Дәріс: ЖОБАНЫ АЯҚТАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ МАҚСАТТАР ЖӘНЕ ІС – ШАРАЛАР

ЖОБАНЫ АЯҚТАУ ТӘРТІБІ

Жобаны аяқтау үшін келесі мақсаттарды шешу қажет: 1) орындау міндетін бағалау; 2) жоба аяқталуы туралы есеп беру; 3) жұмыстың орындалуы туралы актіге қол қою.

Міндеттеменің орындалу бағасы. Берілген мақсатты орындауда жобаны басқару сапасы бойынша ақпараттар жинағы жасалады. Бұл қадамда жобаның мақсатын көрсететін сұрақтар дайындау қажет. Жобаның аяқталуы туралы есеп дайындалады, жобаның аяқталулы туралы есеп жұмыстың соңында дайындалады. Есеп келесі бөлімдерден тұрады: сипаттама (уақыт шығындары және модуль бойынша құны және басқалар), жобаның күшті жақтары (жобаны қолдану облысы), жобаның әлсіз жағы, басқа ақпараттар (қызметкерлермен байланысты проблемалар, құралдар тәсілдері, технологиялық проблемалар және т.б.), маркетинг.

Қабылдау актісіне қол қою. Бұл қадамда тапсырыс берушімен жобаның аяқталуы туралы келісімге қол жетеді. Тапсырыс берушіні жобаның менеджері мен жобаның спонсорлары ұсынады. Тапсырыс берушімен кездесіп қабылдау нәтижесімен байланысты, қабылдау актісін талқылау үшін кеңес дайындау қажет.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЖҰМЫСЫНЫҢ БАҒАСЫ

Жобаны аяқтау тәртібін орындау үшін келесі мақсаттарды шешу қажет: 1) жобаның менеджеріне, тапсырыс берушіге және қызметкерлерге хабарлау; 2) қызметкерлердің соңғы жұмысының бағасын дайындау; 3) материалды қорларды қалпына келтіру.

Жобаның менеджеріне, тапсырыс берушіге және қызметкерлерге хабарлау. Осы қадамда орындаушы жобадан қызметкерді босату жоспары туралы менеджерге хабарлап, жоба бойынша міндетттемелерден босатылуы ақпаратын және келісімін міндеттерін орындауын тексереді.

Қызметкерлердің соңғы жұмысының бағасын дайындау.

Қызметкерлердің жұмысын бағалаудың соңғы дайындығы. Қызметкерлер үшін орындаушы қабылдаған әдістемелер қолданылады.

Материал қорларын қалпына келтіру. Орындаушы көрсеткен жобадағы әр түрлі құрал жабдықтар мен материалдар тапсырыс берушіге қайтарылуы қажет, мысалы материалды қорлардың инвентаризациясын жүргізу (мысалы компьютерлер), жобаға кіретін (парольді ауыстыру, ақпараттарға мүмкіндікті қыскарту және т.б) ақпаратты қорғау бойынша әрекеттер қабылдау.

МАТЕРИАЛДЫ ҚОРЛАРДЫҢ БАҒАСЫ

Процедураны орындау үшін келесі мақсаттарды шешу қажет:1)босатылған құрал жабдықтың идентификациясы;2)жабдықтаушымен координациялық жұмыс; 3)қорларды өткізу.

Босатылған құрал жабдықтың иденфикациясы. Осы қадамда барлық босатылған қорлардың тізімін құрып, тіркеу мәліметіне сәйкес жұмыс ортасымен жобаның инфра құрылымдық жағдайын салыстыру қажет, қызметкерлердің санын анықтап, талдап, құрал жабдықтың жұмысқа жарамдылығын анықтау қажет.

Жабдықтаушымен координациялық жұмыс. Әр қор үшін жобадан оның босатылуы бойынша талап анықталу керек, қондыру, келісім міндеттемелері бар ма екен, қайсыларын қажетті түрде ұстау керек және жұмыс жүргізудің графигін келісу.

Қорларды өткізу. Материалды қорларға инвентаризация жүргізу және тізім құру қажет, қайсылары қайтарылуы қажет, материалды қорларды өткізуді жүргізу және құжатқа сәйкес оны дайындау.

