше немесе бірнеше ондаған позицияларын) шектеулі щеңберіне қатысты,реттеу үшін кедендік тарифті колданады. Импортты реттеу үшін кедендік тариф елдердің саны бойынша да, әсіресе таурлық позициялардың саны бойынша да, (алып келінетін тауардын шамамен 2/3 бөлігіне баж салынады) салыстыру мүмкін емес үлкен масштабтарда қолданылады. Сондықтан кедендік тариф туралы айтқанда әдетте импорттық тарифті есепке алады.

Интеграция процесінде экономикалық бірлестіктер құруда тек жекелеген елдердің ғана емес, сондай-ақ бүкіл аймақтардың импортын реттеу үшін тарифті қолдану баж салынатын тауарлардың салыстырмалы кең шеңберінің нәтижесі болып табылады. Нәтижесінде тариф екі, үш және одан да көп елдердің – бірлестік мүшелерінің бірлестіктен тыс елдерден саудасын ұжымдық реттеу құралына да айналады.

Кедендік тарифтік кешендік құралдар көмегімен сауданы реттеу фунциясың атқарады. Тауарларды қымбаттыратын, оларды төмен бәсекеге қабілетті ететін және осылай оларды әкелуді (немесе әкетуді) шектейтін баждың көлемі олардың ішіндегі бастысы болып табылады. Өзге құралдарға : елдердің жекелеген топтарына қатысты немесе белгілі бір жыл мезгілінде қолданылатын баждардын әр түрлі деңгейі; кедендік мақсаттарда тауар құнын бағалау тәсілі, оған баж көлемі тәуелді; тауардың шығуын аңықтайтын ережелер (тарифтік жеңілдіктер алу үшін); кеден заңнамасы ережелерін кәсіпкерлердің сакталмағаны үшін айыппұлдар және тарифтік жеңілдіктен айыру жатады. [208].

Кейбір елдер еркін сауда айналымын шектеуді сыртқы экономикалық қызметтің жақындастырылуына жағымсыз жағдай ретінде қарайды. Ал керісінше Батыс Еуропа, Жапония, АҚШ елдері еркін сауда принциптерін ұстанбай, олар түрлі санкциялар мен монополиялық баж, антидемпингтік шараларды қолданады.

Ал, біздің ел өзінің сыртқы экономикалық қатынастары мен кедендік саясатына үлкен жауаптылықпен қарайды. Оның айғағын 5 сәуір 2003 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің бірқатар мақсаттарды жүзеге асыруынан, сыртқы экономикалық қатынастарды тиімді жүргізуінен және құқықтық реттеудің жоғары дәрежеде жүргізуді басымды тануынан байқаймыз. Сонымен қатар, бүгінгі күні тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткізудің шарттары мен талаптарын құқықтық реттеу Дүниежүзілік Сауда Ұйымы талаптарына сәйкестендірілген.

Қазақстан Республикасы экономикасының халықаралық сауда жүйесіне кіруі мемлекеттің даму стратегиясының маңызды компоненті болып табылады. Сонымен қатар, сыртқы экономикалық байланыстардың кеңеюі мемлекеттің оларды реттеуге деген қатынастарын өзгертуді болжайды.

Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18-ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында: «Экономикалық және әлеуметтік жедел жаңару бағыты Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамудағы өзінің көшбасшылығын одан әрі сақтап, сол арқылы капиталды, инвестициялар, технологиялар мен білімді, білікті кадрларды тарту орталығына айналуына мүмкіндік туғызуға тиіс» [1] деген болатын. Сондай-ақ, Н.Ә.Назарбаев стратегиялық тұрғыдан Қазақстанның мүдделері толығымен ескерілген жағдайда, Бүкілдүниежүзілік Сауда ұйымына тезірек кіруге ықыласты екенін атап өтті.

Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымға кіруі валюта заңнамасын сатылап заңдастыруға ауысуды болжайды. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы бір жағынан валюталық операцияларды өткізу нәтижесінде қалыптасатын қатынастарға кедергісіз қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге, ал екінші жағынан – капиталдың шетелге «жылыстауының» алдын-алу үшін валюталық бақылау жүйесін жетілдіруі тиіс.

Қалыптасқан жағдайды есепке ала отырып, капиталдың «жылыстауы» мәселесіне тиісті назар аудармау кезінде заңдастыру қауіптілігі осы құбылысқа қажетті емес қарсы әрекет нашарлауы мүмкін. Валюталық саланың дамуы заң шығарушының шетелден валюталық қаражаттардың қайтарылмауына қылмыстық жауаптылықты белгілеу негізіне заңдылық ретінде жатқызылды.

Валюталық бақылау мемлекеттің абсолютты көпшілігімен соғыстан кейінгі жылдары шаруашылықты қалпына келтіру немесе тұрақты ақша айналымының қаржылық дербестігін қорғау, ішкі нарықты импорттық инфляциядан қорғау, ұлттық валюта курсын нығайту және валюталық резервтерді қысқартуға жол бермеу мақсатында экономикалық қатынастарды қорғаумен байланысты олардың экономикасы үші қиын-қыстау кезеңде белсенді қолданылды. Валюталық бақылау жүйесі түрлі кезеңде Францияда, Ұлыбританияда, Жапонияда, Австрияда, Италияда, Жаңа Зеландияда, Ирландияда, Испанияда және көптеген басқа мемлекеттерде барынша табысты іске асырылды. Қазіргі уақытта дамушы мемлекеттердің көпшілігі, ауыспалы экономикалық сатыдағы мемлекеттер сол немесе басқа шаралар арқылы валюталық реттеу және валюталық бақылау мүмкіндіктерін белсенді пайдаланады. Сонымен, Халықаралық валюталық қор деректеріне сәйкес валюталық түсімді өз еліне қайтарудың міндетті шарттары қазіргі сәтте шамамен 50 мемлекеттің құқықтық актілерінде тіркелген. Олардың құрамына Ирландия, Қытай, Кипр, Чехия, Венгрия, Иран, Израиль, Польша, ОАР, Түркия, Латын Америкасының, Оңтүстік-Шығыс Азияның кейбір мемлекеттері, Колумбия және өзге мемлекеттер енеді.

Валюталық жүйенің жайы мен қызметіне теріс әсер ететін факторлардың бірі валюта қаражаттары мен құндылықтарының бір бөлігінің мемлекет бақылауынан шығуы болып табылады. Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға ауысуы кезеңінде мемлекеттік валюталық монополияны жойғаннан соң, бұл аса өзекті мәселеге айналды. Бірқатар нормативтік актілерді қабылдаумен, атап айтқанда, жеке және заңды тұлғаларға валюталық құндылықтармен түрлі операцияларды жүзеге асыру құқығы берілді.

Наши рекомендации