Алтыншыдан, оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет.
Олар – патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық.
Бұл құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс.
Көп ұлттылық пен көп тілділік осы құндылықтардың бірі және біздің еліміздің басты ар-тықшылығы болып табылады. Қазақ тілі, біздің Конституциямызға сәйкес, мемлекеттік тіл болып табылады. Онымен бірдей мемлекеттік органдарда ресми түрде орыс тілі пайдаланылады.
Бұл біздің Конституцияның нормасы, оны бұзуға ешкімге жол берілмейді.
Азақ тілінің жоспарлы түрде дамуы орыс тіліне нұқсан келмейтіндей жағдайда жүзеге асады.
Бізге мемлекеттің келешегі, болашақ дамуы не үшін керек? Ол үшін мемлекеттің ең негізгі сыртқы саясаты – көршілермен тату болуымыз керек. Онсыз мемлекеттің болашағы бұлыңғыр болады.
Азақ тілі, біздің мемлекеттік тіліміз өсіп-өркендеп келеді. 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететін болады.
Еліміздегі барлық мектептер мен оқу орындарында қазақ тілінде оқыту үрдісі жүріп жатыр. Осының бәріне депутаттар мен мемлекеттік қызметтегілер өз үлестерін қосулары керек. Мәселені осылай шешу қажет.
Кіметке барлық білім беру мекемелерінде жастардың осы құндылықтарды білуін қамта-масыз ету жөнінен типтік кешенді жоспар әзірлеуді тапсырамын.
Бізде тіпті ондай оқулықтар, жастармен дәл осы мәселелер бойынша жұмыс жүргізетін оқытушылар жоқ.
Біздің жастарымыз үшін бұл өмірлік қажеттілік.
Медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, саламатты өмір салтын алға бастыру адами әлеуеттің деңгейін арттырудың келесі бір маңызды бағыты болып табылады.
Бүгінде «Саламатты Қазақстан-2015» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Денсаулық сақтау жүйесі сапалы дамып келеді. Халық денсаулығы көрсеткіштерінің жақсы серпінділігіне қол жеткізілді.
Бала туу өсіп, өмір сүру ұзақтығы ұлғайды.
Ан айналу жүйесі ауруларынан болатын өлім көрсеткіші 1,7 есеге төмендеді.
Біз онымен жүйелі түрде айналысып келеміз. Бүгінде жүрек-қан тамырлары жүйесіне операциялар тек Астанада ғана емес, сонымен бірге іс жүзінде Қазақстанның барлық облыстарында да жасалады.
Елде озық емдеу-диагностикалық кешендер, медицинаның негізгі бағыттары, оның ішінде ең жаңа бағыттар бойынша ондаған орталықтар құрылды, көліктік медицина дамытылуда. Бізде медициналық пойыздар, автокөлік, медициналық авиация пайдаланылады.
Астанадағы Болашақ госпиталі қазақстандық денсаулық сақтауды жаңғыртудың локомотивіне айналмақ.
Ендігі жерде онкологиядан болатын ауру мен өлімді төмендету мәселесі бірінші кезекке шықпақ.
Кіметке екі ай мерзім ішінде Қазақстанда, біз жүрекқан тамырлары аурулары мәселесі бойынша жасағандай, Онкологиялық жәрдемді дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын.
Сол сияқты Ұлттық медициналық холдинг арқауында Астанада қуатты Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құру мәселесін де қарастыру қажет.
Кімет үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін азаматтардың өз денсаулығы үшін ынтымақтастығы тетігін енгізуді ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар енгізуі тиіс.
Адам науқастану оның өзіне тиімсіз екенін түсінуі керек. Бізде денсаулық сақтау ісі тегін, бірақ, бүгінде зейнетақы қорларында жасалып жатқандай, болашақ – медицинадағы сақтандыруда. Адамның өзі, оған жұмыс беруші және мемлекет жауапкершілікте болады. Адамның денсаулығы неғұрлым нашар болса, ол соғұрлым аз сақтандырылады, неғұрлым жақсы болса, сақтандыру сомасы да соғұрлым көп болмақ. Қазір адамдар жақсы медициналық қызмет көрсетілетін емдеу мекемелерін таңдайды. Олар бұл мәселені анық-тап алды, енді одан әрі қозғалу қажет.
Кімдерге халықтың дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшін спорт-тық инфрақұрылымдардың қолжетімділігін кеңейту туралы мәселені шешуді тапсырамын.