ЖҰМЫС САПАСЫНЫҢ БАҒАСЫ

Жұмыстың сапасы бойынша есеп жеке құжат түрінде дайындалу мүмкін, немесе жобаның аяқталу кезеңі бойынша есеп бөлімі құрастыруы мүмкін. Ол қолдану аймағы мен жобаның масштабынан тәуелді болады, және қандай құжаттарды тапсырыс берушіге жіберу керек. Процедураны орындау үшін келесі мақсаттарды шешу қажет: 1) жұмыстың сапасы бойынша аяқталу шарасына бағалау; 2) есепте сапа бойынша ескертулер көрсету.

Жұмыс сапасы бойынша аяқталу шарасын бағалау. Жиналған материалдар арқылы келесі баға түрлерін жүргізу керек: нәтиже бойынша барлық шолуларды аяқтау, аудитті жүргізу бойынша барлық шаралардың аяқталуы және «жабық» проблемалар бойынша есептер.

Жұмыстың сапасы бойынша белгілеуден шыққан ескертулер.

Алынған бағаларды пайдалана, жұмыстың сапасы бойынша есеп дайындау қажет. Есеп талдаулы болуы қажет және жобаның менеджерімен бекітілуі керек.

ЖОБА НӘТИЖЕСІНІҢ НЕГІЗГІ АУДИТІ

Берілген процедураны орындау үшін келесі мақсаттарды шешу қажет: 1)аудитті жүргізу үшін жоба нәтижесінің базалық жинағына келісу; 2)физикалық конфигурацияның аудитін жүргізу; 3) аудиттің құрылымдық конфигурациясын жүргізу.

Аудитті жүргізу үшін жоба нәтижесінің базалық жинағына келісу. Бұл қадамда жобаның менеджерімен және тапсырыс берушімен келісім бойынша негізгі нәтижелерді анықтау қажет, талдау, процедураның тапсырыс берушісімен аудитті жүргізу, пайда болған талас сұрақтарын шешу.

Физикалық конфигурацияның аудиті. Барлық нәтижелердің базалық жинағын және олардың иденфикациясын тексеру қажет. Аудиттің нәтижесі туралы есепті қолдана отырып, алынған нәтижелерді құжаттандыру қажет.

Құрылымдық конфигурацияның аудиті. Бұл қадамда бар ақпарат тексеріледі, себебі жобаның нәтижелері берілген талаптарға сай қамтамасыз етілуі керек.

КОНФИГУРАЦИЯЛАРМЕН БАСҚАРУ ҮРДІСІНІҢ АЯҚТАЛУЫ

Бұл процедураны аяқтау үшін келесі мақсаттарды шешу қажет: 1) жобаның кілтті нәтижелерінің архивын және керекті ақпаратты дайындау қажет; 2)тапсырыс берушіге жеткізуді ұйымдастыру; 3) қызметкерлерді стандартты заказ берушімен оқыту және құралдық тәсілдермен жұмыс істеу.

Репозитар архивын және басқа да жобаның барлық негізгі нәтижесін құрайтын керекті ақпараттардың жоба нәтижесінің негізгі архивын дайындау қажет.

Заказ берушіге конфигурациямен басқару репозиториясын жеткізу. Repository — дегеніміз есеп нысандарын сақтайтын орын, көбіне репозитори желі бойынша таратуға арналған файл түрінде сақталды.

Қажет болса репозитордан қандай да бір мәліметтерді шығарып, форматын және құрамын анықтау керек, тапсырыс берушіге репозициядан соңғы релизді дайындап және релиз туралы хабар (егер де керек болса) алу.

Тапсырыс берушінің қызметкерлерін оқыту. Тапсырыс беруші қызметкерлердің тізімін құрастыру керек, стандартпен оқытуды жүргізу және конфигурациямен басқару процедурасымен оқыту, қызметкерлердің білімін бағалау және оның квалификациясын, оқыту жоспарын дайындау, қызметкерлерді оқыту бойынша курстар ұйымдастыру.

Бақылау сұрақтары:

1. Қабылдау актісіне қол қоюдың процедурасы қандай ?

2. Қызметкерлердің бағалау процедурасы қандай ?

3. Жұмыс сапасының бағасының процедурасы қандай ?

Наши рекомендации