ОРЫТЫНДЫ. Қорыта келгенде Қазақстан Республикасының экономикалық реформа аумағында жүргізілген банк секторындағы

Қорыта келгенде Қазақстан Республикасының экономикалық реформа аумағында жүргізілген банк секторындағы реформалар жалпы мемлекеттік шаралармен қатар жүзеге асып келеді. Жүргізілген банктік реформалардың басты бағыттарының бірі, уақытша бос қаражаттарды халық иелігінен банк секторына тарту, сол арқылы инвестициялаудың ішкі көздерін қалыптастыруға бағытталған депозиттік нарықта дұрыс бағытта қалыптастыру.

Әлемдік практикада қаражаттарды орналастырудың көптеген әдістері, жолдары, қалыптасқан жүйелері бар. Солардың бірі банктік жүйеде және басқа да қаржылық мекемелердегі депозитке салу, өзін-өзі жою дәрежесі жоғары мемлекеттік бағалы қағаздарды, салым алу, кәсіпорындардың түрлі акцияларын иемдену және тағы басқа. Сондай-ақ, осы салынған қаражаттардың өндірістің дамуы мен экономиканың жақсартылуына әрекеттеу факторы ретінде қалыптасуы өте маңызды. Республикамыздағы нарықтық өзгерістер мен экономикалық тұрақтылық болашағы еліміздегі бүкіл ақша ресурстарының 80%-ы шығарылған депозиттік нарықтық тұрақтылығына байланысты.

Сонымен қатар, депозит сапасының критериі олардың тұрақтылығы болып табылады. Депозиттердің тұрақты бөлігі көп болған сайын банк өтімділігі мен тартымдылығы жоғары болады. Сондықтан екінші деңгейлі депозиттерді орналастыруға, шоттар ашуға лицензиясы бар банктер мақсаты табыс табу болады. Осы мақсатта банктер өз пайдасын ойлап, депозиттердің тұрақты бөлігін көбейту бағытында жұмыс жасайды.

Бірақ банкттердің өміршең болуы үшін банкке жақсы депозиттік саясат қажет. Ол мемлекеттің араласуы мен өқолдауы арқылы жүргізілетін мемлекеттің депозиттік салымға кепілдік саясаты. Бүгінгі экономикалық белсенді жастағы және зейнеткерліктегі аға буын ұрпақ-кеңестік социалистік қоғамда өмір сүріп, саналы өмірін социалистік меншікті молайтуға берді.

Социализм тарап, демократиялы либералды қоғамға көшкенде жеке шиелендіруде жекешелендіруден жүргізілген экономикалық реформа нәтижесінде ешнәрсеге қол жетпей қалды. Оның үстіне 1990 жылдар басында инфляция, жұмыссыздық, өндірістің тоқырауы, банкілердің жабылуы, Ресейдің рубль зонасынан шығуымыз, ұлттық валюта енгізуіміз- бәрі-бәрі қаржылық дағдарысты туғызды. Нәтижесінде кеңестік жинақ кассаларындағы халықтың жиған тергені бар байлығы тиын болып қалды.

Осындай жағдайда Қазақстан Республикасы банк жүйесінің екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарын-депозиттерді сақтандырудың шешімін табуы, «Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» заңының қабылдауымен шешілді. Бүгінгі халықтың қолында бос жатқан миллиардтаған ақша массасы бар. Осы мол ақшаның көзі екінші деңгейлі банктер арқылы ел экономикасына инвестиция болып құйылуына жол ашу керек. Банктерге деген сенім болмаған жағдайда жеке тұлғалар екінші деңгейлі банктердің депозиторлары бола алмайды.

Әлемдік практикада салымшыларға мемлекеттік кепілдік саясаты қаржы рыногында қалыптасқалы көп болды.Барлық бос ақша банктердің шарттарында орналасады да ақпараттанған бағдарлама арқылы банктің қызметін тұтынушы комуналды төлемдерді, банктік жарналарды және басқа төлемдерді қолма-қолсыз аударып отырады. Бұл деген сөз қоғамның қаржылық сауаттылығы мен қаржы жүйесіне енген жаңа стандарттарға көшкенін көрсетеді. Дамыған мемлекеттер жаңа стандартты жүйеге көшу арқылы қоғамның қаржы жүйесін тұрақтылыққа, қауіпсіздікке, дамушылыққа алып келеді.

