Шәкірттердің білімін бағалау және бағалаудың жазу тәсілдері

Бағалаудың мағыналары

«Бағалау» термині бүгінде үш мағынада қолданылады:

1. Бағалау (Evaluation). Мұнда бағалау - талдау ретінде қарастырылады.

2. Мониторинг (Assessment). Бағалау - құрал ретінде танылады.

3. Баға(Grade немесе Mark). Бағалау - сандық (мөлшерлік) құрал ретінде қарастырылады.

Бірінші мағынада бағалау үйренушілердің жетістіктерін, білімін сандық және сапалық тұрғыдан анықтайды. Бұл тұрғыда бағалау - үйренушілердің оқу жетістіктерін белгілі бір талаптармен (критерийлер, стандарттар, үлгілер, эталондар, идеалдар) салыстыру, сол тұрғыдан нақты өлшемдер (балл, процент) көмегімен оларды сипаттап және тексеріп, соңынан қорытынды шығару. Мұндай түсініктегі бағалау «сыртқа», яғни қоғамға, социумға бағытталады.

Екінші түсінікте «бағалау» үйренушілердің жоспарланған нәтижелерге жету көрсеткіштері ретінде қарастырылады. Мұнда студенттердің дамуы мен өзгерістері олардың әрекеттері (нақты құралдар) арқылы көрсетіледі: тест, эссе және басқа да жазба жұмыстары, жоба, сауалнама, интервью, портфолио, т.б. Мұндай өлшеу (мониторинг) студенттердің өз жетістіктерін бағалау немесе ЖОО-ның оқу нәтижелерін жоспарланған нәтижелермен салыстыру үшін қажет. Өз жетістіктерін басқалардың білімі немесе өзінің кешегі білгенімен салыстыра отырып, үйренуші өзінің қаншалықты дәрежеде дамығандығын айқындап (жетістіктері мен кемшіліктері), өз білімін әрі қарай қалайша дамыта түсу керектігін анықтайды. Мұнда бағалау «ішке», яғни үйренушінің тұлғасына немесе оқу орнына бағытталады.

Үшінші вариантта «бағалау» біздің қолданысымыздағы «баға», «баға қою» ұғымымен байланыстырылады: емтихан, тест, жазба жұмысы, жобаның орындалуы немесе семестр нәтижесі бойынша рейтингтік жүйе, балл мөлшері (мәселен, бес немесе жүз балдық) немесе сандық жүйе (дәстүрлі бес балдық), әріптік жүйе (A,B,C,D,F) негізінде студенттің жұмысына қойылатын баға.

Оқу жүйелеріндегі бағалау ерекшеліктері

Оқу жүйе- лері Пара- метрлер Дәстүрлі оқыту Интербелсенді оқу
Не бағала-нады   Оқытушы тарапынан берілген білім, білік, дағды.   - Өзіндік көзқарас, пікір, идеялар, дүниетаным; - Білімді игерудегі әрекеттер; - Білімді игеруде қалыптасқан білік, дағды, машықтар, қатынастар, құндылықтар, құзырлылықтар.
Қандай білім бағала-нады   Алған теориялық білімді жаттығулар орындауда және мәселелерді шешуде қолдана білу   - Бірлесе (топ құрамында) жұмыс жасай білу; - Проблеманы айқындай білу, оның шешу жолдарын қарастыра білу; - Таңдау жасап, шешім қабылдай білу; - Өз әрекеттерін жоспарлау және ұйымдастыра білу; - Өзіндік түсінік, пікір, идея қалыптастыру және құрастыру, оларды дәлелдей білу; - Өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғай білу.
Қандай тәсілдер арқылы   - Ауызша сұрау; - тестілеу; - курстық жұмыстар; - бақылау жұмыстары; - сынақ, емтихан   - Жазба жұмыстары; - тестілеу; - бақылау; - интервью; - сауалнама; - портфолио; - есеп беру; - өзін-өзі бағалау.
Не үшін?   - Білім деңгейін анықтап, баға қою; - Ынталандыру; - Жазалау.   - Білім игерудегі жетістіктерді анықтау; - Белгілі бір уақыт аралығында үйренушінің өсу және даму қарқынын анықтау; -Белсенділендіру; - Ынталандыру; - Топ жұмысына қосқан жеке үлесін анықтау; - Алдағы білім игеру әрекеттерінде жетістіктерге жету үшін; - Үйренушінің білімін қалайша әрі қарай дамытуға болатындығын білу үшін; - Үйренушілердің әрекеттері арқылы үйретушінің деңгейін анықтау.

«БАҒАЛАУДЫҢ АЛТЫ ҚАҒИДАСЫ»

Маңыздылық».

Бағалау үшін пәннің (курстың) ең маңызды, бағалауға тұрарлық күтілетін нәтижелерін таңдап алу қажет, өйткені бағалауға уақыт, күш және басқа да ресурстар шығындалады.

Дәлдік» («Адекваттық»).

