Азақстан Республикасындағы инвестициялық ырықтандыру саясаты: мүмкіндіктері мен нақтылығы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін алғаннан бері ел экономикасында біршама өзгерістер болды. Ақша айналымы өзгертілді, ұлттық валюта енгізілді, ақшаға байланысты бірнеше заңдар қабылданған болатын.Елдің жағдайы жақсарғанымен, мемлекетте болған көптеген өнеркәсіптер, зауыттар, комбинаттар жұмысы төмен деңгейде болды. Себебі олардың жоғары деңгейде жұмыс жасауына бюджеттегі ақша жеткіліксіз болатын. Және де сол кездемемлекеттік меншік шектеусіз басым болды, оның негізгі қорлардағы үлесі 80% болды. Олардың көп бөлігі қаңтарылып, жұмысын тоқтап қалу шегінде болды. Осы мәселеге орай, экономикаға инвестицияларды тарту және мемлекет меншігін тарату мен жекешелендірудің кең ауқымды бағдарламасын іске асыру туралы шешім қабылданды. Бұл кезеңде барлығы 4770 субьекті жекешелендірді, соның ішінде 470 совхоз ұжымдық меншікке қаратылды. 1996 жылы өнім шығаратын немесе үлкен әлеуметтік маңызы бар ірі кәсіпорындарды жекешелендіру өрістетілді. Оы кезеңде Қарағанды металлургия комбинаты, «Жезқазғантүстімет», Балқаш мыс балқыту комбинаты, Павлодар алюминий зауыты, «Ақтөбе мұнай» бірлестігі Шымкент мұнай өңдеу сияқты зауыттары жекешелендірілді. 2000 жылдың басында 100 мыңнан астам жеке меншік кәсіпорын тіркелді.Қазақстан көптеген елдермен, белгілі ұлтаралық корпорациялармен, халықаралық қаржы орталықтарымен сауда және әріптестік байланыстарды дамытты. Қазақстан экономикасы 90-жылдары Орталық Азияға салынған инвестициялардың 80%-дан астамын алған. Дүниежүзінде ең көп инвестиция тартқан 20елдің қатарына кірді. Қазақстан Республикасының Инвестиция жөнідегі комитеті 1997 жылдан 2001 жылға дейін инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында 345 шарт жасасты. Міне осы жасасқан шарттар бойынша негізгі капиталды құраған инвестиция көлемі 2403 млн. АҚШ долларына жетіп, 40 мың жаңа жұмыс орындары пайда болды. Жоғарыда аталған, яғни тіркелген шарттардың 244-і отандық инвесторлармен болса, 101-і шетелдік инвесторлармен жасалды. Инвестициялық саясаттың жүзеге асуы арқасында Қазақстанға шетелден тікелей түскен инвестиция көлемі 35 млрд. АҚШ долларын құрады. Мұның 40 пайызы ЕО елдеріне тиесілі еді. Ірі инвесторлар қатарында, АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Италия және Германия секілді елдер бар. Сондай-ақ Қазақстан өзі де Грузия мен көршілес Қырғызстанда бірінші инвестор-мемлекет болып табылды
78. Қазіргі Қазақстанның көлік коммуникация кешенінің әлемдік нарықтағы орны және даму болашағы

Көлік кешені кез келген мемлекеттің материалдық-техникалық базасының ажырамас бөлігі болып табылады. Ол мемлекеттің территориялық экономикалық біртұтастығын, өндірістік кешендердің өзара байланыстылығын, аймақтардың шаруашылықтық игерілуін, эксплуатацияға жаңа табиғи ресурстардың тартылуын қамтамсыз етеді.Қазақстан жағдайында көлік кешенінің дамытылу қажеттілігін анықтайтын маңызды ерекшелік оның байтақ территориясы болып табылады, ол батыстан шығысқа дейін 3 мың км., ал сотүстіктен оңтүстікке дейін 2 мың км. қамтиды. Экономиканы бетбұрыстандыру және ТМД елдерімен, әлемдік қауымдастықтың басқа да мемлекеттерімен интеграциялануды жүзеге асыруда көліктің маңызы зор.Қазақстанның көлік-коммуникациялық кешені республиканың экономикалық-базалық секторларының бірі болып табылады. Республикадағы ірі магистральды жолдардың ұзындығы 115 мың км-ді құрайды, оның ішінде 15 мың км-і теміржол, 95 мың км-і автомобиль жолы.

Теміржол магистралдары:

Орынбор-Ташкент

Түркісіб

Петропавл-Астана-Қарағанды-Мойынты-Шу

Автомагистралдар:

Алматы-Астана-Бурабай

Алматы-Бішкек-Тараз-Шымкент-Ташкент

Самара-Шымкент /Орал-Ақтөбе-Қызылорда арқылы

Әуе жолдарына 51 әуежай /21-і республикалық маңызы бар/жұмыс істейді. 19 шетелдік әуе компанияларының 9-ы алыс шетелдерге жүк тасымалдайды.

Құбыр желісі.

Мұнай құбырлары:

Атырау-Ор

Зен-Жетібай-Ақтау

Зен-Атырау-Самара

Омбы-Павлодар-Шымкент-Чарджоу

Кенқияқ-Атырау

Арашығанақ-Атырау

Газ құбырлары:

Орталық Азия-Орталық

Бұхара-Орал

Мүбәрәк-Ташкент-Шымкент-Тараз-Бішкек-Алматы

Наши рекомендации