Тақырып. Қазақстан Республикасының қаржы құқық негіздері

Практикалық сабақтың жоспары:

1. Қазақстан Республикасының қаржы құқығының негіздері.

2. Қаржы құқығының негіздері.Қаржы саласындағы басқару.

3. Бюджет жүйесі.Қаржы органдарының қызметі (Қаржылық құқық бұзушылықтар).

4.Қазақстан Республикасының салық құқығының жалпы ережелері.

5. Салық түсінігі

6. Қазақстан Республикасының салық жүйесі

7. Салықтық қатынастар

Сабақтың мақсаты:

Бұл сабақта студенттерді Қаржы терминінің түсінігін, қаржының материалдық мағынасын, оның экономикалық категория ретіндегі тісінігін, қаржы және ақша қатынастарының ара қатынасын және мемлекеттік аржылар мен жеке қаржылар ұғымын және олардың ерекшеліктерін; мемлекеттік қаржылардың басты тағайындалуын, қаржы функцияларын және мемлекеттің қаржылық қызметінің ұғымы мен оның әрекет ету сферасын және оның мақсаты туралы мағлұмат беру және меңгерту. Қазақстан Республикасының салық жүйесі, салықтық құқық қаржылық құқықтың институты ретінде: пәні және түсінгі, салық құқығының жүйесі, салықтық қатынастар, салықтық құқықтың жалпы бөлімі, салық құқығының ерекше бөлімі туралы студенттердің білуі

Бақылау сұрақтары:

1 Қаржылардың мәні неден тұрады

2 Қаржылардың негізгі қағидаларына сипаттама беру

3 Мемлекеттік қаржылардың арсында қандай қаржылар басты орынды алады

4.ҚР экономикасын реформалауда жария қаржылардың тақаратын ролі

5 Мемлекеттік қаржылардың объектісін сипаттау

6 Мемлекеттің қаржылық қызметі функцияларының әрекет етуінің негізгі бағыттары

Глоссарий

Қаржы - елдегі ақша қатынастары процесстерін сипаттайтын экономикалық, категория ретінде мемлекеттің пайда болуымен және ақша қозғалысымен байланысты мемлекеттің мұхтаждығын қанағаттандыру үшін ақша қаражатын қамтамасыздандыратын ақша қорлары

Мемлекеттің қаржылық қызметі - қаржы, несие және мемлекеттік органдардың мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануға бағытталған қызметі.

Мемлекеттің қаржылық жүйесі- мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру және бөлу шегіндегі мемлекеттік қаржы қатынастардың жиынтығы

Қаржылық құқықтық акт - қаржылық қызметтің жалпы және арнаулы мәселелері бойынша, өз құзіреттері шегінде уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік актілер

Тапсырмалар, келесілер бойынша сызбалар сызу

1.ҚР Қаржы жүйесінің негізгі элементтерін ашатын сызба сызыңыз

2.Қаржылық қызметті жүзеге асыру әдістері негізінде оларды көрнектеп және іске асыруға мысал келтіріңіз Өзіңіз оқитын Университеттің басқару органдарында пайдалынылатын қандай құқықтық әдістерді білесіз?

3.Мемлекеттің қаржылық қызметін жүзеге асырудың құқықтық және құқықтық емес нысандарына кем дегенде 5 мысал келтіріңіз

4.Келесі айтылғандар дұрыс па екендігін көрсетіңіз:

«Мемлекет – қаржылық қызмет субъектісі»

«Мемлекет – қаржылық құқық субъектісі»

«Мемлекет – қаржылық ққықтық қатынастар субъектісі»

Осы тезистердің мәнін түсіндіріңіз.

Есептер

1.Арманов деген азамат радионы қосқанда, жаңалықтардан салық ставкаларының өзгергендігін естіді. Келесі күні ол өзінің таныс заңгер студентінен: «бұл өзгерістерді қай заңмен қолданылатындығын және қайдан оқуға болатындығын сұрады. (Арманов қойған сұрақтарға жауап беріңіз)

2.Азаматов деген студент әкімшілік аумақтық бөлініс бойынша қаржыларды топтастыра отырып, келесі қаржы түрлерін атады:

- ҚР қаржылары

- Ортақ қаржылар

- Жергілікті қаржылар

- Мемлекеттік қаржылар

- Мемлекеттік емес қаржылар

- Кәсіпорындардың қаржылары

- Несие ұйымдарының қаржылары

- Халықаралық қаржылар

Осы топтастырудың дұрыстығына кейбір студенттерде күмән туды.(Сіздің пікіріңіз қандай)

Есептер.№1«Кірпіш- монтаж» АҚ құрлыс фирмасы пайдаға салық төлеуден толық босатылған. АҚ- ды салған О-Т тапсырыс берушісі орындалған жұмысқа есептесе алмайды. Сондықтан бензинмен есептесуді ұсынды. Егер АҚ- осы ұсыныспен келіскен жағдайда,оған қандай салық төлеуі тиісжәне қандай жеңілдік арқылы.

