ІІІ топқа «Тойымсыз нәпсі, тұрақсыз дүние» өлеңінің тәрбиелік маңызы мен ақынның айтар ойын жинақтау

Өлімнің хақ екенін көрсең де,

Өлместей омыраулап, шатасың.

Дозақтың барын біліп жүрсең де,

Күнәға, әлің келсе, батасың.

Сауап көп ғибадатта десең де,

Жалығып, жалқауланып жатасың.

Адалдың адал ризқын жесең де,

Арамды әдейі іздеп татасың.

Сыртыңды сыланасың өң беріп,

Ішіңнің түзетпейсің хатасын.

Айла мен алдағанды жөн көріп,

Адамды аң орнына атасың.

Жалғанның бір пайдасын көргенде,

Арланбай арыңды да сатасың.

Аллаһтың ақ өлімі келгенде,

Амалсыз қара тастай қатасың.

...Танбаймын, шәкіртімін Толстойдың,

Алдампаз, арам сопы кәпір қойдың.

Жанымен сүйді әділет, ардың жолын,

Сондықтан ол иесі терең ойдың.

Толстой кәпір емес, кәпір өзің,

Дін емес, бәрі алдау айтқан сөзің.

Көңілің соқыр, надансың, бейлің қара,

Нұр, жарығын қалайша көрсін көзің?

Көнбеймін дінді теріс бұрғаныңа,

Сопының бара қойман құрбанына.

Ақиқат сырымды айтсам – Толстойдың

Мың сопыны алмаймын тырнағына.

Адаспайсың ақылды, арлыға ерсең,

Жолай көрме жылмайы сопы көрсең.

Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың

Алданбайсың артынан ере берсең.

Орытынды. Ақын өмірі мен шығармаларының құндылығы неде?

Йге : 1. Ақын өмірі мен шығармашылығы жайлы реферат дайындау

Алқаман-Мамыр» поэмасын оқу, мазмұндау

Адам үшін - еңбегім,

Өмірден барлық тергенім.

Қалағанын қарап ал

Мұрам сол, жастар, бергенім!

Адамшылық іздесең бұл жолға түс,

Алдау қылма біреуге қиянат-күш

Жетілсең де жемтік жел ел зарлатпа

Ар, ынсаптың сүйгені - таза жұмыс.

Шәкәрім

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасы, дастанға өзек болған тарихи шындықтың көрінісі

Сабақтың мақсаты:Білімділік. Әдебиет теориясы бойынша білімдерін жетілдіру.Өз беттерінше жұмыс жасай білуге, іздендіруге жұмылдыру.

Тәрбиелік. Адамгершілікке, бауырмалдыққа баулу.

Дамытушылық. Ой тастап ойландыра отырып, ғылыми негізде ізденушілікті дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың девизі: “Ғылымсыз адам-айуан,

Не қылсаң да ғылым біл”

Сабақтың технологиясы: Қ.О Бітібаева технологиясы бойынша

( дамыта оқыту, проблемалық оқыту,даралап, саралап оқыту)

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, мазмұндау, талдау, іздендіру, ой тастау, пікірталас

Сабақтың көрнекілігі:оқулық, көркем әдебиет, тірек кесте, әр түрлі мәліметтер.

Пәнаралық байланыс.1. Әдебиет теориясы. Кейіпкер туралы.

Тарих. ХҮІІІ ғасырдақазақтардың «Ақтабан шұбырынды» атануы, қоныс аударуы.

Қосымша оқуға: «Сөз жазып, сөз өлшемек», «Өмір өлеңдері»

Сабақтың жабдығы: слайдтар, портрет, сызба, кестелер, үнтаспа.

Қолданылған әдебиеттер:

Әбдіғазиұлы Б.Шәкәрім шығармаларының дәстүрлік және көркемдік негіздері. Алматы 2000

C.Журсунов. “Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық” .Зерттеу

Қ.Бітібаева. Әдебиетті оқыту әдістемесі 1997

Қ.Бітібаева.Абай шығармашылығын оқыту . Алматы “Мектеп”

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.

ІІІ Жаңа білім беру кезеңі

Сұрақ: 1.Адалдық, адал махаббат дегендіқалай түсінеміз

2.«Қалқаман-Мамыр» поэмасының негізгі айтар ойы не?

Шәкәрәм туралы оқушы білімдерін саралау. Тірек сызбаны толтыру. Шаһкәрім кім?

ІІІ топқа «Тойымсыз нәпсі, тұрақсыз дүние» өлеңінің тәрбиелік маңызы мен ақынның айтар ойын жинақтау - student2.ru

Поэма мазмұнын әңгімелете отырып, сөздік жұмысын

Жүргізу.

Еркек -шора, бастаңғы, халал, асық, оғат, шаһит болу

Наши рекомендации