Экономиканы басқару ретіндегі мемлекеттік бюджеттің рөлі мен мәні

Мемлекеттік бюджетті, жалпы басқа да экономикалык ка-тегориялар секілді мемлекет белсенді түрде болашақ және ағымды әлеуметтік-экономикалық міндеттерін нақты шешуде пайдаланады. Мемлекет бюджетті өзініңұйымдастырушылық функциясын іске асырудың маңызды құралы ретінде қолданып, оны экономиканы басқарудың әсершіл құралына айналдырады. Бюджетті экономикалық басқарудың құралы ретінде пайдалануы мынадай мацызды қасиеттерімен дәлелденеді: ол заң күшіне ие; мүнда қогамдық өндірістің дамуына бағытталған, оның тиімділігін жоғарлатуға, қоғам мүшелерінің мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған бағдарламалар тікелей көрсетілген. Бюджеттік қатынастарды пайдалану құқықтық формада болған-дығы оған өте үлкен үтқырлы және үйымдастырушылық мән береді.

Экономикада тауарлы-ақша қатыиас болғандықтан экономи-калық пропорциялар екі формада көрініс табады, яғни натуралды-заттық және құндық (ақшалай).

Ішкі өнім бөлудің ақшалай формасының біршама дербестік болуының салдарынан қоғамдық өңцірістің құндық құрылымын реттейтін мүмкіншілік болады және ол қажетті экономикалық нәтижеге жеткізеді. Құндылық құралдарды (қаржы, бюджет, несие және т.б.) пайдалану мемлекетке коғамдық ондірістің кұрылымын жетілдіру мен экономикалық процестердін тиімділігін жоғарла-туға мүмкіндік береді.

Реттеу құралы ретінде мемлекеттік бюджет экономика-ның салалык жәие аумактық пропорцияларын жетілдіруде, өндірістен тыс салалардың дамуын реттеуде, карлш ресурстарын жалпы мүддеге сәйкес қайта бөлуде пайдаланады. Ол еңбек, ақша және материалды ресурстарды пайдалануын ынталандыру, экономиканың барлық тізбектерінде жүйелі бақылауды іске асыру мен басқа да әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды шешуге мүмкіншілік береді. Экономиканы баскарудың белсенді құралы ретінде мемлекеттік бюджетті айтуға болады, себебі бюджет негізі - бюджеттік қатынастар қоғамдық өндіріс дамуы мен оның тиімділігін жоғарлату мүдделерініц алуан-алуан бағытында пайдаланады.

Мемлекеттік бюдлсетті - экономиканы басқару күралы ретінде сипаттайотырып, бүл құралдың ролі объективті алдын ала анықталғанын айрыкша айту қажет. Оған дәлел, біріншіден, экономикалық байланыстарды жалпы реттеу нәтижесінде бюджеттік қатынастарды негізгікаржы құжат арқылы формада пайдалану, екіншіден, мемлекеттік бюджеттің бөлу табиғаты негізінде оны қоғамдық өндіріске әсер ететін маңызды экономикалык құрал ретінде пайдалану. Бюджеттің мәні менролі онын экономикалық құрал ретіндегі ерекшілігімен дәлелденеді, яғни ол қоғамдық өнім бөлу саласының кең пайдаланатын құндық құралы болып табылады.

Экономиканың дамуына байланысты оны басқару күралы ретінде бюджеттік бақылаудың мәні ұлғаяды. Қоғамдық өндірістің аукымы неғұрлым ірі болса, соғүрлым экономиканың өсу каркыны жоғары, сондыктан ақша қаражаттарын уақытында қалыптастыру мен тиімді пайдалану процестерін бақылау өте маңызды.

Бюджетгің рөлі экономиканы ынталандырушы есебінде ар-найы бюджеттік механизм арқылы іске асырынады. Осы механизм-нін арқасында объективтік түрде бар қатынастарды экономиканың даму мүддесінде пайдалаігудың мүмкіншілігі болады. Бюджеттік механизм - ол бюджеттік қатынастарды үйымдастыруға мемлекеттің құрастырған және пайдаланатын арнайы формалар кешені мен қаржылық ресурстарды қоғамдық іс-әрекет салалары, экономика салалары және елдің аумақтар арасында қайта белуді қамти-тъш әдіс-тәсілдердің жүйесі.

