Тақырып 5. хv-хvі ғғ. Қазақ хандығының құрылуы

1.Қазақ халқының ортағасырлық ғылыми тарихын жазуда дерек көзі ретінде екі еңбектің орны бөлек. Олар Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи-и-Рашиди» және Қадырғали би Қосымұлының ХVІ ғ. соңы мен ХVІІ ғ. алғашқы жылдары жазылған (1602 жылы аяқталған) «Жылнамалар жинағы» еңбегі. Жоғарыда аты аталған адамдар және олардың еңбектері жайлы айтып беріңіз.

2. Қазақ хандығының құрылуының тарихи алғышарттары туралы айтып беріңіз:

Экономикалық алғышарттар –

Этникалық алғышарттар –

Саяси алғышарттар –

3. Қазақ этногенезінің қайнар көздері және қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдеріне тоқталыңыз. «Қазақ» этнонимі туралы айтып беріңіз.

4. «Қасым ханның қасқа жолы».

Өзінің мазмұны жағынан бұл заңның түбегейлі идеясы ежелгі диктатура арнасына барып тіреледі. Халық Қасымның шариғатты алмай, ежелден қалыптасқан билер заңы – жарғыны жаңадан көтергенін қатты ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кетті. Бұл заңға кірген ережелерді толтырыңыз.

1. Мүлік заңы-_____________________________________________________

2. Қылмыс заңы- _____________________________________________________

3. Әскери заң- _____________________________________________________

4. Елшілік жоралары- _____________________________________________________

5. Жұртшылық заңы- ______________________________

Тақырып 6. ХVІІ ғасырдағы қазақ хандығы

1. ХV-ХVІІ ғғ. Қазақ халқының мәдениетіне тоқталыңыз.

2. «Қазақ хандары» атты кестені толтырыңыз.

Хан Билеген жылдары Ішкі саясаты Сыртқы саясаты
       

3. Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы киіз үй болып табылады. Киіз үйдің түрлері мен құрылысы туралы айтып беріңіз. Киіз үйден басқа баспананың қандай түрлері болды?

4. Тәуке ханның «Жеті Жарғысын» құрастыруға қазақтың билері қатысты. Билердің қазақ қоғамында алатын орнын айқындаңыз және шешендік, тапқырлық дана сөздеріне тоқталыңыз (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер).

Тақырып 7. ХVІІІ ғ. Қазақстан. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы

1.Абылайдың сыртқы саясаты.

         
    тақырып 5. хv-хvі ғғ. Қазақ хандығының құрылуы - student2.ru
 
    тақырып 5. хv-хvі ғғ. Қазақ хандығының құрылуы - student2.ru
 
  тақырып 5. хv-хvі ғғ. Қазақ хандығының құрылуы - student2.ru

2. Жоңғарларға қарсы күрестегі қазақ батырларының рөлін анықтаңыз. Қазақ батырларының ерлігіне тоқталыңыз (Бөгенбай, Қабанбай, Шақшақ Жәнібек, Баян батыр, Наурызбай, Малайсары).

3. Не себепті қазақ халқы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» ұшырап, жоңғарларға тойтарыс бере алмады? Себебін ауқымды түрде түсіндіріңіз.

4. «Елімай» жоқтауының авторы Қожаберген жырау туралы айтып беріңіз.

Тақырып 8. ХІХ ғасырдағы Қазақстан

1.«ХІХ ғ. патша үкіметінің Қазақстандағы әкімшілік – территориялық реформалары» атты кестені толтырыңыз.

Реформа Қабылдаған жылы Мазмұны Реформалардың салдары
       

2. ХУІІІ-ХІХ ғғ. Ресей үкіметінің қазақ жеріне бекіністер мен шептерді салудағы мақсатын ашып көрсетіңіз.

3. «ХІХ ғасырдағы қазақ мәдениетінің көрнекті өкілдері» тақырыбына әңгіме құрастырыңыз.

4.Қазақстанды зерттеген орыс ғалымдары мен зиялыларының қызметіне тоқталыңыз.

Тақырып 9. ХУІІІ ғасырдың аяғы – ХІХ ғасырдағы қазақ халқының отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күресі

1. Сырым Датұлы – әрі батыр, әрі шешен. Сырымның батырлығы мен шешендігі жайлы айтып беріңіз.

2. Бөкей Ордасының ханы Жәңгір (1824-1845) және оның реформалары туралы айтып беріңіз.

Қоғамдық – саяси реформасы –

Әлеуметтік – экономикалық реформасы –

Білім берудегі реформа –

3. Тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Қойгелдиев отаршылдық бұғауына мықтап байланған халықтың мұң-мұқтажы мен қайғы-қасіретін жырлаушыларды «Зар заман» мектебінің ойшылдары деп атады. Қазақ халқының тәуелсіздіктен толық айырылып, қазақ жерінің нағыз тонауға түскен – отарлау саясатының ең күшейген кезеңін зар заман мектебінің ақындары торығу, сары уайымға салыну сарынымен жырлады. «Зар заман» мектебінің көрнекті тұлғаларының шығармашылығына тоқталыңыз.

4.Қазақстан территориясындағы ұлт – азаттық көтерілістердің ерекшеліктері мен ұқсастықтарына тоқталыңыз.

Наши рекомендации