Өзіміз жоспарлаған нәтижеге қол жеткізгенімізді қалайша білеміз? Бұл үшін біз оқушылардың қажетті білім, білік, дағды, құндылықтарды қандай деңгейде меңгергендігін көрсететін бағалаудың дәл құралын таңдап алуымыз керек.

Объективтік» («Дәлелділік»).

Объективтікке (тұрақтылық, беріктілік, шынайылық, адал, дәлелділік) бағалаудың нақты талаптарын (критерийлерін) таңдау арқылы жетуге болады.

Оқудың ажырамас бөлігі».

Бағалау оқу процесінің ажырамас бөлігіне айналу керек. Басқаша сөзбен айтқанда, бақылау жұмысының өзі де үйрету әрекеттеріне жатады. Бағалау мен үйрену – біртұтас процесс.

Жариялылық».

Бағалаудың талаптары мен тәсілдері оқушыларға алдын-ала хабарлануы керек. Баға жария түрде қойылып, оқушылар өздерінің қандай білімдері және олардың қалайша бағаланытындығын білуі керек.

Арапайымдылық».

Бағалау процесі мен оның формалары қолданыста қарапайым және ыңғайлы болуы керек.

Бақылау түрлері

- Ағымдағы бақылау -әр сабақтағы (әдетте сабақ қорытындысы бойынша) студенттердің жазбаша ой-толғанысы. Мұнда олар өздерінің сабақта үйренген (білген) білімі туралы ойларын келтіріп, сабақта қалайша жұмыс жасағандығы туралы есеп береді.

Ағымдағы бақылаудың жазбаша нысандары (тәсілдері):

- эссе, хат, еркін жазу, бестармақ, акроним, кестелер мен диаграммалар (графикалық ұйымдастырушылар), конспект, интервью мәтінін жазу, берілген атауларды құрастырып эссе жазу, бақылау жұмысы, берілген сұрақтарға жауап беру, топ жұмысы туралы есеп (ақпарат), глоссарий құрастыру, оңай және қиын сұрақтар кестесін дайындау, қиын немесе проблемалық сұрақтар кестесін дайындау, рецензия, аннотация, ғылыми жұмыстарға пікір жазу, өз ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша ғылыми аппарат құру, пікірталасқа дайындық есебі, ақпарат көздерінің тізімі, әдебиет көздерін талдау картасын құрастыру, лекция тезистерін дайындау, сабақ жоспарын дайындау, сауалнама құрастыру, компьютерлік есеп беру, тест сұрақтарын құрастыру, персоналий құрастыру, т.б.

- Межелік бақылау – модуль қорытындысы бойынша (курс, семестр, жыл, тоқсан) студенттердің білім деңгейін анықтау құралдары.

Межелік бақылаудың нысандары (тәсілдері):

- портфолио, жоба (курстық немесе семестрлік жұмыс), реферат, мақала, сase-study тапсырмаларын жазбаша орындау, баяндама, талдау (аналитикалық) шолу жазу, сценарий дайындау, мақалалар жинағын дайындау,әдістемелік құрал дайындау, сабақ жоспарларының жинағын дайындау, т.б.

- Аралық бақылау – курс (жыл) немесе семестр (тоқсан) қорытындысы бойынша емтихан. Емтихан жазбаша өткізіледі. Емтихан сұрақтары Блум таксономиясы бойынша құрастырылады.

- Қорытынды бақылау – диплом жұмысын қорғау немесе мемлекеттік емтихандар тапсыру.

РУБРИКА

Рубрика – шәкірттер орындаған жұмыстардың қандай болуы керектігін (параметрлерін белгілеу) және қандай бағаға тұрарлық екендігін нақты түрде айқындау, бағалаудың дәл талаптарын (критерийлерін) таңдау және тағайындау.

Шәкірттердің жұмыстары субъективті тұрғыдан бағаланбауы үшін, жұмыстарға қойылатын талаптарды алдын-ала айқындап алу оқушылардың өз жұмысында озық үлгілерге сүйеніп, қалай жазу керектігін есте ұстап, жұмыстарды сол тұрғыдан орындауына жол береді. Бұл өз кезегінде шәкірт жұмыстарының сапасын арттырады.

Критерийлердің келесі ережелерге сай болғандығы дұрыс:

- Критерийлер үшеуден кем болмауы керек.

- Критерийлер оқушыларға алдын-ала белгілі болуы керек, яғни критерийлер шәкірттермен бірлесіп құрастырылуы керек.

- Мұғалім ұсынған критерийлер оқушылар тарапынан толық қабылдануы керек.

- Бағалаудың әрбір түрі мен әрекеті үшін бөлек критерийлер қажет.

- Критерийлер жазбаша түрде келтірілуі керек.

Критерийлерді алдын-ала жариялап, сонымен бірге сынып қабырғасына іліп қойған орынды.

Төменде қандай да болмасын тақырыпқа жазылған эссенің бағалау критерийлері келтіріледі.

Наши рекомендации