Бюджетгік механизмнің объективтік негізі Мемлекеттік бюджетгің экономикалық мазмүньга құрайтын бөлу қатынастар процестері болып табылады. Экономикалық категория ретіндегі бтоджеттің өзінің ішкі құрылымы бюджетгік механизмнің ішінде әр түрлі тізбектер бар екенін дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттік механизм құрылымында кірістер, шығыстар, бюджетаралық бай-ланыстар сиякты бюджеттік қатынастар топтары және соларға сәйкес ақша қаражаттарын қайта бөлудің әр түрлі формалары мен әдістерін енгізеді. Сол себепті бюджетгік механизмде бюджеттік катынастар көрінісінің формаларына тәуелді келесі құрылымдық тізбектерді бөлуге болады, олар: ақша қаражаттарын мемлекет гарапына жүмылдыратын әдістер; әр түрлі іс-әрекет салаларына бюджеттік қаражаттар беру мен бюджет қалыптастыратын тәртіп пен формалар; ішкі бюджетгік бөлу мен қайта бөлу және олармен маневр жасайтын әдістер.

Бюджетгік механизмнің жоғары айтылған тізбектері өз алдына сәйкес элемеиттерден қалыптасады. Мысалы, акша қаражатгарды жү'мылдыратын бюджеттік механизм салықгық және салықтык емес қаржыресурстар түсетін әдістермен сипатталады және өздерінің әлпетгерін нақты кіріс түрлерімен (қосымша құнға салық, акциздер, мүлік салығы және т.б.) іске асырылады. Мекемелер, кәсіпорыіщар мен ұйымдарта бюджетгік қаражаттар жіберу механизмі әр түрлі принциптер негізі мен бюджетгік ақша берудің әр түрлі формарлары арқылы іске асырылады. Қаржы ресурстарын ішкі бюджеттік бөлу мен қайта бәлу механизмі бюджет жүйесінің сәйкестік буындары тарапына бюджет қаражаттарының белгілі бөлігін бекіту мен бюджеттік ретгеудің әр түрлі әдістерімен сипатгалады.

Бюджеттік механизмнің әр күрылымдық буыны мен элементіне өздерінің орындайтын міндеттеріне сәйкес функционалдык ерекшеліктері тән. Бірақ, бюджеттік механизмнің буындары мен элементтері өздерінің катыстылы дербестігіне қарамай біртұтас болып қызмет аткарады, яғни барлык кұрылымдық буындар мен элементтердің өзара байланысты әрекеттері бюджеттік механизмнің бірыңғай іс-әрекеттін қамтиды.

Сонынен, мемлекет экономиканы басқаруда бюджеттік меха-низмді белсенді түрде пайдаланады. Ол әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды бағыттарына ақша каражаттарының қосылы-мын күшейтуде, сол бағыттарға сәйкес экономиканың салалық және аумақтык күрылымын жетілдіруде, жалпы барлық ресурстар турлерін тиімді пайдалаііуда елеулі рөл атқарады. Сонымен катар, мемлекеттік бюджет өзініц барлық көрініс және пайдалану формаларында экономиканы баскарудың кұралы ретінде болса, қоғам-дық өндіріске қаржылық кұжат, экономикалык; тұтқа және ынта түрлерінде интегралды әсер етеді.

  1. Негізгі қаржы жоспары ретіндегі біоджеттің мәні және оның экономиканы реттейтін басқа да каржылық құралдар арасындағы ролі