Әрине банктер басты мақсаты-пайда табудан бастарта алмайды. Сондықтан елімізде инфляцияның деңгейі жоғары болып тұрғанда, депозиттік пайызды жоғары көтере алмайды. Мемлекеттің саясаты-депозитке міндетті кепілдік төлем деңгейін белгілеу арқылы салымшыларды банктердің банкроттық жағдайында қорғау немесе шығынын толық өтеу. «Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде орнатылған депозиттерге міндетті кепілідк беру туралы» заңында міндетті кепілдік төлем бес миллион теңге деңгейі деп көрсетілген.Бірақ депозиторлардың негізі ұсақ салымшыларды құрайды.Демек депозиттері бес миллион теңгеден асатын салымшы-депозиторлар көп емес деген сөз. Осыған орай Қазақстандық салымшылардың қаржылық мүмкіндіктерінің әлі де үлкен емес екендігін байқауға болады.

Отандық қаржы нарығында банк жүйесі бірден аяқтан тұрып кете қойған жоқ. Банк ісінде енді тұрақтылық басталуда, бірақ әлі де проблемалар жоқ емес. Соның бірі кадрлық кәсібиліктің төмендігі мен тапшылығы, қаржы нарығындағы мамандардың болмауы сияқты мәселелерге байланысты. Сондай-ақ әлемде қаншама уақыттан бері қалыптасқан салымшыларды қорғау мәселесі де енді-енді шешімін тауып келеді. «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру Қоры» АҚ өзінің он төртінші жылын бастан өткеруде. Демек депозиттерге кепілдік беру жүйесін әлі де жетілдіре түсуге тура келеді, әлі де осал жақтары салымшыны қорғау үшін нығаяды.

Біз тәжірибемізден көргендей «Наурыз Банк Қазақстан» және «Валют-Транзит Банк» мәжбүрлеп таратылғанда көргеніміздей, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Заңы жұмыс жасады. Бірақ уақытша әкімшіліктер мен тарату комиссияларын жұмыс тактикасында айыптылардың мүліктерін сатқанда жарты бағасына сату фактілері орын алғанын баспасөз беттерінен оқыдық. Сондықтан мемлекеттік уәкілетті органдар-Ұлттық Банк, ҚР Қаржы Қадағалау агенттігінің Басқармасы қосымша әсер ету тетіктерін иемденетін құзыретті болуы керек сияқты. Мүмкін депозиторлардан құрылған қоғамдық бақылау топтарын құру мен тарату комиссиясының жұмысына ашықтық беру мәселелері Заң аясында шешімін тапса жөн еді.

Мемлекеттің дұрыс құрылған депозитке кепілдік саясаты көр нәрсенің шешімін табады. Біріншіден халық қолындағы айналысқа түспей отырған ақшалай қаражатты экономикаға таратады, екіншіден ақша иелерінің табыстарын көбейтеді, үшіншіден банк жүйесін ақша ресурстармен қамтамасыз етеді, төртіншіден экономиканың нақты секторларына бағытталатын несие ресурстары көбейеді, бесіншіден ішкі инвестицияны қалыптастырып, шетелдік инвестициялық, кіріпторлықтан құтқарады. Сондықтан да депозитке деген мемлекеттің кепілдік саясатын жақсарту қажет. Бұл жүйесінің қызметін мемлекеттің реттеуінсіз нәтижелі ұйымдастыру мүмкін емес.

«Әлемдік экономикадағы қолайсыз ахуалды ескере отырып, біз инфляциядан әрбір Қазақстандық кірістерін қорғауды, қамтамасыз ететін және экономикалық өсім үшін лайықты деңгеін ұстап тұратын боламыз. Бұл жай ғана макроэкономикалық мәселе емес, бұл елдің әлеуметтік қауіпсіздігінің мәселесі».

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. 2012 жылғы 14 желтоқсан.

2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

3. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы №2155 Заңы

4. Сейітқасымов Ғ.С. Банк ісі. – А., 2009.-580б. Белотелова Н.П.,

5. Белотелова Ж.С. Деньги, кредит, банки., 4 изд.- М: Дошков и К, 2012.-302с

6. Қазақстан Республикасының «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» №474 Заңы

7. «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» ҚР Заңы

8. ҚР ҚҚА Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктерді ерікті түрде қайта ұйымдастыруға, екінші деңгейдегі банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару арқылы оларды қайтарып беру қағидаларын бекіту туралы» №295 Қаулысы

Наши рекомендации