№2 Атырау қаласының №8 кітапхана мемлекеттік бюджеттік мекеме болып табылады.Бірақ оны толық қаржыландыра мағандықтан жергілікті әкімшілік кітапханаға төлем үшін бьіршама қызметтер көрсетуге рұқсат берді. Бұл төлем мөлшері жергілікті әкімшілікпен бекітіледі. Кіткпхана бірлескен ұйым бола отырып, осы жоғарыда аталған қызмет бойынша ҚҚС төлеуі тиіс пе?(Жергілікті әкімшілік ұсынған құзіреттер шегінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша) Кітапханашы ақыға кітаптарды прокатқа бергені үшін ҚҚС салына ма?

№3Бараков деген азамат тиісті жылға табысы туралы декларацияны салық инспекциясына ұсынбағаны үшін айыппұл түріндегі әкімшілік шараға тартылды. Бараковқа қолданылған салық санкциялвры салынуы тиіс және қандай мөлшерде айыппұл салынуы тиіс? Осы аталған құқық бұзушылығы үшін жауапкершілік қандай нормативтік құқықтық актілерінде көзделген?

№4 «Азовсталь» кәсіпорыны көп жыл жұмыс жасағаны үшін өзінің қызметкері Табышовқа ол зейнет ақыға шыққанда төрт бөлмелі пәтер сыйлады. Бірақта пәтерді рәсімдеуде одан мүлік салығы соммасы ұсталынды, ол мүлік сыйға тарту тәртібінде ауысты, содан соң аудандық салық инспекциясына оған қоса ж\еке табыс салығы есептелінді. Бұл заңды ма? Салық органының әрекетіне заңи баға беріңіз.

№5Қопашевтар отбасы Алматы қаласынан Астана қаласына жаңа тұрғын жерге Астана қаласында пәтер иелену мақсатында көшуді қалайды, олар пәтер, саябақ, гараж сатуға мәжбүрлі. Қопашевтарға заңи кеңес беріңіздер: Осы мүліктерді сатудан алынған соммалар табыс алу болып табылама және жылдық жиынтық табысқа жатады ма?

№6Солтүстік Батыс сауда кемелері матросы Қосщанов судна жөндеу уақытында кемелер жолдамасы бойынша Швед сауда фирмасына «Осы фирма суднасындағы жұмыстар туралы» контракт бекітті. Салық инспекциясы Қосщановты контракт бойынша, шетел валютасы бойынша алынған қаражваттарға жеке табыс салығын енгізуді міндеттеді. Қосщанов бұл талапқа жоғары тұрған салық инспекциясына шағымданды. Қосщанов шағымын қанағаттандыру мүмкін бе?

№7 Байганов деген азамат инфарктан қайтыс болды. Өз өсиетінде ол жекешелендірілген пәтерін тең үлесті зайыбымен өздерімен бірге тұратын өзінің ағайынды қарындасы- Ермағамбетоваға, ал москвич автокөлігін өзінің жиен інісі азамат Үсеновке қалдыратынын көрсетті. Аудан салық инспекциясы өсиет қалдырған Ермағанбетова мен Үсеновке мүлік салығын есептеу үшін арнайы коммисия тағайындады. Салық төлеуден тек зайыбы босатылдлы, себебі ол өсиет қалдырушының жақын туысы болғандықтан. Мұрагерлер салық инспекциясы шешімі бойынша сотқа шағымданды. Салық инспекциясы мен заң бұзушылықтарға жол берілді ме? Егер жіберілсе ол нелер болып табылады?

№8Атырау облысы территориясындағы «АССМ» неміс фирмасы тұрғын үй құрлысын әскери қызметшілер үшін салуда.

Осы фирма жол қорына салық төлеуге тиіс пе, егер тиіс болса қандай мөлшерде?

Блиц – тест

Мемлекеттің қаржы қызметі процесінде тундайтын қоғамды қатынасының қаржы құқығының несі болып табылады?

А) пәні;

B) әдісі;

С) құқығы;

D) жүйесі;

E) ерекшелігі.

Наши рекомендации