Бюджет қаржылық жоспар ретінде, бір жағынан, экономика салалары мен іс-әрекет салаларының қаржылық жоспарларына негізделеді, ал екінші жағынан, ол көбінесе оларды аныктайды. Мемлекетгік бюджетті елдің негізгі қаржы жоспары деп айту, оның объективтік категория түріндегі экономикалык табиғатына қайшы келмейді. Себебі, «мемлекеттік бюджет» термині өз сипатына байланысты екі ор түрлі түсінікте колданылады, біріншісі - бөліп тұратын катынас саласына жатады, екіншісі - адамзат іс-әрекет процесінде пайдаланатын объективтік форманы көрсетеді. Мемлекеттік бюджеттің елдің негізгі каржы жоспары ретінде бо-луы бюджеттік қатынастын ерекшелігіне байланысты, яғни коғамдык өнімді құндық бөлістің айрықша саласы ретінде, Сондықтан, экономикалық категория түрінде мемлекеттік бюджеттің объективтік табиғатының мәнін оқып білу және оны бюджеттік қатынас-ты пайдаланудың формасын көрсететін қаржы жоспар ретіндегі мәнін талқылау өте маңызды.

 

Қоғамдық қайта өндірістегі мемлекеттік бюджеттің рөлі ең алдымен осы бюджет (әсірісе шығындары) арқылы ұлттық табыс және жалпы ішкі өнімді бөлу мен қайта белу процестерімен анықталады. Ол ақша қаражаттарын экономика секторлары, іс-әрекет салалары мен аумақтар арасында бөле отырып, жалпы экономикаға әсер етеді, себебі ол барлық үлттық шаруа-шылықтыц бюджеті. Экономиканы реттейтін басқа қаржылық құралдар арасындағы бюджеттің рөлі өзінің ерекшеліктерімен сипатталады. Бюджеттің ерекшеліктері ретінде келесілерді айтуға болады:

• бюджет мемлекеттің қолында ұлттық табыстын бір бөлегін оңашаландыруға байланысты қайта боліс қатынастарының ерекше экономикалық формасы және табыстың сол бөлігін
бүкіл қоғам мен оныц әрбір аумактарыныц мұқтаждықтарын қамтуға пайдаланады;

• бюджет арқылы үлттық табыс немесе сирек - ұлттық байлық экономика салалары, ел аумақтары мен қоғамдық іс-әрекет салалары арасында қайта бөліс атқарылады;

• бюджетгік қайта бөліс пропорциялары қаржының басқа буындарына қарағанда кобінесе үлғайтылған қайта өндірістің жалпы мұқтаждарымен және қоғам дамуының әр тарихи кезеңінде оның алдында түрған міндеттемелерімен анықталады;

• бюджеттік қайта бөліс аумағы мемлекеттік қаржы құрамында орталық орынды қалайды, себебі бюджет қаржының басқа буындарымен салыстырғанда бастапқы дәрежеде.

Бірақ мемлекетгік бюджет қоғамдык онімді кұндықбөліс саласында бастапқы дәрежеде болғандықтан бұл оны экономиканы басқарудын орталандырылған жаллымемлекеттік құралына - республиканың негізгі қаржы жоспарына айналдырады. Бұл дәрежеде бюджет қаржы ресурстарының бөлігін орталандыру негізінде мемлекет қарастырған әлеуметтік-экономикалык; дамуды каржыландыруын камтиды, екінші жактан қосымша резервтер айқындау мен салалык көрсеткіштерді жақсартуға белсенді әсерін тигізеді.

Мемлекеттік бюджеттің басқа каржы буындары арасын-дағы орны мен мәнін келесідей аныктауға болады. Біріншіден, бюджеттің қаржы жүйесінің баска буындарынан айырмашылығы - ол қоғамның экономикалык; және әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарында пайдаланатын қоғамдык өнім құнының бір бөлігінің айналымымен байланысты бөліс қатынастардың кең комплексінің бейнеленуі. Бұл мемлекетке бюджет аркылы барлық ел ауқымында құндық бөліс процестерін орталықтандыра басқаруға мүмкіншілік береді. Екіншіден, бюджет барлык кірістер мен шығыстардың басқа баланстары, қаржы жоспарлар, несиелік және кассалық жоспарлармен тығыз байланыста. Үшіншіден, мемлекеттік бюджет қалыптастыру процесінде макроэкономикалық, қаржылықжәне өндірістік көрсеткіштер талданады және аныкталады, қаржы-несиелік жүйенің барлық буындарының байланыстары үйлестіріледі, сонымен қатар экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштері каржы және несие ресурстарымен тұжырымды киыстыруға жетеді.

Наши рекомендации